Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 6 страница

Теңдестірілмеген үлгі ұлттық экономика мен дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің сәйкессіздігі ағдайында қалыптасады. Мысалы, елдегі несие-қаржы саласының, ұлттық валютаның жай-күйі, жұмыс күшінің кәсіби деңгейі, ақыл-ой әлеуеті, құқықтық жағдай және т.б. ұлттық экономиканың сыртқы байланыстар кешенінің негізін құрайды. Бұл кешен бір ғана экономикалық ортаға (ұлттық немесе әлемдік) бейімделіп құрылса, халықаралық еңбек бөлінісінің мүмкіншіліктерін толық жүзеге асыра алмайды, яғни теңдестірілмеген сипат алады.

«Бөгде» үлгі сыртқы экономикалық кешеннің ұлттық экономикаға да, сыртқы экономикалық ортаға да сәйкес келмеуі жағдайында қалыптасады. Әдетте бұл құбылыс сыртқы экономикалық кешеннің бөгделігі ұлттық экономикада түбегейлі қайта құрулар жасап, дамудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу барысында байқалады. Себебі, жаңа сыртқы экономикалық кешенді ұлттық экономика да, әлемдік нарық та бірден қабылдамайды, бұл бейімделу жылдар бойы жүруі мүмкін.

Сонымен, кез келген елдің сыртқы экономикалық кешені ұдайы дамып, жетілдіріліп отыратын жүйе болып табылады. Белгілі бір деңгейде оны мемлекет тұрғысынан реттеу (салықтық, несие-қаржы, валюталық және т.б.) жүргізіледі, сонымен қатар ұлттық экономиканың даму басымдылықтарын ескере отырып, белгілі бір салалар бойынша бағдарлау, құқықтық қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Геоэкономикалық кеңістікте ақпараттық жүйелердің де маңызы өте зор: қазіргі заманғы ұлттық экономика үшін ұтымды шешім қабылдау (тиімді келісімшарттар, сату және сатып алулар); нарыққа баға беру және болжау жасау; белгілі бір уақыт аралығындағы шұғыл экономикалық ақпаратқа қол жеткізу ақпараттық технологияларсыз мүмкін емес.

Дәріс №9

Геоэкономика және постиндустриялық қоғам экономикасы (3 сағат)

 

Геобәсекелестік, ұлттық экономиканың ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілігі мен әлем елдерінің бәсекелестіктегі артықшылықтары.Постиндустриялық қоғамда жаһандану жаңа ғылым салаларының қалыптасуына алып келді. Соның бірі – геоэкономика. Геоэкономика ғаламдық деңгейдегі дамудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол:

1) Экономикалық атрибуттар жүйесі арқылы ғалымдық әлемді танып-білудің тұжырымдамалық көзқарастарының жиынтығы;

2) Әлемдік экономикалық процестер жүріп жатқан ғаламдық экономикалық кеңістіктегі экономикалық қатынастардыың жүйесі;

3) Ұлттық экономикалар мен халықаралық экономикалық құрылымдардың өзара байланыстары;

4) Экономикалық факторлардың мемлекеттер саясатына алғышарт болатындығы жөніндегі тұжырымдама.

Геоэкономиканың сан қырлы сипаты осы мәселелерге қатысты анықталады. ол ғалымдық экономикалық кеңістіктгеі процестер мен құбылыстарды талдап берумен қатар, әлемдік экономикалық жүйені саясаттан, әлеуметтік дамудан бөліп алмай, біртұтас жүйе ретінде қарастырады, сонымен қатар, қазіргі әлемдегі даму тенденцияларын талдап, болашаққа болжамдар жасайды. Постиндустриялық қоғамдағы экономиканың даму тенденциялары әлемдік дамуды анықтап береді:

Біріншіден, постиндустриялық қоғамда ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске енгізілуі экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналады. Ғылымға негізделген, ресурстарды үнемдеуші өндірістер басым дамып, ақпараттық технологиялар қоғам өмірі мен тұрмыстың барлық саласына енеді. Әсіресе микроэлектроника, телекоммуникациялар, бағдарламалармен қамтамасыз ету, робот техникасын жасау, айрықша қасиеттерге ие жаңа материалдарды өндіру, биотехнологиялар жетекші маңызға ие болады.

Екіншіден, постиндустриялық қоғам жағдайында білім қаржыдан артық бағаланады. Халықаралық деңгейде бәсекелестік күшейген сайын, жетістікке жету үшін қаржының көлемі ғана емес, инновациялық идея да қажет бола бастады.

Үшіншіден, білім, оны сақтау, білім қорын жинақтау және алмасу, оны толықтыру постиндустриялық өркениет дамуының қажеттілігіне айналады. Сол себепті жаңа қоғам ақпараттық өркениет деп аталады. Жаңа ақпараттық қоғамға жаңаша ойлау, басқадай деңгейдегі білім қажет, яғни білім берудің ескірген жүйесін алмастыру жүреді, «білімге негізделген экономика» дамиды.

Төртіншіден, постиндустриялық экономикада жаңа типтегі венчурлық (ағылшынша venture – қауіп-қатерлі) инвестиция дамиды, яғни көптеген жобалар бірдей қаржыландырылады, олардың бірнешеуі ғана табысты болғанның өзінде, жұмсалған қаржы ақталады.

Бесіншіден, ұлттық экономикалардың ынтымақтасуы аймақтық, ғаламдық интеграцияға алып келеді. Соған қарамастан, осы интеграция шеңберінде бәсекелестік дамиды.

Алтыншыдан, ақпараттық қоғамда әлеуметтік жіктелу сақталады. Бұл қоғамды «кәсіби мамандар қоғамы» деуге де болады, мұндағы негізгі тап «интеллектуалдар табы» (ғалымдар, кеңесшілер, сарапшылар, технократтар және т.б.) болады. Қазірдің өзінде дамыған елдерде адамдардың білім деңгейіне байланысты мүліктік теңсіздіктері байқалып отыр.

Жетіншіден, постиндустриялық қоғамда интеграциялық және дезинтеграциялық процесстер өте күрделі сипат алады. Ұлтаралық бірлестіктер (ҰАБ) түрін өзгертіп, нығайып, ғаламдық ауқымдағы ықпал үшін өзара бәсекелестікке көшеді.

Дүниежүзілік шаруашылықтың ілгерілеп дамуына және халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын жекелеген елдердің экономикалық өркендеуіне негіз болатын жағдайдың бірі өндірушілердің бәсекелестігі болып табылады. Бәсекелестік теориясын зерттеуші ғалымдар бәсекеге қабілетті болуға қол жеткізудің өзі елдердің өндіріске қолайсыз әсер ететін факторлармен күресінің нәтижесі деп бағалайды. Өйткені өркендеу үшін, бәсекеге төтеп беру үшін инновацияларды қолдану қажет, мұның өзі қоғам дамуын ілгерілетеді. Бәсекеге қабілетті болуға апаратын жолдың бастапқы кезеңінде мемлекеттің жетекші ролі болуы қажет. Америкалық экономист М.Портердің (2005) анықтауынша, мемлекет өндірушілерге мынадай жағдайларды қамтамасыз етуі қажет (-сурет).

сурет. Мемлекеттің бәсекеге қажетті жағдайды жасауы

«Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы сан қырлы болады. Бәсекеге қабілеттілік – тауардың, қызметтің, нарықтық қатынастар субъектісінің нарықта балама тауар, қызмет немесе субъектілермен тең дәрежеде болуы. Бәсекеге қабілеттілікті жоғары, орташа және төмен деп сипаттайды. Жоғары деңгейінде бұл ұғым елдің ұлттық экономикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын көрсетеді. Ресей ғалымы Н.С. Мироненконың (2006) анықтауынша, экономикалық өрлеудің қарқынын, халықтың еңбекпен қамтылуы мен нақты табыс мөлшерін арттыруға қабілетті елді бәсекеге қабілетті ел деп атауға болады. Америкалық ғалым М. Портер жеке елдің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 5 негізгі белгілерін ажыратқан.

1) Тұрақты бюджет дефицитінің болмауы, төменгі пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамының артуына жол бермеу тәрізді макроэкономикалық көрсеткіштері қалыпты болатын елдер бәсекеге қабілетті деп есептеледі.

2) Арзан жұмыс күшімен артығымен қамтамасыз етілген елдер бәсекеге қабілетті болады. Жаңа индустриялық елдердің әлемдік нарыққа нық қадам басуына әсер еткен фактордың бірі осы болып табылады.

3) Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілген елдер бәсекеге қабілетті болады. Дегенмен бұл да қатып қалған ереже емес: экономикалық дамуға алғышарт бола алатын алуан түрлі ресурсқа бай Африка елдері, Ресей және т.б. елдер өз тауарларымен әлемдік нарыққа енуде қиындықтарға кездесіп отыр. Табиғат ресурстарды игеру арқылы ғана экономикалық өрлеуге жетуге болмайтынын экономистер «голланд ауруы» деп атаған құбылыстан көруге болады. ХХ ғасырдың 60-70-жылдарында Нидерланд табиғи газдың мол қорын ашып, экспорттай бастады. Бұл өз кезегінде елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп жіберді. Өйткені табиғи газды экспорттау ұлттық валюта бағамының төмендеп, басқа салалардың, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіптің дамуының тежеліп, қаржының өнеркәсіптен қызмет көрсету саласына бағытталуына себепші болды. Соның нәтижесінде өнеркәсіптің сан алуан саласы дамып отырған Нидерландта деиндустриялану жүрді.

4) Үкіметі жекелеген салаларды субсидияландыратын, импортты жеңілдететін және жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсететін елдерді бәсекеге қабілетті деуге болады. Дегенмен бұл пікір де күмән туғызады: Жапония мен Корея Республикасының экспортқа бағдарланған салаларын қолдау мақсатында бұл елдердің үкіметтері олардың ішкі істеріне қол сұққандары белгілі болып отыр.

5) Елдің бәсекеге қабілеттілігі басқарудың әртүрлі практикасына, соның ішінде менеджмент пен жұмыс күшінің өзара қарым-қатынасына байланысты болады. Бұл анықтама да нақты емес, өйткені кез келген елде жергілікті ерекшеліктерге байланысты өзіндік қарым-қатынастар қалыптасады, оларды әлемдік деңгейде бірыңғай жүйеге келтіру мүмкін емес.

Елдердің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты зерттеулерді Халықаралық менеджмент пен даму институты (Лозанна, Швейцария), Дүниежүзілік банк пен Әлемдік экономикалық форум жүргізеді. Қазіргі кезде елдердің бәсекеге қабілеттілігіне баға беру үшін Колумбия университетінің профессоры Ксавье Сала-и-Мартин 2004 жылы ұсынған Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі қолданылады. Бұл индекс 12 бақылау көрсеткішіне топтастырылған:

1) Ұйымдардың сапасы

2) Инфрақұрылым

3) Макроэкономикалық тұрақтылық

4) Денсаулық және бастауыш білім беру

5) Жоғары білім беру және кәсіби дайындық

6) Тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі

7) Еңбек нарығының тиімділігі

8) Қаржы нарығының дамуы

9) Технологиялық дамудың деңгейі

10) Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі

11) Ішкі нарықтың ауқымы

12) Инновациялық әлеует.

Жалпы алғанда, елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты көрсеткіштер кестеде берілді.

 

кесте. Бәсекеге қабілетіліктің негізгі көрсеткіштері

  Көрсеткіштер Сипаттамасы
Елдің экономикалық әлеуеті және оның пайдаланылуы Халқы, табиғат ресурстары, ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп пен ғылымға негізделген өнім өндірудің үлесі, инвестициялар және т.б.
Экономиканың интеграциялануы Халықаралық еңбек бөлінісі мен инвестиция ағындарына қатысу дәрежесі, ЖІӨ құрылымындағы сыртқы сауда айналымының үлесі, экспорт пен импорт сальдосы, экспорттағы жоғары технологиялы салалардың үлесі, экспортталатын тауарлар бағасының индексі және т.б.
Мемлекеттің әлеумет-тік-экономикалық процестерді реттеуі Заңнамалық база, құқықтық тәртіп, саяси тұрақтылық, басқару аппаратындағы жемқорлық деңгейі, биліктің іскерлікті бағалау құзіреті және т.б.
Қаржылық тұрақтылық Бюджет дефициті, инфляция, ұлттық валюта бағамы, алтын-валюта қоры, қаржы қызметтерінің түрлері мен сапасы, қор нарығының дамуы, сыртқы және ішкі қарыздар көлемі және т.б.
Инфрақұрылымның дамуы Энергетика, көлік, жол шаруашылығы, байланыс пен телекомму-никациялардың, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұ-рылымның, бизнес инфрақұрылымының дамуы.
Менеджмент сапасы Кәсіби менеджерлердің болуы, олардың дайындық деңгейі, қазіргі заманғы оқу базасының болуы, басқару құрылымының икемділігі, басқаруды компьютерлендіру.
Өндірістің тиімделігі Өндірістің тиімділігі, және тәуекелдер, ЖІӨ-дегі салықтар үлесі, инвестициялар тәуекелін бағалау, сақтандыру жүйесі, еңбек өнімділігі және оның динамикасы.
Ғылыми-техникалық деңгей ЖІӨ мен мемлекет бюджетіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындар үлесі, ғылыми қызметкерлердің саны мен кәсіби деңгейі, патенттелген жұмыстар саны, лицензиялар, экспорты мен импортының сальдосы, өндірістің ғылыми-техникалық деңгейі және т.б.
Еңбек ресурстарының саны мен мамандануы Экономикалық белсенді халық пен жұмыссыздар үлесі, білім және кәсіби дайындық деңгейлері, нақты табыстары мен олардың жіктелуі, орташалар табының үлесі, тұрғын үй жағдайы, экология және еңбек жағдайлары, тұрғындардың денсаулығы, қылмыс деңгейі және т.б.

 

Индексті қалыптастыру әдістемесі мен оның бастапқы дереккөздері жыл сайынғы Әлемдік экономикалық форумның баяндамасында келтіріледі. Осы форум деректері негізінде 142 ел мен аумақтың 2011-2012 жылдарға есептелген Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі тізімінде Қазақстан Республикасы 72-орынды алады.

Ашық сипаттағы экономика.Постиндустриялық қоғамға тән ерекшеліктің бірі – экономиканың интеграциялануы. Индустриялану кезеңінде негізі қаланған бұл даму тенденциясы ХХІ ғ басында экономикалық өрлеудің басым белгісіне айналды. Үшінші ғылыми-техникалық революция елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қамтылуын жылдамдатты, бұл интеграция негізінде дамитын «ашық экономика»(ағылшынша open economy) деп аталатын феноменге жол ашты.

«Ашық экономика» ұғымы әдетте автаркиялық (тұйық) экономика ұғымына қарама-қайшы қолданылады. Бұл ұғымның өзі қазіргі дүниенің интеграциялануы мен жаһандануы барысында өзінің бастапқы мағынасын кеңейтті. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықтарда экономиканың «ашық» сипатта екендігін экспорттық квота деңгейі белгілі бір көрсеткішке жеткендігі (әдетте 10%-дан астам) анықтайтын. Ал соңғы онжылдықтарда халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) ролі күрт өсті. Осымен байланысты елдердің экспорттық квоталары арта түсті, яғни экономикасы ашық сипаттағы елдер саны көбейді.

Елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатынасу дәрежесі жоғары болған сайын, оның экономикасы ашық сипат алады. Ал қатынасу дәрежесі неғұрлым төмен елдерге салыстырмалы түрде жабық экономика тән болады. Ашық экономика үшін елдің жиынтық өніміндегі экспорттың үлесі 2/3 шамасында болуы тән, ал салыстырмалы түрде жабық экономикада бұл көрсеткіш 1/10.

ХХІ ғ алғашқы онжылдығында сыртқы сауда айырбастарының 40%-дан астамы жаңа индустриялық елдерге тиесілі болды. Қазіргі кезде ХЕБ бойынша теориялық еңбектерде мынадай заңдылық атап көрсетіледі: неғұрлым ел шағын болса (аумағы, халқының саны бойынша), соғұрлым экономикасы ашық сипатта болады. Мысалы, Нидерландтың тауарлық экспортының ЖІӨ-дегі үлесі 45-48%-ды құрайды, ал Ирландияда бұл көрсеткіш 70%-ға жетеді.

Ел экономикасының ашық сипатта болуына оның салалық құрылымының диверсификациясы (латынша diversificatio – өзгеріс, алуан түрлілік) да ықпал етеді. Экономикасында базалық салалар (қара және түсті металлургия, отын-энергетика кешені) басым елдерге қарағанда, машина жасау, химия өнеркәсібінің салалық құрылымы күрделі болатын елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу деңгейі жоғары болады. Ашық экономика ұғымы тек сыртқы саудаға ғана байланысты емес. Жалпы алғанда, ғалымдар ұлттық экономикаларды дүниежүзілік шаруашылықпен байланыстыратын үш басты күретамырды ажыратады:

1. сыртқы сауда;

2. қаржы қозғалыстары;

3. ұлттық валюталармен өзара алмасу.

Экономиканың қаржылық бағытта «ашықтығы» ең алдымен қаржы импорты немесе экспортының ЖІӨ-ге қатысы арқылы анықталады. Ресейлік ғалымдар В.Соколов пен Ю.Шишков ұлттық экономикалардың ашық сипатын көрсететін кешенді көрсеткіш ұсынады, ол арнайы формуламен анықталады:

,

мұндағы - тауарлардың сыртқы айналымы;

- қызмет көрсетудің сыртқы айналымы;

с – ұзақ мерзімдік төлемдердің (қаржылық) айналымы;

А – жиынтық ішкі өнім көлемі

 

Ел экономикасы халықаралық интеграцияланудың осы сатыларын өткенде, дүниежүзілік шаруашылықпен кірігуі, халықаралық сауда қатынастарына тартылуы, әлемдік несие-қаржы жүйесіне енуі жүзеге асады. Бұл жолды Жапония, жаңа индустриялық елдер өткен, соңғы жылдары дәл осы бағытта Қытай дамып келеді.

Дүние жүзіндегі елдер экономикасының еркіндігі елде бизнес ашу мен дамыту үшін экономикалық жағдайлар, бизнеске салынатын салықтар жүктемесі, сыртқы сауда жүргізу үшін ел экономикасының ашықтығы, қолайлы инвестициялық жағдай, валюталық еркіндік, парақорлық деңгейі, меншік құқығының қорғалуы тәрізді маңызды көрсеткіштер ескеріледі. Америкалық Heritage Foundation зерттеу институты мен Wall Street Journal газеті құрастырған 2011 жылдағы дүние жүзі елдерінің экономикалық еркіндігінің рейтингісіне 178 мемлекет енгізілген. Осы рейтингтегі елдерді ұпай сандары бойынша 5 топқа бөлуге болады:

- экономикалық еркін елдер (80-100 ұпай);

- негізінен экономикалық еркіндік тән елдер (70-79,9);

- экономикалық еркіндігі орташа елдер (60-69,9);

- негізінен экономикалық жағынан еркін емес елдер (50-59,9);

- экономикалық еркіндігі басылған елдер (0-49,9).

Қазақстан Республикасы бұл тізімде 62,1 ұпаймен 78-орынды иеленген.

Еркін экономикалық аймақтар.Ұлттық экономикалық халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қамтылуының бір бағыты ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық экономикалық қатынастардың ажырамас бөлігіне айналған еркін (арнайы) экономикалық аймақтар құрумен тығыз байланысты. Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) деп мемлекет аумағының басқа бөліктерінен айрықша болатын, жеңілдіктерге ие шаруашылық әрекет режимі орнатылған ауданды атайды. Ұлттық экономикалық кеңістіктің жеңілдіктер қарастырылған айрықша аймақтары ретінде анықталатын еркін экономикалық аймақтар сыртқы сауда анклавы болып табылады. Жалпы алғанда, еркін экономикалық аймақтар қалыптастыру елдің сыртқы экономикалық байланыстарын либералды ету арқылы қарқынды дамытуға, ұлттық экономиканың ашық сипатын қамтамасыз етуге бағытталады.

Еркін экономикалық аймақтарда орнаған кедендік, салықтық және инвестициялық жағдайлар экономикалық әркеттің белсенді дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Әлемдік экономика үшін ЕЭА маңызы халықаралық сауда айналымына оң әсерімен, инвестицияларды шоғырландыруымен, экономикалық интеграцияны тереңдетуімен анықталады. Ұлтаралық бірлестіктер дүние жүзі бойынша тарап кеткен бөлімшелерін орналастыру үшін басым түрде еркін экономикалық аймақтарды таңдайды. Жалпы алғанда, еркін экономикалық аймақтарда шетелдік инвесторлар үшін берілетін жеңілдіктерді төрт негізгі топқа бөлуге болады:

1. Қаржылық жеңілдіктер. Еркін экономикалық аймақтарда компанияларға жер мен өндірістік ғимараттарды жалдағанда, несие алуда, коммуналдық төлемдер төлеуде жеңілдіктер берілген.

2. Сыртқы сауда жеңілдіктері. Компаниялар үшін сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыруда жеңілдіктер, экспорттық-импорттық баж салықтарын төмендету немесе тіпті бұл төлемдерден босату қарастырылған.

3. Салықтық жеңілдіктер. Салық жеңілдігі пайдаға, табысқа және мүлікке салынатын салықтарды төмендетіп, кей жағдайда мүлде алып тастау арқылы шетелдік қаржының келуіне мүмкіндіктер жасайды.

4. Әкімшілік жеңілдіктер. Бұлфирмаларды тіркеуде, шетел азаматтарының елге келуі мен қайтуының режимдерін реттеуде, фирмалар мен азаматтарды тіркеуде қызмет көрсету тәртібіне жеңілдіктер енгізуді қамтиды.

Елдердің өз аумақтарында еркін экономикалық аймақтарды құрудағы мақсаттары әртүрлі болады. Мысалы, жоғары дамыған елдерде ЕЭА көбінесе ел аумағындағы дамуы кешеуілдеп отырған жекелеген аудандардың экономикалық белсенділігін арттыру немесе олардың шекаралық басымдылықтарын толығырақ пайдалану мақсатын көздейді. Ал дамыған елдерде ЕЭА құру мақсаты шетелдік инвестицияларды көбірек тарту, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, жергілікті жұмыс күшінің кәсіби біліктілігін арттырумен байланыстырылады. Бұл аталғандардан басқа, ЕЭА құру төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталады:

- өнеркәсіп экспортын ынталандыру арқылы валюта түсімін арттыру;

- ел азаматтарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

- бұл аймақтарды жаңа үлгідегі шаруашылық әрекетін ұйымдастырудың сынақ алаңдарына айналдыру, ұлттық шаруашылықтың жетекші даму полюстерін қалыптастыру.

Еркін экономикалық аймақтарды ел аумағының кез келген жерінде орналастыру жоғарыда аталған тиімділіктерді бермеуі мүмкін. Осыған сәйкес, ғалымдар еркін экономикалық аймақтарды орналастыруға қолайлы жағдайларды анықтап берген:


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 805

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 5 страница | Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 7 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.013 сек.