Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Саяси идеология

1. Саяси идеология.

2. Идеологияның қызметтері.

3. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері.

Саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің «идея» бейне және «логос» - білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми әдебиетке француз ғалымы, философы А.Дестют де Траси кіргізді. Идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс - әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат - мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзкарастар жүйесін айтады.

Идеология - саяси, құқықтық, этникалық, діни, эстетикалық, философиялық болып келеді. Сонымен бірге қандай идеология болсын, саясатпен тығыз байланыста болады.

2 сұрақ. Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол мынадай қызметтерден білінеді: -идеологияның танымдық рөлі;бардарламалық қызметі;жұмулдыру, іске тарту;бағалау қызметі.

Саясаттың қандай субъектісі болсын идеология кажет. Ол адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың басшылықтың құралы.!! Қазіргі Қазақстан идеологиясы жаңадан қалыптасуда. Ол бұрынғы коммунистік идеологиядан және қазіргі либералдық батыстық идеологиядан бөлек. Қазақстан идеологиясының мақсаты - Республика тәуелсіздігін ныгайтып, көп этникалық қазақстандықтарды ел муддесі идеясына топтастыру, адамдардың ұлттық және жалпы қазақстандық патриоттық санасын қалыптастыру. Идеология философиялык сөздікте қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде анықталады. Бұл терминді ғылыми лексикаға алғаш енгізген XVIII ғасырдагы француз - ғалымы А. Дестют де Терси. Саяси идеология белгілі бір топтың мүддесін көрсететін және оны саяси билік арқылы немесе саяси билікке ықпал ету арқылы қорғайтын қоғам азаматтарының белгілі бір бөлек көзқарастарының, идеяларының жүйелі жиынтығы. Саяси идеология бұхаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Олар қоғамдық сананы қалыптастырудың негізгі құралы. Бұхаралық ақпарат құралдарының рөлі президент, парламент сайлаулары кезінде артады. Олар жарнама арқылы үгіт - насихат жұмыстарын жүргізеді.

3. Қазіргі заманда саяси идеологияның мынадай түрлері бар:

либераддық; консервативтік; коммунистік; социал – демократиялық; фашистік.

1) Либерализм (латынның либералис - еркін деген сөзінен шыққан). Либералдық идеологияның негізгі принциптері адамның еркіндігі, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының қоғам немесе мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.

2) Консервативтік (латынның консервативус - қорғаушы деген сөзінен шыққан).

3) Коммунистік (латынның комунис -жалпы деген сөзінен шыққан). Негізін салушылар Маркс пен Энгельс. Олардың ойы - жүмысшы тобының күшімен революция орнату.

4)Социал – демократия идеологиясы «демократиялық социализм» идеясын алға тартты. Негізгі құндылықтары -еркіндік, теңдік, әділеттілік, ынтымақтастық.

5) Фашизм (италияның фашизмо - бірлестік деген сөзінен шыққан), 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницше, О.Шпенглер. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А. Гитлердің «Менің күресім» (1925) деген кітабында баяндалады. Оңда соғыс тазартушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан «артықшылығы» дәріптеледі.

Тапсырма:

1. Қоғам мен жеке адамның өмірінде идеологияның маңызы.

2. Қазақстандағы идеологиялық жағдай қандай.

13. Саяси элита және саяси жетекшілік

1) Саяси элита түсінігі мен қызметі

2) Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі

3) Саяси жетекшілік

1.Саяси элита ұғымы.

Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теория-ның бірі—элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, тандаулы деген мағынаны біддіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірақ жаңа жағдайда оны жаң-ғыртып, толықгырып, жетесіне жеткізгендер итальяңдық саясатшылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.

г.Моска (1856—1941) "Саяси ілімнің негіздері" деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың—үстемдік жүргізуші азшылықтыц (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп іүсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сойлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым депсанады.

В. Парето ( 1848—1923) "Жалпы социология женіндегі трак-тат" деген еңбегіңде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп сі ігізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі таңдаулылар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен тандаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте мс, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оцайлықпен берісе коймайды. Сондықтан таңдаулылардың (элитаның) алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп Парето айтып кетті. Олар қалай болғаңда да (күшпен не бейбіт жолмен болсын) қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге ;ісады деп қорытады.

2) сұрақ. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі

Ғылыми әдебиетте дәстүрлі түрде элитаның: қатарын толықтырудың екі негізгі алатын жүйесі (дүниежүзілік саяси тәжірибеде мейлінше жиі ұшырасатын) - ангрепренерлік және гильдиялар жүйесі қарастырылады.

Антрепренерлік жүйенің сипатты белгілері мыналар:

а) кең әлеуметтік негіз, элита қатарына енуге кез келген әлеуметтік жіктердің өкілдері үшін мүмкіндіктер;

б) ресми талаптар, институциялық іріктеулер санының аз болуы;

в) таңдаушы (селекторат) тобы (бүкіл елдің сайлаушыларына дейін;

г) іріктеудің бәсекелестігі, бақталастығы;

д) элита құрамының өзгергіштігі, көшбасшылар ауысымының серпінділігі;

Аталған сипатты белгілерді талдау мыналарды көрсетті: іріктеудің бұл жүйесі енгізілетін жаңалықтардағы – жас көшбасшыларын тартуда көптеген осы заманғы саяси жүйелердің қажеттілігін, жекелеген саяси институттардың өзгеруін, деэтатистік үрдістердің күшеюін және т.т. бейнелейді. Сонымен қатар, антрепренерлік жүйенің нашар жақтарын да: нәтижелерді нашар көрсетуін, саясаттағы тәуекелдің көп ықтималдығын атап көрсеткен жөн.

Гильдиялар жүйесі үшін мынадай ерекше белгілер тән:

а) элита төменгі жіктерінен шыққан үміткерлердің жабдықтығы, оларды іріктеу, билікке біртіндеп жету жолы;

б) іріктеуді институциялаудың жоғары деңгейі – лауазымды иелену үшін көптеген сүзгілердің (ресми талаптардың), мәселен, жасының, жынысының, ұлттық, білімінің шектеулі және т.т. болуы;

в) таңдаушының біршама жабық тобы (негізінен –бұл жоғары басшылық құрамы немесе бір ғана бірінші басшы);

г) ашық бәсекелестіктің болмауы;

д) элитаттың қазіргі түрін қайта қалпына келтіруге ұстаған үрдіс сабақтастық.

Гильдиялар жүйесі тоталитарлық саяси жүйелерге тән болады және номенклатуралық жүйеден көрініс табады. Мынаны ерекше атап көрсету керек: нарықтық қатынастардың, еркін баламалы сайлаудың орнығуы, тәуелсіз БАҚ, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дамуы және т.т. біздің мемлекетімізде бекзаттар қатарын толықтыру проблемасын жаңаша тұрғыда қойып отыр.

3) Саяси жетекшілік

Жетекші басқаларға бірлескен қызметте ықпалдасу мақсатында әсер етуге қабілетті адам деп білеміз, ол қызмет белгілі бір қауымдастықтың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Саяси ғылымда жетекші сонымен бір мезгілде саяси процестің субъектісі мен объектісі ретінде түсіндіріледі. Субъект ретінде ол саяси оқиғалардың барысын анықтайды, объект ретінде сипатты белгілерді иеленуші ретінде оларға нақты міндеттерді орындау арқылы көрінеді.

Саяси өмірдің бірегей құбылысы ретінде жетекші жөніндегі әдістемелік көзқарас негізінде осы құбылыстың екі маңызын атап көрсетеді:

а)жетекші — бұл айқын аңғарылатын "пайдалы" қасиеттері бар (топішілік мүдделер тұрғысынан) жеке-дара адам, осының арқасында оның қызметі мейілінше өнімді болады;

б)жетекші — бұл топтық мүдде тұрғысынан оның аса мәнді шешімдер қабылдау құқығын белгілі бір қауымдастық мойындайтын адам.

Саяси жетекшіге тән белгілер қатарына дәстүрлі түрде мыналарды: ұйымдастыру қабілеттерін, мықты ерікті, күш-жігерлілікті, тап басатын түйсікті, сұңғылалықты, зеректікті, адамдарды тани білуді жатқызады.

Жаңа белгілер ретінде суретте және теледидарда жақсы шығу қабілетін, жайсандықты, сенімге лайық болуды атап көрсетеді.

Жетекшінің негізгі міндеттері:

а) ықпалдасу міндеті – нақты саяси бағдарламада бүкіл халық мүдделерінің ықпалдасуы. Қоғамның әртүрлі әлеуметтік жіктерінің мүдделерін есепке алу маңызды болады және іс жүзінде мұндай жағдай жиі мәлімделеді, алайда бұған нұсқау беру көшбасшылықтың қажетті шарты болып табылады;

б) үйлестіруші міндет — мемлекеттік билік институттарының (парламент, үкімет, сот) қызметін қоғамда қабылданған құндылық бағдарымен, қоғамдық пікірмен өзара байланыстылығы;

в) прагматикалық (іс жүзіндегі) міндет – бағдарламаларды, идеяларды, саяси шындықты іске асыру.

13-ші тақырыпқа бақылау сұрақтары:

1. Саяси жетекші имиджі әлеуметтік және психологиялық факторлары.

2. Саяси элитаның қоғамдағы ролі мен орны.

3. Саяси жетекшінің саяси мәдениеті.

14-тақырып. Адам және саясат. Саясат субъектілері

1) Тұлға саясаттың субъектісі мен объектісі

2) Жеке адамның құқығы мен бостандықтары

Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.

Субъект ( латының негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.

Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады.

Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың саңасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгіліөзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты манызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса саясаттын бас субъектісі адам.

2сұрақ. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі-жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастардын айтады. Жеке адам бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи-тарихи, зандық-позитивтік және марксистік түсініктер жатады

Тапсырма:

1. Жеке адамның қандай негізгі құқықтары мен бостандықтары білесіз.

2. Қазақстандағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарына не жатады.

15. тақырып. Саяси процесс және саяси қызмет

1.Саяси процесс ұғымы, оның мәні негізгі сипаттамасы.

2.Саяси қызмет теориясы.

3. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.

1.Саяси процесс ұғымы, оның мәні негізгі сипаттамасы.

Саяси процестің мәні. Саяси процесс қоғамда саяси билікті жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану мақсаттарына өзара байланысты әралуан субъектілердің өзара қатынастарының, өзара іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Ғылыми әдебиетте саяси процесс мынадай көзқарастар арқылы қарастырылады:

а) саяси процесс — бұл кеңістік пен уақытта дамитын қоғамның саяси жүйесінің қызмет атқару нысаны;

б)саяси процесс — қоғамдық процестердің (құқықтық, экономикалық, идеологиялық және басқа да процестерден өзгеше) бірі;

в) саяси процесс — белгілі бір көлемдегі (қандай да бір партияны құру, сайлау өткізу және т.т.) процестің түпкі нәтижемен байланысты нақты белгіленуі.

Саяси процесс саяси өмірдің қызметтік сипаттамасы ретінде көрінеді, өйткені саяси жүйенің әлеуметтік серпіні сипатын, уақыт пен кеңістік тұрғысынан оның жай-күйінің өзгеруін ашады. Осы көзқарас ауқымында саяси процесс - өзінің билік саласындағы айрықша қызметтерін (қызметтерінің бұзылуын) жүзеге асыру жөніндегі институцияланған және институцияланбаған субъектілердің жиынтығы.

Саяси процестің сатылары:

а) процестің ой-ниетінен, идеяларынан, оның теориясын не тұжырымдамасын талдап шешуден басталады. Мақсатты талдау, оны негіздеу мен оңтайландыру — таза мақсат саясаттың өлшемі болып қалады, шынайы қол жеткізетін мақсат нақты көзделеді. Осыған сәйкес оның субъекті мен атқарушьшарын басқаратын саяси процестің міндеттері белгіленеді;

б) процестің жолдары, ресурстары, әдістері таңдап алынады және оның кеңістік әрі уақыт жағынан өлшемдері — қарқындары, мерзімдері, көлемдері белгіленеді. Процесс элементтерінің: субъектінің (биліктің) — мақсаттары мен міндеттеріне, жолдары мен әдістерінің — мақсаттарына сәйкес келуі анықталады;

в) процестің жобасы мен жоспары;

г) саяси процестердің нәтижесі.

2. Саяси қызмет теориясы.

Саясаттану пәні қоғам дамуы барысындағы саяси қыз-мет пен саяси шешімдерді саясатты жүзеге асырудың бас-ты шарттары деп санайды. Олар арқылы мемлекеттің, парти-ялардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, жеке адамдардың, әлеуметтік таптар мен топтардың, ұлттар мен халықтар-дың мудделері мен мақсаттары, алдарына қойған міндет-тері жүзеге асырылады. Саясаттың нәтижесі де саяси қыз-мет пен шешімдерге тікелей байланысты. Сондықтан саяси қызметтің және саяси шешімдердің мәнін, мазмұнын, си-патын, түрлерін типтерін және жүзеге асу жолдарын та-нып білудің маңызы зор. Алдымен, «қызмет» дегенге тоқ-талсақ, іс-әрекет, еңбек деген бізге мәлім атауларды елес-тетеміз. Қызмет-еңбектің өзіндік сипаты бар ерекше түрі. Оның жәй еңбектен айырмашылығы қоршаған ортаға, күнделікті өмірге саналы араласуы, ал мазмүны-дүниені белгілі мақсатта өзгерту және қайта құруға бағытталған.

Саяси қызметтің мазмүны мен сипатына байланысты негізгі екі түрін даралауға болады: 1) теориялық саяси қыз-мет 2) практикалық саяси қызмет. Теориялық саяси қыз-метке: танымдық, болжамдық және бағдарлық қызметтер жатады. Осы аталған қызметтер қазіргі жағдайда саясатта-ну ғылымының басты мәселелеріне айналып отыр. Мемлекеттік істерді дүрыс шешу үшін Елбасының-президенттің жақын кеңесшілерімен ақыл берушілері білгір маман сая-саттанушылары болу қажеттігін омір дәлелдеп отыр. Практикалық саяси қызмет іс жүзінде әрекеттерді рет-теуге бағытталды. Ғылым тілінде регулятивтік-реттеуші қызмет деп аталады. Оларға: басқару, қүқықтық, үйымдас-тырушылық, үгіт-насихат және тәрбиелік жүмыстар жата-ды. Қандайда болмасын саяси күштердің іс-әрекеті осы қыз-меттермен айқындалды. Саяси қызметтің негізгі екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Саяси теория бүқараның практикалық тәжірибесімен үштасқанда ғана ықпалды әрі тиімді болады. Саяси қызметтің негізгі екі түрі қоғамның саяси өмірін толық қамтиды, саясатты жүзеге асырушы-лардың іс-әрекетінде көрніс табады. Саяси қызмет саяси өмірдің салаларымен тікелей байланысты.

3. Қазақстан Республикасындағы саяси процесстер.

Қазіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы — тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр.

Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.

Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостаңдық әкеледі, өділдікті, де-мократияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға карап өз еліңнің экономикалық, мәдени, ғылы-ми деңгейіңді салыстырып, байқауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті оміріміздің кедейлігін, күйкілігімізді, бейшаралығы-мызды айнада көргендей боламыз дейді. Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жақсы жағын қабылдау, мәдениетін баға-лау жөн және т.б. Десе де Қазақстанның түп тамыры Шығыс-пен байланысты. Оған дәлел — діні, мәдениеті, бүрынғы жа-зуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық, үжымдастық, туы-стық жакын. Азия елдерінде саяси бейімделудің тиімді мысалы ретінде Жапонияны алуға болады. Олар басқа елдердің ең жақ-сы жақтарын кабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлту-малығын жоғалтпайды. Үлттың бар күшін Батыстың ең жаңа технологияларын меңгеруге жүмсап, жүмылдырып, әлемдегі ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.

Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп кал-ған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақ-саттардың бірі болуға тиіс. Олар өз қүқықтарын, бостандықта-рын қорғай білулері керек. Бүл жолда алдымен Конституцияда керсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықта-рының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.

№16. Тақырып. 16. Саяси шиеленіс

1) Саяси жанжалдар

2) Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері.

Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Саяси жанжалдар табиғатында әлеуметтік факторлар басым рөл атқарады. Саяси егесу негізінде жатқан үш негізгі себептер:

Саяси жанжалдардың екінші көзіне саяси құбылыстар (тарихи оқиғалардың саяси мұраттары, құндылықтары, бағалануы) туралы адамдардың субъективті мәнді түсініктеріндегі алшақтықтарды жатқызады.

Жанжалдардың үшінші көзі ретінде азаматтарды ұқсастыру, олардың өздерінің әлеуметтік, этникалық, діни және басқа да қауымдарға және бірлестіктерге жататынын мойындау процестері қарастырылады, мұның өзі олардың әлеуметтік және саяси жүйеде өзінің орнын түсінуін анықтайды.

Саяси жанжалдардың түрлері:

а) әрекет ету уақытына қарай — ұзаққа созылатын және тез өтетін жанжалдар;

б) әрекет көлеміне қарай — жергілікті немесе аймақтық жанжалдар;

в) көріну нысандарына қарай — бейбіт және, бейбіт емес жанжалдар;

г) қатысушылардың санына қарай — көпсубъектілі, немесе көпжақты қарама-қарсы, сондай-ақ екіжақты, немесе екіұдай қарама-қарсы жанжалдар;

д) нормативтік реттеудің деңгейі мен сипатына қарай — жүйелі немесе жүйелі емес, институалданған немесе институалданбаған жанжалдар; е) өзінің салдарына қарай — оң немесе теріс, сындарлы немесе іріткі салатын жанжалдар; ж) басқару тәртібін ұйымдастыру бағыныстылығы сатысына қарай — тікелей бағыныс сатысындағы (биліктің әртүрлі деңгейіне жататын субъектілердің өзара қатынастарын сипаттайтын) және жанама бағыныс сатысындағы (биліктің бірқатарлы субъектілері мен иеленушілерінің байланысын ашатын) жанжалдар. Саяси жанжалдарды басқару. Саяси жанжалдарды басқарудың қазіргі технологияларын талдау оларды реттеуге арналған бірнеше міндеттерді атап көрсетеді.

Біріншіден, жанжалдың туындауына жол бермеу керек, ал егер ал айқын көрінетін болса, онда мүмкіндігінше оны реттеу үшін бағытталған әлеуметтік бағаны арттыра түсетін кезеңді ұласуына жол бермеу қажет. Екіншіден, бағынбайтын процестер-аймағын азайту мақсатында барлық көлеңкелі, жасырын жанжалдарды ашық түріне көшіру керек. Үшіншіден, саяси жанжалдың ағымымен туындайтын әлеуметтік өршуді ең төменгі деңгейге жеткізу керек.

2 сұрақ. Саяси жанжалдарды шешу әдістері.

Мәселен, Е.Нордлинжер саяси жанжалдарды ойдағыдай реттеу үшін алты принцииті негіздеді:

а) тұрақты бірлік; б) тепе-теңдік принципі; в) саясатсыздандыру; г) тыйым салу құқығының өзара ортақтығы; д) ымыраға келу; е) шарт, яғни үшінші тарапқа жанжалды реттеу құқығын беру. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі бірегей құбылыс ретінде жанжал көпқырлы құбылыс болып табылады және осыған орай оны шешудің көп нұсқалығы пайда болады. Осы жағдайда кейбір ғалымдар мына факторларды есепке алуды ұсынады:

а) институциалдық фактор – қоғам ауқымында жанжалдарды шешу үшін әлеуметтік институттар: келісу комиссиялары, конституциялық сот, төрелік сот және т.т. болуға тиіс;

б) күштердің тепе-теңдігі факторы — екі тараптың да жанжал жағдайын шешуге тең құқығы мен өкілеттігі болуға тиіс;

в) топтық фактор — жанжалға қатысушылар саны неғұрлым аз болса, оны біліммен реттеу мүмкіңдігі соғұрлым ықтимал болады;

г) психологиялық фактор — жанжалға қатысушылардың субъективті ерекшеліктерін есепке алу.

Саяси жанжалды шешу үшін мыналар қажет:

а) жанжалдың шекарасын айқын анықтау, яғни оны шектен шығармау және оған қосымша факторларды қоспауға — қатысушылардың, себептерінің, көлемдерінің артуына және т.т. жол бермеу керек.

б) жанжалдың негізіндегі проблемаларды оңайлатудан, оларды екіұдай түсіндіруден аулақ болған жөн;

в)сындарлы шешімдер қабылдауды кешеуілдетуге жол бермеу қажет өйткені жанжалды шешу уақыты — бұл жанжалдың өзінең де қауіптірек соғатын салдарды туғызуға себепші фактор;

г) ұлттық ерекшелік көзқарас арқылы жанжалды реттеудің әмбебап (жалпы адамзаттық) тәжірибесін пайдалану керек.

Саяси жанжалдың даму сатылары: бастапқы, жасырын нысаны ашық нысаны (қарсы тұру) жанжалдан кейінгі кезең. Жанжалдың бастапқы (жасырын) сатысы үшін туындаған жанжал жағдайын түсіну, өздерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін басқа тараптың кедергілері мен ықтимал қарсы іс-әрекшеліктерін түсіну сипаты болады.

Екінші — ашық сатыда іс жүзіндегі шабуыл іс-әрекеттері: ұрандар, шақырулар, қоқан-лоққы жасаулар көрінеді, содан соң осылардың салдары ретінде кедергілер жасау, жанама зиян келтіру (БАҚ-та жария ету және т.с.с), Даулы заттарды басып алуға, ұстауға бағытталған әрекеттерге, күш қолдануға ұласады.

Жанжалдарды шешудің тәжірибесі саясатта жанжалдарды дамыту нысаны мен оларды шешу нұсқалары мейлінше көп ретте субъективті факторларға байланысты болады. Саяси ерік-жігер жанжалдың қарулы күреске өршуін болдырмауға, оның әлеуметтік қауыртылығы мен шашпандығын төмендетуге, келісім мен мәмілеге келу негізінде оны бәсеңдету жолдарын табуға қабілетті болады.

17 тақырып. Саяси технологиялар

1.Саяси технологиялар ұғымы.

2. Паблик технологиялары.

3.ҚР сайлау жүйесі стратегиясы

1.Саяси технологиялар ұғымы.

Қазіргі әлемнің тіршілік қарқынының жеделдеуі — тарихи үдемелі прогрестің заңдылығы. Алдыңғы өткен кезеңмен салыс-тырғанда, әрбір келесі келетін дәуірдің өмір кезеңі қысқарақ болатындығы туралы мөдени зерттеулер саласында біраз тео-риялар бар. Алғаш рет тарихи толқындардың ғұмырының қыс-қаруы туралы идеяны Фернан Бродель айтқан болатын. Қазіргі заман мәдениетін бұрынғы мө-дениетпен салыстырар болсақ, онда сол медениеттің адамдары қазіргілерге қарағанда тып-тыныш омір сүргендігіне қайран қаласың: ешқайда асықпаған, уақыт тап шылыгы деген феномен кез-деспеген, соған тікелей байланыс-ты психологиялық стрестер де аз болған, баяу да болса болмай тұр-майтын өзгерістер аса байқал-маған. Қазір ше? Қайда қарасаң да асығыс-үсігіс адамзат! Соңғы онжылдықтарда адамзат өзінің бү-кіл тарихында жасаған жаңалық-тары мен енертапқыштық үлгі-лерінің 70-90 пайызын жасап қой-ғандығын мамандар есептеп үлгерді. Мәдениеттің ақпараттық-коммуникациялык типологиясын жасау жолында талайлардың "тер төккендігі" де белгілі. Мәдениеттердің түр-түрін ақпарат тасымалдау кезінің озгерістерімен бай-ланыстыратын ғалымдардың ішіңдегі ең танымал өрі ең беделді деген зерттеушілерге келетін болсақ, онда солардың кдтарынан Маршалл Маклюэн, Дж.Хофстед сынды зерттеушілерді кездесті-ретіндігіміз анық. Солардың ішінде М.Маклюэнге ерекше тоқталып кеткіміз келеді. Осы мақаланың атауының озінде де Марпіалл Маклюэннің өлемге танымал енбегінің атауы мен ға-лымның өзінің концепциясының ядролық ұстыны жатыр — "Бар мәселе — БАҚ-та!"

Герберт Маршал Маклюен: бұқаралық ақпарат қүралдарының адамзат қоғамына тигізетін өсе-рінің салдарын зерттеуге алғаш-қылардың бірі болып кіріскен, коммуникатологиялық дискурсты қалыптастырушылардың бірі. Содан бері "Торонтодан шыққан пайғамбар" — электрондық дөуір-дің ізашары, жаршысы деп есеп-телінеді. Жалпы, М.Маклюэннің коммуникация құралдарына нені жатқызатындығының өзі бір қызық тақырып. Өйткені, ол коммуникация қүралдарына киім-кеигек, көлік, ақша, жарнама, электр жарығы, қатынас көлік жолдары, үй, сағат, фотосуреттер, ойындар, қару-жарақ жөне т.б. көлтеген нөрселерді жатқызады. Бір сезбен айтқанда, коммуникация құралдары деп адамның қоршаған ортасы (мейлі табиғи орта болсын, мейлі әлеуметтік орта болсын) мен қарым-қаты-насына түбегейлі өзгерістер ен-гізетін технологиялар түрін айтады. Коммуникация кұралдары өзінің түр езгерісімен бірге адамның дүниені қабылдау тәсілін қайта күрып, адамдардың өмір салтын өзгертеді. Коммуникация құрал-дары адамның өзін сыртқы әлемге дейін "кеңейтуі, үлғайтуы" болып табылады.

Мүндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз — тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер, телевидение және тағы басқалар.


Читайте також:

  1. Маркс К., Энгельс Ф. Немецкая идеология
  2. Общественная психология и идеология,
  3. Саяси режим




Переглядів: 3698

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Саяси режим | Паблик технологиялары.

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.013 сек.