Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Тараз 2014 8 страница

2.Фома Аквинский(1225—1274). Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинскийбодды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектеріңде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің кағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдык және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондыктан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты—"ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды емір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сон-дықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіңдіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

3 сұрақ.Қайта өрлеу дәуірінің негізін салушы Николло Макиявелли (1469-1527) болды. Оның «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлв ойлар», «Флоренцияның тарихы». Макиявелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиявеллидіңойынша, мемлекет-басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.

№ 3. Тақырып. 3. Саяси ғылымдардың негізгі кезендері мен қалыптасуы

1) Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар

2) К. Маркс пен Ф. Энгельстін саяси идеялары. В.И. Лениннің саяси теориялық көзқарастары

3) Ресей ойшылары Батысшылар және славянофилдер.

1. Бұл дәуірдің қөрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луй Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарына айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне т.б.) байланыстырды. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддессін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.

Немістің ойшылы Иммануил Канттың (1724-1804) «Космополиттік көзкарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектері бар. Канттың ойынша, адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік занаң басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкереледі. Мемлекеттер арасындағы халықаралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.

2 сұрақ. XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік ендіріс әдісінің қарқыңды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшы-лықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.

Карл Маркс(1818— 1883), Фридрих Энгельс философия мен саяси экономия сала-сында екі жаңалык жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен ендірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материаддық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және руха-ни процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құры-лыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс кұрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен еңдірістік қатынастар арасыңдағы тереңдеп келе жат-қан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының екіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосым-ша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міңдетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат—буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы. Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің меншікті саяси партиясы — Коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.В. И. Ленин, Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870—1924). Ол капитализм дамуының империалистік сатысының занды-лыктарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды. Ленин, Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялык-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).

Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің релін айкындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті. Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болдмайды деп ұқты.

4 сұрақ. Тарих мәселесі, Ресейді жарқын болашаққа апаратын тарихи жолды анықтау, таңдаумен "батысшылдар" мен славянофилдер айналысты.

Батысшылдарсол заманға батыс философиясының дәстүрлерін (материализм, әмпиризм) жақсы игеріп, оларды орыс философиясына ендіруге тырысты. Батысшылдар өкілдері:А.Г. Герцен, Н.П. Огарев, К.Д.Кавелин, В.Г.Белинский. Батысшылдар пікірінше, жалпы еркениет жолынан бөлек, тек Ресейге ғана тән "бірегей" жол деген жоқ. Бірігейлік туралы әңгімелердің мәні - Россияның әлемдік өркениеттен артта қалып, өз ішінде, өзімен тұйықталуында. Ресей үшін басты игілік -батыстық құндылықтарды игеріп, өркениетті елге айналу.

Батысшылдардың қарсыластары славянофилдерболды. Өкілдері: А.С.Хомяков,

И.В. Киреевский, Ю.В.Самарин, А.Н.Островский, ағайынды К.С. және И.С. Аксаковтар. Славянофилдер пікірінше, Ресейдің тарихи болмысының негізінде православие және қауымдастық өмір салты жатыр. Сондықтан орыс халқының менталитеті батыстан түбегейлі өзгеше. Мысалы, Батыстың бәсекелістік, индивидуализм, рухсыздық, т.б. қасиеттерімен салыстырғанда Ресей халкына құдайшылдық, өзара қолдау, көмек, коллектившілдік, соборлылық тән. Славянофильдердін пікірінше, орыстың тілздениетіне батыстық дәстүрді ендіру, реформалау - бәрі де Ресей ушін ерте ме, кеш пе, қайғымен аяқталған.

№ 4. Тақырып.

Қазақстан саяси ойларының тарихы

1) Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы. Аль-Фарабимен , Х.А. Яссауидін және Ж. Баласагүнңың саяси көзқарастары..

2) ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Кунанбаев)

3) XX ғасырдың Қазақ Ренессансы.

1. Казақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы. Әбу Насыр Мүхаммед ибн Тархан әл-Фараби870950 жылдары емір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жеріңде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) каласында туды. Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Ол "екінші Аристотель" деп атаған болатын. 160-тан астам трактат жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты "Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы", " Азаматтық саясат", "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы" деген еңбектері бар. Ұлы ойшыл "Рақымды қала тұрғыңдарының көзқарастары туралы" деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттаңдыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қам-қорлық жасаған мемлекет қана өз міңдетін атқара алады.

Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін — ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Соңдықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және. қайырсыз етіп екіге боледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытка бастайды, олардың іс-ерекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін баскару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан баскаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады.

Жусіп Хасхаджиб Баласағұни (1021—1075) — аты әлемге әйгілі іікын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі "Құтадғу білік" ("Бақытқа жеткізуші білік", кейбіреулер " Бакыттылық жәйлі ілім" деп те аударып жүр) дастанынан білеміз. Бүл еңбектің ерекшелігі — ол сол кездегі ресми араб тіліңде емес, өзінің ана тілі — түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек. Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан "Құтадгу білікте" мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті баскару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол—тек саяси трак-тат кана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамныңтағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-са-насы, әдет-ғұрпы және т. с. с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Омірде әділ занды, еркіндікті аңсайды.

Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157) . Оныңбасты шығармасы "Диуани Хик-мет" ("Даналық кітабы"). Ол еңбегінде әділдікті, имаңдылықты, шыншыддықты, мейірімділікті жырлайды.

Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер ", - деп қара халықтың камкоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.

"Кәңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіңдер,

Хақты сүйген адал қүлдар халайықпен бір болар ",— деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.

"Ей,мүсылман, тагат қылсаң, танбагын, Ғазиз жаның — аманаты Алланың. Харамдықпен, үқ, жиганмал—жалганын, Қарыш атты жылан қылар малыңды ",Ғалым сол кездегі қазак еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, реформалык жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек. Сонда ғана реформа тиімді боладыдеді.

2. сұрақ Шоқан Уәлиханов қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл-ауқатты жетілдіруге байланысты екенін терең түсінді. Сондықтан ол экономикалык, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән берді. "Сот реформасы жайында хат" деген еңбегінде ол: "Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа—экономикалык және әлеуметгік реформа. Ал саяси реформалар экономикалык істерді жүзеге асыратын кұрал ретіңде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді" — дейді (Ш. Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы, 1995, 127-бет). Бұл еңбегінде Шоқан патша үкіметінің соттық реформасына қарсылык білдіріп, қазақтар арасында өз тілінде отетін, ертеден етене таныс билер сотының сақталуын талап етті. Оның ашық-тығын, жариялылығын, демократиялык принциптерін жоғары бағалады. Шоқан сол кездегі патриархтық-феодаддык қазақ қоғамын екі топқа: бір жағынан, сұлтандар мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мәртебелі тобына, екінші жағынан, "дала пролетариаты" деп атап, кедейлер тобына бөлді. Бұл топтардың мүдделері бір-біріне мүддем қайшы деп білді. Уәлиханов қазақ жеріне өктемдік пен заңсыздық әкелген патшалық отаршыл үкіметті батыл сынады. Қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып "ашықтан ашык аямай сорады" деп, халкын тонап жатқан патша шенеуніктері туралы ашына жазды.

Ыбырай Алтынсарин(1841—1889) Ол халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-кыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнады. Ыбырай "Қазақ даласындағы жұт жөнінде" деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ыктиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Ыбырай адамдарды іс-әрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп — әмірлік қажетгіктер, атап айтқанда, өмір сүру, білім алу, мәдениетке ұмтылу және т.б. кажетгіліктер деп есептеді. Бұл ұмтылыстан келіп, билеудің ескі түрлерін өзгерту қажеттілігі пайда болады деді. Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Сондыктан ол 1887 жылы Ырғызда 20 орындық интернат және казақ қыздарына арнайы мектеп ашты. Үлы ұстаздың қажырлы еңбегінің аркасында XIX ғасырдың 70—80 жылдарында қазак даласында көптеген мектеп ашыдды. Ол мектептердің мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеу деп ұқты.

Абай Құнанбаев(1845—1904) та өмір сүрген еді. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды "ақыл, білім, ерік" жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай енбектерінің басты бағы-тыныңбірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзінді емірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды. Абай патша екіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т.б. атқамінерлер сиякты әлеуметгік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне бідді. Соңдықтан ол ел басқару жүйесіне жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жодда жүзден аса бабы бар ереже жасаған (М. Әуезов. Шыгармалар. Ал-маты, 1969,12-том, 295-бет). Абай қандай адамның болмасын әлеуметтік жағдайын жақсартып, рухани гулдендіретін еңбек, соның арқасыңда ол бүкіл адамзат коғамына қызмет етеді деп санады. Одан әрі ол:

"Жалга жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малың болса сыйламай түра алмас ел ",

"Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің барі бос ",—деп, ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татуластық, бірлік керектігіне назар аударды. Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеруге кеңес берген — Абай. Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған—ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл-кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.

3.XX ғасырдың Қазақ Ренессансы. Казақ халқының саяси санасының дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар тобы да юіі та зор ықпал етті. Оларға: Әлиха нБөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мүстафа Шоқай, Мүхамеджан Тынышбаев, Магжан Жумабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмүхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ хіілқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-озі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бостан-дыктарын сыйлау, демократиялық принциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары кызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақолардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ. Олар туралы кейін саяси партияларды к.арағанда тағы да токталамыз. Қазакстан мен Ресей рухани мұрасына байланысты туған сая-си теорияның бірі – Еуразиялық идея. Оның негізін 1921 жылдың 3 маусымында Софияда орыс эмигранттарының діни-философиялық үйірмелерінің мәжілісінде Н. С. Трубецкой мен .Н. Савицкийлер салған. Бұл идеяны белгілі орыс ғалымы, та-рих, география ғылымдарының докторы, академик Л. Н. Гумилев (1912-1992) одан әрі дамытып, осы геокеңістіктегі ұлттардың мәдени дәстүрлерінің тарихи тағдырын ұғынуларына жәрдем-десті. Олар Еуразиядағы әрбір халыктың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл идеяның негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі "материалдық база" немесе "мемлекет алдында бас июшілік" емес, ең алдымен рухтың биіктігі деп түсінеді. КСРО ыдырап, қоғамның демократияланып жатқан жағдайында Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жыддың 28 наурызында Мәскеудің Мемлекеттік университетінің (МГУ) профессорлары мен оқытушылары аддында сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев көтерді. Оның мақсаты Кеңес Одағының құлауына байланысты күйреген сауда-экономикалық және адами байланыстарды қалпына келтіру, өзара түсінісу, бірлесе қимыл жасау. 2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласыңда Беларус, Казақстан, Кырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық (жинақтаушылық) ұйым — Еуразия экономикалық қауымдастығы қүрыдды. Бұл мемлекеттердің бас-шылары Кедендік одақ және біртұтас экономикалық кеңістік жөнінде келісім жасады.

5. Тақырып. Билік саяси феномен ретінде.

1) Билік ұғымы, тұжырымдамалары, түрлері.

2) Билік құрылымы, билік қызметтері

3) Биліктің легитимділігі

1.Билік - саясаттың, бүкіл саясат әлемінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік ұшін күрес және билікті жүргізу. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билеуге құқықты да, екіншілер оларға бағынұға міндетті. Бұл тенсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. 1) Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын, оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. 2)Әлеуметтік ә.қ. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүрүіне мүдделі адамдарды топтастырады. 3)Күш жұмсау қ. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяст билікті құлатұға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған Әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура жатады. 4) Ақпарат құралдары. Радио, теледидар, баспасөз. Өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар:

1) телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді; 2)бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жұрыс – тұрысын, өзін - өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің ерекше түрі; 3) ИнструменталистікМұнда билікті бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану мүмкіндігі деп біледі.4)конфликтілік анықтама билікті дау – жанжал жағдайында игіліктті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп тұсіндіреді; Сонымен билік деп - біреудің екіншілерге өмірін жүргізіп, ол іс - әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Биліктің түрлері: Биліктің құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.. Соған байланысты монархиялықжәне республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билуішінің қолында қолында болып, оләкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтасі формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. (Сауд Аравиясы. Испания, Жапония)


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 2494

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Тараз 2014 7 страница | Тараз 2014 9 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.01 сек.