Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Жалпы ережелер

Ғимараттардың және үймереттердің қадалы іргетастарының есептеуін ұсынылған шарттарды қолданып [22, бб.2.25÷2.33], ростверк табанының салу тереңдігін анықтаудан бастау керек. Одан кейін топырақ эпюра бойынша ең ыңғайлы шартты есептік кедергісімен, сілемінің тереңдігі бойынша ИГЭ таңдау шартынан қада ұзындығы анықталады (сурет 16).

Бірінші жуықтау бойынша қада ұшын ростверк астындағы ИГЭ мәні ең үлкен топырақ сілемінде орналастырады. Қада ұшын анкерлеу:

-ірі сынған, қиыршық тасты, ірілігі орташа мен ірі құмды, ағу көрсеткіші сазды топырақтарға кемінде 0,5 м тереңдікке;

- басқа топырақтарға –кемінде 1 м тереңдікке еңгізу шартынан қабылданады.

Ростверкпен еркін бекітуде қада басы ростверкке см тереңдікке еңгізілу керек. Онда (сурет 16) ие болады: , м. мәні бойынша құрастырмалы темірбетон құралымдар каталогынан қада маркасын қабылдайды. Мысалы: м, С6-40 маркалы құрастырмалы темірбетон қаданы қабылдаймыз.

Призмалық аспалы қаданың немесе негіздік тереңдігі бойынша үйкеліс қаданың көтеру қабілетін анықтайды. Ол үшін кесте мәліметтерінде негізделген тәжірибелік әдісті қолданады [21].

 

, кН. (62)

 

Формулаға кіретін белгілер: топырақта қаданың жұмыс жасау жағдайын ескеретін коэффициент; , қаданы еңгізу тәсілін топырақтың есептік кедергісіне әсер етуін ескеретін, қаданың төменгі жағы және бүйірлі бетінің топырақта жұмыс жасау жағдайын коэффициенті (кесте 11.3 [21]); қаданың төменгі жағында есептік коэффициенті, кПа, кесте 11.1 [21] бойынша қабылданады; қаданың көлдеңен қимасының ауданы, м2; қаданың көлдеңен қимасының периметрі, м; қаданың бүйірлі беті бойынша негіздік топырағының -қатпарының есептік кедергісі, кПа, кесте 11.2 [21] бойынша қабылданады; қаданың бүйірлі бетімен беттесетін топырақтың -қатпарының қалындығы, м.

Әрі қарай формула бойынша қадаға рұқсат берілген жүктеме есептеледі

 

, кН, (63)

 

Сурет 16. Ростверктің салу тереңдігін тағайындау үшін және қада ұзындығын анықтау үшін сүлбе

 

мұнда сенімділік коэффициенті (егер көтеру қабілеті есептеумен немесе топырақтың серпімді деформацияларын ескермей динамикалық сынақтар нәтижелері бойынша анықталса ; егер эталондық қадамен топырақтарды далалық сынақтары нәтижелері бойынша немесе статикалық зондтау зондымен табылса, топырақтың серпімді деформацияларын ескеріп, динамикалық сынақтар нәтижелері бойынша анықталса ; егер статикалық жүктемемен далалық сынақтары нәтижелері бойынша анықталса ).

Рұқсат берілген жүктеменің мәні бойынша қадалар саны формула бойынша анықталады,

, дана. (64)

Нәтиже қаданың тұтас санына дейін жинақталады. Мысалы: 1500 кН, 430 кН, онда дана, қабылданады.

Діңгекті ростверктер үшін қаданың ұтымды саны 3-тен 5-ке дейін болу керек. Қадалардың таспалы ростверктің астында ұтымды орналасуы бір, екі немесе үш қатарда болу мүмкін.

Қада санын анықтағаннан кейін оларды жоспарда орналастыру мен роствекті құрастыру мәселесін шешу қажет.

 

8.2 Ростверктің өлшемдерін анықтау

Ростверктің өлшемі мен үлгісі жобаланған ғимараттың жерүсті құралымына, қадалы іргетасты жүктеу шартына, ростверк астына қадалардың саны мен жоспарда орналасуына байланысты.

Қадалы іргетастар келесі түрде болу мүмкін:

1) бөлек құралымдар астына жеке қада-қабық және тіреу;

2) сызықты бір (сурет 17,а), екі және одан көп қатарда (сурет 17,б) және шахматты (сурет 17,в) орналасқан ғимараттар мен үймереттер қабырғасының астына ростверк таспасы

 

 
Сурет 17. қадалардың орналасуы: а) сызықты бір қатарда; б) сызықты екі қатарда; в) шахматты

Таспалы ростверк астына қадалар міндетті түрде қабырғалар бұрышына, қиылысқан жерлерде, жанасқан жерлерде еңгізілу керек. Ростверксіз панелді ғимараттарда әрбір панель астына кемінде екі қаданы орнатады.

3) баған, діңгек пен жеке құралымдар астына шаршы, төртбұрышты, трапеция тәрізді және басқа үлгіде бұталарды (сурет 18) орнатады.

 

Сурет 18. Жоспарда діңгекті ростверк астында қадалардың орналасуы: d-шаршы қада қабырғасының өлшемі немесе дөңгелек қаданың диаметрі

 

Ростверк астында бес қада орналасса, олардың өстері арасындағы ара қашықтықты кесте 8 бойынша тағайындау керек.

 

Кесте 8. Қадалар арасындағы ара қашықтық

Қада қимасының өлшемі, мм Қадалар өсі арасындағы ара қашықтық, мм
а А b B
300x300
350x350
400x400

 

Ростверктің қадамен қосылуы еркін және қатты болу мүмкін. Еркін қосылғанда қада «басы» ростверкке см (сурет 19,а) кіреді. Ондай қосылуды орталық жүктелген қадалар үшін іске асырады.

Қатты қосуда қаданың бас жағын сындырады және арматура ашылады. Сосын бетонды немесе темірбетонды ростверкке біртұтасталады (сурет 19,б). Қаданың сынбаған бөлігін тереңдікке см ростверкке кіргізеді. Арматураның немесе қада басын еңгізу мәнін есептеумен тағайындайды.

Қаданы ростверкпен қатты бекітуді келесі жағдайларда орындайды:

-ростверк әлсіз топырақта орналасса;

-сығатын күш қадалы іргетасқа эксцентриситетпен түссе;

-қадаға көлдеңен күштер әсер етсе;

-іргетаста құлама немесе құрама қадалар болса;

-қадалар тартып шығару күшке жұмыс жасаса.

Аспалы қадалар арасындағы ара қашықтықты тағайындайды, мұнда дөңгелек қаданың диаметрі немесе шарты қада жағының өлшемі. Өстер арасындағы ең аз ара қашықтық – кемінде .

 

Сурет 19. Қада басын ростверкке бекіту: а) еркін қосуда; б) қатты қосуда; 1-темірбетонды қадалар; 2-бетонды немесе темірбетонды ростверктер; 3-қаданың бойлық арматурасы; 4-ростверктің тақта бөлігінің арматурасы; 5-бетонды дайындау

 

Қаданы ростверкке еркін бекітуде ростверк шетінен тік жүктелген қаданың сыртқы жағына дейін ара қашықтықтар қабылданады:

-бір қатарлы орналастыруда см;

-екі мен үшқатарлы орналастыруда см;

-қатар саны көп орналасуда см. Қаданы ростверкке қатты бекітуде бұл ара қашықтықтар қаданы ростверкке еңгізуін есептеумен дәлденеді.

Құралымдық шарттар бойынша ростверктің тақта бөлігі м тең, бірақ 0,3 м кем емес болу керек, мұнда ростверкке қаданы еңгізу мәні, м.

 

8.3 Қадаға түскен есептік қысымды тексеру

Қада іргетасының жоспарында қадаларды орналастырғаннан кейін қадаға есептік қысымды тексеру орындалады. Қадалы іргетастың ортасында теңәсерлі күштен әрбір қадаға берілген күш тең (сурет 20):

Сурет 20. Элементарлық қосындысы әдісімен қадалы іргетастың абсолютты шөгуін есептеуге сүлбе

, (65)

мұнда .

Теңәсерлі күш орталықтан тыс түссе, немесе іргетастың қандай болсын жазықтығында әсер ететін моменттерде, қадаларда оның күшін орталықтан тыс сығылу формуласы бойынша анықтайды:

немесе , (66)

мұнда қадалар саны; ростверк табаны деңгейінде, қадалар жоспарының ауырлық орталығынан қадалы іргетасқа әсер ететін күштер моменті; күші анықталатын қадалы іргетас жоспарының ауырлық орталығынан қада өсіне дейін ара қашықтық; қадалы іргетас жоспарының ауырлық орталығынан әрбір қаданың өсіне дейін ара қашықтық.

Есептеудің келесі сатысы шартты іргетастың табаны астында негіздік топырағының есептік кедергісін анықтау болады. Ол үшін алдымен алынған қаданың ұзындығы деңгейінде ішкі үйкелістің орташаланған бұрышы есептеледі. Егер қада саны 4 (сурет 20) тең болса,

 

, град. (67)

 

Үйкеліс күштер есебінен қаданың ұзына бойында топырақты жұмысқа тарту бұрышы анықталады

, град. (68)

 

Шартты іргетастың ені мен ұзындығы есептеледі

 

, м. (69)

 

Шартты іргетас табанының ауданын формула бойынша анықтайды

 

, м2. (70)

 

Шартты іргетастың табаны астындағы орташа қысым формула бойынша анықталады

 

, кПа. (71)

 

Шартты іргетастың табаны астындағы шеткі қысымдар формула бойынша анықталады

, кПа. (72)

мұнда ростверк жиегіне жүктеме, кН; ростверк салмағы, кН; шартты іргетас абвг көлемінде (сурет 20) топырақ сілемінің салмағы, кН; қада салмағы, кН

 

Шартты іргетас табаны астындағы топырақтың есептік кедергісі анықталады

, кПа, (73)

Шарт орындалу керек

. (74)

 

8.4 Діңгекті қадалы іргетастың шөгуін есептеу

Діңгекті қадалы іргетастың шөгуін формула бойынша есептеу қатпарлық қосындысы әдісімен жүргізеді

 

, см. (75)

 

Шарт орындалу керек

 

(76)

 

мұнда қосымша 4 [20] бойынша қабылданатын нормативті абсолютты шөгу.

Топырақ сілемін элементарлы учаскеге бөлудің адымы мәнін тағайындаймыз . Сілемнің тереңдігі бойынша шартты іргетастың табаны астында тік қосымша кернеулердің таралуын есептеу келесі түрде кесте үлгісінде (кесте 9) жүргізеді.

 

Кесте 9. Тік қосымша кернеулердің таралуы

ИГЭ № Топырақтың атауы және оның күйі Қатпардың қалындығы hi, м Элементарлық қатпардың адымы zi, м Элементарлық қатпардың салыстырмалы салу тереңдігі ξ=2zi/bf Тарау коэффициенті, αi σzp,i=αipy.f кПа Деформация модулі Шөгу, см

 

8.5 Таспалы қадалы іргетастың шөгуін есептеу

Қадалары бір- және екіқатарлы (қадалар арасындағы ара қашықтық ) орналасқан таспалы қадалы іргетастың шөгуін формула бойынша анықтайды (сурет 21):

 

, м (см), (77)

 

мұнда мен [20] талаптарына сәйкес таспалы қадалы іргетастар үшін анықталатын биіктігі тең сығылатын қатпар ВС шегінде топырақтың деформация модулі (кПа) мен Пуассон коэффициентінің мәні; Пуассон коэффициентіне, іргетастың еніне байланысты номограмма [21, қосымша 3] бойынша қабылданатын коэффициент; жоғары жақтан–тегістеу DL бетімен аб, бүйірлерінен–қаданың шеткі қатарларының сыртқы қыры бойынша өтетін аг мен бв тік жазықтықтарымен, төменнен–қаданың төменгі ұшы арқылы өтетін гв жазықтығымен шектелген қадамен топырақ сілемі түрінде іргетас салмағын ескеріп, қадалы іргетасқа түсетін қума жүктеме формула бойынша анықталады,

 

кН/м, (78)

 

мұнда жүктеме бойынша сенімділік коэффициенті тең таспалы ростверкке түсетін қума жүктеме, шекті күйдің екінші тобы бойынша есептегенде жүктеме жинау бойынша немесе курстық жұмысқа тапсырма бойынша қабылданады; темірбетонды ростверк қума учаскесінің меншікті салмағы, кН, формула бойынша анықталады

 

, (79)

мұнда ростверктің қума учаскесінде бетон көлемі, м3; темірбетонды ростверктің меншікті салмағы, курстық жұмыс үшін 25 кН/м3 тең қабылданады;

ростверк астында қадалар саны, дана;

қаданың меншікті салмағы, кН, каталог бойынша қабылданады;

орташа меншікті салмағымен шектелген, соның ішінде судың асатын әсерін ескеріп, көлемінде топырақтың меншікті салмағы формула бойынша анықталады

 

, (80)

 

Сурет 21. Шөгуді есептеуге сүлбе

мұнда ростверк астындағы қаданың бетон көлемі, м3.

Деформация модулін құмды мен шаңды-сазды топырақтар үшін [24, қосымша 1, кесте 1,3] бойынша анықталады. Пуассон коэффициенті ірі сынған топырақтар үшін ; құмдар мен құмдақтар үшін ; саздақтар үшін ; саздар үшін тең қабылданады.

коэффициентінің мәні номограмма бойынша келесі түрде анықталады. Номограммада сығылған қатпардың келтірілген тереңдігінің ( сығылған қатпардың тереңдігі) есептелген мәніне сәйкес нүкте арқылы абсцисс өсіне параллелды, іргетастың келтірілген енінің ( қадалардың шеткі қатарының сыртқы қырлары бойынша қабылданатын іргетас ені, қаданы еңгізу тереңдігі) сызығымен қиылысқанға дейін түзу жүргізіледі және топырақтың Пуассон коэффициентіне сәйкес сызыққа дейін перпендикуляр түсіріледі. Қиылысқан нүктеден коэффициент мәндері берілген ординат өсімен қиылысқанға дейін, абсцисс өсіне параллелды сызық жүргізіледі.

 

8.6 Қаданы еңгізу үшін балғаны таңдау

Қаданы еңгізу үшін балғаны таңдау келесі тізбекте жүреді:

1. Соққының ең аз қуаты кДж. Қада массасы -0,93 т. Кесте VI.6 [16] құбырлы сумен салқындатылатын, соққы бөлігі 1,25 м және соққы қуаты 33 кДж, С-995 маркалы дизель-балғаны таңдаймыз.

2. Дизель-балғаның жарамдылығын тексереміз. Келесі шарт орындалу керек:

 

; (81)

 

мұнда кН-балғаның толық салмағы; кН-қада басы мен қамыт салмағы; кДж–балға соққысының есептік қуаты; -балғаның жарамдылық коэффициенті (VI.5 [16]).

Онда кН, демек, балға жарамды.

3. Бақылау қабылдамауын есептейміз:

 

м, (82)

 

 

мұнда кН/м2 (кДж) – кесте 10 [20, 64 б.] бойынша қабылданатын коэффициент; м2 – қада қимасының ауданы; балға массасы; т=10,5 кН; қайта өрлеу коэффициенті, кН-қаданың көтеру қабілеті.

Сонымен, см>2 см, демек, балға дұрыс таңдалды.

 

8.7 Кірпіш және ірі блокты қабырғалар астына темір бетонды қадалы іргетастардың таспалы ростверктерін есептеу

Бір немесе екі қатарда орналасқан, темірбетонды қадаларға тірелетін кірпіш және ірі блокты ғимараттардың қабырғасы астындағы ростверктерді пайдалану жүктемесіне және құрылыс кезінде пайда болатын жүктемеге есептейді.

Ростверкті пайдалану жүктемеге есептеуді формула бойынша анықтайды, және үлкен ординатасы (кН/м) қада өсі үстінде орналасып, жүктеме үшбұрыш түрінде таралу шартынан жүргізеді

, (83)

 

мұнда қатар немесе қатарлар сызығы бойынша қадалар өстері арасындағы ара қашықтық, м; ростверк асты деңгейінде ғимараттан біркелкі таралған жүктеме, кН/м; жүктеме эпюрасының жартылай негізінің ұзындығы және формула бойынша анықталады

 

, м; (84)

 

мұнда ростверк бетонының серпімді модулі, кН/см2; ростверк қимасының екпін моменті, см4; ростверк үстіндегі қабырғаның серпімді модулі, кН/см2; ростверкке тірелетін қабырғаның ені (цоколь ені), м.

Қада қырында жүктеме эпюрасының ең үлкен ординатасы (кН/м) формула бойынша анықталады

 

, (85)

 

мен мәндері формула (1) бірдей; 1,05 тең қабылданатын есептік ұзындық, м; мұнда тұрғысында қадалар арасындағы ара қашықтық, м.

 

Кесте 10-Әр түрлі жүктеме сүлбелері үшін есептік иілдіргіш моменттер

р/б нөмірі Қолдану саласы Қолдану сүлбесі момент тіректе Момент ортасында

 

Әр түрлі жүктемелер сүлбелері үшін иілдіргіш моменттер мен кесте 10 берілген формулалары бойынша анықталады. Ростверктің қада қырында пайда болатын тік кесетін күш (кН) формула бойынша анықталады

, (86)

Құрылыс кезінде пайда болатын жүктемеге ростверкті бойлық бағытында есептеу ростверктегі есептік күштер-тіреу мен бойлық моменттер (кН·м)- шартынан шығады деп есептеліп, формула бойынша анықталады

 

; ; , (87)

 

мұнда биіктігі , бірақ блоктардың бір қатарынан биіктігінен кем емес жүктеме бойынша сенімділік коэффициенттен анықталатын жаңа салынған қабырғаның салмағы.

Қадалар екі қатарлы орналасқанда ростверкті көлдеңен бағытында есептеу екі тіреуде орналасқан бір бойлық арқалық ретінде есептеледі. Ойықтар болған жағдайда, қалау биіктігі ростверк бетінен ойықтың төменгі жағына дейін кем болмаса, қабырға салмағын темірбетонды арқалыққа дейін ескеру керек, ал тасты арқалықта –ойықтың жоғарғы белгісінен енінен асатын белгіге дейін қабырға салмағын ескеру керек.

Қада үстіндегі қабырғаның немесе цокольдің беріктігін ұйпалақтауға тексеруді ҚНжЕ [23] сәйкес жүргізеді.

 

8.8 Ғимараттар мен үймереттер бағаналарының астындағы қадалы іргетастардың темірбетонды тақталы ростверктердің беріктігін есептеу

Бағаналар астындағы қадалы іргетастардың темірбетонды тақталы ростверктердің есептеу беріктігі бойынша жүргізеді, ал ростверкке ыза сулары әсер ету мүмкіндігі жағдайында – жарықтары ашылуы бойынша.

Ростверктерді беріктігі бойынша есептеуін жүргізеді:

- бағана басып сындыруына ростверктің беріктігін;

-бұрыш қадамен ростверктің төмен тақтасы тесілуін;

-құлама қималарда көлдеңен күшке;

-ростверктің иілуін;

-бағана астын жергілікті үйпалақталуын.

Құрастырмалы темірбетон бағана астына арналған ростверкті есептегенде роствекр стақанының беріктігін тексеру қажет.

Ростверктің бағанамен және бұрыш қадамен оның төменгі тақтасын басып сыныуын есептеу келесі шарттарда жүргізу керек (сурет 22):

а) ростверк бағанамен басып сынуы бүйірлі жақтары бағананың сыртқы қырынан ең жақын қадалар қырына дейін өтетін басып сындыру пирамидасы бойынша, ал қадалар көпқатарлы орналасуында, осыдан басқа –екі немесе барлық төрт бүйірлі жақтары 45˚ бұрышымен құлаған басып сындыру пирамидасының беті бойынша жүреді деп саналады;

б) басып сындыру пирамидасының өлшемдерін анықтағанда бағана ростверкпен беттесуі стақанды болған жағдайда ростверктің жұмыс биіктігі төменгі жұмыс арматуралық тордан стақан түбіне дейін және біртұтас немесе болат бағана ростверкке тірелген жағдайда төменгі жұмыс арматуралық тордан ростверктің бетіне дейін ара қашықтыққа тең қабылданады;

 

Сурет 22. Бағана басып сындыруына ростверкті есептеу сүлбесі

 

в) ростверк орталық жүктелген жағдайда есептік басып сындырушы күшті басып сындыру пирамидасының төменгі негіздігінен тыс орналасқан барлық қадалардың тойтарыс күштерінің жиынына тең қабылданады, және бұл жағдайда қадалардың тойтарыс күштерін ростверк тек жиегі бойынша бағана қимасында әсер ететін әдеттегі күштен алады. Орталықтан тыс жүктелген ростверк жағдайында басып сындыратын күштің мәні тең қабылданады, мұнда бағана өсінің бір жағында, басып сындыру аймағында орналасқан қадалар тойтарысын алып тастағанда, бағана өсінің аталған жағында ростверктің ең көп жүктелген бөлігінде орналасқан қадалардың тойтарыс күштері жиыны.

Құрастырмалы бағана ростверкпен стақандық беттескенде және эксцентриситеті ( бағана қимасының биіктігі) болғанда момент мәнін асырмай қабылдап, мәнін анықтауға рұқсат; және де ростверк биіктігі бағананың периметрі бойынша басып сындыруына есептеуден анықталады. Толық моментте және, осыдан басқа, осыған сәйкес тойтарыс күшіне ростверк биіктігін стақанның сыртқы периметрі бойынша басып сыныуына тексеру қажет.

г) құрастырмалы ростверктің жұмыс биіктігі осы биіктіктегі тұтас ростверктер ретінде қабылданады.

Жалпы стақанға ие құрастырмалы екі шыбықты бағаналар үшін ростверктің басып сыныуына есептеу тұтас тіктөртбұрышты қималы бағана ретінде орындалады. Ростверктің төменгі тақтасын бұрыштық қадамен басып сыныуына есептеу келесі жағдайда жүру керек (сурет 23):

а) басып сындыру пирамидасының екі бүйірлі жұмыс беттері сатылы ростверкте қаданың ішкі қырлар жазықтығынан сатының ең жақын қырынан өтеді деп саналады;

б) басып сындыру пирамидасының пішінін анықтағанда ростверктің жұмыс биіктігі ростверктің төменгі сатысының биіктігіне тең қабылданады;

Сурет 23. Бұрыштық қадамен ростверктің төменгі тақтасын басылып сынуына есептеу сүлбесі

 

в) басып сындырушы күш жергілікті жүктеменің әсерін қоса (мысалы, қабырғадан), екі бағытта моменттерді ескеріп, бұрыштық қадаға түскен есептік жүктемеге тең қабылданады.

 

8.9 Жергілікті үйпалақталуына ростверктің беріктігін есептеу

Темірбетон бағана астында ростверктің беріктігінжергілікті үйпалақталуынаберіктігін есептеу (сурет 24):

 

Сурет 24. Ростверктің беріктігін бағана басып сындыруына есептеуге сүлбе

 

,(88)

ростверк жиегі деңгейінде бағанамен берілетін әдеддегі есептік күш; бетонның класына байланысты өстік сығылуына есептік кедергісі және В15 класына =8,5 МПа, В25 класына =14,5 МПа, В30 класына =17 МПа, бағана қимасының ауданы, м2.

8.10 Бағана басып сындыруына ростверктің беріктігін есептеу

Ростверктің беріктігін бағана басып сындыруына есептеу басып сындыру пирамидасы пайда болу мүмкіндігінен жүреді. Және де бағананың сыртқы қырынан қаданың ішкі қырына дейін өтетін пирамида жақтары қаралады (сурет 24).

Орталық жүктелген ростверкте

 

, (89)

 

мұнда басып сындыру пирамидасының төменгі негізінен тыс жатқан барлық қадалардың реакциялары жиынтығына тең есептік сындыратын күш, кН; , негізде бағананың көлдеңен қима өлшемдері; , бағана қыры жазықтығынан оған ең жақын орналасқан параллелді қада қыры арқылы өтетін жазықтыққа дейін ара қашықтық; ростверк қимасының жұмыс биіктігі; бетонның тартылуға есептік кедергісі; , формулалар бойынша анықталатын өлшемсіз коэффициенттер:

, , (90)

онда және .

Егер және болса, онда қабылдап, есептейді және 5,24 тең алынады, ал 2,13 қабылданады.

 

8.11 Бұрыш қадамен тесілуіне ростверктің беріктігін есептеу

Егер қада жоспарда бағана астының қырынан шықса, бұрыш қадамен тесуіне ростверктің беріктігін есептеу қажет:

, (91)

мұнда қадаға әсер ететін моменттерді ескеріп оған ең жүктелген бұрыштық есептік жүктеме; , бұрыштық қаданың ішкі қырынан тақтаның сыртқы қырына дейін ара қашықтық; , қаданың ішкі қырынан ростверк стақанының жақын қырына дейін немесе сатылы ростверкте ең жақын сатының қырына дейін ара қашықтық; қаданың жоғарынан ростверктің төменгі сатысына дейін биіктік; , кесте 32 [6] бойынша қабылданатын өлшемсіз коэффициенттер, мәнінде қабылданады, ал - .

 

8.12 Иілуге ростверктің беріктігін есептеу

Иілуге ростверктің беріктігін есептеу тартылатын арматураны таңдаудан тұрады (сурет 25).

Жұмыс арматурасының қима ауданы формула бойынша анықталады

 

, (92)

мұнда немесе ,

мұнда қаданың өсінен қаралатын қимаға дейін ара қашықтық; қаданың тойтару күші (ростверкке түсетін есептік жүктеме мен жергілікті есептік жүктеме, мысалы, қабырғадан); қаралатын қимада жергілікті жүктеме әсерінен иілдіретін момент; і-қимасында ростверктің жұмыс биіктігі; тартылуға арматураның есептік кедергісі.

 

Сурет 25. Ростверктің арматуралауын есептеуге сүлбе

 

Ростверктің стақанын беріктікке есептеу.Ростверктің стақанын беріктікке есептеу көлдеңен және ұзына бойы арматураның ауданын есептеуге саяды (сурет 25). Көлдеңен және ұзына бойы арматураның қажетті ауданын осы әдістемелік нұсқаудың 5.4 пунктінде берілген бағаналы іргетастар үшін әдістеме бойынша есептейді. Ростверктің стақанын арматуралау 5.10 пункттің талаптарына сәйкес орындалады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Берлинов М.В. Основания и фундаменты. -М.: Высшая школа, 1999.-319 б.

2. Берлинов М.В., Ягупов Б.А. Примеры расчета оснований и фундаментов. М.: Стройиздат, 1990.-304 б.

3. Веселов В.А. Проектирование оснований и фундаментов: (основы теории и примеры расчета): Учебное пособие для вузов.-3-е изд. перераб. и доп.-М.: Стройиздат, 1990.-304 б.

4. Далматов Б.И., Бронин В.Н., Карлов В.Д. и др. Механика грунтов. Ч.1. Основы геотехники в строительстве. -М.: АСВ, 2000.-204 б.

5. Далматов Б.И., Бронин В.Н., Карлов В.Д. и др. Основания и фундаменты. Ч.2. Основы геотехники в строительстве. -М.: АСВ, 2002.-392 б.

6. Ухов С.Б., Семенов В.В., Знаменский В.В. и др. Механика грунтов, основания и фундаменты.- М.: Высшая школа, 2002.-566 б.

7. ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 Құрылыстық климатология.-Астана, 2002.- 19 б.

8. ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 Құрылыс жылу техникасы.-Астана, 2002.-27 б.

9. Межгосударственный стандарт ГОСТ25100-95 Грунты. Классификация.-М.: ГУП ЦПП, 1997-34 б.

10. Основания и фундаменты. Справочник строителя. М.: Стройиздат, 1983.-367 б.

11. Основания, фундаменты подземные сооружения. Справочник проектировщика. М.: Стройиздат, 1985.-480 б.

12. Пособие по проектированию железобетонных ростверков свайных фундаментов под колонны зданий и сооружений. М.: Стройиздат, 1985.-52 б.

13. Пособие по проектированию оснований зданий и сооружений. М.: Стройиздат, 1986.-415 б.

14. Пособие по проектированию бетонных и железобетонных конструкций из тяжелого бетона без предварительного напряжения арматуры. М.: Стройиздат, 1984.-

15. Пособие проектировщика фундаментов на естественном основании под колонны зданий и сооружений. М.: ЦИТП Госстроя СССР, 1989.-112 б.

16. Руководство по проектированию свайных фудаментов.-М.: Стройиздат, 1980.-150 б.

17. ҚР ҚН 3.02-36-2006. Ғимараттар мен үймереттердің жерасты бөлігін судан қорғауды жобалау. –Астана, 2007.-

18. ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 «Құрылыстық климатология».-Астана, 2002.-113 б.

19. ҚР ҚНEN 1991-2007/2011 «Көтеру құралымдарына әсерлер».-Астана, 2012.-76 б.

20. ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 «Ғимараттар мен үймереттер негіздіктері».-Астана, 2002.-81 б.

21. ҚР ҚНжЕ «Қадалы іргетастар».-Астана, 2002.-84 б.

22. ҚР ҚНжЕ 5.03-34-2005 «Бетон және темірбетон құралымдар. Негізгі ережелер». Астана, 2005 -20 c.

23. ҚР ҚНжЕ 5.02-02-2010 «Тас және шегенделген тас құралымдары». Алматы. 2011 -69 б.

 

 


Читайте також:

  1. Жалпы ережелер
  2. Жалпы ережелер
  3. Жоспарлаудьщ жалпы принциптері
  4. Микропрепараттарды дайындау ережелері.




Переглядів: 1436

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Жалпы ережелер | Зразок.

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.031 сек.