Студопедия
Контакти
 


Тлумачний словник

Реклама: Настойка восковой моли




Авто | Автоматизація | Архітектура | Астрономія | Аудит | Біологія | Будівництво | Бухгалтерія | Винахідництво | Виробництво | Військова справа | Генетика | Географія | Геологія | Господарство | Держава | Дім | Екологія | Економетрика | Економіка | Електроніка | Журналістика та ЗМІ | Зв'язок | Іноземні мови | Інформатика | Історія | Комп'ютери | Креслення | Кулінарія | Культура | Лексикологія | Література | Логіка | Маркетинг | Математика | Машинобудування | Медицина | Менеджмент | Метали і Зварювання | Механіка | Мистецтво | Музика | Населення | Освіта | Охорона безпеки життя | Охорона Праці | Педагогіка | Політика | Право | Програмування | Промисловість | Психологія | Радіо | Регилия | Соціологія | Спорт | Стандартизація | Технології | Торгівля | Туризм | Фізика | Фізіологія | Філософія | Фінанси | Хімія | Юриспунденкция

Паблик технологиялары.

Загрузка...

ПабликРилеишнз технологиялары-реципиенттің ойын қүрметтеу принципіне негізделген саяси мақсатты жүзеге асыру болып табылатын ақпаратты таңдамалы іс- эрекеттердің жүйесін қүрайды. Осындай принциптің арқасында Паблик рилеишнз технологиялары рицепиентке пайда болатын саяси проблемаларды жан- жақты түсіндіру жэне олардың орнында комуникатордың образын (имйджін) оңды етіп көрсетуге қол жеткізуге үмтылады. Нәтижеде мінез- қүлықтың мүндай түрақтылығы ақпараттық нарықта адамдардың түрақты бағалықтарының қалыптасуына жэне саяси оқиғаларды жан- жақты қарастырып ойланып эрекет етуіне жол ашады. Осылайша комуникатор мен рецпиент арасында көптеген бөгеттер жайылады да нэтижесінде қатардағы азаматтар саяси процестерге белсенді қатысып, шешімдерді қабылдау мен олардың жүзеге асырылуына қатыстырылады.

Осындай негізгі міндеттер сәикесінше Паблик рилеишнз технологиясының келесідей принциптерін анықтайды:

- ақпараттың ашықтығы

- комуникатор мен реципиенттің өзара пайдасы

- қоғамдық ойға сүйену; қоғамға қүрметпен қарау.

3.ҚР сайлау жүйесі стратегиясы

Қазақтың саяси дәстүрінде сайлаумен қатар, биліктің мұраға берілуі, сондай-ақ лауазымды тұлғаны жэй ғана тағайындау да болған. Хандар шыңғыстық-төре тұқымынан сайланып отырған. Сұлтан бо-лып тек Шыңғыстың тү_қымы, яғни «ақсүйектер» тағайындалды. Ханды сайлау кезінде қарапайым халық дауыс беру үрдісіне қатыспағанын айта кету керек. Хан-ды шектелген жақын орта ғана, ал көбінесе оның тек жақын туыстары сайлаған. Сондықтан, қазіргі заманғы демократиялық түсінік бойынша, бұл үрдісті сайлау деп атау қиын.



Интернет реклама УБС

Кейбір басқару және сот қызметтерін атқарған билер де сайланбаған, олар тіпті тағайындалмаған да. Олар - жоғары беделге ие болған адамдар. «Би атағын алу қазақтарда қандай да бір үрдістерді өткізудің нэтижесі емес, ол кең көлемді қоғамдық қалаудың нэтижесі еді. Би болу үшін құқық туралы білімі болуы тиіс жэне ше-шендік қабілетін халық алдында көрсетуі керек. Мүндай адамдар жайлы қауесет ұланғайыр далаға бір-бірінен тез тарап, барлығына мэлім болып кететін. Сөйте оты-ра, би атағы қызметтік және қорғаушылық тэжірибенің патенті болып табылады»1.

Сонымен бірге, бейресми билікке бақсы, Мек-кеге қажылыққа барған қажылар жэне шайқастарда аты шыққан батырлардың ие болғанын атауға бола-ды. Олар сайланбаған жэне көбінесе басқару қызметін халықтың үнсіз келісімімен немесе олардың мойын-дауымен жүзеге асырған. Қолбасшылар мен салық жинаушыларды хан немесе сүлтандар тағайындаған. Біздің еліміздің Ата Заңы жэне бірқатар Қазақстанмен бекітілген халықаралық қүжаттар халықтың (оның үлттық, жыныстық, діни көзқарастарының ерекшеліктеріне қарамастан), елдегі саяси өмірге қатысуына құқылы екенін айғақтайды. Бүл үшін азаматтар өздерінің азаматтық жэне саяси қүқықтарын яғни сөз бостандығы, бірігу бостандығы, діни сенімге деген бостандық, сайлау қүқығы жэне мемлекеттік билік органдарына жэне т.б. сайлана алу қүқықтарын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (3-ші бап) халық - мемлекеттік биліктің жалғыз көзі екендігі айтылған. Бүл қағида азаматтардың мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға тікелей қатысуға тең қүқылы екенінің кепілі болып табылатын сайлау жүйесінің негізін қалайды. Сайлау өткізу қағидалары мен ұсақ нормалар «Қазақстан Республикасындағы Сай-лау туралы» (1995 ж.) заңда көрсетілген. Заң құқықтық базаны яғни Орталық сайлау Комиссиясын I құруға негіз болды. Ол жоғарғы билік органдарының сайлануына жауапты болып табылады. сайлаудың қорытындысын жасау тәртібі мен механизмін анықтайды.

Заң сайлаудың жалпыға ортақ, тікелей, тең және құпия түрде өтуін қамтамасыз етеді. Әр азамат қоғамдағы элеуметтік жағдайына қарамастан, дауыс беруге құқылы және "бір сайлаушы - бір дауыс" деген қағида сақталады.

Қазақстандағы сайлау бірнеше кезеңге бөлінбей (Мысалы, АҚШ-тағы президент сайлауы сияқты) көбінесе тікелей өтеді. Бүл халық өзі қалаған үміткеріне бірден дауыс береді деген сөз. Деген-мен, кей жағдайда сайлау құқығы халық өкілдеріне беріледі. (Мысалы, парламенттің жоғарғы палата депутаттары - сенаторларды мэслихат депутаттары сайлайды).

№18. Тақырып. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары

2.Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері.

XX ғасырдың 60-жылдары ғылымда ғаламтану бағыты пайда болды.

Ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:

а) халықаралық әлеуметтік-саяси проблемалар: жалпыға бірдей қауіпсіздік жүйесін нығайту негізінде ядролық сағысқа жол бермеу, жанталаса қаруланудың деңгейін төмендету, аймақтық, мемлекетаралық жанжалдарды реттеу, күш көрсетпеу әлемін құру;

б) халықаралық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалар: дамушы елдердің мешеулігін (аштықты, кедейлікті, сауатсыздықты) жою, энергетикалық, шикізат және азық-түлік дағдарыстарын шешу, демографиялық ахуалды оңтайландыру, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғарыш пен Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсаттарға игеру;

в) адам проблемалары: негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтау, адамның өмір сүруінің қажетті өмірлік жағдайларын қамтамасыз ету, қағандық қатынастарды демократияландыру, адамды саясаттан және халықаралық қатынастардан аластауды жою.

Қазіргі заманғы әлемнің ғаламдық проблемалары туындауының себептері қандай? Олардың көрінуіне себепші факторлар қандай?

Біріншіден, бұл дүние жүзінде кең өрістеген ғылыми-техникалық революция. Оның өткендегі өнеркәсіп төңкерістерінен айырмашылығы техникадағы, технологиядағы және ғылымдағы бір мезгілдегі сапалық секірістер болып табылады. Мұның өзі әскери істе, өндірісте, көлікте, байланыста, саудада ірі ілгерілеулерді туғызды, адамзат алдынан еңбек қарулары мен құрал-жабдықтарын, материалдық және рухани құндылықтарды өндіруде принципті жаңа мүмкіндіктерді ашты.

Екіншіден, ғылыми-техникалық революция дүние жүзіндегі аса ірі әлеуметтік өзгерістерден, елдердің индустриялық дамуын шапшаңдатқан қоғамдық ілгерілеумен тұспа-тұс келді.

Үшіншіден, қоғамдық дамудың барлық жақтарын, ең алдымен энергияның жаңа түрлерін, электрді, атом энергиясын, ғарышты, Дүниежүзілік мұхиттың құпияларын игеру мен оның байлықтарын пайдалануға жеткізетін өндіргіш күштердің дамуын шапшаңдату.

2.Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік жәнесоциалистік системалардың арақатынасында "кырғи қабақ соғыс"пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" — Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдас-тыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.

Мұндай жағдай да одан әрі емір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көпте-ген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқталып етейік.

Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтығыстар балмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарық-тау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіңдегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп со-қтырады. Бүгінгі танда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп тендіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының езі 58 млрд. адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар. Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп — ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн етпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның сал-дарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа со-қтырады. Жер тез суый бастайды. Климат жағдайлары күрт езгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Де-мек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі. Қазіргі заманда жеке елдер арасыңдағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақтығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайда қай мемлекет болмасын езін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондыктан кауіпсіздік тек бір ұлтгық болуы мумкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.

Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын гло-бальды, ғаламдық мәселелердің маңызының өте зор артуында. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмау-дан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдар-дың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал кемір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға өте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.

Табиғат байлыктарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы онжылдықтарда жұртшылықты қатты алаңдатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінен мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатароған мил-лиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, келдер, ағын сумен бірге келген ты-ңайтқыштар, пестицидтер, сынап, мышьяк, корғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қара-ғанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапа-сыз судың саддарынан пайда болатын көрінеді. Атмосфералық ауадағы жағдай да одан асып тұрған жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы 115 млн. жеңіл машина оттегін өзінің табиғи жағдайда пайда болуынан екі есе көп пайдаланады екен. Оның үстіне тұрмыс-тағы қоқыстар: әр түрлі қатты заттардың, әйнек, полиэтилен қапшықтардың, синтетикалық жуу құралдарының және т.б. қалдықтары айналадағы ортаны ластауда. Ғылыми-зерттеу және технологияға арналған Халықаралық корпорацияның зерттеулері бойынша 1970—2000 жылдарда өндіріс пен пайдаланудан қалған қалдық заттардың жыл сайынғы көлемі мен құрамы мынадай болмақ: атмосфераны газ тәрізділермен ластау 19,7 млрд. тонна-дан 50,8 млрд. тоннаға, қатты заттар — 0,24 млрд.-тан 0,72 млрд.-ка, органикалық емес қатты қалдықтардан—5 млрд.-тан 15 млрд.-қа, мұнай заттарынан — 0,07 млрд.-тан 0,24 млрд.-қа, органика-лық ауыл шаруашылық және тұрмыс қалдықтарынан — 14,1 млрд.-тан 37 млрд тоннаға дейін артпақ көрінеді. Мұның бәрі табиғаттағы экологиялық тепе-тендікті бұзуға әкеліп соқтырады.

Әлемдік кауымдастықты аландатып отырған үшінші үлкен мәселе — "үшінші елдердің" алдыңғы қатарлы Батыс державала-рымен салыстырғанда экономикалық артта қалу тенденция-сының күннен-күнге артуы. Осы ғасырдың 50—60 жылдары колониялық жүйе құлаған болатын. Саяси бостандығын алған елдер енді экономикалық және мәдени жағынан жылдам да-муға мүмкіншілік туды деп қуанғаны белгілі. Алғашында олар (әсіресе дамыған және мұнай ендіретін елдер) жылдам карқ-ынмен дамыды да. Бірақ 80 жылдары әлемдік саудада бұл елдердің үлесі төмендеп кетті. Олар шетелдерден карыз ала бас-тады. 80 жылдардың ортасына қарай "үшінші еддердің" Батысқа қарызы триллион доллардан асып түсті. Дамыған жөне да-мып келе жатқан елдердің арасында алшақтық көбейе түсті. Ол тоқтар емес. Бұл тенденцияның себептері кеп. Оның айтарлықтай бір себебі "үшінші еддердегі" демофафиялық жағдайға байланысты. Адамдардыңсаны әлеуметтік-экономикалық жағынан төмен дамыған Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде қатты ©суде. Оларға білім, медициналық көмек беру, әсіресе тұрғын үй және азық-түлікпен қамтамасыз ету ауыр проблемаға айна-луда. Б¥Ү-ның мәліметтеріне қарағанда, дүниеде жыл сайын 50 млн. адам аштан әлсді екен. Оның басым көпшілігі дамып келе жатқан елдердің үлесіне тиеді. Жоғарыда керсетілгендерден басқа ғаламдық проблемаларға азық-түлік, шикізат, энергия көздері және т.б. адамзаттың одан әрі экономикалық өсуіне қажет табиғи қорлармен қамтамасыз ету; планетада демографиялық жағдайды тұрақтандыру; ғылы-ми-техникалық революцияның теріс зардаптарын жойып, олар-ды ұтымды пайдалану; халықаралық терроризм, нашақорлық және маскүнемдіктің өріс алуын тоқтату, денсаулықты сақтау, СПИД-тің жайылуын жою және т.б. енеді.

Төртіншіден, қазіргі уақытта Жер шарында мыңдаған ірілі-уақ халықтар, екі жүзге жуық мемлекеттер бар. Олар табиғат жағдайлары, мекендеген физикалық ортасы, қоғамдық құрылы-сы, экономикалық укладтары саяси-әлеуметтік және мәдени өмірінің түрлеріне және т.т. бойынша ерекшеленеді. Сөйте тұра, олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста, олардың бәрі бір адам-заттыңтегіне, жанұясына жатады. Дүниежүзілік дамып келе жат-қан экономикалык-сауда, ғылыми-техникалық, мөдени жәнет.б. байланыстар барлық мемлекеттерді бұрынғы бөлектеніп, онаша-лануды тыйдырып, жақындастыруда. Ғылыми-техникалық революцияның салдарында қаулап өскен ендіргіш күштер қоғамдық өмірді жедел түрде интернационализацияландыра түсуде. 80 жылдары адамзат, біріншіден, жоғарыда айтылған ғалам-дық мәселелердің қауіпті зардаптарға әкеп соқтыратынын, екіншіден, қазіргі дүниенің өзара байланыстылығын, тұтасты-ғын қатты сезіне бастады. Сондықтан да 80 жылдардың орта-сынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Жаңаша саяси болжау деп елдің сыртқы, ішкі саясатын белгілеп, жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен казыналарды жоғары қою жүйесін айтады. Бұдан жаңаша саяси ойлау 80 жылдары ғана пайда болған екен деген ой тумауы керек. Себебі ядролық қаруды ойлап тап-қаннан кейінгі онжылдықтың ішінде капиталистік және социалистік елдердің ғалымдары атақты Рассел-Эйнштейн Манифестін жариялады (1955 жылдың 9 шілдесінде). Онда жап-пай қырып- жою қаруы өндірілуінің салдарында адамзат өте ауыр, қайғылы-қасіретті жағдайға душар болғандығы баянда-лады. Онда былай делінген: "Көпшілік жұрт, тіпті мемлекеттік қайраткерлердің көбі ядролық бомбаны пайдаланған соғыстың неге әкеліп соқтырарын әлі түсінбейді... Адамдар өздерін, ба-лаларын және немерелерін қатерге түсіріп тұрғанын болар-бол-мас қана елестетеді... Олардың әрқайсысына және жақында-рына азапты өлім қаупі теніп тұр... "Сондықтан мұндай жағ-дайда әрбір адам жаңаша ойлап, өмірге жаңаша көзқараспен қарау керектілігі атап көрсетілді. Қазіргі таңда саясаттың, ғылымның, субъективтік фактордың рөлі орасан зор өсуде. Әлеуметтік, экономикалық, таптық, мәдени, діни және т.с.с. айырмашылықтарға қарамай басын қосып, ынтымақтасып, одан әрі ғарыштап алға басуға болады. Адамзат ядролық қауіпсіздіктің барлық жақтарын қамтитын-дай жүйесін жасаған шақта ғана құтылады. Дамудың баска жолы жоқ.

Ғалымдардың болжауынша, ядролық соғысты болдырмау үшін төмендегідей басты принциптерге негізделген әлемдік тәртіп орнату керек:

—жалпыадамзаттық қазыналардың басымдығын мойындау, адам өмірі мен дүниеге адамзаттық ең жоғарғы құндылығы, қазынасы ретіңде карау;

- даулы мәселелерді соғыс арқылы шешуден бас тарту, бар-лық дау-жанжалдарды саяси, бейбіт түрде шешудің жолдарын аянбай-талмай іздестіру;

- халықтар өз тағдырын ез еркінше, дербес, тәуелсіз тандау құқығын тану;

- казіргі дүниені біртұтас және езара байланыстағы адам-дардың қауымдастығы ретінде түсіну. Бұл принциптерді іске асыру үшін ең алдымен ядролық қару-ды біртіндеп, кезеңімен қысқартып, кейіннен оларды толық жою, ядролық космостық қару-жараққа тыйым салу. Бұл шаралар көп кешіктірілмей орындалса, тіпті тамаша болар еді. Ол үшін алғашқы қадамды ядролық қаруды сынауға толық тыйым салу-дан бастауға болар еді. Одан кейін химиялық, жаппай қырып-жою қаруларын жойып, басқа қару мен қарулы күштерді ақыл-ға сыйымды калпында қалдырса жеткілікті. Жоғарыда көрсетілгендей, адамзат үшін келесі ең қауіпті мәселе — экологиялық апат. Айналадағы ортаның ластануын тоқтату мақсатыңда жүйелі шаралар қолдану қажет. Ол үшін алдымен экономикалық амалдар мен ынтыландыру тәсілін пай-даланған дұрыс. Ондай тәсіл шетелдерде кенінен қолданыла-ды. Мысалы, Германия Федерациялық Республикасында бұл мақсатта сертификаттарды енгізген. Егер көсіпорын немесе ұйым айналадағы ортаға зиян келтірсе, олардың барлығы қосым-ша салық төлейді. Зиянды қалдықтар сертификатта көрсетіл-гендей белгілі бір мелшерде болса, онда онша кеп телемейді. Ал егер ол мөлшерден артық кетсе, салық ақысы айтарлықтай көбейеді. Оның үстіне сертификаттағы керсетілген ластану мәлшері жылдан-жылға азайтылып отырады. Салықтың езі де жеке салалар мен аймақтар үшін олардың мүмкіншілігі мен жағдайына қарай әр түрлі салынады. Мұндай жүйелі әдістің жан-жақты пайдасы бар. Біріншіден, фирмаларды экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді түрде ұзақ мерзімді капитал жұмсауға мәжбүр етеді (инвестиция жасатады). Екіншіден, эко-логиялық жағынан зиянды өнеркәсіптер есебінен айналадағы ортаны қорғауды қаржыландыратын арнаулы қор ашылады. Айналадағы ортаны ластамай, қорғау үшін газ, тозандарды ұстап қалатын қондырғылар орнатса, ластаушы кездерді кұртса, қалдықтар қалдырмайтын немесе аз қаддыратындай техноло-гиялар кіргізсе, отынның экологиялық таза түрлерін пайдалан-са, кеп мәселе шешілер еді.

Экологиялық ахуалды көтеру үшін кәсіпорындардың езінің жауапкершілігінің арттырылғаны, жергілікті ©зін-өзі басқару орындарының құқықтары мен өкілдіктері іске асырылғаны, табиғаггы қорғау зандарын орындауға мемлекеттік және крғам-дық катаң бақылау орнатылғаны жөн. Сонымен қатар табиғат-ты қорғау бір елдің ғана міндеті емес, оған бүкіл мемлекеттер ат салысу керек және бұл саладағы іс-әрекеттерін үйлестіре істегені абзал. Ол халықаралық келісімдерде көрінісін табуы тиіс. Бұл саладағы келесі міндет — ғылыми және материалдық байлық, қаржы, қорды біріктіру. Мұның бәрі экология жөніндегі ұлттық бағдарламаның құрамдас бөлігі болуы кажет.

"Үшінші елдердің" әлеуметтік-экономикалық артта қалуын жою үшін жанталаса қарулануды қысқарту және әскери шы-ғынды едәуір азайту керек. Соның арқасында артта қалған елдерді тезірек дамытуға бірталай қаржыны бөлуге болады. Сарапшылардың айтуы бойынша, бұл елдердің экономикасын қазіргі тілекке сәйкес езгертуге керекті ақша қаражатын етеу үшін әскери шығынның оннан бірі де жеткілікті екен. Сонымен катар бұл мәселені шешу арқылы қонымды түрде халықты, жал-пы демографиялық жағдайды реттейтіндей саясат жүргізуді та-лап етеді. Сонымен, қорыта келгенде, ғаламдық мәселелердің бір-бірімен тығыз байланыста екендігіне біздің көзіміз тағы да жетті. Оларды ойдағыдай шешу үшін әр түрлі елдердің халықаралық ынтымақтастыққа негізделген бірлескен амалы кажет. Ғалам-дық мәселелерді шешкенде, адамзаттың езін-өзі сақтап, таби-ғатты қорғағанда жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлт пен үлыстардың қандай бір максатымен салыстырғанда жал-пыадамзаттык қазына, мүдде әркашан басым, биік тұруға тиіс. Барлық халықтар ынтымақтастықты арттыру үшін келіссөздер мен ақылдасу арқылы өзара мақсат-мүдделерінің сәйкес келер жерлерін іздегені орынды. Сондай мемлекеттердің басын қосып, біріктіруге дәнекер боларлық нәрсеге техника, ғылыми-техни-калық революция жатады. Жеке бір мемлекет не саяси, әскери, экономикалық топтарға емес, бүкіл адамзаттың мұратына қыз-мет етерлік ғылым мен техниканың даму бағдарламаларын жа-сап, іске асырған абзал. Оның жолы өте кеп. Дамыған елдер күш-жігерін қосып, каражаттарын бөліп СПИД, рак немесе жүздеген басқа ауруларды емдеп, жазудың жолын іздесе, тіпті дүние-жүзілік дәрігерлік жүйе жасаса қандай ғажап болар еді?! Космосты бейбіт мақсатта игеретін дүниежүзілік ұйым құрса, жал-пы жаңа экономикалық тәртіп орнатса ғой. Мүндай мысалдарды ондап келтіруге болады. Бұл көрсетілген мұраттар орындалса, соғыс каупінен құты-лар едік. Адамзаттың жарқын болашағы үшін күресте барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы құрыштай бекір еді. Бірақ мұның бәрі өзінен-езі келмейді. Ол үшін барлық халықтар мен елдер қажымай-талмай жұмыла күресуі керек. Халықаралық , катынастарды адамгершіліктендіру, демократияландыру қажет.

Тапсырма:

1. Ланкестік және экстремизм проблемалары.

2. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.

№19. Тақырып. Халықаралық қатынас және сыртқы саясат.

1. Халықаралық қатынас, оның қалыптасу эволюциясы мен даму тенденциясы.

2. Сыртқы саясат: мәні мен қызметі.

1. Халықаралық қатынас дегеніміз - ол әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси экономикалық, әлеуметтік, динломатиялық, қүқықтық, әскери және гуманитарлық өзара байланыстары мен қатынастарының жүйелік жиынтығы. Халықаралық қатынас - ол халық немесе мемлекеттер арасындағы қатынастардың жәй ғана жинтығы емес, керісінше өзара тәуелді болатын, өзара дамып отыратын субъектілер арасындағы табиғи диалектикалық байланыстар жүйесі. Халықаралық қатынас мемлекеттің пайда болуынан басталады және ол елдер мен мемлекеттердің бір - бірімен байланыс жасаудың тарихи қажеттілігінен туындайды. Халықаралық қатынастың қалыптасу эволюциясына келетін болсақ, оның адамдар арасындағы өзара қатынасты ерекше түрі ретіндегі бөлінуі әріден алғанда алғашқы этностардың шығуынан және олардың өзіндік санасының қалыптасуынан басталады. Адамзат қоғамының дамуына байланысты олардың арасындағы қатынас та күрделене түсті. Халықаралық қатынастың қалыптасу тарихындағы сапалық кезең мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Яғни, осыған орай мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынастары жіктеле бастады. Халықаралық қатынас ұғымының дәстүріне бағынатын болсақ оған мемлекеттің ішкі мәселелері кірмейді. Сонымен, мемлекеттердің сыртқы халықаралық қатыңасы елдер арасындағы қатынастың өзегіне айнала отыръш, бірте - бірте саяси сипатқа ие болды. Өйткені, әр мемлекеттің шекарасының анықталуы, алдымен оның егемендігін білдірсе, біріншіден - мемлекеттің сыртқы саясатын бөліп шығарады. Осыған орай сыртқы саясат немесе халықаралық қатынас мемлекет шекарасының сыртында болатын жағдайларды білдіреді. Екіншіден - әр мемлекет өзінің ішкі саясатымен бірге өз территориясына сыртқы ықпалдардың үстіненде бақылау қояды. Алайда халықаралық саяси қатынастың мақсатына, түріне және мазмұнына қатысты мәселелер ерте дәуірден - ақ қалыптасты. Мәселен, сол кезден бастап мемлекет аралық қатынасқа қатысты әрекеттердің стратегиясы, мақсат иерархияларының нақты түрлері күштер мен құралдары ықпал етудің тәсілдері анықтала бастады. Бүгінгі халықарлық қатынастың дамуындағы негізгі тенденцияларға үңілсек, ең аддымен халықаралық қатынастағы кешегі биполярлық жүйенің жойылғандығын көреміз. Яғни, осыған дейін мемлекеттер дүниесі полюске бөлініп, бір тобы КСРО - ның төңірегіне шоғырланса, екіншісі АҚШ-тың маңына жиналған еді. Халықаралық қатынастағы мұндай жүйе- биполярлы жүйе деп аталынды. Оның ыдырауына байланысты Экономикалық Өзара көмек Кеңесі (ЭӨК) және Варшава Шарты ұйымдары тарихқа кетті. Қазіргі қалыптасып келе жатқан халықаралық қатынас жүйесі саясаттанушы ғалымдардың пікірінше, блоктарға бөлінген көп полюсті жүйеге айналуы мүмкін дейтін болжам бар. Мәселен, американдық саясаттанушы. Ғалым С.Хантингон адамзат дүниесінің ертеңгі тағдыры 7- 8 негізгі өркениеттердің арақатынасына тәуелді дегенді көрсетеді: Батыс, конфуциондық Жапондық, Ислам, Индуистік, Славяно - православиялық, Латын американдық және Американдық. Бүгінгі ғаламдық мәселелер: әлеуметтік - саяси сипаттағы мәселелер, әлеуметтік - экономикалық сипаттағы мәселелер, әлеуметтік - экологиялық мәселелер, адам мәселесі.

2.Әдетте мемлекеттің сыртқы саяси қатынастың басқа да субъективтілерімен халықаралық аренада өз қатынасын реттеуге байланысты әрекетін сыртқы саясат деп атайды. Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе - ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақталуы, сыртқы соғыс қауіпінен сақталу, ұлттық тұрмыс - жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер сыртқы саясатында көрініс тауып отырады. Және ол басқа мемлекетпен қарым - қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады.

Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бірі дипломатия болып табылады. Дипломатия - сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекетін құқық мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа тұсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым - қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрі болып табылады. Сондай - ақ дүниежүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдарда өкілеттілік ашу немесе олардың қүрамына ену, шетелдік саяси партиялармен достық қарым - қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады. Сыртқы саяси байланыстар, сонымен бірге, экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс - несие және мәдени қарым қатынастар жасау арқылы да іске асырылады. Мемлекеттің шетелдермен қатынасы сыртқы барлау арқылы да жүреді. Мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырып, оны қадағалап отыратын арнайы органдар болады. Оларға: сыртқы істер министрлігі, сыртқы саясат жөніндегі парламенттік комитеттер, елшіліктер мен өкілеттілітер, шетелдегі ғылыми және мәдени орталықтар, ресми және жартылай ресми миссиялар жатады.

20-тақырып. Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары

1.Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.

2.Қазақстан Республикасы - зайырлы, қүқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

3.Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасуы кезеңдері мен проблемалар және қиындықтар.

1.Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.

Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, езінің тәуелсіздігін алғаннан кейін езінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі — Қазақ-стан Республикасының Біріккен Үлттар Үйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-І Шартына, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін ны-ғайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекарала-рының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" қол коюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына косы-лу, АҚШ, Ресей, Үлыбритания, Франция және Қытай сияқты, ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепіддіктері жәрдемдесті.

Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдар-ына—Халықаралық валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалық кайта құру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық одақпен серіктестік және ынтымақтас-тық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастықұйымында белсенді түрде жүмыс істеуде. Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші ке-зекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы — ұлы Абайдың 150 жылдықмерейтойы кептеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.

2.Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олар-дың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардын 16 өкілдігі жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамта-масыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құрал-дарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен езара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алды-мен, өткен тақырыпта айтылғандай, қыруар қазба байлықтары-мыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық енімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і қазақ даласында өсіріледі. Мұның бәрі шетелдерді қызықтырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауының нәтижесінде мүлдем жаңа географиялық саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия-Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси жән стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де Республикамызға септігін тигізуге тиіс.Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қаты-нас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халық-аралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиын-дата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алды-мен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде қараған. Екі елдің арақатынасы дұрыс бол-са, ел де тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25 мамырда Н. Ә. Назарбаев пен Б. Н. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және әзара көмек туралы шартқа қол қойды. Онда мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау, ішкі істерге араласпау және т.б. карастырылды. "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы" келісімге қол қойды. Ре-сей Федерациясы "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасына жылына 115 мың АҚШ доллары колемінде жалға алу ақысын төлеп отырады. Ол 20 жылға жа-лға берілді, екі жақ өзара келіскенде жалға алу мерзімі содан кейінгі 10 жылға ұзартылады. Екі ел арасында әскери-саяси, мәдени-гуманитарлық салаларда шарттарға қол қойылды. 1998 жылдың 12 қазанында Ресеи Федерациясымен Қазақстан және Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы хаттамаға қол қойылды. Мұның бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынас-тың ербіп келе жатқанын керсетеді. Қазіргі жағдайда қай ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып отырған, дүниежүзілік саяси істерде ролдері ора-сан зор Америка Құрама Штаттары, Батыс Еуропа және Жапо-ниямен байланыстарды бекітіп, іс-қимылдарды үйлестірудің орны ерекше екендігі айтпаса датүсінікті. Дегенмен, бұл карым-қатынастар біздіңтүпкідікті мүдделерімізге нұқсан келтірмегені жөн.

Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланы-старды нығайтып, дамыту да кіреді. Бүгінде республикада 200-ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдары-ның өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымының Қытайға 22%-і Герма-нияға— 13,6, Үлыбританияға — 11,6, Швейцарияға— 11, Нидер-ландыға — 4,7, Австрияға — 2,5%-і келеді. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктес-теріміздін ішінде дүние жүзіне белгілі "Шеврон", "Эльф Аки-тан", "Бритши Гэз", "Мобил", "Токсако", "Амоко", "Аджип" мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар. Мұндай байланыстар алдағы уақытта да арта түспек. Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр. Біріншісі — тартылып бара жат-қан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы аймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп соғып отыр. 150 млн. тонна түзды шаң-тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3 миллионнан астам адамның денсаулығы мен эконо-микасына теріс зардаптарын тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адам-дарға ғана зардаптарын тигізсе, ертен ол талай-талай миллион-даған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан бұл өңірді дүниежүзілік көлемдегі экологиялык апат аймағы деп түсініп, оған шүғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетпесе болмайды.

Екінші экологиялық касіретіміз — Семейдегі ядролық по-лигон. Мұнда 1949—1963 жылдары атом және сутегі бомбала-рының жарылыстары жер беті мен атмосферада еткізілген. 1963—1983 жылдары жер астында жүргізілген. Онда ©ткізілген 752 жарылыстын 26-сы атмосферада, 78-і жер бетінде, қалғаны жер астында жүргізілді. Ал олардың қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзі болған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе көп. Жарылыс зардаптарынан жарты миллионнан астам адам жапа шекті.

Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат — Қазақстан жерінің тұтастығы мен тә-уелсіздігін қорғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны үстау. Республика стратегиялық шабуыл қару-ын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын қарудың ба-сқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп табады.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсатта-ры мен принциптеріне мыналар жатады:

—мемлекеттік мүддені қорғау;

—елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демок-ратиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды ба-рынша қамтамасыз ету;

—әлемдегі барлық елдермен теңқұқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

—ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге бел-сене қатысу;

— халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты терендету.Сайып келгенде, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республи-камыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері — қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам қүқықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі өл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сеніміміз мол.

3.Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасуы кезеңдері мен проблемалар және қиындықтар.

Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Рес-публикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республи-касының жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтік мемлекетдеп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Республи-када мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына беліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асы-рылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығы-ның, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдде-лерін корғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.

Бақылау сұрақтары:

1. «Мемлекет» еңбегінің авторы.

2. Қай жылы халықаралық саяси ғылымдардың Ассоциациясы құрылды?

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?

4. Қазақстанның саяси құрылымының түрі.

5. АҚШ-тың партиялық жүйесінің түрі.

6. Мемлекеттің патерналистік моделінің авторы.

7. Қазақ қоғамындағы саяси-территориялық құрылымының түрі қандай?

8. Қай жылы Қазақстан Республикасында президенттік басқару енгізілді?

9. Қазақстан парламентінің өкілеттік мерзімі.

10. Тоталитарлық режим белгісі.

11. Қазақстан Республикасындағы ең жоғарғы өкілді органы.

12. Қазақстан Респуб-ғы Конституциялық Кеңестік мүшелерінің саны.

13. Консерватизмнің негізгі белгісі.

14. Қай идеологиялық ағым мемлекетті жоюға бағытталған?

15. Саяси мәдениет концепциясының авторы. (АҚШ-та)

16. Саяси мәдениеттің неше негізгі типі бар?

17. М. Вебердің ұғымынша неше басшы типтері бар?

18. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі.

19. Азаматтық қоғамның негізі.

20. Саясаттану ғылымы қай мемлекетте дамыды?

21. Мемлекеттің Республикалық құрылымында биліктің негізгі көзі.

22. Легитимдік дегеніміз не?

23. Өкімет билігі қоғамның ең бай тобының қолына берілетін саяси құрылыстың аты?

24. Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы.

25. Қай теория мемлекетті адамдар арасындағы келісімдер арқылы құрылды деп білді.

26. Қазақстан Респ-сы Конституциясының түсініктемесін беретін орган.

27. Джон Локк қай мемлекеттің шығу теориясының жақтаушысы?

28. Мемлекеттің жоғарғы басқару ісін ұйымдастыру.

29. Негізінде адамның іс-әрекеті жататын әдістің түрі.

30. Қай елде саяси басқарудың конституциялық монархия жүйесі қалыптасты?

31. «Екінші ұстаз» деп қай ойшылды айтады?

32. Саясат жайлы ғылым.

33. Саясаттың басты субъектісі.

34. Қазақтардың бүкіл әлемдік 1-ші Құрылтайы қай жылы өткізілді?

35. Орта ғасырдағы құдайшыл ғалым.

36. «Саясат дегеніміз мемлекет істеріне қатысу...» -деген пікірдің авторлары.

37. Бұрынғы Кеңес Одағының Саяси жүйесі қалай болып танылады?

38. Қазақ тарихында неше астана болған?

39. Жергілікті өкілдікте органдар қалай аталады?

40. Маслихаттарды халық неше жылға сайлайды?

41. Игіліктерді даулы жағдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде билікті түсіндіру биліктің қай анықтамасына жатады?

42. Биліктің басты түрі.

43. Саяси мәдениеттің неше негізгі функциялар түрі бар?

44. Саяси процестің бастапқы сатысы ретінде не белгіленеді?

45. Халықтың орналасуына әсер ететін негізгі факторлар.

46. Ресейдің жоғарғы өкілді органы.

47. Тәуелсіз мемлекеттердің одағы.

48. «Қазақ ССР-ның мемлекеттік тәуелсіздік Декларациясы» қай жылы қабылданды?

49. АҚШ-тың негізгі екі партиясын ата.

50. Қазақ халқының «Алаш» партиясы қай жылы құрылды?

51. Мемлекеттік басқарудың қай түрінде бөлісу принципі сақталады?

52. Тобыр билігі.

53. Қазіргі кезеңнің басты мәселелері.

54. Қазақстан территориясы қанша км?

55. Мемлекеттің аса қажетті мәселелерді шешу.

56. Бірнеше мемлекеттік құрылымдарының бірігіп бір жаңа одақтық мемлекет құруы.

57. Аталған мемлекеттердің қайсысы федерацияға жатады?

58. Қабілеттілігіне байланысты топ ішінде жіктелетін «Лидер» түрлері.

59. Қазіргі күннің түбегейлі мәселелеріне уақыт талабына сай лидер кейіпі.

60. Парламент, президент немесе жергілікті үкімін сайлауына қатысатын сайлаушылар тобы.

61. Анықталған мақсатқа жету үшін мемлекеттік билікке ұмтылатын белгілі бір топтың ең белсенді және ұйымдасқан бөлігі.

62. Үлкен әлеуметтік топтар, сонымен қатар ұлттар және мемлекеттер арасындағы қатынастар шеңберіндегі қызмет.

63. «Мақсатты айқындайтын қорлар» осы айқындаманың авторын ата?

64. Парламентаризмді демократияны, экономикадағы бостандықты қолдайтын саяси және идеологиялық ағым.

65. Қоғамдағы саяси институттардың жиынтығы.

66. Құқыққа қарсы бағытталған өктемдік, әміршілдік үкімет жүйесі.

67. Қазақстан шекарасы шектелмейтін мемлекет.

68. Саяси биліктің шіркеу, дін иелерінің басқару түрін ата?

69. Қазақстан республикасының конституциясы неше баптан тұрады?

70. Идеалды мемлекет идеясын кім ұсынды?

71. Қай ойшының ілімі бойынша қоғамның құрылымы әлемнің құрылымына сәйкес келеді.

72. Мемлекеттегі орныққан саяси тәртіп тұрғысы бойынша неше түрге бөлінеді?

73. «Жеті жарғы» әдеттік құқықтар жинағы қай ханның тұсында қабылданды?

74. Адам құқықтарының жалпыға ортақ Деклорациясы қай жылы қабылданды?

75. Қазақстан Республикасының Президенті қай мерзімге сайланады?

76. Қазақстан парламентінің Жоғарғы палатасы қалай аталады?

77. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл.

78. Егемендік дегеніміз не?

79. Әлеуметтік субъектілердің қызметтерінің нәтижесінде қоғамның саяси жүйесінде болатын өзгерістер.

80. Ақ сүйектер әулеті билік жүргізетін мемлекет түрі.

81. Демократия дегеніміз не?

82. Егеменділік идеясының авторы.

83. Қай мемлекетте жазылған Конституция жоқ.

84. АҚШ-тың бірінші Президенті

85. Саяси элита туралы концепцияның авторлары.

86. Адам және азамат жайындағы жалпы Декларация қашан қабылданды? (Франция)

87. Мемлекеттік биліктің тармақтарына бөліну принципінің авторы.

88. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің өкілеттік мерзімі.

89. Қазақстан Республикасының Президенті болып қай жастың арасындағы азамат сайлана алады.

90. Бір адамға шексіз жоғарғы өкімет билігін беру арқылы басқару жүйесі.

91. Мемлекеттің жоғарғы заңы.

92. Алғашқы рет Мемлекет түрлерін типтеуді кім жасады?

93. Бұрынғы КСРО жерінде қандай партиялық жүйе орнатылған.

94. «Жеті жарғы» жинағы қай ғасырда қабылданды?

95. Қазақ мемлекетінің құрылу уақыты.

96. Қоғам қызметінің ой елегінен өткізілген мақсаты ретіндегі идеялар мен көзқарастардың әлеуметтік және рухани құндылықтардың жүйесі.

97. Халықтың бір ауданынан 2-ші ауданға қоныс аударуын не деп атайды?

98. Халық санына әсер ететін негізгі факторлар.

99. Азияның қай елдерінде абсолюттік монархия басым.

100. «Мегаполис» түсінігінің анықтамасы.

101. АҚШ-та қанша штат бар?

102.Сыртқы саясатты жүргізуге географиялық факторларды есепке алуға негізделген саяси концепция.

103. Азиядағы монархиялық мемлекет.

104. Абайдың неше қара сөздері бар?

105. Солт. Атлантика соғыс одағының (НАТО) штаб-квартирасы қай қалада орналасқан?

106. Әлемдік діндерді атаңыз?

107. Аталған партиялардың қайсысы ұлттық партияларына жатады?

108. Қазақстан Парламентінің төменгі Палатасы қалай аталады?

109. Республика Президенті өз өкіметтігін жүзеге асыру кезеңінде саяс


Читайте також:

  1. Англійський фахівець з паблик рилейшнз Сэм Блэк ділить кризи на «відоме невідоме» і «невідоме невідоме».
  2. Об'єктивні потреби розвитку міжнародних паблик рілейшнз.
  3. Паблик рілейшнз у функціональній структурі організації

Загрузка...



<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Саяси идеология | Кореспонденція рахунків бухгалтерського обліку операцій з грошовими коштами та розрахунково-кредитних операцій

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:


 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.04 сек.