Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Кіріспе

ISBN 978-601-226-112-7

«Геотехника-2» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік оқулық» күндізгі мен сырттай оқитын студенттер курстық жұмысты орындауға және теориялық курсты терең оқып білу мен меңгеру үшін қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты топырақтың есептік сипаттамаларын анықтау арқылы қоғамдық пен өндірістік ғимараттар астына іргетасты жобалау және теориялық мәліметтерімен салыстыру.

«Құрылыс» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

 

 

ӘОК 624.15 (075)

ББК 38.58 я 73

Н 90

 

 

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрылыс пен сәулет мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясымен басылуға ұсынылған

 

 

ISBN 978-601-226-112-7

 

© Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, 2013

МАЗМҰНЫ

  Кіріспе
1. Жобалауға тапсырма
  1.1 Курстық жұмыстың мақсаты, құрамы мен көлемі
2. Жобаланатын ғимаратты болмыстағы құрылыс алаңының жер бедеріне тіктік бойынша байлау
3. Топырақ сипаттамасының туындыларын анықтау
4. Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайы бойынша қорытынды
5. Темірбетонды бағана астына таяз орналастырымды бөлек тұрған діңгек іргетасты есептеу
  5.1 Іргетастың салу тереңдігін анықтау
  5.2 Іргетас табанының өлшемдерін анықтау
  5.3 Іргетастың ықтимал шөгуін есептеу
  5.4 Іргетас тақтасы бөлігінің беріктігін есептеу
  5.5 Іргетастың тақта бөлігін жарылып сынуына есептеу
  5.6 Іргетастың тақта бөлігінің арматуралар қималары ауданын анықтау
  5.7 Іргетастың тақта бөлігін арматуралау
  5.8 Іргетасты жарықтары пайда болуына және ашылуына есептеу
  5.9 Бағана астын есептеу
  5.10 Бағана астын арматуралау
6. Металды бағана астына таяз орналастырымды бөлек тұрған діңгекті іргетастарды есептеу
  6.1 Жалпы ережелер
  6.2 Анкер болттарын есептеу
7. Таспалы іргетастарды есептеу
  7.1 Жалпы ережелер
  7.2 Таспалы іргетастардың шөгуін есептеу
  7.3 Таспалық іргетастың әдеттегі қималары беріктігін есептеу
  7.4 Таспалы іргетастың беріктігін көлдеңен күштің әсеріне есептеу
8. Қадалы іргетастарды есептеу
  8.1 Жалпы ережелер
  8.2 Ростверктің өлшемдерін анықтау
  8.3 Қадаға түскен есептік қысымды тексеру
  8.4 Діңгекті қадалы іргетастың шөгуін анықтау
  8.5 Таспалы қадалы іргетастың шөгуін анықтау
  8.6 Қаданы еңгізу үшін балғаны таңдау
  8.7 Кірпіш және ірі блокты қабырғалар астына темір бетонды қадалы іргетастардың таспалы ростверктерін есептеу
  8.8 Ғимараттар мен үймереттер бағаналарының астындағы қадалы іргетастардың темірбетонды тақталы ростверктердің беріктігін есептеу
  8.9 Жергілікті үйпалақталуына ростверктің беріктігін есептеу
  8.10 Бағана басып сындыруына ростверктің беріктігін есептеу
  8.11 Бұрыш қадамен тесілуіне ростверктің беріктігін есептеу
  8.12 Иілуге ростверктің беріктігін есептеу

Кіріспе

«Геотехника-2» пәні бойынша курстық жұмыс іргетасты жобалау, құрастыру және есептеу бойынша студенттердің өзіндік жұмысы болып саналады және болашақ құрылыс бакалавры қалыптасу мен өсу үдірісінде ең маңызды және міндетті сатысы ретінде болады.

Жұмыс жеке берілген тапсырмаға сәйкес орындалады және студентте қойылған міндеттің мәнін түсінуге, үдірістің технологиялық тізбегін құруға және нұсқалық талдау негізінде ұтымды шешімді қолдануға өзіндік дағдылану мақсатын көздейді. Нақты үймерет пен құрылыс алаңының топырақ жағдайы үшін студент іргетастың тиімді құралымдық түрін жобалап, сызу керек.

Іргетасты жобалағанда немесе ғимарат пен үймеретті «байлағанда» мынаны ұғыну керек - типтік шешімдер жоқ және әр жоба өзгеше болады.

Осы әдістемелік нұсқаулардың мақсаты: студент курстық жұмысын орындағанда оған әдістемелік көмекті көрсету.

 

1. ЖОБАЛАУҒА ТАПСЫРМА

Әрбір студент келесіні қосатын жобалауға тапсырма алады:

-жобалау үшін бастапқы мәліметтермен курстық жұмысқа тапсырманы, тапсырма құрамын, курстық жұмысты орындау тізбегін, ұсынылған әдебиет тізімін;

-алаңның топырақ жағдайы туралы мәліметтерді;

-құралымдардың, материалдардың сипаттамасы бар үймерет туралы мәліметтерді.

 

1.1 Курстық жұмыстың мақсаты, құрамы мен көлемі

Жеке тапсырманың мәліметтерін басшылыққа алып, студентке негіздік топырағының есептік кедергісін анықтау керек, іргетастың құралымдарын таңдап, есептеп және оның шөгуін анықтау керек. Тапсырма кемінде екі қимада іргетасты жобалау мен есептеуді қарастырады, қағида бойынша, біріншісін- сыртқы қабырға астына, екіншісін-ішкі қабырға астына. Ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында бір қима үшін қалай таяз орналастырымды іргетасты, солай қадалы іргетас нұсқасын есептеу мен жобалау қажет. Екі қима іргетастар үшін құралымдық шешімді таңдауға, кейінгі техникалық–экономикалық салыстыруға негіз болу керек.

Егер жоғарғы қатпарларда әлсіз топырақтар: ағымды күйдегі сазды топырақтар, жұмсақ құмдар, шымды қатпарлар және т.б. жататын жағдайда, таяз орналастырымды іргетасты есептегенде жоғарғы қатпардағы әлсіз топырақтарды қатты топыраққа ауыстыру қажет немесе негіздіктің физикалық-механикалық қасиеттерін жасанды жақсартуды жүргізу қажет (тығыздау, алдын ала суландыру, топырақ қадаларын орнату және т.б.).

Жұмыс А1 форматты парақта немесе бiрнеше A3 қалыпты парақтарында қарындашта, «AutoCAD» бағдарламасын қолданып, келесі сызбаларды берумен көрсетілу керек:

а) 1:200 масштабта iргетастар мен негiздiктер суреті салынған ғимараттың сүлбелік көлденең кескіні, ирек сызықтары мен ғимараттың пішіні берілген ситуациялық жоспар;

б) 1:100-шi масштабта 2-3 ұңғылар бойынша геологиялық кескіндер;

в) 1:100 масштабта өлшемдері мен өстерге байлануы берілген барлық ғимараттың есептелетін іргетас қосылған iргетастар жоспары (егер негiзгi нұсқа ретiнде қадалы іргетас таңдалса, 1:200 масштабта ростверк жоспары және қадалар өрiсі);

г) 1:50 масштабта белгiлерi мен өлшемдері өстерге байланған iргетастардың қимасы; қабылданған екі іргетас нұсқасының жоспары мен кескіндері;

д) 1:50-шi масштабта барлық құралымдық элементтері берілген сыртқы қабырға астына арналған іргетастың дере мен арматуралық сызбалар;

е) шөгулiк жiктер, судан қорғау, іргетас арқалықтар және тағы басқа құрылымдардың бөлшектерi;

ж) спецификация;

и) болат шығынының ведомостісі;

к) техникалық – экономикалық көрсеткіштер;

л) ескертулер.

«ж», «и», «л» және «л» нүктелері парақтың оң жағында штамп еніне тең тік бойынша орындалады.

Сызбаға А-4 форматты парақта жазылған есептеу-түсініктеме қағаздары қосымша берілу керек. Түсініктеме қағаздарында келесі позициялар бейнелену керек:

1. Тапсырма туралы қысқаша мәліметтер.

2. Жер телімін тегістеу.

3. Инженерлік-геологиялық кескіндерді құру.

4. Топырақ сипаттамасының туындыларын есептеу.

5. Топырақтың түрін, оның күйін және көтеру қабілетін орнату.

6. Негіздік түрін және іргетастың үлгісін белгілеу үшін иженерлік-геологиялық мағлұматтар бойынша қорытынды.

7. Іргетасқа жүктемені анықтау (бірқатар жағдайда жүктеме тапсырмада беріледі).

8. Іргетастың салу тереңдігін таңдау.

9. Таяз орналастырымды іргетастың таңдалған түрін есептеу мен құрастыру немесе қадалы іргетасты есептеу.

10. Іргетас құралымдарының нұсқасын техникалық-экономикалық салыстыру және таңдауды дәлелдеу.

11. Іргетастың шөгілу ықтималын есептеу.

12. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

2. ЖОБАЛАНАТЫН ҒИМАРАТТЫ БОЛМЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНЫҢ ЖЕР БЕДЕРІНЕ ТІКТІК БОЙЫНША БАЙЛАУ

Жоспарда өлшемі ОА×ОВ=130×70 м тең суретте берілген құрылыс алаңының жер бедері солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ылдиға, ирек сызықтарына сәйкес Балтық теңізінің деңгейінен абсолюттік белгілері 63,00 –ден (СШ) 58,00 м-ге (ОБ) ие. Абсолюттік белгілер бойынша биіктік көлбеуі (табиғи жер бедерінің қара белгілері) шамамен 6,0 м құрайды. Осындай едәуір көлбеу ғимараттың ұзындығы деңгейінде қосымша құралымдық, пайдалану, технологиялық және басқа күрделі қиындықтарды тудырады. Осындай жағдайда, қағида бойынша, ғимарат пішіні деңгейінде болмыстағы жер бедерін өзгерту бойынша шешім қабылданады. Құрылыста жер бедерінің топырағын кесіп немесе толтырып жүйелі өзгерту топырақты тіктік тегістеу деп аталады.

Құрылыс алаңның болмыстағы көлбеулері батыс (ОХ координаттық өсі бойынша) және оңтүстік (ОУ координаттық өсі бойынша) бағытта құрайды:

-ОА үшін м- ;

-ОВ үшін м- .

Атмосфералық жауын-шашым кедергісіз ағу шартынан екі бағытта жобалық көлбеуді белгілейміз, онда (қағида бойынша ).

«О» нүктесінде жобалық белгіні м тең бекітеміз, онда алаңның жобалық жер бедерінің әр нүктесінде жобалық белгілерді формула бойынша анықталады:

, м. (1)

Мұнда және координаттық өстерді таңдалған бағыттарға сәйкес нүктелер координаттары (сурет 1). (1) бойынша құрылыс алаңының А, В мен С бұрыштарында жердің жобалық (қызыл) белгілерін есептейміз:

А бұрышы, м;

В бұрышы, м;

С бұрышы, м.

Енді жобаланатын ғимарат бұрышының жобалық (қызыл) белгілерін есептейміз. Ол үшін ғимарттың 1, 2, 3 және 4 бұрыштарының координаттарын анықтаймыз және өстер бойынша қызыл белгілерін есептейміз (1):

1 бұрыш, м; м; м;

2 бұрыш, м; м; м;

3 бұрыш, м; м; м;

4 бұрыш, м; м; м.

 

Сурет 1. Жобаланатын ғимараттың пішінін және инженерлік–геологиялық белгілерін жерге байлаумен құрылыс алаңның жоспары

 

Осылай есептелген жобалық (қызыл) биіктік белгілерді жобаланған ғимараттың 1, 2, 3 және 4 бұрышы бойынша алымына жазады. Бөлшектің бөлгішінде жердің сәйкес болмыстағы немесе қара белгілерін жазады 1=58,45 м; 2=59,20; 3=62,80; 4=61,60 м.

Енді жобаланған ғимараттың 1-қатарының таза еденіне сәйкес абсолюттық белгіні тағайындау керек. Біздің жағдайда нөлге тең белгісін ғимарат бойынша әрбір нақты жағдайда берілетін жобалық цокольдің биіктігін м қосып, жобаланған ғимараттың солтүстік-шығыс бұрышында 3 максималды қызыл белгісі ретінде анықтайды.

 

м.

 

Ғимарат жоспарында нөлдік және оған сәйкес абсолюттік белгі жобаланған ғимарат пішінінің ішінде салынады және тік төртбұрышпен сызықпен қоршалады (сурет 1).

Ғимараттың №1 нүктесінде тегістеу деңгейінен нөлдік белгінің максималды артығы м құрайды. Бұл жағдайда келесі тәсілдер ұсынылады:

а) террасалау әдісімен тіктік тегістеуді орындау, жобаланған ғимаратты толық немесе жартылай тегістелген көлдеңен террасаларда орналастыру;

б) жобаланатын көлбеуді жайпақ жасау (егер оны тағайындаған кезде тең қабылданса). Егер координаттар басында «О» нүктесінде белгі 61,50 м берілген жағдайда, тең қабылдаймыз;

в) егер жобаланған нысанның құралымдары ғимарат деңгейінде тіктік бойынша әр түрлі биіктікті туғысса, онда қатардың таза еден деңгейінің нұсқасын немесе цоколь қатарын қарастыруға мүмкіндік береді (сурет 2).

 

 

Сурет 2. Биіктік белгілері үлкен құламамен ойлы-қырлы жер бедерінде ғимаратты тіктік байлау нұсқалары: а-цоколь қатарын орнатумен; б-ғимаратты бөлек блоктарға бөлумен

3. ТОПЫРАҚТАР СИПАТТАМАЛАРЫНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫН АНЫҚТАУ

Топырақтар сипаттамаларының туындыларын есептеуді геологиялық кескіндер бойынша жоғардан төмен қарай барлық инженерлік-геологиялық элементтер (ИГЭ) үшін жүргізеді.

 

Құмды топырақтар үшін.а) түйіршек құрамы бойынша құмды топырақтыңірілігі бойынша түрі анықталады (кесте Б.10 [26]);

б) формула бойынша қуыстық коэффициенті анықталады

, (2)

мұнда бірлік бөлігінде табиғи ылғалдылығы;

в) ірілігі бойынша құмды топырақтың түріне және қуыстық коэффициенттің абсолюттік мәніне байланысты тығыздығы бойынша оның күйі анықталады (кесте Б.18 [26]);

г) ылғал деңгейінің мәні анықталады:

. (3)

д) ылғал деңгейі бойынша құмды топырақтың сумен шылығуы анықталады (кесте Б.17 [26]);

ылғалдылығы аз құмды топырақ;

ылғалды құмды топырақ;

суға шылыққан құмды топырақ;

 

Сазды топырақтары үшін.а) Ырғақтық санын анықтайды:

. (4)

б) мәні бойынша сазды топырақтың түрін анықтайды (кесте Б.11, [26]):

-құмдақ; -саздақ; - саз.

в) ағыс көрсеткішін анықтайды:

. (5)

мұнда топырақтың табиғи ылғалдылығы.

г) ағыс көрсеткіші бойынша сазды топырақтың күйі анықталады (кесте Б.14, [26]).

д) формула (2) бойынша қуыстық коэффициенті анықталады.

Пайдалануға ыңғайлы болу үшін әрбір алынған ИГЭ сипаттамаларын кесте 1 жазу керек.

 

Кесте 1. Әрбір алынған ИГЭ сипаттамалары

ИГЭ нөмірі Топырақ атауы және оның күйі

 

Құмды және сазды топырақтардың негізгі және туынды сипаттамалары 1-5 кесте, қосымша 3 [20] бойынша сәйкес топырақтың шартты-есептік кедергіні белгілеу үшін қажет. Барлық ИГЭ бойынша алынған мәліметтерді талдау құрылыс алаңына жалпы инженерлік-геологиялық баға беру үшін, іргетас құралымдық түрін беру үшін мен көтеру қабілетін бағалау үшін негіз болып саналады.

Тапсырмаға сәйкес, студент бір қима үшін таяз орналастырымды іргетас пен қадалы іргетасты жобалау мен есептеуді жүргізуге міндетті және осы екі нұсқаны техникалық-экономикалық салыстырудан кейін өзінің таңдауымен тиімді нұсқаны алу керек.

 

4. ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

Негіздік топырағының әрбір қатпарының физикалық-механикалық қасиеттерін анықтағаннан кейін іргетас негіздігін жобалағанда және іргетас түрін таңдағанда ескерілетін қолайсыз факторларды айқындайды.

Және де:

-негіздік топырақтарының қатпар қалындығын және олардың қатпарлану сипаттамасын;

-линзалардың болуын;

-топырақтың беріктік және деформациялану сипаттамасын;

-топырақтың отыруын;

-негіздіктің гидрогеологиялық жағдайын талдау қажет.

Талдау негізінде іргетас үлгісі (таяз орналастырымды немесе қадалы) және негіздік түрі (табиғи немесе жасанды) қабылданады.

Табиғи негіздік үшін көтеру қатпар ретінде топырақтың жарамдылығы 3-4 м тереңдікке дейін бағаланады, ал қадалы іргетастар үшін – 16-18 м тереңдікке дейін.

 

Кесте 2 Сығылу бойынша топырақтарды топтастыру

Топырақтың сығылуы Көрсеткіштер Топырақтың сипаттамалары
, кН/м3 , МПа
Қатты сығылатын <14 <3 Табиғи негіздік бола алмайды
Орташа сығылатын 14÷16 3÷10 Табиғи негіздік ретінде пайдаланды
Аз сығылатын >16 >10 Іргетас үшін жақсы негіздік болады

 

Негіздікте сығылмайтын топырақтар жатуын ескеріп іргетасты орналастырады. Таяз орналастырымды іргетас негіздігінде отырғызылымды топырақтар жатса, олардың отырғызылымды қасиеттерін жақсарту немесе басқа топырақтармен ауыстыру жолымен жою ұсынылады.

Отырғызылымды қасиеттері сақталған жағдайда, суланғанда отыру мәнін есептеп, күтілетін шөгуге қосу керек.

 

5. ТЕМІРБЕТОНДЫ БАҒАНА АСТЫНА ТАЯЗ ОРНАЛАСТЫРЫМДЫ БӨЛЕК ТҰРҒАН ДІҢГЕКТІ ІРГЕТАСТЫ ЕСЕПТЕУ

Егер жоғарғы қатпарларда (тереңдігі 3 м) көтеру қабілеті жеткілікті ( кемінде 130 кПа тең болса) топырақтар жатса, сондай жағдайда таяз орналастырымды іргетас нұсқасын қолдануға мүмкіндік болады. Жоғарғы қатпарларда әлсіз топырақтар болған жағдайда, таяз орналастырымды іргетасты есептеуде тәжірибені жинау мақсатында негіздік топырағының физикалық-механикалық қасиеттерін жасанды өзгертуді жүргізу қажет.

Есептеу қосады:

а) іргетасты салу тереңдігін таңдау;

б) іргетастың алдын ала өлшемін тағайындау;

в) негіздіктің шөгуін есептеу, оларды шекті мәндермен салыстыру;

г) басып сыныуына және жарылуына есептеуден іргетас өлшемдері жеткіліктілігін тексеру;

д) іргетастың табаны мен стақаны бойынша қажетті арматураны есептеу.

 

5.1 Іргетастың салу тереңдігін анықтау

Іргетасқа бағананы қатты бекіту және іргетасты салу тереңдігі шарттарына сүйене іргетас биіктігі қабылданады.

Іргетастың салу тереңдігі тегістеу деңгейінен немесе жертөле еденінен іргетас табанына дейін есептеледі және келесіні:

-ғимараттың мақсаты мен құралымдық ерекшелігіне байланысты (жертөле, жерасты коммуникациялар);

-құрылыс алаңының геологиялық пен гидрогеологиялық жағдайын;

-топырақтың маусымдық тоң тереңдігін ескеріп анықтайды.

а) Ғимараттың құралымдық ерекшелігінің әсері. Жертөлесіз ғимараттар үшін іргетастың салу тереңдігі оның биіктігіне байланысты. Бір- және көпқатарлы қаңқалы ғимараттар үшін іргетасты топырақта сенімді бекіту шартынан қабылданған темірбетонды бағаналар астына темірбетонды біртұтас іргетастың ең аз биіктігі м, ал салу тереңдігі – 1,65 м тең.

Жертөлесі бар ғимараттарда іргетас табаны оның еденінің белгісінен кемінде 0,5 м төмен тереңдітіледі.

Металды бағананың негізін орнату үшін іргетастың жоғарғы жиегі еден деңгейінен 0,7 немесе 1,0 м тереңдікте орнатылады. Металды бағана іргетасының биіктігі есептеумен анықталатын анкер болттарының ұзындығына байланысты, және оның ең аз мәні 1,0 м тең қабылданады. Осыған байланысты іргетас табаны 1 қатар немесе жертөле едені деңгейінен 1,7 м немесе 2,0 м тереңдікте болу керек.

Іргетастың салу тереңдігін оның ең аз биіктігінен анықтауды 3 суретте берілген сүлбелер бойынша орындауға болады.

 

Сурет 3. Іргетастың ең аз биіктігінен салу тереңдігін анықтау үшін сүлбелер [7]: а) металл бағанар астына іргетастар; б) құрастырмалы темірбетон бағана астына іргетастар; в) таспалы темірбетон іргетастар; г) үштопсалы рамалар астына құрастырмалы темірбетон іргетастар

 

б) алаңының геологиялық пен гидрогеологиялық жағдайының әсері.

Мұнда топырақтың сығылуын, қатпарлануының сипаттамасын, жерасты сулар деңгейін ескеру қажет. Бөлек іргетастарға жүктемесі 2000÷4000 кН ғимараттар үшін іргетастың салу тереңдігін таңдағанда көтеру қатпары ретінде деформация модулі кемінде 10÷20 МПа, жүктемесі аз ғимараттар үшін -деформация модулі 5÷10 МПа топырақтарды пайдалану керек. Көтеру қатпарына іргетасты тереңдету кемінде 0,3 м қарастырылады, және іргетас табаны жерасты сулар деңгейінен жоғары орналасу керек.

в) топырақтың маусымдық тоң тереңдігінің әсері.

Іргетас табанының салу тереңдігі топырақтың есептік тоң тереңдігін және жерасты сулар деңгейінің орналасу тереңдігін ескеріп кесте 3 сәйкес қабылдайды. Топырақтың маусымдық есептік тоң тереңдігін формула бойынша анықтайды

 

(7)

 

мұнда ғимараттың жылыту тәртібі әсерін ескеретін коэффициент, кесте 1 [20, 48 б.] бойынша қабылданады; топырақтың норматитік тоң тереңдігі 2.26 мен 2.27 нұсқаулары бойынша [20, 48 б.], [1, 92 б.] немесе [3, 104 б.] берілген сүлбелік карта бойынша анықталады, құмдар мен құмдақтар үшін карта бойынша табылған мәнді 1,2 коэффициентке көбейту керек.

 

Кесте 3 -Топырақтың аяздан ісіну шарты бойынша іргетастардың салу тереңдігі

мен орналасуы Іргетас табаны астындағы топырақтар салыстыру бойынша орналасуы
әрбір орналасуы Тасты, ірі сынған, қиыршық тасты, ірі және ірілігі орташа құмдар байланысты емес
Ұсақ, шаңды құмдар және сазды топырақтар (құмдақтар, саздақтар мен саздар). көрсеткішіне тәуелді емес.
ұсақ пен шаңды құмдар байланысты емес
саздақтар мен саздар
саздақтар мен саздар

 

Бағананы қатты бекіту шартынан іргетас биіктігі.Бағананың іргетаста бекітілу шартынан оның ең аз биіктігі анықталады:

 

мм, (8)

 

мұнда стақанның тереңдігі, мм; 200 мм – құралымдық талаптар бойынша іргетаста стақан түбінің ең аз қалындығы.

Стақанның тереңдігі келесі шарттардан анықталады:

а) бағананы іргетас стақанында қатты бекіту;

б) бағананың көлдеңен тартылған жұмыс арматурасын анкерлеу.

Іргетас стақанында бағананы бекіту мәні кернеу күйіне, бағананың көлдеңен қимасының түрі мен өлшемдеріне байланысты. Көлдеңен қимасы тік төртбұрышты бағаналар үшін бекіту мәні қабылданады:

 

(9)

 

мұнда іргетас жиегі деңгейінде бағананың көлдеңен қимасының биіктігі.

Егер бағана екі тараулы болса, онда бекітудің мәні тең қабылданады:

- м болса, ;

- м болса, ; (10)

- м болса, м.

 

Екітарауды бағананың созылған тарауын бекіту тереңдігін біртұтастау бетонның түйісу жазықтығы бойынша тексеру қажет:

а) стақанның қабырғасын бетонмен формула бойынша

 

; (11)

 

б) бағана тарауы бетонмен- формула бойынша

 

, (12)

 

мұнда мен түйісу жазықтығы бойынша біртұтастау бетонның бетонмен ілінісу мәндері, [15, кесте 4] бойынша қабылданады; мен бағана тарауының өлшемдері; бағана тарауын созатын күш.

 

Кесте 4. Түйісу жазықтығы бойынша біртұтастау бетонның бетонмен ілінісу мәндері

Дере Түйісу жазықтығы бойынша біртұтастау бетонның бетонмен ілінісу мәні
Стақан қабырғалары Бағана шыбықтары
ағаш
металл
Ескерту: мәні біртұтастау бетонға жатады.

 

Іргетас стақанына бағананы бекіту тереңдігін бағананың бойлық жұмыс арматурасын анкерлеу шартынан кесте 5 бойынша бетон мен арматура класына және арматура диаметріне байланысты қабылдайды.

 

Кесте 5. Іргетаста бағананың жұмыс арматурасын бекіту мәндері

Арматура класы Бағананың көлдеңен қимасы Бағананың бетоны класында іргетаста бағананың жұмыс арматурасын бекіту мәндері
В15 В20 және оданда жоғары
тартылған сығылған тартылған сығылған
А-II Төртбұрышты 25d1 15d1 20d1 10d1
Екітараулы 30d1 15d1 25d1 10d1
A-III Төртбұрышты 30d1 18d1 25d1 15d1
Екітараулы 35d1 18d1 30d1 15d1

 

Бағананың бекіту мәніне байланысты стақанның тереңдігі формула бойынша анықталады

. (13)

 

Жобалағанда іргетас биіктігінің екі есептелген мәнінен – топырақтың маусымдық тоң тереңдігі немесе бағананың іргетас стақанына қатты бекіту бойынша – үлкені қабылданады. Іргетас биіктігін анықтағаннан кейін стақан өлшемдері қабылданады. Стақанның көлдеңен өлшемдері бағананың көлдеңен өлшемдері мен стақан қабырғасының қалындығына байланысты:

 

, м; , м (14)

мұнда иілдіргіш момент әсерінің жазықтығына параллелды орналасқан стақан қабырғасының қалындығы; иілдіргіш момент әсерінің жазықтығына перпендикулярлы орналасқан стақан қабырғасының қалындығы.

Егер стақан қабырғасының қалындығы 200 мм және асса немесе асса ( ), стақан қабырғасы құралмдық талаптар бойынша арматураланады.

Осы талаптар орындалмаса, стақан қабырғасы есептік бойлық пен көлдеңен арматурамен арматураланады. Бұл жағдайда стақан қабырғасының қалындығы 150 мм және кесте 6 берілген мәндерден кем болмау керек,

 

Кесте 6. Стақан қабырғасының қалындығы

Күштер бағыты Стақан қабырғасының қалындығы
Тік төртбұрышты бағаналарда тік күш эксцентриситетімен Екітараулы
Иілдіргіш момент әсерінің жазықтығында
Иілдіргіш момент әсерінің жазықтығынан мм мм мм
Ескерту:

 

5.2 Іргетас табанының өлшемдерін анықтау

Табанның алдын ала өлшемдерін анықтағанда іргетас абсолютты қатты, ал оның табаны астындағы топырақтың тойтарыс қысымы – сызықты заң бойынша таралған болып қабылданады.

Іргетас табаны астындағы орташа қысым топырақтың шартты есептік кедергісінен аспауды сақтап, табанның ауданын формула бойынша таңдайды

, (15)

мұнда сенімділік коэффициентінде, іргетас жиегінің деңгейінде бағанамен берілген тік күш; іргетасты салу тереңдігі; іргетас сатысында жатқан іргетас пен топырақтың меншікті салмағының орташа мәні (≈20 кН/м3 қабылданады).

Іргетас табанының өлшемдерін анықтайды:

-шаршы табанды іргетас үшін ;

-төртбұрышты табанды іргетас үшін ; .

мұнда іргетас табанының ені; іргетас табанының ұзындығы; .

Осыдан кейін [20] сәйкес формула бойынша топырақтың есептік кедергісі дәлденеді

, кПа, (16)

мұнда мен [20, кесте 3, 51 б.] немесе [3, п. 5.3] бойынша топырақтың атауы мен оның күйіне, сонымен бірге ғимараттың құралымдық ерекшелігіне байланысты қабылданатын жұмысты жасау жағдайының коэффициенті; егер топырақтың беріктік сипаттамалары тікелей сынаумен анықталса, тең, және [20, 1-3 кесте] қосымшамен ұсынылған бойынша қабылданса, тең қабылданатын коэффицент; , , топырақтың көтеретін қатпарының ішкі үйкеліс бұрышына байланысты [20, кесте 4] немесе [3, п.5.4] бойынша қабылданатын коэффициент; іргетас табанының ені; м болса тең, м болса (мұнда м) тең қабылданатын коэффициент; іргетас табанынан жоғары жататын топырақтардың меншікті салмағының орташаланған есептік мәні (жерасты сулар болса судың асатын әсерін ескеріп анықтайды), кН/м3 (тс/м3); іргетас табанынан төмен жататын топырақтардың меншікті салмағының орташаланған есептік мәні; тікелей іргетас табаны астында жататын топырақтардың меншікті ілінісуінің есептік мәні, кПа (тс/м2); тегістеу деңгейінен жертөлесіз ғимараттардың іргетасты салу тереңдігі немесе жертөле еденінен ішкі және сыртқы іргетастардың келтірілген салу тереңдігі (сурет 4), формула бойынша анықталады

 

Сурет 4. Іргетастың салу тереңдігін анықтау үшін сүлбе: а) жертөлесіз ғимаратқа; б) жертөлемен

 

, м (17)

 

мұнда жертөле жағынан іргетас табанынан жоғары жатқан топырақтардың қатпар қалындығы, м; жертөле едені құралымдарының қалындығы, м; 22÷24 кН/м3 (тс/м3); жертөле тереңдігі – тегістеу деңгейінен жертөле едені деңгейіне дейін ара қашықтық, м (ені 20 м және тереңдігі 2 м жоғары жертөлесі бар ғимараттар үшін 2 м, жертөле ені 20 м - 0 қабылданады).

Сосын шартты тексереді

, (18)

мұнда ; ; .

Егер теңсіздіктің (21) оң мен сол жақтары бір бірінен 5% ерекшеленсе, іргетас табанының өлшемдерін дәлдеу қажет. Дәлдеу келесі түрде жасалады. Алдымен (15) формула бойынша -ға ауыстырып, табан ауданының жаңа мәні есептеледі. Осыдан кейін іргетас табанының өлшемдері пен дәлденеді. (16) формула бойынша жаңа мәні есептеледі және солай шарты орындалғанша дейін.

Орталықтан тыс жүктелген іргетастар үшін және шарттары орындалуын тексеру қажет.

Есептеуден алынған табан өлшемдері үлкен жаққа қарай 0,3 м еселі жинақталады. Іргетас табанының ақырғы өлшемдері негіздікті деформация бойынша есептеуден кейін орнатылады.

 

5.3 Іргетастың ықтимал шөгуін есептеу

Таяз орналастырымды іргетастың шөгуін элементарлық қосындысы әдісімен іске асады және 2 қосымшаға [20] сәйкес жүреді. Операциялар тізбегі келесі түрде болады:

1. Бірдей масштабта ені бойынша іргетас кескіні берілген геологиялық кескін сызылады.

2. Іргетас табаны астындағы топырақ сілемі тең тереңдікке қалындығы тең элементарлық қатпарларға бөлінеді

3. Іргетас OZ өсінен сол жақта табиғи қысымның эпюрасы тұрғызылады:

, кПа; (19)

мұнда мен ИГЭ қатпарының қалындығы мен меншікті салмағы.

Жерасты сулары деңгейінен төмен, бірақ су өтпейтін қатпардан жоғары жатқан топырақтардың меншікті салмағы судың асатын әсерін ескеріп қабылдану керек:

 

, кН/м3, (20)

 

мұнда тапсырма бойынша қабылданатын топырақ бөлшегінің меншікті салмағы, кН/м3; судың меншікті салмағы, кН/м3; тапсырма бойынша қабылданатын қуыстық коэффициенті.

Су өтпейтін қатпарда анықтағанда қаралатын тереңдіктен жоғары орналасқан су діңгегінің қысымын ескеру қажет [20, п.5]

4. Іргетас өсінен оң жағында қосымша қысымның эпюрасы тұрғызылады; әрбір элементарлық қатпарда кернеу нақты , мұнда , мұнда қосымша қысым; іргетас табаны бойынша орташа қысым, орталықтан тыс жүктемеде ; іргетас табаны деңгейінде табиғи кернеу; және ара қатынастарына байланысты, кесте 1 бойынша [20, қосымша 2] анықталатын сәйкес элементарлық қатпарлар үшін кернеудің таралу коэффициенті, мұнда пен іргетастың жоспарда өлшемдері; іргетас табанынан элементарлық қатпардың тереңдігі.

5.Бұрыштық нүктелер әдісі бойынша көршілес іргетастардан қосымша қысым есептеледі. болудың орны бар, мұнда көршілес іргетасқа жүктеме, кН; сығылған сілемнің төменгі шекті жазықтығында табиғи кернеу.

6. МПа болғанда , МПа болғанда шарттарынан белсенді аймақтың тереңдігі (сығылатын сілемнің төменгі шегі) анықталады.

Сығылатын сілемнің төменгі шегінің қалпын графика-талдау әдісімен анықтау жақсырақ. Ол үшін іргетас өсінің оң жағынан бес есе азайтылған, табиғи қысымның эпюрасын суреттейтін қосымша эпюра тұрғызылады. Қосымша табиғи қысым эпюрасы мен қосымша эпюраның қиылысу нүктесі сығылатын сілемнің төменгі шегінде жатады.

7.ҚНжЕ кестелері [20] бойыншажалпы деформация модулі есептеледі. Егер ол тапсырмада берілмесе, онда (21) және (22) формулалары бойынша анықталады:

а) компрессиялық сынау нәтижелері бойынша

 

, МПа (21)

 

б) штамппен далалық сынаудың нәтижелері бойынша

 

, МПа (22)

8. Формула бойынша әрбір элементарлық қатпар деңгейінде әрбір қатпарда кернеудің орташа мәнінен шөгу анықталады:

 

(23)

 

қайда элементарлық қабаттағы орташа қысым; іргетас табанын


Читайте також:

  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе
  4. КІРІСПЕ




Переглядів: 2589

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
ПРИЛОЖЕНИЯ | Жалпы ережелер

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.052 сек.