Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Семестр: 4

Курс: 2

 

Қарағанды

 

Құрастырған: Тлегенова Лора Төлеутайқызы

т.ғ.к., доцент

 

 

Бұл кешен«Қазақстандағы мұражай ісі және мұрағат мекемелерінің тарихы» пәні бойынша бағыт береді.

Дәрістік сабақтардың тезистерінде Қазақстандағы мұражай мекемелерінің қалыптасуы және даму тарихының негізгі кезеңдерін сипаттайтын пәннің қысқаша мазмұны берілген.

СӨЖ мен СОӨЖ тапсырмалар жүйесі студенттердің теориялық білімдері, сонымен қатар Қазақстандағы мұражай мекемелерінің қалыптасуы және даму тарихына бағытталған негізгі іс-шараларды, себептерді анықтау және талдау қабілеттерін қалыптастыру мақсатындағы аталған пәннің тақырыптарын терең меңгеруге бағытталған.

Студенттер мен оқытушыларға арналған.

 

Қазақстандағы мұражай ісі және мұрағат мекемелерінің тарихы пәні бойынша 5В011400 – «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен// Дайынд. Тлегенова Л.Т. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2014.- 58 б.

 

 

©Қарағанды мемлекеттік университеті, 2014


1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (1 қосымша)

2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары

 

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр Несиелер Лекциялар Семинарлар СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
Күндізгі 4 жыл тест

 

 

Тақырып атауы Лек-ция Семинар   СОӨЖ СӨЖ
XIX ғасыр соңындағы Қазақстандағы музей ісінің қалыптасу тарихы
Қазақстан аумағында алғашқы музейлердің құрылуы
Жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі
1917-1930 жж. Кеңес өкіметінің музей ісіне арналған қызметтері
Қазақстан аумағында музей жүйелерінің құрылуы
1930-1940 жж. Қазақстандағы музей ісі
1946-1985 жж. музей ісі
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Музей ісіндегі халықаралық байланыстар
Қазақстандағы мұрағат мекемелерінің қалыптасу тарихы
Кеңестік дәуірдегі мұрағат ісінің дамуы
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі
Қазақстанның қазіргі заманғы мұрағат ісі саласындағы халықаралық қызметтестігі
Мұрағат мекемелерінің ғылыми-әдістемелік жұмысы
Мұрағат ісін ақпараттандыру
Барлығы

2.1Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары

Аталған мамандық бойынша сыртқы бөлім жоқ.

3. Пәннің оқу бағдарламасы – (SYLLABUS)

 

3.1.Оқытушылар туралы мәліметтер:

Тлегенова Лора Төлеутайқызы

Электронды адрес: tlegenova_lora@mail.ru

Кафедрада болу уақыты: 9.00 – 18.00

3.2 Пререквизиттері: «Қазақстандағы мұражай ісі және мұрағат мекемелерінің тарихы» пәнін меңгеру үшін, студенттер деректану, Қазақстан тарихының деректануы курсының теориялық негіздерін, жалпы Қазақстан тарихын білулері қажет. Интернетте жұмыс жасау дағдыларының болуы, өздік жұмыстарды неғұрлым сапалы түрде орындауға мүмкіндік береді.

 

3.3 Постреквизиттері: «Қазақстандағы мұражай ісі және мұрағат мекемелерінің тарихы» пәні бойынша алынған білім тарихи мағынадағы барлық базалық және профилдік пәндерді оқуда пайдаланылады.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу жоспары бойынша «Қазақстандағы мұражай ісі және мұрағат мекемелерінің тарихы» пәні тарих факультетінің 5В011400 – «Тарих»мамандығы студенттерінің оқитын теоретикалық оқу пәні болып табылады.

«Қазақстандағы мұражай ісі және мұрағат мекемелерінің тарихы» пәнін оқытудағы мақсат - студенттердің оқу мұрағаттық іс-тәжірибеден өтулері үшін теоретикалық дайындықты қамтамасыз ету.

Пәні – Қазақстан Республикасының қалыптасудан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңдегі мұражай мекемелері

Аталған оқу пәнін оқыту мақсатынан мынадай міндеттер туындайды:

- ХІХ ғасырдан басталатын Қазақстан Республикасының мұражай мекемелерінің қалыптасу көздері мен тарихын оқып-білу;

- Қазақстанның мұражай мекемелерінің негізгі даму кезеңдеріне шолу жасау;

- Қазақстан Республикасының мұражай мекемелерінің іс-қызметінің нормативтік-құқықтық базасын анықтау;

- Қазақстан Республикасының мұражай мекемелерінің іс-қызметінің негізгі бағыттарын оқып-білу;

- студенттерді мұражайлық іс-тәжірибе уақытында жүргізілетін мұрағаттардағы тәжірибе жұмысына дайындау.

Оқылатын пән студентке Қазақстанның мұражай мекемелерінің құрылымдары бойынша белгілі білім алуларына, сонымен қатар, мамандық пәндерін оқуға қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

Аталған ереже лекция материалдарымен үздіксіз жұмыс жасауды, семинар сабақтарына, СОӨЖ-ге белсенді түрде қатынасуды, қосымша әдебиеттермен өздік жұмыс жасауды анықтайды.

4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Жұмыс түрі Тапсырма мақсаты және мазмұны Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер Бақ-у түрі (рей-к шк-а сәйкес) Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес) Есеп беру түрі Тапсыру уақыты
 
Реферат Материалды терең меңгеру. Зерттеу жұмысының дағдысын игеру Негізгі әдебиеттер: 1,3, 4, 6. Қосымша әдебиеттер: 12,15, 20, 21, 24, 35. Ағымдық бақылау 50-100 Жазбаша 3-апта
  Коллоквиум Теориялық деректер кешенін анықтау және жүйелеу Негізгі әдебиеттер: 1-7 Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41. Ағымдық бақылау 50-100 Ауызша 6-апта
Бақылау жұмысы Деректік материалдарды анықтап, талдау Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 7, 9. Қосымша әдебиеттер: 23-24, 35-41 Ағымдық бақылау 50-100 Жазбаша 9-апта
  Коллоквиум Пәнді оқу барысыда инновациялық материалдарды меңгеру Негізгі әдебиеттер: 1 – 4, 8. Қосымша әдебиеттер: 13 – 18, 21, 24, 38, 42 Ағымдық бақылау 50-100 Ауызша 12-апта
  Белсенділік үшін Пәнді оқу барысыда инновациялық материалдарды меңгеру Негізгі әдебиеттер: 1 – 4, 8. Қосымша әдебиеттер: 13 – 18, 21, 24, 38, 42 Ағымдық бақылау 50-100 Ауызша 15-апта
  1. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
№№ Курс бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының атауы КарМУ кітапхана-ғы оқулықтар мен оқу құрал-ың саны
1.Негізгі әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі коллекциясындағы дүние жүзі халықтарының материалдық және рухани мәдениеті: ғылыми басылым / З. А. Аубакирова [ж.б.]. - Алматы: Таймас, 2010. - 54 б.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі. - Центральный Государственный музей Республики Казахстан : фотоальбом / құраст. Н. Әлімбай [ж.б.]; жауапты ред. Н. Әлімбай. - Алматы : Өнер, 2009. - 175 б.
Тұяқбаев Қ. Реставрация-жаңғырту өнері. - Реставрация-искусство возрождения: ғылыми басылым / Қанат Тұяқбаев. - Алматы: Арыс, 2007. - 136 б.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі коллекциясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени бұйымдары: ғылыми басылым / ред. жалпы басқ.: А. С. Сагынгали, К. К. Актаева. - Астана: Сарыарқа, 2009. - 95 б.
Қазақстан Республикасында мәдениет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы / Сборник нормативных правовых актов, регулирующих сферу культуры в Республике Казахстан : научное издание. - Астана: Ақарман, 2008. - 329 б
Тохтабаева Ш. Ж. Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің шетелдегі жәдігерлері / Раритеты декоративно-прикладного искусства казахов за рубежом : ғылыми бас. / Ш. Ж. Тохтабаева, Р. У. Каримова. - Алматы: Таймас, 2008. - 203 б.
Қарлаг: Қапастағылар қаламынан Карлаг: Творчество в неволе. Художники, музеи, документы, памятники / құраст. Н. Т. Жұмаділова ; жалпы ред. басқ. Н. О. Дулатбеков. - Караганды : Болашак - Баспа, 2009. - 250 б.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау: ғылыми зерттеулердің координациясы және инновацияны музей тәжірибесіне енгізу: ғылыми мақалалар жинағы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына арналған / жауапты ред. Е. Н. Нұрмағанбетов. - Қарағанды: Гласир, 2012.
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері: IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 4-5 қазан - Түркістан : "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2012. - 400 б.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі: буклет / "Әзірет Сұлтан"мемлекет. тарихи-мәдени қорық мұражайы; ред. М. Садықбек. - Түркістан: Әзірет Сұлтан мемлект. тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2009. - 19 б.
  2.Қосымша әдебиеттер  
Қылует: буклет / "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ; ред. М. Садықбек. - Түркістан : Әзірет Сұлтан мемлект. тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2009. - 19 б.
Тайқазан: қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жәдігерлері / "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы; ред. М. Садықбек. - Түркістан : Әзірет Сұлтан мемлект. тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2009. - 15 б.
Лауха: қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жәдігерлері / "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы; ред. М. Садықбек. - Түркістан : Әзірет Сұлтан мемлект. тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2009. - 19 б.
Раимханова К. Музей ісінің теориясы мен практикасы: оқу құралы / Раимханова К. - Алматы: ҚазМӨҒЗИ, 2002. – 90 б.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі: буклет / "Әзірет Сұлтан"мемлекет. тарихи-мәдени қорық мұражайы; ред. М. Садықбек. - Түркістан : Әзірет Сұлтан мемлект. тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2009. - 19 б.
Құран кітаптары [мұражай қорындағы жазба ескерткіштер коллекциясы]: ғылыми басылым / "Әзірет Сұлтан"мемлекет. тарихи-мәдени қорық мұражайы; ред. М. Садықбеков. - Түркістан: Әзірет Сұлтан мемлект. тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2010. - 31 б.
Тиындар: мұражай қорындағы тиындар коллекциясы / "Әзірет Сұлтан"мемлекет. тарихи-мәдени қорық мұражайы; ред. М. Садықбеков. - Түркістан: Әзірет Сұлтан мемлект. тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2010. - 27 б.
Теміргалиева К. Т. Тарих және музей / Музей и история: монографиялық зерттеу музей қорынан: ғылыми басылым / К. Т. Теміргалиева, Т. Т. Аршабеков . - Қарағанды: САНАТ - Полиграфия, 2007. - 333 б.
Мусаева С. Т. Музей менеджменті және маркетингі: оқу құралы / С. Т. Мусаева, М. К. Кукеева. - Алматы: ИздатМаркет, 2006. - 111 б.
  2.1 Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар) тізімі
Қазақстанмузейлері
ҚазҰУ Хабаршы. Философия сериясы. Мәдениеттану серия.
История. Археология. Этнология
Вестник Карагандинского университета [Текст]. Серия история, философия,.
Этнографическое обозрение
Вопросы истории и археологии Западного Казахстана
Археология жаңалықтары
Мәдениет
2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі
Раимханова К.Музей ісінің теориясы мен практикасы [Электронды? ресурс] : оқу құралы / Раимханова К. - Электрон. текстовые дан.(3,90Мб). - Алматы : ҚазМӨҒЗИ, 2002. - 90б. с. - ISBN 9965134626 : 300.00 тг.
Золотарева, Л. Р. История искусств Казахстана [Электронный ресурс] : учебник / Л. Р. Золотарева. - Электрон. текстовые дан. (204Мб). - Караганда : Изд-во КарГУ, 2006. - on-line. - Б. ц.
Золотарева, Л. Р. Курс лекций по дисциплине "Музееведение и музейная педагогика" [Электронный ресурс] : спец. 050107 "Изобразительное искусство и черчение" / Л.Р. Золотарева ; Карагандинский гос.ун-т. - Электрон. текстовые дан. (540Кб). - Караганда : [б. и.], 2006. - 7 лекций. - Б. ц.
Раимханова К.. Музей ісінің теориясы мен практикасы [Электронды? ресурс] : оқу құралы / Раимханова К. - Электрон. текстовые дан.(3,90Мб). - Алматы : ҚазМӨҒЗИ, 2002. - 90б. с. - ISBN 9965134626 : 300.00 тг.
Баймуканова М. Т. Курс лекций по дисциплине "История и теория культурно- досуговой работы" [Электронный ресурс] : спец. 050906 "Культурно-досуговая работа" / М. Т. Баймуканова ; Карагандинский гос.ун-т. - Электрон. текстовые дан. (2,59Мб). - Караганда : [б. и.], 2010. - 21 лекция. - Б. ц.
Турова Л. П. История краеведческого движения в Восточном Казахстане в ХХ веке [Электронный ресурс] : автореферат дис. ... канд. ист. наук : 07.00.02 : защищена 30.05.2009 / Лидия Петровна Турова ; Восточно-Казахстанский гос. ун-т им. С. Аманжолова. - 2009. - 161 с. - Библиогр.: с. 137-161
Нурсултан Д. Т. Курс лекций по дисциплине "Основы туристско-краеведческой работы" [Электронный ресурс] : спец. 050902 "Туризм" / Д. Т. Нурсултан ; Карагандинский гос.ун-т. - Электрон. текстовые дан.(73,2Кб). - Караганда : [б. и.], 2010. - 6 лекций. - Б. ц.
Этнография [Электронды? ресурс] : окулык / ред.Бромлей, Ю.В. - Электрон. текстовые дан. (21.7Мб). - Алматы : Мектеп, 1987. - 319б. с. : сур. - 1.10 тг.
Пономарева, О. Ю. Курс лекций по дисциплине "Культура народов Казахстана" [Электронный ресурс] : спец.050204 "Культурология" / О.Ю. Пономарева ; Карагандинский гос.ун-т. - Электрон. текстовые дан. (611Кб). - Караганда : [б. и.], 2005. - 9 лекций. - Б. ц.
Энциклопедия обрядов и юбычаев [Электронный ресурс] : научное издание / сост. Л.И. Брудная, сост. З.М. Гуревич, сост. О.Л. Дмитриева. - Электрон. текстовые дан. (2Мб). - СПб. : РЕСПЕКС, 1996. - 278 с. - Б. ц.
2.3 Интернет көздері
www.university.kg
www.nlrk.kz
www.avorhist.ru
www.mirknig.com
www.bookchamber.kz
  1. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

Тақырып 1. XIX ғасыр соңындағы Қазақстандағы музей ісінің қалыптасу тарихы

Қазақстанның Ресей құрамына енуі өлкені жан-жақты зерттеуді талап етті. Өлкеде қалыптасып келе жатқан зиялылар оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, саяси айдаудағылар зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қазақстан аумағында ғылыми экспедициялар, мұражайлар ашылған жағдайда оларды халықшылдардың қызметімен байланыстыруға болатын еді.

XIX ғ. екінші бөлігінде патша өкіметі отаршылдық мақсатта көптеген жергілікті өлкетану қоғамдары мен бөлімшелерін ашты. Жергілікті өлкетану қоғамдарының міндеттері географиялық, статистикалық және жаратылыс-тарихи материалдарын жинап, өңдеу және тарату, ғылыми экспедицияларды жарақтандыру болды. Алға қойылған міндеттер барлық аудандарда бірдей дәрежеде жүзеге асырылмағанмен, олар ғылыми даярлығы бар адамдарды біріктірді. Өлкетану қоғамдарының жанынан шағын кітапханалар, өлкетану карталары, этнографиялық экспо-наттар коллекциялары құрылды. Қазақстанда музейлердің алғашқы топтамаларының қалыптасуына осы іс-шаралар да өзінің үлкен ықпалын жасаған болатын.

Өлкетану қоғамдарының жұмысында екі ағымның өкілдері болып, өз істерін өрбітті. Бірі – патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізуші генералдар, губернаторлар, шенеуніктер, дін қызметкерлерінің бір бөлігі болса, екіншісі – оларға қарама-қарсы прогресшіл пиғылдағы зиялылар еді.

Орынбор, Орал, Семей, Солтүстік Қазақстан, Ташкент, Жетісуда орталықтары болды және ғылыми қоғамдардың дамуы көптеген қазақ зерттеушілерінің қалыптасуына әсер етті.

1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен Ташкент ірі ғылыми орталыққа айналды. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік бөлігін зерттеу мақсатында 1897 жылы Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі құрылды.

Негізгі әдебиеттер: 1-7

Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41.

 

Тақырып 2. Қазақстан аумағында алғашқы музейлердің құрылуы

XIX-XX ғ. басында Қазақстан музейлерінің құрылуына жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі әсер етті.

Қазақстанда алғашқы музейлердің қалыптасуы XIX ғ. басынан, 1830 жылдан бастау алады. Алғашқы музейлер қазақ жерінде XIX ғ. қалыптаса бастады. 1830 жылы Орынбор генерал-губернаторы, граф П.П.Сухтелен жергілікті елді, тұрғындарды өлкенің табиғатын, тарихы мен этнографиясын бейнелейтін заттарды губерния орталығында ашылғалы жатқан музей үшін тапсыруға шақырады. Бұл бастаманы жергілікті халық, тұрғындар қолдап, бірте-бірте болашақ музей үшін әр түрлі құнды жәдігерлер жиналады. Ағартушылық дәуір талаптарына сай жасалған бұл бастама көпшілік қолдауына ие болды. Алғашқы жинақтарға жеке Сібір корпусы штабының бастығы генерал-майор Г.Броневский тарту еткен Қарқаралы округынен табылған алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі киім үлгілері, мүсіндер кірді. Музей жинақтарын Жәңгір ханның отбасы сыйлаған хан ұрпақтарының киімдері, сәукеле, жібек көйлектер, асыл тастармен безендірілген бархыт шапандары ерекше толықтырды.

Осы жинақталған құнды жәдігерлердің негізінде 1831 жылы Орынбор губерниялық музейі ашылды.

Музейді ұйымдастыру жұмысына және құнды заттар қорының қалыптасуына 1830-1838 жж. Орынборда қызмет атқарған орыстың белгілі ғалымы В.И.Дальдің еңбегі ерекше болды. В.И.Даль Орал, Гурьев, Бөкей ордасына басқа да жерлерге шығып қазақ халқының тұрмысы, ауыз әдебиеті, этнографиясы жайында деректер жинады, сонымен қатар этнографиялық бұйымдар жинастырып музейлер қорын ұлғайтты.

Музейлер Қазақстандағы ғылыми архивтік комиссиялар, статистикалық комитеттер жұмысы нәтижесінің бір көрінісі ретінде қалыптасты, дегенмен өркендеудің кезеңдерінде музей архив, кітапханалар секілді жеке әлеуметтік институттар бола бастады. Музей бір жағынан арнайы ақпараттық база, әр түрлі ақпарат тасымалдаушы болса, екінші жағынан жинақтау, сақтау, жүйелеу, музей экспозициясы арқылы көрсететін мәдени байланыстың айрықша түрін көрсетеді.

Негізгі әдебиеттер: 3 – 8.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21, 24, 38, 41

Тақырып 3. Жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі

Жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылар өлкенің тарихын, археологиясы мен этнографиясын, табиғатын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін танып білуге мүмкіндік беретін құнды жәдігерлерді жинай білді. Қазақстандағы алғашқы музейлердің негізін қалауға осы коллекциялардың маңызы ерекше болды.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары қазақ халқының тарихы, археологиясы, этнографиясына қатысты құнды зерттеулер жүргізіп, көптеген мақалалар жариялаған зерттеушілердің бірі Салық Бабажанов болды. 1860 жылдары Ішкі Бөкей Ордасын басқарған уақытша кеңестің кеңесшісі, аудармашы ретінде көп жерлерде болып, елдің тұрмысымен танысты. С.Бабажановтың зерттеулері сол кездегі Астрахань, Орынбор, Санкт-Петербургте шығып тұрған басылымдарда жарияланды. Ішкі Бөкей Ордасында жергілікті әкімшілік жүйесінде қызмет атқара отырып, С.Бабажанов Орыс Географиялық қоғамына этнографиялық маңызы бар материалдар жіберіп отырды. Өлкетанушы-этнограф С.Бабажановтың зерттеулерінің маңызы ерекше болды және зерттеулер «Известия», «Записки», «Этнографический сборник» секілді Орыс Географиялық қоғамының басылымына жарияланып отырды. Өлкетанушы-көне заттарды жинаушы ретінде С.Бабажанов көптеген құнды материалдарды жинады. Этнография бөлімінің жұмысына белсене қатысып, ерекше үлес қосқаны үшін, қазақ халқының тұрмысына қатысты құнды материалдар жариялағаны үшін С.Бабажанов 1862 жылы Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды және үлкен күміс медалімен марапатталды. Ол ғылыми еңбектері үшін медальмен марапатталған тұңғыш қазақ болды. С.Бабажанов тапқан, жинаған этнографиялық бұйымдар, археологиялық табылыстар Орыс Географиялық қоғамының музейіне қойылып, кейінірек Эрмитаж музейіне тапсырылады. Өлкетанушы, көне заттарды жинаушы ретінде С.Бабажанов көптеген құнды материалдарды жинады. Қазіргі кездегі Эрмитаж музейіндегі Бөкей Ордасының көне заттарының ішінде С.Бабажановтың жинаған заттары да бар. С.Бабажанов қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын зерттеген алдыңғы қатарлы ғалым болды.

Қазақстан территориясындағы ерте түркілердің зергерлік өнері туындылары жинақтарының тағдыры әр түрлі қалыптасты.

Негізгі әдебиеттер: 3 – 8.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21, 24, 38, 41

Тақырып 4. 1917-1930 жж. Кеңес өкіметінің музей ісіне арналған қызметтері

Кеңес үкіметі өзінің алғашқы кездерінен бастап бұрынғы жеке иеліктердегі тарихи, құнды маңызы бар музейлерді, сәулет туындыларын мемлекет иелігіне алу, қорғау, оларды тіркеудің біртекті тәртібін жасады. 1917 жылдың қазан айында Музей ісі, көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғау ісі бойынша Бүкіл ресейлік коллегия құрылды.

1918 жылдың мамыр айында Халық Ағарту комис-сариатының құрамында ескерткіштерді қорғау мәселесіне жетекшілік ететін музей бөлімі құрылды. Қазақстанда музейлердің құрылуы мен дамуы өзіндік сипатта және күрделі жағдайда өтті. 1918-1920 жж болған азамат соғысы, өзара тартыс пен күрделі саяси-экономикалық жағдайлар музейлердің құрылуы, жұмыс істеу сипатына әсер еткені белгілі.

1918 ж. Халық ағарту комитетінің құрамында арнаулы музей ісі, ескерткіштерді қорғау бөлімі құрылды. Олар жер-жерлерден көркем, тарихи құнды заттарды іздестіріп, маңызын анықтап, есепке алды. Жаңа музейлер құруға ықпал жасады. Құнды жәдігерлерді жинау өте қиын азамат соғысы кезінде, аштық, ауыр экономикалық қиын жағдайда жүргізіліп, жұмыс жасалды.

1918 ж. музей ісін басқару құрылымында ерекше бөлім – Мемлекеттік музей қоры құрылды. Ол музейлік маңызы бар жеке заттар мен коллекцияларды сақтау, инвентарлау, бөлумен айналысты.

1918 ж. 2 ақпанда Халық Комиссарлар Кеңесі “Шіркеу, діни қауымдағы ар-ождан бостандығы” деген декретте барлық шіркеу заттарын халық игілігі деп жариялады. Ал, “Ресей императорының заттарын конфискациялау” туралы декрет патша отбасының барлық меншігін национализациялады. 1918 ж. 19 қыркүйекте “Ерекше тарихи, көркем маңызы бар заттарды шетелге шығаруға тиым салу туралы” декрет шықты.

Кеңес Өкіметінің алғашқы жылдары мұражайларды құру, ғылыми, тарихи, көркем құндылықтарды қорғау саласында үлкен жұмыстар жүргізілді.

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 7, 9.

Қосымша әдебиеттер: 23-24, 35-41

Тақырып 5. Қазақстан аумағында музей жүйелерінің құрылуы

1920-шы жылдары Қазақстан музейлерінің даму жүйесі өлкетану қоғамдарының зерттеулерімен тығыз байланыста болды. Өлкенің табиғатын зерттеу, тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу жұмыстары, құнды жәдігерлерді жинақтау, сақтау жұмыстарымен ұштасып жүргізілді.

Осы жылдары музейлер жинақтау жұмыстарын жүргізді. 1920-30 жылдардағы өлкетанулық зерттеулер музей ісінің дамуын өрістетті. Республика өмірінде музейлер жүйесінің құрылып, жұмыс жүргізуінде ерекше орынды 20-шы жылдардағы ғылыми қоғамдар алды. Қазақстанда – Қазан төңкерісінен кейін құрылған қоғамдық ұйымдардың бірі Қырғыз Өлкесін зерттеу қоғамы (1925 ж. Қазақ Өлкесін зерттеуші қоғам) болды. Қоғамның құрылуына ықпал еткен тарихшы-өлкетанушы А.П.Чулошников, А.П.Гра, Ә.Диваев, С.П.Петров, А.Л.Мелков, И.В.Мелкова, А.А.Четыркина, И.М.Расторгуев, Н.А.Чулошникова, т.б. болды. 1920 ж. 15 қазанда Орынбор Өлкелік музейінің қоғамдық жиналысы болып, қоғамның жарғысы қабылданды. Қазақстанды зерттеу қоғамы Қазақ АССР Халық Ағарту комиссариатының 15 қазан 1920 ж. ғылыми комиссиясының протоколымен құжатталып, 1 қарашада ресми тіркелді. Қоғам жарғысында ғылыми материалдарды, кітап, қолжазбаларды, акт, карталар, мерзімді басылымдарды, өнер туындыларын жинау, сақтау өлкелік музей құру мәселелері қамтылған болатын. Қоғамның Орал, Семей, Алматы, Петропавл, Ақмола, Қостанай, Шымкент, Өскемендегі бөлімшелері өлкенің экономикасы, тарихы мен мәдениетін зерттеумен бірге тарих пен мәдениет ескерткіштерін анықтап, сипаттаумен, жаңа музелер құрумен, музей экспонаттарын жинаумен айналысты. Қазақстанда өлкетануды дамытушылар қатарында С.Меңдешов, М.О.Әуезов, С.Л.Асфандияров, Ә.А.Диваев, В.Г.Герасимов. О.К.Жандосов, т.б. ғылым мен мәдениет өкілдері болды.

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 7, 9.

Қосымша әдебиеттер: 23-24, 35-41

Тақырып 6. 1930-1940 жж. Қазақстандағы музей ісі

ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында музей ісінің теориялық мәселелері Кеңес үкіметінің «мәдени төңкерісімен» байланысты зерделенді. Ғылыми еңбекті жазу барысында кеңестік музей үлгісінің теориялық негізін қалыптастыруға араласқан Н.К.Крупская, М.В.Луначарский, М.И.Калинин сынды партия және мемлекет қайраткерлерінің еңбектеріне көңіл бөлінді.

Отызыншы жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, жаңа экономикалық саясат, жаппай коллективтендіру елдің дамуына көптеген зиянды әсерін тигізіп, қазақ халқының қасіреттеріне алып келгені белгілі. Осы жағдайда идеологиялық майданда социализм қағидаларына сай әр түрлі жат теорияларға қарсы шешуші соққы беру идеялары музей қызметтерінің де өзгеруіне ықпалын тигізді. Мұндай саясат барлық ел көлемінде жүргізіліп, марксизм-ленинизм ілімдерін күшейту, оны халық санасына жеткізу мақсатындағы күрес елдің барлық мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу мекемелерін, соның ішінде музей саласын қамтыған еді. Музей ісінің мәдени қызметіне әкімшілік жүйенің араласуы, тек социализм идеясын насихаттау бағытында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу талап етілді. Осыған байланысты музейлерді жүргізілген мәдени – ағарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бұрынғы әдістері мен тәсілдері социализм құрудың жаңа талаптарына сай келмейді деп танылып, мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу, экспозиция жұмыстарын қайта құру мәселелері қаралды. Музей ісіндегі мұндай өзгерістер музей қызметкерлерінің сандық және сапалық деңгейіне де тікелей әсерін тигізді. Бұрынғы музей кадрлері жаңа заман талабына сай емес деп, жаңа кадрлермен алмастырылу өріс алды.

Республикада сол кездегі Кеңес Одағы аумағындағы жүргізілген саясатқа сәйкес 1925-1936 жылдар аралығында жұмысшы-шаруалардан шыққан музей мамандарының саны 16,3% -дан 51,7%-ға өсті. Музейлердің ғылыми-зерттеу, ағарту жұмыстарының, білім және кәсіби деңгейінің төмендеуі байқалды, жоғары білімді мамандардың саны 1925-1940 жылдар арасында 59,9%-дан 27,7%-ға кеміген.

Негізгі әдебиеттер: 1-7

Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41.

 

Тақырып 7. 1946-1985 жж. музей ісі

ХХ ғ. екінші бөлігі мұражай әлеміндегі үлкен жаңалықтарға толы болды. Мұражайдың әлеуметтік орны туралы пікірталастар баспасөз беттерінен түскен жоқ. Мұражай қоғам мен қоршаған ортаның дамуына қандай ықпал ете алады деген сұрақтар мамандарды ойландыр бастады. Бұл саладағы творчестволық ізденістер нәтижелерінің бірі – мәдени орталықтардың пайда болуы еді.

Н.Әлімбай сынды мұражай мамандарының зерттеулеріне сүйенсек, XX ғасырдың 40-80 жж. республикадағы музей жинақтары археологиялық, этнографиялық зерттеулер нәтижесінде табылған заттармен толықтырыла түсті. Ә.Х.Марғұлан, К.Ақышев, Х.Арғынбаев музейлермен ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп, музей қорларының дамып, үлкейіп ұлғаюына үлес қосты. Аталған ғалымдардың ғылыми-зерттеулері Қазақстан музейлерінің қорының жан-жақты толығып, дамуына ерекше ықпал етті.

Қазақстанда музей қорының дамуында, жаңа ғылыми зерттеулер мен ашылулардың алатын орны ерекше болды. Әрбір ғылым саласында жеткен жетістіктер музей ісінің, атап айтқанда, қорлары мен экспозицияда көрсететін құнды заттардың ұлғаюына ықпал етті.

1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының жанынан тарих, археология және этнография институты ашылды. Зерттеу жұмыстары жүргізілген экспедиция нәтижесінде құнды археологиялық бұйымдар жинақталып олар музей қорларының құнды заттарына айналды.

Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Ә.Х.Марғұлан бастаған археологиялық зерттеулер жүргізді. 1947 жылы А.Н.Бернштам бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы, Е.И.Агееваның экспедициясы, 1950-60 жж. Оңтүстік Қазақстан экспедициясының Қаратаудың солтүстік сілемдерін зерттеуі, Х.А.Алпысбаев бастаған палеолит зерттеу отряды көптеген құнды музейлік материалдарды жинақтауға мүмкіндік берді. Қазақстан территориясында ғылым салалары бойынша зерттеу жүргізген экспедициялар көптеген құнды жәдігерлердің жинап, зерттелуіне негіз болды.

1947 жылы Қазақстан Үкіметінің шешімімен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. Ақынға арналған мұражай оның мол жыраулық мұрасын зерттеп, насихаттайды. Музей экспозициясында 1934, 1936 жылдары Мәскеуде өткен өнер апталықтарынан суреттер, марапат қағаздар, куәліктер, 1941 жылы ақынға берілген КҚСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломы және басқа да құнды деректер қойылған. Ақынға арналған мұражай оның жыраулық мұрасын зерттеп, насихаттайды. Экспозицияда Ленинград блокадасындағы Ленинградтықтарға арналған «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің фотокөшірмесі, майданға жазған хаттары, Ленинград блокадасында шыққан плакат қойылған.

50-ші жылдары демократиялану үрдісі, халықаралық туризмнің дамуы өрістеді. Осыған сай Қазақстан музейлері Халықаралық музейлер қауымдастығы жүйесіне тартылды, 1957 жылы Халықаралық музейлер кеңесіне кірді. Музейлер жақсы өзгерістер кезеңіне аяқ басты.

Негізгі әдебиеттер: 1-7

Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41.

 

Тақырып 8. Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер

“Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені музейі” болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы бойынша 1978 жылы құрылған “Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені музейі” “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды.

1990 жылдың 5 сәуірінде Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық мұражайы «Жидебай-Бөрілі» болып қайта құрылды.

1990 жылы 21 тамызда Қазақ ССР министрлер кеңесінің N190 Жарлығына сәйкес Қазақстанда, Алматыда Алтын және бағалы металдар музейі ашылды.

Қазақстан Республикасының 1992 ж. 2 шілдеде «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» заңында музей мәселелері қарастырылған. Соның ішінде мұражай қорындағы заттарды қорғау, сақтау мәселелері қамтылады. Бұл заңда тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласын қаржыландыру мәселелері бар.

1990 жылдар Қазақстан музейлерінің тарихында мұражайтанушылардың пайымдауынша Г.Ш.Файзуллина екі түрлі жағдайды көрсетті. Бірі – музейдің қаржы жағдайын көрсететін күрделі экономикалық ахуал жылдары, екіншісі – музейлердің жаңа үрдістерінің пайда болуы және тәжірибе жинау жылдары. 1991-2005 жылдарда Қазақстан музейлерінде интерактивтік және виртуальдік әдістерге қызығушылық, музей әдістерін үкіметтік емес ұйымдарда қолдану, авторлық, балалар музейлері, үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуы, ерекше бағалы топтамаларға рұқсат ету арқылы музей мәртебесін көтеруге ұмтылумен ерекшеленді.

1991 жылы Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей үйі ашылды. Музей жазушының 1968-1985 жж. тұрып, еңбек еткен үйінде ашылды және екі, әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Әдеби бөлімде жазушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін экспонаттар қойылған. Мемориалдық бөлімде жұмыс кабинеті, демалатын бөлмесі, тұтынған заттары көрсетіледі. Жазушы Ғ.Мүсіреповтің шығармаларында көп сомдаған қазақ әйелінің образдары музей экспозициясынан ерекше орын алған. Музей архивінде жазушының үш жүзден аса қойын кітапшалары сақталған. 2002 жылы жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды. Музей кешені Халықаралық әлем музейлері каталогына енген.

1991 жылы 1981 жылы ашылған Қазақтың халық аспаптары музейіне халық композиторы, күйші, қобызшы Ықылас Дүкенұлының есімі берілді.

1992 жылы 22 наурызда Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі ашылды.

1993 жылы Жаңақорған ауданындағы М.Көкенов музейі, Шиелі ауданындағы Н.Бекежанов атындағы музей, Тереңөзек ауданындағы облыстық музейдің филиалы ашылды. Аталған музей қорлары жыл сайын жаңа экспонаттармен толықтырылуда. Сонымен қатар қоғамдық негіздегі музейлер де жұмыс істеуде.

1993 жылы дербес Мемлекеттік ұлт аспаптар музейі құрылып, 1996 жылдан 1998 жылға дейін Орталық Мемлекеттік музейдің бөлімі болды.

1994 жылы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында» қаулысы шықты.

Қоғамның дамуы мен саяси-экономикалық өзгерістер музей саласына да әсер етті. Осы негізде 1996 жылы 24 желтоқсанда «Мәдениет туралы» заң қабылданды. Заңда музей, мәдени құндылықтарды шетке алып кету, мәдени құндылықтар мәселелесі көрініс тапты.

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 7, 9.

Қосымша әдебиеттер: 23-24, 35-41

 

Тақырып 9. Музей ісіндегі халықаралық байланыстар

Музейлердің Халықаралық кеңесі (ИКОМ) – ЮНЕСКО-мен тығыз байланыстағы үкіметтік емес ұйым. 1946 жылы бұл ұйым Парижде құрылған. ИКОМ құрылғанша ХІХ ғ. 80-ші жылдары әр түрлі қоғамдық ұйымдар құрылып, олар мұражайлар мен мұражай қызметкерлерін біріктірді. 1889 жылы Англияда “мұражайлар Ассоциациясы” құрылды. Біртіндеп Ұлттық комитеттер құрыла бастады. 1906 жылы музейлердің американдық Ассоциациясы құрылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң ұлттық лигасы құрылып, халықаралық дәрежеде бейбітшілік пен достықты ұстануға тырысты. Осындай жағдайда мұражай мәдени ерекшеліктерді тану, тіркеу, тартудағы мекеме ретінде қарастырылып, ұлттар лигасының жанынан “Museon” журналы арқылы бағыттап отыратын мұражай ісін дамыту мақсатында Халықаралық мұражайлар бюросы құрылды. Журнал 20 жыл бойы халықаралық мұражайлық басылым болды. Оның ізбасары ЮНЕСКО шығаратын “Museum” журналы болды. Музейлер бюросы соғыс болған жерлерден өнер, құнды туындыларды көшірумен айналысты.

1946 ж. 1 қарашада Біріккен Ұлттар ұйымының қызметіне ғылымды енгізуге қол қойылды. Ресми түрде ИКОМ 1946 жылы 16-20 қарашада құрылды, оның бірінші хатшысы Чонси В. Гамлин болды. ИКОМ құрамында 1948 жылы 29 ел болса, 1950 жылы 43 ел кірген. Яғни музейлер кеңесіне енген елдер саны жылдар санап артып отырды. Құрылған күннен бастап Халықаралық музейлер Кеңесі өз қатарына мұражайшыларды тартуға тырысты.

ХХ ғ. ортасында 1954 жылғы ЮНЕСКО-ның «Қарулы қақтығыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы» Конвенциясында мәдени құндылықтар ретінде: тарих, архитектуралық өнер ескерткіштері, діни және археологиялық орындар, тарихи, көркем құндылығы бар архитектуралық құрылыстар, өнер туындылары, қолжазба кітаптар, ғылыми коллекциялар, маңызды кітап, архив коллекциялары, көркем, тарихи, археологиялық маңызы бар басқа да заттар қабылданатыны айтылған. Конвенция осыдан өзге мәдени құндылықтар құрамына ғимараттарды, соның ішінде жылжымалы құндылықтарды сақтап, көрсететін музейлерді, ірі кітапханалар, архивтерді, т.б. енгізді. 1954 ж. әскери қақтығыстар кезінде мәдени мұраны қорғау жөніндегі Гаага конвенциясы қабылданды.

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 7, 9.

Қосымша әдебиеттер: 23-24, 35-41

 

Тақырып 10. Қазақстандағы мұрағат мекемелерінің қалыптасу тарихы

Мұрағат мекемелерінің Қазақстандағы қалыптасуы мен дамуының үш кезеңі. Бөкей Ордасындағы мұрағат ісінің негіздерінің қалыптасуы. ХІХ ғасырдағы губерниялық және жергілікті мұрағаттардың құрылуы. Ғылыми-ағарту мекемелерінің, оның ішінде ғылыми мұрағаттық комиссиялардың революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстанның мұрағат мекемелерін қалыптастыру мен дамытудағы рөлі мен орны.

ХІХ ғасырдағы Орынбор ғылыми мұрағат мекемесінің, Торғай, Ақмола, Семей, Орал және тағы да басқа статистикалық комитеттердің, сонымен қатар әр түрлі ғылыми Қоғамдардың қалыптасуы мен іс-қызметінің тарихы және олардың революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстанның мұрағат мекемелерін дамытудағы рөлі. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы ресейлік және қазақ интеллигенция өкілдерінің мұрағат мекемелерін дамыту бойынша іс-қызметтері.

Қазақ халқының жүріп өткен жолын тануда және оны қайта зерделеуде 1887 жылы Орынборда ашылған Ғылыми Мұрағаттық Комиссияның атқарған қызметі, ғылымға сіңірген еңбегі бүгінгі күн үшін ерекше маңызды.

Мұрағаттық Комиссия қалдырған ғылыми мұра қазақ тарихының деректер мен құжаттарының бай қоры болып есептеледі. Оның бастауымен қазіргі таңдағы мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар және іргелі ғылыми зерттеулер дүниеге келді. Соның негізінде төл тарихымыздың ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы деректік негіздері қаланды.

Негізгі әдебиеттер: 1-7

Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41.

 

Тақырып 11. Кеңестік дәуірдегі мұрағат ісінің дамуы

ХХ ғасырдағы Қазақстандағы кеңестік мұрағат мекемелерінің қалыптасуы. Мұрағат ісін ұйымдастырудағы көршілес аймақтардың ғылыми-тарихи мекемелерінің тарапынан жасалған көмектері. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы мұрағаттық құрылыс. Кеңестік мұрағат орындарының құрылуы. Республиканың Орталық өлкелік мұрағатының құрылуы. Мұрағат ісінің нормативтік-құқықтық базасының қалыптасуы. Қазақстанда мұрағат мекемелерін қалыптастырудағы қиыншылықтар. Аймақтық мұрағат мекемелерінің қалыптасуы.

Қазақ революциялық комитетінің ғылыми бөлімінің мәжілісінде орталық мұрағат қорды ұйымдастыру туралы мәселесінің қаралуы. ҚАКСР Халық ағарту комиссариаты қарамағындағы Ғылым комиссиясының қызметі. Қазақстанда мұрағат ісі мәселелерімен айналысатын орган ретінде 1919ж Орынборда, Халық ағарту комиссариаты қарамағында Бас мұрағат басқармасының құрылды.

1920 ж науырызда, мамыр, шілде айларында Кирөлкелік әскери комиссариаттың тарих статистика бөлімі тарапынан архивті үйымдастыру жөнінде мәселе көтеліліп жасалынды. 1921 ж 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас архив үйымдастырылды.Ол 1922 ж күзінде Өлкелік орталық архив деп аталды. ҚАКСР мұрағат ісі Басқармасының 1921 жылғы 6-шы шілдедегі барлық кеңестік және мемлекеттік мекемелерге, азаматтарға революция және революциялық құрылыс тарихы бойынша құжаттарды жинау және оларды орталықтанған түрде сақтау қажеттігі туралы үндеуі.

Мұрағат мекемелерінің қызметін ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қатаң түрде орталықтандыру және регламентациялау. 1930-1980 жылдар аралығындағы мұрағат мекемелерінің республикалық орындарын құру үрдісі. Орталық мұрағаттар мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Бас мұрағаттық басқарманың қалыптасуы. ХХ ғасырдың 30-80-жылдарындағы мұрағат материалдарын пайдаланудың қиындығы қатаң цензураның нәтижесі ретінде.

Негізгі әдебиеттер: 1-7

Қосымша әдебиеттер: 18-22, 35-39, 41.

Тақырып 12. Қазақстан Республикасының мұрағат ісі

Мұрағат ісінің дамуының үшінші кезеңі – егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен даму кезеңі. Мұрағат мекемелерінің міндеттерінің өзгеруі. Егеменді Қазақстанның мұрағат ісінің нормативті-құқықтық базасының ресімделуі. «Мемлекеттік құпия туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануы – мұрағат құжаттарын жаппай құпиясыздандыру үрдісінің басталуы. Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізін жасау.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі. Мұрағаттардың қазіргі жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері. Мемлекеттік мұрағаттардың түрлері. Орталық мемлекеттік мұрағаттар.

Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің құрылуы. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары. Қалалық және аудандық мұрағаттар. Ведомстволық мұрағаттар. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар. Жеке мұрағаттар.

Қазақстандағы орталық, аймақтық және жергілікті мұрағат орындарының одан әрі қарай қалыптасуы. Жаңа мұрағаттардың – Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатының, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұрағатының және т.б. құрылуы. Мұрағат мекемелеріне қарасты ғылыми-зерттеу міндеттерінің кеңейуі. Мұрағаттық іс-жүргізуге ғылыми-техникалық үрдістің соңғы жетістіктерінің енгізілуі.

Негізгі әдебиеттер: 3 – 8.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21, 24, 38, 41

Тақырып 13. Қазақстанның қазіргі заманғы мұрағат ісі саласындағы халықаралық қызметтестігі

Ұлттық мұрағатты ұйымдастыру ,дамыту және пайдалануды жақсарту мәселесі халықаралық,мемлекетаралық қатынасқа да тікелей байланысты екені сөзсіз.

Өркениетті елдерде мұрағат ісі, барлық мұрағат қоры және құжаттама басқару аспектісі мемлекеттік қызметтің дербес саласы болып табылады.

Ал ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат ҚР Үкіметі құрамына кірмейтін Орталық атқарушы орган болғандықтан әрі мұрағат туралы заңның болмауы ЮНЕСКО‑ның мүшесі деп танылған халықаралық мұрағаттар Кеңесіне қатысуы ,шет елдердегі құнды құжаттарды халықаралық дәрежеде іздестіру мәселелері қиындай түседі.

Дүниежүзілік мұрағат мекемелерінің іс-қызметіне жетекшілік жасайтын халықаралық ұйымдарға Қазақстанның енуі. 1995 жылы ТМД елдерінің сегіз мемлекетінің жетекшілерімен мұрағат ісі бойынша Ақпараттық орталық құру туралы келісімге қол қойылуы. Қазақстан Республикасының мұрағат мекемелерінің мұрағаттардың Халықаралық Кеңесінің Атқарушы Комитетінің құрамындағы іс-қызметі.

Қазақстанның Шығыс Европа мен Азияның, әсіресе ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің және Монғолияның мұрағатшыларын біріктіретін ұйым – ЕВРАЗИКА-ның құрамына өтуі (2000 жыл). Қазақстанның ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттік мұрағаттық қызметтерінің жетекшілерінің Консультативтік кездесулеріне қатынасуы.

Негізгі әдебиеттер: 3 – 8.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21, 24, 38, 41

Тақырып 14. Мұрағат мекемелерінің ғылыми-әдістемелік жұмысы

Мұрағаттардың ғылыми-анықтамалық әдебиетін дайындау. Мұрағат ісі мен басқаруды құжаттамалармен қамтамасыз ету бойынша сапалы заңнамалық базаны қалыптастыру. Мұрағат анықтамасы түсінігі. Ғылыми-анықтамалық




Переглядів: 2085

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Додаток Ж | Визначення константи. Опис константи.

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.033 сек.