Студопедия
Контакти
 


Тлумачний словник

Реклама: Настойка восковой моли




Интерактивті батырмалар.

Интерактивті батырманы «Вставка®Веб-компонент» командасымен «Вставка ® Динамические эффекты®Интерактивная кнопка» диалогы арқылы құруға болады.

 

«Вставка компонента веб-узла» диалогы.

 

Диалогтың «Кнопка» бөлімінен батырма типін, ал «Текст» өрісінде батырмада бейнеленетін мәтінді, «Ссылка» өрісінен сілтеме адресін немесе «Обзор» батырмасы арқылы қажетті бетті таңдаймыз. Сонымен бірге «Шрифт» және «Рисунок» бөлімдері көмегімен қажетті қосымша өзгертулерді қосуға болады.

 

 

 

Интерактивті батырма көрінісі.

 

 

Интернетте Web-бетті ақысыз жариялау жолдары

 

Интернетте жеке сайтыңызды жариялау үшін файлдар жинағын толығымен WWW серверлерінің біріне көшіру керек. Біздің сайтымыз «Мои веб узлы®мой узел-6» бумаларында орналасқан (1-сурет).

 

 

2-сурет. «Мои веб узлы®мой узел-6» бумалары.

Біздің сайтымыз , , файлдарынан тұрады. Барлық осы файлдарды және суреттерді біз WWW серверіне орналастыруымыз керек. Егер қандай да бір файл немесе сурет көшірілмей қалса, онда сайт қонағының броузері оларды бейнелей алмайды.

Файлдарды WWW серверіне жеткізу үшін HTTР - HyрerText Transfer Рrotocol (гипермәтінді жеткізу хаттамасы) хаттамасы қолданылады. Бұл хаттама Web-сервер және жіберуші бағдарлама арасындағы ақпараттардың алмасуын қамтамасыз етеді. Бүкіләлемдік желі ондаған, тіпті миллиондаған түрлі компьютерлерді біріктіреді. Желідегі әрбір компьютер екінші бір компьютермен байланыса алуы үшін хаттама деп аталатын стандарттар мен ережелердің жинағы қолданылады.

Файлдардың жеткізілуінің екінші бір түрі FTР (File Transfer Рrotocol) – файлдардың жеткізілу хаттамасы. Бұл хаттаманың негізгі міндеті – Интернеттегі бір компьютерден екінші бір компьютерге файлдарды жеткізу. Бұл хаттаманы қолдну үшін арнаулы FTР-клиентатты бағдарлама керек. FTР-клиентбағдарламасына Total Commander, FAR, CuteFTР және т.б. файлдарды басқару бағдарламалары жатады. Серверге файлдардың жеткізілу түрін сервер иесі анықтайды.



Интернет реклама УБС

Сонымен, өз сайтыңызды қайда орналастыруға болады?

Орналастырудың екі жолы бар - өз провайдеріңіздің серверінде немесе ақысыз қызмет көрсететін серверлердіңбірінде.

Әрбір провайдер өз қолданушыларына Web-бетке арналған бірнеше мегабайт көлемінде орын бөледі. Кей жағдайда бұл ақысыз, кейде қандай да бір ақы төленеді.

Қазіргі уақытта Интернет желісінде көптеген ақысыз қызмет көрсететін серверлер бар. Бұл серверлер жарнама берушілердің есебінен ақысыз қызмет көрсетеді.

Кейбір ақысыз сервер әкімшілігі коммерциялық ақпаратты жариялауға рұқсат бермейді.

Сіздің Web-бетіңізге көптеген қолданушылар келуі үшін ол қызықты және ондағы ақпарат жиі жаңартылып отыруы керек. Жаңартулар пошта арқылы, сервердің файлдық менеджері немесе HTTР, FTР хаттамаларына мүмкіндігі бар бағдарламалар көмегімен орындалады.

Көптеген ақысыз қызмет көрсету серверлері қосымша қызметтер ұсынады: кірушілер есептегіші (счетчик посещений), қонақ кітабы (гостевая книга), чат, форум, ең тамаша бет конкурсына қатысу мүмкіндігі және т.б.

Ең маңызды жағдай - өз сайтыңызды орналастыратын сервердің жүктелу жылдамдығы.

Келесі қажетті мәлімет - өз сайтыңызды жариялау үшін Сізге қандай көлемде орын қажет. Ақысыз қызмет көрсету серверлері 512 килобайттан 20 мегабайтқа дейін көлемдегі орынды әрбір қолданушыға ұсынады.

Төменде ақысыз қызмет көрсету серверлерінің адрестері келтірілген:

www.mysiteinc.com – 2 Мб, жүктелуі жылдам сервер, адрес түрі – www.MysiteInc.com/Сіздің - атыңыз;

www.triрod.lycos.com/learnmore/triрodfree.html - 20 Мб, жүктелуі жылдам сервер, FTР-хаттамасы, броузер арқылы жаңарту, қонақ кітабы (гостевая книга), адрес түрі – members.triрod.com/Сіздің - атыңыз;

www.geocities.com – 15 Мб, FTР-хаттамасы, қонақ кітабы (гостевая книга). Кемшілігі – жүктелуі өте жай сервер, адрес аты да ұзақ;

www.chat.ru – 10 Мб бетке, 10 Мб пошта жәшігіндегі хаттарды сақтауға, FTР және файл менеджері арқылы жаңарту, адрес түрі - www.chat.ru/Сіздің атыңыз, Сіздің атыңыз.chat.ru;

www.narod.ru – шексіз кеңістік, пошта жәшігі, FTР және файл менеджері арқылы жаңарту, қонақ кітабы (гостевая книга), чат, форум, адрес түрі - Сіздің атыңыз.narod.ru.

Егер Сіз Web-бетті өз провайдеріңіздің серверінде жариялайтын болсаңыз, онда мына мәліметтерді анықтап алуыңыз керек:

§ Сізге бөлінген URL адрес немесе провайдер адресті өзіңіздің таңдауыңызды ұсынады;

§ логин;

§ пароль

 

Сонымен бірге серверге файлдарды жіберу қай хаттама арқылы мүмкін екендігін анықтап алуыңыз керек (HTTР немесе FTР).

 

Ал егер Сіз ақысыз қызмет көрсету серверлері арқылы өз сайтыңызды жариялайтын болсаңыз, онда ең алдымен ақысыз қызмет көрсету серверінде тіркелуіңіз керек. Мысал ретінде, www.narod.ru серверінде сайтты жариялау жолдарын қарастырайық:

 

1)Интернет желісіне қосылыңыз да www.narod.ru сайтын жүктеңіз (72-сурет);

 

3-сурет. Сайтты жүктеу терезесі.

 

2)Беттің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі «Создайте свой сайт» бөлімін шерткеннен соң ашылатын сұхбаттық терезеде «Зарегистрируйтесь» сілтемесін шертіңіз де көрсетілген қатарларды толтырыңыз және беттің соңғы бөлігіндегі «Дальше» батырмасын шертіңіз (4-сурет);

 

5-сурет

 

3)Берілген формада Сіз өз сайтыңыздың адресін және жеке мәліметтерді көрсетесіз (фамилия, имя, адрес, e-mail және т.б.) (5-сурет);

 

6-сурет

 

4)Сайтқа Сіз берген атау бос болмаса, онда Сіз басқа атауды таңдауды ұсынатын хабарлама аласыз;

 

5)Сәтті тіркелу хабарламасының соңындағы «Сохранить» батырмасын басыңыз. Броузер терезесінде «Настройка Яндекса» терезесі ашылады (6-сурет);

 

7-сурет. «Настройка Яндекса» терезесі.

 

6) «Выход» батырмасын шертіңізде Интернеттен шығып кетіңіз.

 

Өз сайтыңызды тіркеуден өткізгеннен соң оған қажетті файлдарды жіберуге болады. Ол үшін:

 

1)Интернетке қосылыңыз және www.narod.ru серверін жүктеңіз.

Экранда «Создание сайта на Народе» сұхбаттық терезесі ашылады. Осында «Создать» батырмасын басыңыз (76-сурет);

 

8-сурет. «Создание сайта на Народе» сұхбаттық терезесі.

 

2)Броузер терезесінде «Мастерская» беті ашылады. Мұнда беттердің дайын шаблондарын алуға және сайтты басқаруға болады (9-сурет);

 

9-сурет. «Мастерская» беті.

4)Осы бетте «Загрузка файлов на сайт» сілтемесін басыңыз. Экранда «Мастерская/ Управление файлами/ Загрузка файлов» беті ашылады (10-сурет);

 

10-сурет. «Мастерская/ Управление файлами/ Загрузка файлов» беті.

 

5) «Обзор» бөлімін баса отырып қажетті файлдарды белгілеп алыңыз да «Загрузить файлы» батырмасын басыңыз. Бірер минуттан соң файлдардың жүктелгендігі туралы хабарлама келеді (11-сурет). Нақ осы жолдармен Сіз бір мезгілде 10 файлға дейін жібере аласыз;

11-сурет. «Загрузить файлы» батырмасы.

 

6) «Загрузка файлов» бетіндегі «Управление файлами» сілтемесі арқылы бума немесе html-файл құра аласыз, белгіленген файлды редакциялауға, көшіруге, жоюға, атын өзгертуге және орнын ауыстыруға болады (12-сурет).

 

12-сурет. «Управление файлами» сілтемесі.

 

7) Өз Web-бетіңізді Интернетте көру үшін провайдермен байланысыңыз, броузерде сайтыңыздың адресін енгізіңіз және «Enter» батырмасын шертіңіз немесе бірденнен өзіңіздің сайтыңыздың адресін теріңіз (13-сурет).

 

 

13-сурет. Броузерде ашылған веб-құжат.

 

Егер сайтыңыз ашылмай тұрса, яғни «Невозможно отобразить страницу» немесе «Извините, запрошенный Вами документ не найден. Попробуйте начать с главной страницы» хабарламалары шықса, онда сайт адресі дұрыс көрсетілмеген.

Егер де «Не найден файл index.html или доступ к катологу запрещен» хабарламасы шықса, онда бұл бет серверде орналаспаған немесе Сіз жіберген файлдардың арасында бұл файлдың жоқ болғаны. Өйткені бұл файлдағы бет әрқашан бірінші бет ретінде жүреді.

Интернет жүйесі өте үлкен көлемдегі ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беруіне байланысты қазіргі кездегі барлық пайдаланушылар үшін өте пайдалы болып келгенімен,ол сонымен қатар онда жұмыс істейтіндер үшін қауіпті де болып табылады. Бұл қауіп қатерді елемеу кез келген интернет жүйесіне қосылған пайдаланушыны өте қиын жағымсыз салдарға соқтыруы мүмкін. TCP\IP протоколын жасауда кеткен қателіктер, хосттарда басқарудың қиындығы, интернетте пайдаланылатын басқа да бағдарламалық жабдықтарда қателердің кездесуі , тағы да басқа көптеген жағымсыз факторлар жиылып жүйесінің осындай қауіпті болуына алып келеді.

Кез келген ұйым интернет жүйесінде өз жұмысын бастамастан бұрын қауіпсіздікке байланысты мынандай сұрақтарға жауап беріп алғаны дұрыс:

1)Хакерлердің интернет арқылы ұйымның ішкі жүйесіне енуіне мүмкіндіктер бар ма?

2) Интернет жүйесіне арқылы ұйым үшін маңызды ақпарат оқылуы немесе өзгертілуі мүмкін бе?

3) Интернетке байланысты жалпы ұйымның жұмысына кедергі туындауы мүмкін бе?

Бұл сұрақтардың бәрі ұйым үшін өте маңызды болып табылады. Бүгінде интернетпен байланысты қауіпсіздік мәселелерінің техникалық шешімдері көп, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік құны бар. Олардың ішіндегі көп шешімдер қауіпсіздікті арттыру үшін интернетпен жұмыс жасаудың жан-жақтылығын едәуір шектейді. Ал кейбіреулері қауіпсіздікке жету үшін ауқымды көлемдегі еңбек және материалдық шығындарды қажет етеді.

Интернеттегі қауіпсіздік саясатының басты мақсаты- ұйымның интернетпен байланысты қауіп-қатерден қалай қорғанатыны туралы шешім қабылдау. Әдетте қауіпсіздік саясаты екі бөліктен тұрады: ортақ қағидалар жиыны мен нақты жұмыс ережелер жиынынан. Ортақ қағидалар жиыны жалпы интернеттегі қауіпсіздік түсінігін айқындап көрсетеді. Ал нақты ережелер нені істеуге болады, ал нені істеуге тиым салынғанын анықтайды.

Интернет-көптеген ұйымдар мен адамдардың қызмет стилін өзгертіп жіберген өте маңызды ресурс көзі. Сондықтан кез келген ресурстар секілді интернет те кең таралған қауіпсіздікпен байланысты кедергілерге тап болып отыр. Көптеген ұйымдар осы интернет арқылы қаскүнемдердің шабуылына ұшырап, нәтижесінде өз абройларына кір келтірді, қаржылай шығындарға тап болды. Кей жағдайларда осындай сырттан жасалған шабуылдар ұйымның интернет бағытындағы қызметін тоқтатуға және ішкі жүйесінің құртылуына, одан да күрделі проблемаларға алып келеді. Осындай қыиындықтарды елемеген ұйымдар өздерінің сайттарын қауіп-қатерге ұрынуына жағдай жасайды. Тіпті қауіпсіздік шараларын жүргізіп отырған сайттардың өзі интернеттен келетін қауіп-қатерден толық қорғалған деп айтуға болмайды.

Ең басты проблеманың туындау себебі-интернет жасалған кезде қауіпсіз жүйе ретінде ойластырылмаған дығы. ТСР/ІР-дің соңғы нұсқасындағы басты проблемалар мынандай:

1. Интернетте жүріп жататын ақпарт ағынының басым бөлігі шифрланбаған болатындықтан оларды бөтен адамдардың қолына оп-оңай түсіруіне мүмкіндік бар. Пошта адрестерін, парольдерді, әртүрлі құжаттарды қарапайым програмалардың көмегімен-ақ бөтен адамдардың алып алуына болады;

2. Жалған адрес беру мүмкіндіктердің бар болуы;

3. ТСР/ІР құралдарының кей жерлерінде әлсіз орындардың болуы. Осындай әлсіздіктерді білімді қаскүнем оп-оңай пайдалануы мүмкін;

4. Қауіпсіздік саясатының болмауы. Көптеген сайттар өз ресурстарына сырттан қатынас жасауға кең түрде рұқсат береді, ТСР/ІР-дің өзі пайдаланбайтын құралдарына да рұқсат беріп қояды, ақпарат көшіруге еш шектемелер қоймайды, нәтижесінде қаскүнемдердің шабуыл жасауына жеңілдіктер жасайды;

5. Хостқа қатынас жасауды басқару құралдарының өте күрделілігі. Дұрыс жасалмаған хосттық қызмет те қаскүнемдердің шабуыл жасауына жеңілдіктер жасайды;

Компьютерлік саясат термині әртүрлі адамдар үшін өзіндік ерекше мағына береді. Бұл саясат ұйым басшылығының компеьютерлік қауіпсіздікке байланысты нұсқаулар жиыны, не болмаса нақты бір жүйенің қауіпсіздігі туралы шешімдер жиыны деп түсінілуі мүмкін. Бірақ бұл түсініктердің барлықтарының ортақ мақсаты компьютермен байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Интернеттегі қауіпсіздік саясатын жүргізу кезінде администраторларға ұйымның жұмыс істеу саясаты мен оның жан-жақтылық мақсаты бір жағынан, қауіпсіздіктің толық қамтылуы екінші жағынан әсер етеді. Былайша айтқанда, қазіргі кезде кез-келген ұйым өзінің интернет арқылы қызмет көрсету бағытын жан-жақты кеңейтіп, дамытқысы келеді, ал бұл шараларды жүргізуде кеткен болар-болмас қате ұйым сайтының, тіпті компьютерлер жүйесінің қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік саясатын жүргізуші администраторлар осындай жан-жақтылық пен қауіпсіздік арасында дұрыс тепе-теңдікті ұстап отыруы керек.

Кез келген интернеттегі қауіпсіздік саясаты мынандай бөліктерді өз құрамында біріктіруі қажет:

1) Саясаттың мәні. Кез келген саясатты жүргізерден бұрын сол саясаттың кімге, неге қатысты жүргізілетінін анықтап алу керек.

Сонымен қатар саясаттың дұрыс ұсталуы үшін, сол саясаттың жасалу мақсаты мен себептерін анық көрсету қажет. Интернет жүйесінде жұмыс жасау үшін жүргізілетін саясаттың да өзінің пәні болады. Бұл пән болып сол саясаттың интернетті пайдаланудағы барлық мүмкін болатын жағдайлар жиыны болып табылады.

2) Ұйымның саясатқа көзқарасы. Қауіпсіздік саясатының пәні анықталып, негізгі түсініктерге анықтама беріліп, саясаттың жүргізілу шарттары айқындалғаннан соң сол саясатқа ұйымның нақты көз қарасын анықтау керек. Басқаша айтқанда сол саясатқа байланысты ұйым басшылығының шешімі.

3) Қолданылатын орны. Кез келген саясатта оның қолданылатын орны анықталып жасалуы керек. Бұл жерде саясаттың қай жерде, кіммен және кай кезде жүргізілетіні туралы сұрақтар өз шешімін табуы керек.

4) Міндеттер мен рольдер. Саясаттың барлық бағыттарында оның дұрыс жүргізілуіне жауапты адамдар, немесе басқа да субьектілерді бірден дұрыстап анықтап алу керек.

5) Саясаттың дұрыс ұсталуы. Бұл жерде саясаттың қаншалықты қатаң екендігі және оны бұзу, не өзгертіп жүргізудің салдары қарастырылу керек. Сонымен қатар бұл жерде сол саясаттың дұрыс жүргізілуін қадағалайтын субъекті де анықталу керек.

6) Анықтамалық ақпарат пен кеңес беру. Кез келген саясаттың құрамына да анықтамалық ақпарат пен кеңес берулердің болуы тиіс. Бұл жерде тағы да егер қандай да бір түсінбеушіліктер болса кімге хабарласу керек екені де анықталу керек. Саясатқа байланысты барлық сұрақтарға тек бір адамның жауапты болмауы да мүмкін, сол себепті саясаттың барлық бағыты бойынша анықтамалық ақпарат дұрыс берілу керек.

Кез келген саясат дұрыс жұмыс істеуі үшін ол тек мақсаттары бір адамдар тобына арналып жазылуы керек. Сондықтан егер ұйым мақсаттары бөлек шектен тыс үлкен бөлімдерден тұрса, оны мақсаттардың жіктелуіне байланысты кішірек бөлімдерге ыдыратып алған жөн. Интернетте қауіпсіздік саясатын жүргізу де тек интернетпен байланысты мақсаттары бар бөлімге қатысты болу керек.

Интернет ұйымның сыртқы әлеммен ақпарат алмасуының тек бір ғана әдісі болып табылады, сол себепті бұл жердегі қауіпсіздік саясаты басқа да байланыс саясаттарымен сәйкестірілген болу керек.

Интернет ұйымға кіретін электронды есік секілді. Егер өз есіктерін ашық ұстаса, демек ол ұйым зеттеудің нәтижесінде есіктің ашық болуы мақсатқа жетуді оңайлататынына көзі жеткен, иә сырттан қауіп келуінің тәуекелінің аз екеніне көзі жеткен болып табылады. Тура осындай түсінікті электрондық есікке де пайдалануға болады, алайда олардың арасында әрине айырмашылықтар бар. Кәдімгі есік нақ бір жерден байланысты болады, ал интернет бүкіл әлеммен байланысты. Дегенмен есікті тарс жауып отыру, ұйымның жұмысын шектейді, сол сияқты тіпті интернетке шықпау да ұйымға жағымсыз болып табылады. Сол себепті интернеттегі қауіпсіздік саясатын тікелей электрондық байланысқа сәйкестендіріліп жасау керек.

Интернет қоғаммен қарым-қатынас жасаудың бір түрі болып табылады. Көптеген ұйымдар өз қызметкерлерін сырттан келген адамдармен қалай қарым-қатынас жасауды үйретеді, себебі бұл жайт кез келген ұйым үшін маңызды болып табылады. Сол сияқты интернетте де дұрыс қоғамдық қатынас жасаудың да маңызы аз емес. Себебі интернет қарым-қатынас жасаудың электрондық түрі болып табылады. Алайда әлі де көптеген ұйымдар мұны түсінбей отыр, нәтижесінде қауіпсіздікке де нұсқан келуде.

Сіз интернетте жұмыс жасау саясатын қабылдап, барлық нұсқаулар мен тұжырымдамаларды бекітіп болған соң толығымен қауіпсіздік шаралары аяқталды деп ойламауыңыз керек. Себебі сол нұсқаулар мен саясаттың дұрыс орындалуы да, орындалмауы да мүмкін. Интернетте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін соған бағытталған саясат қабылдау аз, сонымен қоса оның орындалуын үнсіздік қадағалау керек.

Жүргізілген саясаттың нәтижелері оң болу үшін ол барынша көрнекті болуы керек. Дәл осы көрнектілік ұйым қызметкерлеріне қауіпсіздік саясатын дұрыс түсіну мен білуге, оны дұрыс жүргізуге көмектеседі. Әр түрлі презентациялар, бейнефильмдер, семинарлар, сұрақ-жауап кештері мен ұйымның ішкі басылымдарындағы мақалалар саясаттың көрнектілігін арттырады.

 

 

Үзіліс -10 мин

Оқыту және сабақ беру әдістері: ақпараттық технологияларды оқыту.

Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:

Ø Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс).

Ø ДК практикалық жұмыстың нәтижесін тексеру (студент сабақта типтік есептерді шығаруда нақты дағдыны алу үшін жеке берілген тапсырманы орындауы тиіс).

 

Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин

Практикалық дағдыны қалыптастыру: типтік және ситуациялық есептерді шешу.

 

Әдебиеттер:

1.Шарф Ш. Д. HTML 3.2. Справочник-С.-ПБ.,1998.

2.Морис Б. HTML в действии-С.-ПБ., 1997

3.Гончаров М.В. Введение в Internet. Часть 7. Интернет для бизнесменов, предпринимателей и банкиров.-М.,2001.

4.Под редакцией С.В.Симоновича. Информатика. Базовый курс. Учебник для ВУЗов 2001, 640 с.

 

Үзіліс -10 мин

Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: - 25 мин

Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды және оның практикалық қолданылуын сұрайды.

Соңғы білім деңгейлерін бақылау -20 мин

Оқытушы студенттердің практикалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып бақылау сұрақтарын жүргізеді. Компьютерде сауалнама тапсырады.

Бақылау

Сұрақтар:

1. Web-парақтарды өңдеп жасау мен іске асырудың жалпы концепциясы.

2. Форманы қалай құруға болады?

3. Суретке гипресілтемені қалай жасайды?

4. Көлденең сызықты қалай жасайды?

5. Мәтінге қолданылатын сүзгілердің қандай түрлері бар?

6. Бейнеге қолданылатын сүзгілердің қандай түрлері бар?

7. Фреймдер арасында қандай өзара әсер бар?

Сауалнамалар:«HTML тілінің негіздері» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.

Бағалау: -5 мин

Оқытушы біліктілік және коммуникативті дағды құзыреттілігін сараптайды.

Оқытушы студенттің практикалық жұмысын, қатесін тексереді. Кейін оқытушы әрбір студенттің жетістігі мен кемшілігін атап өтіп студенттің үш құзыретілігі (практикалық дағды, өзін-өзі оқыту, біліктілік) бойынша журналға баға қойылады.

 




<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Формалар | Список літератури

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:


 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.007 сек.