Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 1 страница


1. Шымкент 11,4

2. Теміртау 9,3

3. Алматы 9,2 (2011 ж)

4. Тараз 7,6

5. Ақтөбе 7,6

6. Өскемен 7,2

7. Қарағанды 7,2

8. Жезқазған 7,0

9. Риддер 6,3

10. Астана 5,5

11. Атырау 5,0

12. Семей 4,5

13. Петропавловск 4,1

14. Костанай 3,1

15. Ақтау 3,0

16. Павлодар 2,5

17. Балқаш 2,1


18. Өзендердің ластану индексі, 2010 ж 2010


  • Шу 2,65
  • Сырдарья 2,48
  • Іле 2,33
  • Нұра 2,32
  • Талас 1,65
  • Есіл 1,58
  • Тобыл 1,20
  • Ертіс 1,01
  • Жайық 0,92

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша, қоршаған орта ластануының 4 деңгейі ажыратылады: әсердің байқалмауы, тітіркену, созылмалы аурулар және жедел аурулар.

Экологиялық ахуал екі бастыфактордың (қоршаған ортаның ластануы және оның өздігінен тазаруы) ықпалымен қалыптасады. Бұл екі фактор да жыл мерзіміне және кеңістікке байланысты құбылмалы болып келеді. Ластану өндірістік-экономикалық жағдайларға (шаруашылықтың салалық құрылымы, өндіріс көлемі, көлік инфрақұрылымы, елді мекендердің орналасуы, тазартқыш құрылғылар және т.б.) байланысты болса, өздігінен тазару қоршаған ортадағы физикалық-географиялық жағдайларға (географиялық орны, атмосфералық циркуляция, климаттық жағдайлар, жер бедері, топырақ және өсімдік жамылғысы) байланысты болады.

Табиғи жағдайлар қоршаған ортаның ластануын азайтып немесе керісінше ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, Ресейдегі алюминий және никель өндірісінің орталықтарының бірі Норильск қаласында ауаға шығарылатын зиянды ластағыштар мөлшері Ресей бойынша 1-орында, оның мөлшері Мончегорск қаласындағыдан 17 есе асып түседі. Соған қарамастан, Норильск ауасы Мончегорск ауасынан тазарақ болады. Өйткені бұл қалада күшті желдер жиі болғандықтан, ауаның өздігінен тазару қабілеті жоғары. Сол себепті қалаларды, соның ішінде өнеркәсіпті қалаларды жоспарлағанда, өндіріс орындарын орналастыруда географиялық факторларды ескеру аса қажет.

Ластану шығу тегі жағынан 1)табиғи жолмен (жанартау атқылауы, шаңды дауылдар, орман өрттері) 2) антропогендік болуы мүмкін. Қазіргі кезде адам әрекетінен табиғи процестердің қарқындауы байқалады: шөлейттену әсерінен құмды дауылдар болады, адамның әрекетінен көптеген алқапты қамтыған орман өрттері болуы мүмкін.

Ластаушы көздер орналасуына байланысты 1) тұрақты (өндіріс орындары) және 2) мобильдік (көлік құралдары) болуы мүмкін. Кеңістік қамтуынабайланысты ластанулар 3 топқа бөлінеді: 1) нүктелік (зауыт), 2) алаңдық (көмір карьері), 3) сызықтық (транспорт магистральдары).

Ластану мерзімінеқарай бастапқы (қоршаған ортаға тікелей түсуі) немесе екінші қайтара (қоршаған ортадлағы ластағыштардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде) болуы мүмкін. Мысалы, су қоймаларына тыңайтқыштардың шамадан тыс түсуі нәтижесінде азот пен фосфор мөлшері артса, балдырлардың қаулап өсуі салдарынан биологиялық ластану болады.

Ластануды жаратылысы жағынан 4 негізгі топқа бөледі:

- Химиялық (газ, химиялық элементтер, түтін және т.б.)

- Физикалық (радиоактивті, электромагнитт, шу, жылу)

- Биологиялық (бактериологиялық, вирустық, арамшөптер және т.б.)

- Эстетикалық немесе визуалдық (табиғи ландшафтың күрт өзгеруі, қайталанбас табиғат көрінісінің бұзылуы, құрылыс және т.б.)

Экологиялық саясат дегеніміз – мемлекеттегі табиғат қорғау заңнамасы мен оған негізделген мақсатты әрекеттер жиынтығы. Экологиялық саясат қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына қатысты мәселеге айналды, оның мынадай басты бағыттары бар:

- Табиғат ресурстарын қоғамдық өндіріс барысында тиімді пайдалану;

- Табиғатты адам әрекетінің зиянды зардаптарынан қорғау;

- Тұрғын халықтың экологиялық қауіпсіздігі.

Қазіргі дүниеде экологиялық саясат аумақтық сипаты бойынша ғаламдық, ұлттық және аймақтық сипат алған. Ғаламдық экологиялық саясаттың негізі 1972 жылы Стокгольм қаласында өткен БҰҰ қоршаған орта проблемаларына арналған конференциясының Декларациясында қаланған болатын. Мұнда адамның өмір сүру ортасының сапасы оның өмірін тұрақты және жайлы ететіндей болуы қажеттілігі атап көрсетілді. Жалпы Декларацияда 26 принцип көрініс тапты.

Қазіргі кезде ғаламдық экологиялық саясатты үйлестіру үшін бірқатар Халықаралық және қоғамдық ұйымдар қызмет етеді. Олардың арасында БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП), Халықаралық табиғатты қорғау одағы, Тұмса табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қоры, халықаралық қоғамдық Гринпис экологиялық ұйымы, Дүниежүзілік банктің табиғат қорғау мекемесі, Ғаламдық экологиялық қор.

Мемлекеттердің экологиялық саясаты тұрғындарда экологиялық білім мен мәдениет қалыптастыруға да бағытталады. Мысалы, Батыс Еуропадағы экологиялық жағынан жайлы елдер (Швеция, Норвегия, Финляндия, Швейцария және т.б.) өз бюджетінің 4-7%-ын экологиялық мақсатқа жұмсайды. Жапония 70-80 жылдарда өнеркәсіптік ластанудың зардаптарымен күрес мақсатында өз бюджетінің 11%-ына дейін экологиялық шараларға жұмсады. Ал Қазақстанда экология пәні барлық жоғары оқу орындарында міндетті пән ретінде енгізілген.

Басқару проблемалары. Постиндустриялық әлемнің экологиялық проблемалары және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

Табиғи-экономикалық сипаттағы ғаламдық проблемалар тобындағы экологиялық, энергетикалық, азық-түлік және т.б. проблемаларды шешу адамзат дамуы мен болашағы үшін аса маңызды болып табылады. Бұл мәселелерді зерттеуде, шешуде географиялық зерттеулердің атқаратын ролі үлкен. Адамзат өркениетінің тұрақты дамуы, адамдардың өмір сүру сапасы мен деңгейі, қоршаған ортаның жайлылығы осы проблемалардың шешілуімен тығыз байланысты болады.

Бұл мәселелерді шешуге бағытталған шараларды жүзеге асыру табиғатты пайдалануға жаңа көзқарасты талап етеді. Жоғары дамыған елдердің ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап ресурс сақтаушы технологияларға көшуі шикізат бағасының артуына және экологиялық талаптардың күшейтілуіне алып келді. Қазіргі кезде елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің әртүрлі болуы және тұрғын халықтың өзіндік ерекшеліктеріне (әдет-ғұрпы, діни нанымы мен өмір салты) байланысты ресурс сақтаушы технологияларға көшуді жаппай қолға алу мүмкін емес. түсіндіріледі. Сондықтан дамушы елдердің өзіндік баламадаму жолы болатыны сөзсіз.

Ресурс сақтаушы және қалдықсыз технологияларды дамушы елдерде жаппай енгізу шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымын түбегейлі өзгертпейінше, мүмкін емес. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігінің артуына, өндірістің экологиялық қауіптілігін азайтуға себепші болар еді.

Шаруашылық құрылымын қайта құру байырғы өнеркәсіптік аудандардың мамандану бағыты мен жаңа аудандардың игерілу сипатын өзгертіп, еркін экономикалық аудандардың қалыптасуына, технополистер мен басқа да ғылыми-өндірістік бірлестіктердің пайда болуына әкеп соқты. Дамыған елдерде өндірісті орналастыруда экологиялық талаптарды ескеру аса маңызды мәселеге айналып отыр. Осыған сәйкес елдердің экологиялық-экономикалық типтері анықталады (кесте).

Кесте. Елдердің экологиялық-экономикалық типтері

(Б.Н. Зимин бойынша)

Елдердің экологиялық-экономикалық типтері Ерекшеліктері
Экономикалық дамуы өте төмен деңгейдегі мешеу елдер «Экологияландыру» ұғымын елде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер есебінен жүргізілетін табиғат қорғау шараларымен ғана байланыстыруға болады. Экологиялық талаптарды орындауға шақыру жергілікті тұрғындар тарапынан қарсылық тудыруда.
Экономикалық даму деңгейі төмен елдер Табиғат қорғау шаралары шетелдіктер көмегімен ғана жүзеге асырылады. Экологияға қарсылық ресми тұрғыда емес, жекелеген аудандардағы наразылық түрінде көрінеді. Бұл топтағы елдер экологиялық шараларға, әдетте ЖҰӨ-нің 0,4%-ын жұмсайды.
Экономикалық даму деңгейі орташа елдер Табиғатты қорғау мен ресурстар қорын сақтауға қатысты әрекеттерді қаржыландыруға ЖҰӨ-нің 0,5-1,3%-ын бөледі. Экологиялық шаралар қоршаған ортаға аса қауіпті өндіріс салаларына қатысты ғана жүзеге асырылады.
Экономикалық даму деңгейі жоғары елдер Бұл елдерде экологиялық шараларды қаржыландыру үлесі 1,3%-ды құрайды. Экономикалық жағынан тиімді болатын табиғат қорғау шаралары ғана жүргізіледі. Ластану көздерін мүлде жою қымбатқа түсетіндіктен экологиялық проблемалар толығымен шешілмеген.
Экономикалық даму деңгейі өте жоғары елдер Өндірісті түгелдей дерлік экологиялық тиімді жаңа технологияларға көшіруге, ластану көздерін залалсыздандыруға қаржысы жетеді. Бұл топтағы елдер зиянды өндірістерді дамушы елдер аумағына көшіруде, мұның өзі дүние жүзіндегі экологиялық жағдайды одан әрі нашарлатуда.
Табиғатты қорғау мен ресурстарды сақтаушы технологияларды енгізудің озық тәжірибесі бар елдер Қалдықсыз технологияға толығымен көшкен. Швейцария тәрізді кішігірім елде мүмкін болған бұл тәжірибе шаруашылық құрылымы өте күрделі үлкен елдерде қолданыс таба алмайды.

Шаруашылық құрылымының түбегейлі өзгеруі (шикізатты көп қажет ететін салалардың қысқаруы, өндірістің жаңа сипатқа көшуі) қызмет көрсету саласының үлесінің күрт артуына жағдай жасады.

Бүкіләлемдік мұра.Жер шарындағы қайталанбас табиғат ескерткіштері мен адамзат қолымен жасалған айрықша сәулет өнерінің туындыларының арнайы тізбесін жасап, қорғауға алу мақсатында білім беру, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ЮНЕСКО ұйымы 1972 жылы Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі халықаралық Конвенцияны қабылдады. Осыған сәйкес құрылған Бүкіләлемдік мұра комитеті айрықша табиғи (Natural Heritage), мәдени (Cultural Heritage) және табиғи-мәдени немесе аралас (Mixed Heritage) мұралар қатарына жататын объектілердің тізімін жасауды бастады, бұл тізім жыл сайын толықтырылуда. «Бүкіләлемдік мұра» мәртебесін алған объектілер мынадай артықшылықтарға ие болады:

1) қайталанбас объектінің сақталуы мен біртұтастығының қосымша кепілі болады;

2) аумақтардың тартымдылығын арттырады;

3) объектілердің әлемде танымал болуына, табиғатты пайдаланудың балама түрлерін дамытуға мүмкіндік береді;

4) объектіні қолдауға қаржы бөлінуін (ең алдымен Бүкіләлемдік мұра қорынан) қамтамасыз етеді;

5) объектінің сақталуын қадағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

  Елдер Объектілер саны
Италия
Испания
Қытай
Франция
Германия
Мексика
Үндістан
Ұлыбритания
Ресей Федерациясы
АҚШ

 

 

Бүкіләлемдік мұра объектілері

ең көп орналасқан елдер

 

2011 жылдың 1 шілдесінде Бүкіләлемдік мұра объектілерінің жалпы саны 936 болды, олардың 725-і мәдени объектілер, 183 – табиғи, ал 28-і табиғи-мәдени объектілер болып табылады. Бүкіләлемдік мұралар қатарына жататын объектілердің басым көпшілігі Еуропа мен Азияда орналасқан.

Кесте -. Бүкіләлемдік мұра объектілерінің орналасуы

  Дүние бөлігі Бүкіләлемдік мұра объектілерінің саны Дүние жүзі бойынша үлесі, %
Еуропа 42,7
Азия 24,8
Африка 12,7
Солтүстік Америка 10,4
Оңтүстік Америка 6,8
Аустралия және Мұхиттық Аралдар 2,6
  Барлығы

 

Табиғи объектілерге қатысты ұстанымдар:

1. Объект табиғи феномен немесе айрықша әсем табиғатымен және эстетикалық тартымдылығы бар кеңістік болып табылады.

2. Объект Жердің даму тарихының басты кезеңдерінің ғаламат куәгері, соның ішінде өткен замандардың ескерткіші, жер бедері дамуындағы геологиялық процестердің символы немесе геоморфиялық және физиографиялық ерекшеліктердің символы болып табылады.

3. Объект құрлықтағы, тұщы сулардағы, жағалаулық және теңіздік экожүйелердің эволюциясы мен дамуында болып жатқан экологиялық немесе биологиялық процестердің, өсімдіктер мен жануарлар бірлестіктерінің ерекше үлгісі болып табылады.

4. Объект құрамында биологиялық көптүрлілікті, соның ішінде ғылым мен қорғау тұрғысынан алғанда әлемдік құндылығы бар жойылып бара жатқан түрлерді сақтау үшін аса маңызды немесе маңызды табиғи мекен ортасының болуы.

Бүкіләлемдік мұралар қатарына жататын табиғи объектілер арасында ұлттық саябақтар мен табиғи қорықтар саны көп. Олардың арасында АҚШ-тағы (Йеллоустон, Йосемит, Гранд-Каньон, Грейт-Смоуки-Маунтинс, Меса-Верде, Олимпик, Эверглейдс), Канаданың (Вуд-Баффало, Наханни, Гуайи-Хаанас, Грос-Морн, Уотертон-Лейкс, Глейшер, Мигуаша), Танзанияның (Серенгети, Килиманджаро), Бразилияның (Серра-да-Капивара, Шапада-дус-Веадейрус, Эмас), Аргентинаның (Лос-Гласьярес, Игуасу ұлттық саябақтары, Исчигуаласто және Талампайя табиғи саябағы), Аустралияның (Үлкен Тосқауыл Рифі, Блу-Маунтинс, Какаду, Улуру), Конго Демократиялық Республикасының (Вирунга, Гарамба, Кахузи-Биега, Салонга) ұлттық саябақтары бар. Аумағында Бүкіләлемдік мұра объектілері бар мемлекеттер оларды сақтау жөніндегі жауапкершілікті өздеріне алады. Қазақстан Республикасы бойынша бұл тізімге 3 объект енгізілген:

· Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, тізімге 2003 жылы енгізілген;

· Тамғалы археологиялық ландшафтысының петроглифтері тізімге 2004 жылы енгізілген;

· Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері (Наурызым және Қорғалжын қорықтары), тізімге 2008 жылы енгізілген.

Қазақстан Республикасы үкіметі ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін 1998 жылы Меркі, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Тасмола мәдениеті, Ешкіөлмес петроглифтері, Арпаөзен петроглифтері, Отырар, Ұлытауды, 2002 жылы Іле-Алатау ұлттық саябағы, Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығын, 2010 жылы Батыс Тянь-Шаньды (Қаратау мемлекеттік қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық саябағын қоса) ұсынған. Бұл объектілерді жоғарыда аталған ұстанымдар тұрғысында қарастырғаннан соң, тізімге енгізу мүмкіндігі бар.

Дәріс №4

Геодемография және таралып қоныстану (4 сағат)

Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы қазіргі демография-лық ахуал.Халық санының өсуі өзіндік қоғамдық-тарихи және аумақтық ерекшеліктер тән күрделі құбылыстар мен процестердің әрекетіне байланысты болады. Ғалымдар дүние жүзіндегі халық санының өсуіне тән маңызды факторлар ретінде табиғи (биологиялық), әлеуметтік-экономикалық (қоғамның шаруашылық дамуы, халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер), саяси (мемлекеттің демографиялық саясаты), діни (діннің демографиялық жағдайға әсері), медициналық (денсаулық сақтаудың даму деңгейі), экологиялық (адамды қоршаған ортаның жай-күйі), гуманитарлық (халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы) факторларды атайды.

ХХІ ғ басында дүние жүзі халқы санының өсуі оның ұдайы өсу ерекшеліктерімен (яғни табиғи қозғалыспен) анықталады. Ғалымдардың есептеуі бойынша, шамамен адамзат тарихында Жер шарында 100 млрд адам өмір сүрген, бұл орташа есеппен алғанда 20 мың ұрпақ алмасуы жүрді деген сөз. Population Reference Bureau деректері бойынша, 2010 ж ортасында дүние жүзі халқының саны 6 млрд 892 млн адам болды, халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 51 адамнан келді. Қазақстанда халық саны 2012 ж басына қарай 16 674 959 деп есептеледі, мұнда тығыздық 6 адамды құрайды.

Әлем халқының жартысынан астамы теңіз деңгейінен 200 м-ден аспайтын аумақтар мен мұхит жағалауынан 200 км-ге дейінгі жерлерде өмір сүреді. Халықтың 10%-ы ғана 1000м-ден биікте және құрлықтың орталық бөліктерінде тұрады. Құрлықтың 7%-да халықтың 70%-ы өмір сүреді. Әлем бойынша халық тығыз қоныстанған (1 шаршы км-ге 100 адамнан жоғары) 4 аймақбар:

1) Оңтүстік-Шығыс Азияның жағалаулық жазықтарындағы ауыл тұрғындары басым болатын суармалы егіншілік аудандары (Қытай, Корея, Вьетнам);

2) Үнді-Ганг ойпатындағы ауыл тұрғындары басым болатын суармалы егіншілік аудандары (Үндістан, Пәкстан, Бангладеш);

3) Батыс Еуропаның жоғары деңгейде урбандалған және индустриялық дамыған аудандары (Бенилюкс, ГФР, Франция, Ұлыбритания);

4) жоғары деңгейде урбандалған және индустриялық дамыған АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Канаданың оңтүстік-шығысы.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары басым болатын, суармалы егіншілік дамыған Төменгі Ніл аңғары, Месопотамия ойпаты, Ява аралы мен жоғары деңгейде урбандалған, индустриялық дамыған Жапонияда да халық тығыз орналасқан. Осы аталған ареалдарда бүкіл адамзаттың 2/3 бөлігі қоныстанған.

Қазіргі дүниеде халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды, халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады (кесте).

Кесте.Халық саны жөнінен экстремум-мемлекеттер, 2010 ж

Халық саны ең көп мемлекеттер Халық саны, млн адам Халық саны ең аз мемлекеттер Халық саны, мың адам
Қытай Ватикан 1,0
Үндістан Тувалу 12,4
АҚШ 309,6 Науру 14,0
Индонезия 243,0 Палау 20,8
Бразилия 196,8 Сан-Марино 30,3
Пәкістан 185,5 Монако 33,0
Бангладеш 156,1 Лихтенштейн 34,8
Нигерия 152,2 Сент-Китс және Невис 40,1
Ресей 141,0 Маршалл Аралдары 64,5
Жапония 126,8 Доминика 72,7

 

Туудың дүние жүзі бойынша орташа көрсеткіші 200/00 болды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 110/00-ге, дамушы елдерде - 220/00-ге дейін төмендеп қалды. Қазақстан Республикасында бұл көрсеткіш 22,50/00-ге жетті.

Демографиялық «қысым» деңгейін түсіну үшін мынадай мысалдар келтіруге болады: Үндістанда қазіргі кезде 1189 млн адам тұрады, мұндағы туу 1000 адамға шаққанда 23 промиллені құрайды, яғни жыл сайын мұнда 27 млн 347 мың адам өмірге келеді (1 189 000 000 х 23 : 1000). Ал Қытайда бұл көрсеткіш 16 млн адамды, Пәкстанда 5,5 млн адам, Нигерияда 6,6 млн адамды құрайды.

Адамзаттың демографиялық дамуының қазіргі кезеңіне халықтың өмір жасының ұзақтығының артуы тән, ғасырдың басында ол 65 жасты құраған болатын, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 69 жасқа жетті.

Кесте.Адамның өмір жасының ұзақтығы

  № Адамның өмір жасы ең ұзақ елдер Орташа өмір жасының ұзақтығы   № Адамның өмір жасы ең қысқа елдер Орташа өмір жасының ұзақтығы
Сан-Марино, Жапония Лесото
Андорра 82,2 Замбия
Швейцария, Италия Зимбабве
Аустралия, Франция Израиль, Канада, Исландия Свазиленд, Гвинея-Бисау
Швеция, Норвегия 80,9 Сьерра-Леоне, Нигерия
Ұлыбритания, Бельгия Нигер, Мозамбик, Конго ДР
Ирландия, Дания, Кипр Малави, Сомали, Чад
Кувейт, АҚШ Бурунди

 

Өмір жасының ұзақтығының артуы дүние жүзі халқының құрылымында егде жастағы адамдар үлесінің ұдайы артуына алып келеді. Дүние жүзі бойынша қарт адамдар үлесі 2010 жылдың орта шенінде 8%-ды құрады. Дамыған елдерде егде адамдар үлесі артуда (16%): халық қартайып барады. Көптеген дамушы елдерде туу жоғары болғандықтан, халықтың жасаруы байқалуда. Бұл екі қарама-қайшы топтар арасында елдердің аралық тобы тұр, оларда егде адамдар мен балалар үлесі тепе-тең. Еуропаның әрбір бесінші тұрғына 60 жастан асқан, болжам бойынша, осы тенденция сақталса, 2030 жылы әрбір үшінші еуропалық егде адам болады. Қазіргі дүниеде адамзат жас: Жер шары тұрғындарының жартысынан астамын 25 жасқа дейінгілер құрайды.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 826

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
воздуха | Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 2 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.009 сек.