Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 2 страница

Елдердегі осы айырмашылықтарды талдау негізінде халықтың жастық құрылымының үш негізгі типін ажыратуға болады. Бірінші типті ілгерілеуші құрылым деуге болады. Оған балалар үлесінің жоғары болуы тән. Екінші тип – тұрақты, онда “кәрі мен жастың” үлестері теңдескен. Үшінші типке егде жастағылардың үлесінің жоғары болуы тән, оны кері кетуші тип деп атайды.

Локалитет және локалитет типтері, функциялары.Әр ғылым саласының бөлінбейтін элементтік зерттеу объектісі болады. Қазіргі заманғы химияда мұндай объект атом болса, экономикалық географияда локалитет болып табылады. Локалитет – жергілікті жер, қоғам мен технокешенді біріктіретін геокеңістіктің бастапқы кешенді ұяшығы. Локалитеттің үш ажырамас құрамдас бөлігі бар: жергілікті жер (табиғат), елді мекен және кәсіпорын (сызба).

 
 
Табиғи ресурстар

 

 


Сызба. Локалитеттің элементтері

 

Локалитеттің басты элементі – елді мекендер, оларды көлеміне қарай ауылдар, қалалар және алып қалалар деп бөлуге болады. Атқаратын функцияларына қарай ауылшаруашылықты, курорты, рекреациялық, индустриялық, көліктік, әкімшілік, сауда, ғылыми және т.б. деп бөлінеді. Көлемдері мен функцияларының үйлесіміне қарай локалитеттердің типтерін (монофункциялы және полифункциялы, қалалық және ауылдық) ажыратады.

Локалитеттердің шекаралары табиғат зоналары, елдердің орналасуынан айырмашылық жасайды: олар әрқашан біртекті кеңістіктік құрылым түзе бермейді. Локалитеттердің аралығында ажырау зоналары болады, олардың көлеміне қарап, аумақтың игерілу деңгейінкөруге болады. Ресей географы А.Ю. Скопин аумақ игерілуінің негізгі үш деңгейін анықтайды:

1) бастапқы немесе нүктелік игерілу; локалитеттердің ауданы қарастырылып отырған ауданның 20%ынан кем болады;

2) ареалды-сызықтық игерілу; локалитеттер ауданы аумақтың 20-60%-ын құрайды;

3) тұтас игерілу; локалитеттер ауданы аумақтың 60-100%-ын алып жатыр.

 

нүктелік игерілу ареалды-сызықтық игерілу тұтас игерілу

 

Әдетте игерілудің әрбір деңгейіне табиғатты пайдаланудың өзіндік жетекші типі тән болады. Мысалы, нүктелік игерілуге табиғатты пайдаланудың аграрлық-ресурстық типі, ареалдық-сызықтық деңгейге – көлік-индустриялық, ал тұтас игерілуге қызмет көрсету-ақпараттық тип сәйкес келеді.

Локалитеттердің үйлесімі шаруашылық пен қоныстанудың кеңістік ұйымдасуының нақты формаларын түзеді. Өнеркәсіп торабы – белгілі бір аумақта орналасқан бір немесе бірнеше елді мекендердегі өнеркәсіп орындарының ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарымен қоса үйлесуі. Мысалы, Алматы, Қарағанды өнеркәсіп торабы. Көлік торабы – әдетте өндіріс пен халықтың шоғырлануымен үйлесетін, көлік жолдарының тоғысуы. Аумақтық-өндірістік кешен – өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы ортақ, технологиялық жағынан байланысқан әртүрлі өндірістердің жиынтығы. Мысалы, Екібастұз аумақтық-өндірістік кешені. Агломерация - өнеркәсіп және көлік тораптарын, коммуникациялар жүйесін, қалалар мен елді мекендерді біріктіретін аумақтық түзілістер. Агламерациялар шаруашылық пен халықтың өте жоғары шоғырлануымен көзге түседі. Мысалы, Токие агломерациясы, Мәскеу агломерациясы.

Сонымен, жергілікті жердің, елді мекендердің, технокешендердің алуан түрлілігімен анықталатын локалитеттердің түрліше болуына қарамастан, олардың мынадай негізгі типтеріажыратылады:

- ресурстық;

- аграрлық;

- индустриялық;

- көлік-коммуникациялық;

- қызмет көрсетуші;

- ақпараттық.

Әрбір локалитеттің динамикасы, яғни оның құрамдас бөліктерінің кешенді өзгерістері ішкі және сыртқы факторлармен анықталады. Ішкі факторлар қатарына жергілікті жер, елді мекен және технокешеннің өзара әрекеттесуі жатады. Бұл әрекеттесу даму жағдайында тұрақты, тиімді және күрделену сипатында болады, ал кері кету жағдайында бұзылу, тиімсіз және қарапайымдану түрінде көрінеді.

Сыртқы факторлар қатарына локалитеттің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі жатады. Мұны локалитеттің географиялық орны және функциясы тұрғысында зерттейді. «Географиялық орын» ұғымы кез келген объектінің сыртқы ортаға қатысын сипаттайды. Ал «жердің функциясы» ұғымымен өзара қатынастар анықталады. Географиялық орны локалитет дамуының ішкі факторларымен қоса алғанда, оның мамандануын анықтап береді. Француз географтары Ж. Божё-Гарнье мен Ж. Шабо локалитеттердің мынадай негізгі функцияларынатап көрсеткен:

- әскери (әскери базалар, әскерилер қалашықтары, әскери заводтар, сынақ полигондары);

- сауда (базарлар, ірі құрлықтық сауда орталықтары, теңіз саудасы орталықтары);

- өнеркәсіптік (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп орталықтары);

- аграрлық;

- көлік-коммуникациялық (көлік тораптары);

- мәдени (ғылыми орталықтар, университеттер, діни, мәдени шаралар, көрмелер орталықтары);

- қаржылық (қаржы орталықтары, оффшорлар және т.б.);

- әкімшілік және саяси (астаналық, әкімшілік, халықаралық орталықтар);

- табиғат қорғау (қорықтар, ұлттық саябақтар және т.б.);

- қонақжайлық (сауықтыру, рекреациялық, туристік және т.б. орталықтар).

Әдетте бір локалитет бірнеше функцияны қатар атқарады, қызметі неғұрлым көп болса, соғұрлым тұрақты болады. Ал монофункциялы локалитеттер тұрақсыз және даму мүмкіндіктері аз болады. Бұл мәселенің біздің еліміз үшін маңызы зор: кең-байтақ Қазақстан аумағында тұрғындарының жалпы саны 1,5 млн адам болатын 27 моноқала бар деп есептеледі. 2012 жылы моноқалаларды дамытуға ел бюджетінен 20 млрд теңге қаржы бөлінді.

Урбандалу және үлкен қалалардың экологиялық проблемалары.Қалалардың өсуі, қалалық өмір салтының кеңінен таралуы, мемлекеттегі экономикалық қуаттың қалаларда шоғырлануын урбандалудың(латынша “urbs” - қала) басты белгілері қатарына жатқызуға болады. Адамзат тарихындағы алғашқы қалалар біздің заманымызға дейінгі IV-II мыңжылдықтарда Таяу Шығыста, Қытайда және Үндістанда пайда болды. олардың кейбіреулерінде халық саны 300 мыңнан асқан деп есептеледі.

Қалалардың келесі легі біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр мен біздің заманымыздың IV ғасыры аралығында ежелгі грек-рим өркениеттерімен байланысты қалыптасты. Тарихи деректерге талдау жасау нәтижесінде ғалымдар бұл кезеңде Рим қаласының халқы 700 мыңға дейін жеткен деп болжайды.

Адам саны бойынша қалалар бірнеше топқа бөлінеді:

- шағын қалалар (20 мың адамға дейін)

- орташа қалалар (20 мыңнан 100 мыңға дейін)

- үлкен қалалар (100 мыңнан 500 мыңға дейін)

- ірі қалалар (500 мыңнан 1 млн-ға дейін)

- аса ірі қалалар (1 млн адамнан көп).

Қазіргі заманғы урбандалуға мынадай ерекшеліктер тән болады:

1) қалалардың өте жылдам дамуы (1900 жылы әлем халқының тек 14%-ы қалаларда тұрса, 2010 жылы тең жартысы тұрды);

2) халықтың негізінен ірі қалаларда шоғырлануы (тұрғындары 100 мың адамнан асатын қалаларда әлем халқының 30%-дан астамы тұрады);

3) қалалық қоныстанудың қарапайым үлгілерінен топтану үлгісіне, яғни нүктелік қалалардан аумақтық топтанған қалалар үлгісі – агломерацияларға көшу басым (ең ірі Токио агломерациясында 35,7 млн адам тұрады). Агломерацияларқазіргі заманғы урбандалудың жетекші формасы болып табылады. Агломерация деп өзара тығыз байланыстар (еңбек, мәдени-тұрмыстық, өндірістік) арқылы біріккен, көршілес орналасқан қалалар мен ауылдық елді мекендердің тобын атайды. Агломерациялардың пайда болуы урбандалуды жаңа сапалық деңгейге көтерді, оның нәтижесінде қалалық елді мекендер тұтас жүйелерге айналды.

4) урбандалудың жаңа үлгісі ретінде мегаполистердің (қазақша дәл аудармасы «мега» - өте үлкен, «полис» - қала, яғни агломерациялар мен қалалардың қосылуынан ірі қалалық аумақтардың қалыптасуы) пайда болуы (әлемдегі ең ірі Токайдо мегаполисі Токие мен Осака аралығындағы 20 агломерацияны біріктіреді, халық саны 60 млн адам шамасында).

Мегаполис терминін алғаш рет 1961 жылы АҚШ-та тұратын француз географы Жан Готманн өз еңбектерінде пайдаланып, енгізген. Бұл терминнің негізінде 35 елді мекеннің бірігіп кетуінен қалыптасқан ежелгі грек қаласы Мегалополь атауы жатыр. Мегаполис термині тұңғыш рет АҚШ-тың Бостон және Вашингтон қалалары аралығында орналасқан агломерациялар тізбегіне қатысты қолданылған. Атлант мұхиты жағалауы бойымен шамамен 750 км-ге созылған, құрамына 40 шақты үлкен және кіші қалалар енетін Босваш атанған бұл мегаполис ел аумағының 3 %-ын ғана қамтығанымен, мұнда 45 млн (15 %) шамасында халық тұрады және өнеркәсіп кәсіпорындарының 25%-ы шоғырланған.

Әдетте урбандалуды сипаттау үшін салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Салыстырмалы көрсеткіштер урбандалудың деңгейін нақты көрсетеді. Жеке мемлекеттер бойынша бұл көрсеткіштер айырмашылықтар жасайды (кесте).

кесте.Урбандалудың ең жоғары және ең төмен деңгейі

  № Урбандалу деңгейі ең жоғары елдер Урбандалу деңгейі, %   № Урбандалу деңгейі ең төмен елдер Урбандалу деңгейі, %
Ватикан Бурунди
Монако Папуа-Жаңа Гвинея
Науру Тринидад пен Тобаго, Уганда
Сингапур Лихтенштейн
Кувейт Шри-Ланка
Бельгия Нигер
Катар Эфиопия Непал
Мальта, Сан-Марино Руанда, Сүлеймен Аралдары
Венесуэла Малави
Аргентина, Исландия, Израиль, Уругвай Буркина-Фасо

 

Дамушы елдерде экономикалық өркендеу орталықтары болып отырған ірі қалаларға ауылдық елді мекендерден қоныс аударатындар саны жыл сайын өсіп отыр. Бұл өз кезегінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды ушықтыруда. Ірі қалалар маңында тұрмысы төмен халық қоныстануынан кедейлер қалашықтары пайда болған. Бұларды Африканың француз тілді елдерінде бидонвиль, Бразилияда фавел, Түркияда геджеконду, Индонезияда кампунги деп атайды. Осылайша кедей қалашықтары есебінен қала халқы жалпы өскенімен, оларда қалаға тән өмір салтының болмайды. Бұл құбылысты ғалымдар «жалған урбандалу» деп атайды. Дамыған елдерде мұндай құбылыс өте сирек кездесетіндіктен, мұны дамушы елдердегі урбандалудың басты ерекшеліктерінің бірі ретінде қарастыруға болады.

Үлкен қалаларда экологиялық проблемалар туындайды. Оларды қысқаша мынадай топтарға жіктеуге болады:

- Қалаларда көп мөлшерде табиғат ресурстарының пайдаланылуы. Мысалы, миллионер қалада жыл сайын орташа есеппен 470 млн тонна су, 50 млн тонна оттегі, 10 млн тонна минералды-құрылыс шикізаты, 4 млн тонна көмір, 4 млн тонна шикі мұнай, 2 млн тонна табиғи газ, 2 млн тонна сұйық отын және т.б. жұмсалады.

- Қала аумағына сырттан келіп түсетін бөгде заттар көп. Мысалы, миллионер қала жыл сайын су мен ауаны есептемегенде шамамен 30 млн тонна әртүрлі заттар келіп түседі.

- Қала осында келіп түсетін күн энергиясынан әлдеқайда көп энергияны жұмсайды. Техногендік әрекет нәтижесінде асфальт, бетон, тастың, темірдің (көшелер, алаңдар, үйлердің қабырғалары мен шатырлары) қызуына байланысты қалаларда ауа температурасы айналадағы ортадан 50С-қа дейін жоғары болады, ал қатты аяздарда қала ортасында шетіне қарағанда температура айырмашылығы 90С-қа дейін жетеді.

- Қала атмосфераға көптеген заттар, қалдықтар бөліп шығарады. Мысалы, миллионер қала жыл ішінде ауаға шамамен мына мөлшерде заттар бөледі: су (бу, аэрозоль) – 10,8 млн тонна, көмірқышқыл газы – 1,2 млн тонна, күкіртті ангидрид – 0,2 млн тонна, шаң-тозаң – 0,2 млн тонна, көмірсутектер – 0,1 млн тонна және т.б. Бұл заттардың басым көпшілігі ластаушы заттар болып табылады. Атмосфераға шығарылған ластағыштар ірі қалалар маңында қала орталығынан 60-80 км-ге дейін созылып, қаланы көмкеріп жататын лас ауа жолақтарын құрайды. Қала үсті мен оның маңындағы осындай сұр жолақтарды ғарыштық түсірілімдерден көруге болады.

- Ірі қалалар қоршаған ортаны сұйық жәнге қатты заттармен ластайды. Ірі қала орташа есеппен жылына 350 млн тонна лас жуынды суларды қоршаған ортаға ағызады. Бұл суларда 36 мың тонна сүзінді заттар болады, олардың құрамында фосфаттар (24 мың тонна), азот (5 мың т), мұнай өнімдері (5 мың т) және т.б. зиянды заттар болады. Жылына орта есеппен миллионер қала қоршаған ортаға 3,5 млн тонна қатты және шоғырланған қалдықтар шығарады, олардың арасында күл-қоқыстар (550 мың т), қатты тұрмыстық қалдықтар (350 мың т), құрылыс қоқыстары (50 мың т), қағаз (9 мың т) бар.

Геоурбанистика, әлемдік қалалар дүниежүзілік экономиканы басқарудың орталықтары ретінде.Урбандалу мәселелерін көптеген ғылым салалары зерттейді. Соның бірі – геоурбанистика.Геоурбанистика – қалалардың қызмет етуі және дамуымен байланысты проблемаларды кешенді түрде талдап, зерттейтін география саласы.

Қалалардың өсуі нәтижесінде оның маңындағы елді мекендер де дамиды; үлкен қала осы серіктес қалалар енетін агломерацияның орталығына айналады. Ірі қалалардың маңының жылдам өсіп-өркендеуін субурбандалудеп атайды. Біртіндеп қалалық өмір салтының оның маңындағы елді мекендерге таралуынрурбандалу деп атайды. Бұл құбылыс әсіресе табиғат ресурстарын пайдаланумен тығыз байланысты. Еуропадағы алғашқы агломерациялар пайдалы қазбалары игеріліп жатқан аудандарда қалыптасқан.

Қазіргі кезеңде көптеген ірі агломерациялар әлемдік қалалар болып табылады. Ірі қалалардың дамуын зерттеу барысында 1991 жылы америкалық экономист, әлеуметтанушы Саския Сассен Лондон, Нью-Йорк, Токиоға қатысты «ғаламдық қала» ұғымын қолданған болатын. Оған дейін «әлемдік қала» деген түсінікті 1915 жылы Патрик Геддес қолданған болатын. Ол кезде бұл ұғым адамзат өркениеті үшін аса маңызды мәдени маңызы бар қалаларға (Рим, Париж, Лондон, Мадрид және т.б.) қолданылған болатын.

Қазіргі заманғы әлемдік қала ұғымы әлемдік экономиканың маңызды бөлігі болып табылатын, қаржы-басқару, іскерлік қызметтеріне маманданған және ақпаратты «өндірумен» айналысатын, бірнеше миллион тұрғындары бар алып қалаларға қатысты қолданылады. Мұндай қалалар ірі аймақтардың экономикалық, саяси және мәдени дамуында елеулі роль атқарады. Әлемдік қалаларға халықаралық компаниялардың штаб-пәтерлерінің, банктер мен заңгерлік қызметін көрсететін орталықтардың, жарнамалық және туристік агенттіктердің, сонымен қатар ғаламдық тауар және қызмет көрсетуге бағдарланған басқа да мекемелер мен ұйымдардың шоғырлануы тән болады.

Әлемдік қалалардың рейтингтері олардың белгілі бір саладағы маңызына қатысты да құрастырылады. 2011 жылдың қорытындысы бойынша, рейтингте 9 көрсеткіш ескерілді.

 

  Көрсеткіштер Қалалар реті
Халық тығыздығы Мумбай, Шанхай, Карачи, Дели, Стамбул, Сан-Паулу, Мәскеу, Сеул, Пекин, Мехико
Халық саны Токио, Сеул, Мехико, Нью-Йорк, Мумбай, Джакарта, Сан-Паулу, Дели, Осака, Шанхай
Шетелдіктер үлесі Дубай, Майами, Амстердам, Торонто, Маскат, Ванкувер, Окленд, Женева, Мекке, Гаага
Қымбат қалалар Цюрих, Токио, Осака, Москва, Женева, Гонконг, Копенгаген, Нью-Йорк, Пекин, Сингапур
Метродағы жолаушы тасымалы Токио, Москва, Сеул, Нью-Йорк, Мехико, Париж, Гонконг, Пекин, Шанхай, Лондон
Метрополитен ұзындығы Шанхай, Лондон, Нью-Йорк, Пекин, Берлин, Сеул, Москва, Мадрид, Гуанчжоу, Париж
Әуе тасымалы Атланта, Пекин, Лондон, Чикаго, Токио, Лос-Анджелес, Париж, Даллас, Франкфурт, Денвер
Миллиардерлер саны Мәскеу, Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Лос-Анжелес, Даллас, Стамбул, Сан-Франциско, Чикаго, Мумбаи, Сан-Паулу
Жиынтық өнім Токио, Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Чикаго, Париж, Лондон, Осака, Мехико, Филадельфия, Сан-Паулу,

 

Мысалы, Мумбай (1995 жылға дейін Бомбей деп аталған) халық тығыздығы жөнінен әлемде 1-орын алады (1 км² - 21 665 адам). Ал Дубайдағы шетелдіктер үлесі 73%-ды құрайды. Әлемдегі ең қымбат қала мәртебесіне 2012 жылы Цюрих ие болды. Метросы арқылы ең көп жолаушы тасылатын қала Токио (жылына 3 млрд 174 млн адам). Ал метрополитен ұзындығы жөнінен әлемде Шанхай 1-орын алады (420 км). Әуе тасымалы жөнінен әлемде Атланта қаласы 1-орын алады, мұндағы Хартсфилд әуежайы арқылы 2011 жылы 92,4 млн жолаушы тасылған. Миллиардерлер саны бойынша 2012 жылы Мәскеу қаласы 1-орнын сақтап қалды: мұнда 78 миллиардер тұрады (1210 миллиардер бар). Қазақстаннан бұл тізімге 2012 жылы 5 адам енді.

Алып қалалардың 1/3-і Шығыс және Оңтүстік Азия аумағында орналасқан, бірақ олардың барлығы бірдей әлемдік қала мәртебесіне ие емес. Нағыз әлемдік қала деп атауға болатын ірі қалалар қатарына Нью-Йорк, Токио, Париж, Лондон және т.б. енеді. Соған қарамастан, халық саны жөнінен әлемдегі аса ірі 10 агломерация қатарына Солтүстік Америкадан Нью-Йорк қана енсе, бұл тізімде Еуропаның бірде-бір өкілі жоқ (кесте).

 

Кесте.Дүние жүзіндегі ең ірі қалалар

Қала Мемлекет Халық саны, млн.
Токио Жапония 35,7
Мумбай (Бомбей) Үндістан 19,0
Мехико Мексика 19,0
Нью-Йорк АҚШ 19,0
Сан-Паулу Бразилия 18,8
Дели Үндістан 15,9
Шанхай Қытай 15,0
Калькутта Үндістан 14,8
Дакка Бангладеш 13,5
Буэнос-Айрес Аргентина 12,8

 

Қазақстанда ірілі-ұсақты 86 елді мекен қала мәртебесіне ие болған. Мұнда республика халқының 56%-ы тұрады. Олардың 1-уі миллионер-қала, 21-інде халық саны 100 мыңнан асады, ал 60 шақтысында халық саны 50 мыңнан аспайды. Елдегі ең ірі қала Алматы (1 450 095 адам) мен басқа ірі қалалардың (Астана - 743 014 адам, Шымкент - 642 858 адам, Қарағанды - 475 267 адам) қазіргі өсуі мен дамуы қала маңындағы елді мекендермен бірігу есебінен жүруде.

 

Дәріс №5

Мәдениет және өркениет географиясы (2 сағат)

Этногеография.Этногеография этнография мен географияның тоғысында қалыптасқан ғылыми пән, ол этностық қауымдастықтардың географиялық қоныстануын, олардың қоныстану ерекшеліктерін және аумақтық арақатынастарын саяси, табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланыстыра зерттейді. Этногеография қоныстану сипатын, аумақтың игерілу дәрежесін, халық тығыздығы және т.б. да ескереді.

Этногеографияның басты міндеттеріне әлем халқының ұлттық құрамын зерттеу, белгілі бір елдегі немесе аумақтағы халықтың және олардың топтарының (нәсілдік, этностық, тілдік, діни және т.б.) санының өзгерістерін анықтау жатады. Этногеография:

- Этногенез мәселелері мен халықтардың антропофизикалық дамуын зерттейтін этностық антропологиямен;

- Этностық топтардың әлеуметтік дамуы, олардың ұйымдасу үлгілері мен өзара әрекеттесуінің мәселелерін зерттейтін этностық әлеуметтанумен;

- Этностық өзіндік сананың мінез-құлықтың қалыптасуын зерттейтін этностық психологиямен;

- Демографиялық процесстер мен этностар санының өзгерістерін зерттейтін этнодемографиямен;

- Этностардың тілдік ерекшеліктері мен олардың аумақтық таралуын зерттейтін лингвогеографиямен тығыз байланысты болады.

Мәдениеттер типологиясы. Мәдениеттің әркелкілігінің географиялық аспектілері.Мәдениет деп адамзат жасаған және жинақтаған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығын атайды. Неміс философы Гегель мәдениетті «адам жасаған екінші табиғат» деп атаған. Әдетте мәдениетті материалдық (заттық) және рухани деп екіге бөледі. Дегенмен, кей жағдайда олардың арасында дәл ажыратылатын шекара жоқ: заттық құндылықтар адамның ақыл-ойының, жинақтаған білімі мен тәжірибесінің көрінісі болып табылады.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 1752

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 1 страница | Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 3 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.009 сек.