Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Контакти
 


Тлумачний словник
Авто
Автоматизація
Архітектура
Астрономія
Аудит
Біологія
Будівництво
Бухгалтерія
Винахідництво
Виробництво
Військова справа
Генетика
Географія
Геологія
Господарство
Держава
Дім
Екологія
Економетрика
Економіка
Електроніка
Журналістика та ЗМІ
Зв'язок
Іноземні мови
Інформатика
Історія
Комп'ютери
Креслення
Кулінарія
Культура
Лексикологія
Література
Логіка
Маркетинг
Математика
Машинобудування
Медицина
Менеджмент
Метали і Зварювання
Механіка
Мистецтво
Музика
Населення
Освіта
Охорона безпеки життя
Охорона Праці
Педагогіка
Політика
Право
Програмування
Промисловість
Психологія
Радіо
Регилия
Соціологія
Спорт
Стандартизація
Технології
Торгівля
Туризм
Фізика
Фізіологія
Філософія
Фінанси
Хімія
Юриспунденкция






Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 4 страница

Маккиндердің геосаяси тұжырымдамасының негізгі қағидалары мыналар болды:

1) Физикалық география саяси процестерге тікелей ықпал етеді;

2) Әрбір мемлекеттің саяси қуаты оның географиялық орнына байланысты болады;

3) Технологиялардың дамуы күштердің саяси арасалмағын өзгертеді, өйткені технология табиғи ортаны өзгертеді;

4) Жердің құрлықтық орталығы саяси процестерге стратегиялық тұрғыда ықпал етеді (мысалы, Ресей, Қытайдың ықпалы);

5) ХХ ғасырда әлем тұйық жүйеге айналды

Америкалық тарихшы, офицер Альфред Тайер Мэхен (1840-1914) теңіздік мемлекеттердің басымдылығы туралы тұжырымдама ұсынды. Ол мемлекеттің геосаяси мәртебесін талдап, бағалау үшін 6 критерий ұсынды:

- Мемлекеттің географиялық орнын теңізге шығу-шықпауына қарай бағалау. Құрлықтық шекаралардың ұзындғы, стратегиялық жағынан маңызды аймақтарды бақылау жасау мүмкіндігі, өзінің теңіз флотының болуы.

- Мемлекеттің «физикалық кескіні», яғни жағалау пішіні мен портарының орналасуы. Бұл сауданың дамуына ықпал етіп, стратегиялық қорғанысқа себеп болады.

- Аумақтың үлкендігі. Ол жағалау сызығының ұзындығына байланысты анықталады.

- Халықтың саны. Бұл мемлекеттің кеме жасау қабілеті мен оларға қызмет көрсетуін айқындайды.

- Ұлттық мінез-құлық. Халықтың саудаға икемділігін анықтайды.

- Басқарудың саяси сипаты. Бұл ең үздік табиғи және адами ресурстарды теңіздік қуатты жасауға жұмылдырады.

ХХ ғасырдың соңына қарай, Гарвард университетінің профессоры Сэмюэль Хантингтон «өркениеттер тұжырымдамасы» деп аталатын жаңа ғылыми концепция ұсынды. Ол бұл концепциясын алғаш рет 1993 жылы ғылыми журналдағы мақаласында баяндап, 1996 жылы «Столкновение цивилизаций» деген кітабында талдап берді. Ғалым ХХІ ғасырда әлемдегі қақтығыстардың себептері идеология немесе экономика болмайтынын, негізгі қақтығыс әртүрлі өркениет өкілдері арасында басталатынын атап көрсетті. Яғни жаңа дүниеде өркениеттердің соқтығысы әлемдік саясаттағы ең басты факторға айналады. Оған себепші факторларды Хантингтон бөліп көрсетті:

Біріншіден, өркениеттер арасындағы айырмашылықтар өте үлкен. Олар тарихы, тілі, мәдениеті, дәстүрлері, діні жөнінен бір-біріне ұқсамайды.

Екіншіден,әлем неғұрлым тар бола бастады. Әртүрлі өркениеттердің өкілдері арасындағы өзара әрекеттесуі күшейіп келеді. Экономикалық байланыстар маңызды болғанымен, мәдениеттің әркелкілігі қақтығысқа алып келеді. Мысалы, АҚШ Канада инвестициясына қарағанда, Жапония инвестициясына күмәнмен қарайды.

Үшіншіден,әлем бойынша экономикалық даму мен әлеуметтік өзгерістердің болуы адамдардың туған жеріне байланысты дәстүрлі сәйкестігін жойып барады, осы жағдайда ұлттық мемлекеттердің ролі төмендейді. Осы жағдайда оның орнын дін басады. Көбінесе бұл фундаментализм түрінде көрініс табады.

Төртіншіден,Батыстың ролінің екіжақты болуы өркениеттік өзін-өзі тануға алып келеді. Бір жағынан, Батыс өзінің қуатында тұрғанымен, екінші жағынан батыстық емес өркениеттер өздерінің түп-тамырына қайта оралуда. Осы жағдайда Батыс материалдық және адами ресурстары жеткілікті батыстық емес өркениеттердің дүниені батыстандырмау саясатына тап келіп отыр. Бұрын бұл өркениеттердегі ақсүйектердің басым көпшілігі батыстық білім мен тәрбие алса, қазіргі кезде бұл өзгерген. Мысалы, Кеңестік дәуірде ұлттық республикаларда орыс тілінде білім алғандар билікте басымдылық көрсетсе, қазіргі кезде керісінше жағдай қалыптасқан.

Бесіншіден,мәдени ерекшеліктер мен айырмашылықтар экономика және саясатқа қарағанда аз өзгереді, сондықтан оларды шешу күрделі болады. Мысалы, бұрынғы Кеңес одағында өмір сүрген кедейлер байларға айнала алды, бірақ орыстар эстонға немесе тәжік грузинге айналған жоқ.

Алтыншыдан,қазіргі дүниеде экономикалық аймақтану күшейіп барады. Бұл көбінесе өркениеттердің ортақтығы немесе ұқсастықтарына негізделеді.

Қазіргі әлемдегі саяси проблемаларды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлі.Алғашқы халықаралық ұйымдар ХІХ ғасырда пайда болды: 1815 жылы «Рейндегі кеме қатынасы жөніндегі Орталық комиссия», 1865 жылы Дүниежүзілік телеграф одағы, 1874 жылы жалпыға ортақ пошта одағы құрылды. Алғашқы халықаралық ұйымдар экономикалық, көліктік қатынастар негізінде қалыптасты. ХХ ғасырда өнеркәсіп пен транспорттың қарқынды дамуы, сауда байланыстарының артуы, қызметтер мен ақпарат алмасу қажеттілігі бұл процестерді халықаралық деңгейде реттеуді қажет етті.

Саяси бағыттағы халықаралық ұйым ретінде 1919 жылы Ұлттар Лигасы құрылды. Оның басты мақсаты жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмас үшін ұжымдық қауіпсіздікті сақтау болатын. Бірақ оның құрамына әлемдік тәртәпті қайта қарағысы келетін Германия мен КСРО еніп кетті, АҚШ өзінің саяси «ойындарын» жалғастыра берді. Сол себепті Ұлттар Лигасы әскери-саяси тұрғыда қауқарсыз ұйымға айналды, оның тәртіп бұзғандарға қарсы санкциялары қарастырылмаған еді. 1946 жылы таратылған бұл ұйым БҰҰ құру үшін негіз болған, саясаткерлер «ұлы эксперимент» деп атаған ұйым болды.

ХХ ғасырда БҰҰ аса маңызды халықаралық күшке айналды. Оның Жарғысында халықаралық бейбітшілікті сақтауға қажетті ықпал ету тетіктері қарастырылды. Сондықтан БҰҰ соңғы онжылдықтарда көптеген саяси жанжалдарды реттеуге қатысты.

Қазіргі кезде халықаралық ұйымдар саны артты, олар халықаралық экономикалық, саяси жүйені басқарудың айрықша үлгісіне айналды. Олар шекарааралық саяси процестердің құқықтық-заңнамалық шеңберін айқындап, мемлекеттердің мүдделерін қорғайтын халықаралық құқық субъектілеріне айналған. Соңғы үш онжылдықта халықаралық саясатта да жаһандану жүріп жатыр. Бұл әртүрлі қауіптің (экологиялық, көші-қон, қару-жарақ тарату, қылмыстық ұйымдар, нашақорлық және т.б.) халықаралық сипат алуымен байланысты.

Қазіргі кезде саяси қақтығыстар «Батыс-Шығыс» қарым-қатынастарында емес, «Солтүстік-Оңтүстік» бағытында дамуда. Сол себепті саяси жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу «көп жақты дипломатия» арқылы шешілуде.

Халықаралық ұйымдардың жұмысында жіберілетін қателіктер:

- өте күрделі жүйелерге ықпал ету әрекеті, халықаралық деңгейде алуан түрлі мүдделер мен күштер араласқан жанжалдарды шешу әрқашан өте қиын;

- халықаралық ұйымның жедел шешімі мемлекеттердің өз бетімен ұзақ мерзімді келіссөздер жасауына бөгет болуы, БҰҰ бірнеше рет бейбітшілікті сақтау операцияларын сәтсіз өткізді;

- халықаралық ұйымдардың кейбір әрекеттері жанжалды одан әрі үдетуі, 1948 жылы БҰҰ Кашмир штатының өз тағыдырын шешу құқығын айғақтайтын шешімі Үндістан-Пәкстан арасындағы жанжалды жалғастырды.

Әлемдегі геосаяси жағдайлардың өзгерістері.Қазіргі кезде әскери қақтығыстар алаңы болып отырған аймақтарға ең алдымен Африка, Азия жатады. Солтүстік Африкада үкіметке қарсы әртүрлі қозғалыстардың әрекеттері саяси жағдайды тұрақсыз етіп отыр. Алжирде Ислам құтқару майданы, Суданда оңтүстік бөліктегі тұрғындардың үкіметке қарсы әрекеттері, Сомалиде мемлекеттің бірнеше бөліктерге бөліну қаупін туғызатын ұзаққа созылған азамат соғысы жүріп жатыр. 2011 жылдың басында араб әлемін (Египет, Тунис, Ливия, Бахрейн және т.б.) қамтыған оппозициялық қозғалыс кей халықаралық деңгейде алаңдаушылық тудырды. Жалпы алғанда, ХХ ғ 60-жылдарынан бері әскери қақтығыстар әсерінен Африка жерінде 10 млн астам адам құрбан болды, халықаралық жағдай ушығып, бірнеше рет БҰҰ ұйымы араласуға мәжбүр болды.

Оңтүстік-батыс Азиядағы араб-израиль жанжалы 50 жылдан астам жалғасып келеді. 1993 ж Израиль мен Палестинаны азат ету ұйымы арасында басталған тікелей келіссөздер аймақта бейбітшілік орнатуға жол салған болатын. Дегенмен, бұл жанжалды бейбіт жағдайда толық шешілді деуге әлі ертерек. Екі жақтан да қарулы қақтығыстарға себепші болатын оқиғалар болып тұрады. 2003 ж бастап, АҚШ бастамасымен Иракта «демократия орнату» процесі жүргізіліп, С.Хусейн бастаған билік өкілдері халықаралық сот шешімімен жазаланды, бірақ елдегі жағдайды тұрақты деуге болмайды. Аймақтағы жедел дамып келе жатқан мемлекеттің бірі Иранның ядролық қаруға ие болғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасауы күштердің арасалмағына айтарлықтай ықпал етті.

Әлемнің алпауыт елдерінің бірі саналатын Үндістанда да ішкі саяси жағдай тұрақты емес. Үкімет ұзақ жылдар бойы Ассам мен Кашмир штатында жергілікті күштермен күрес жүргізуде, Джамму, Кашмир штаттары үшін Пәкстанмен шекаралық жағдай да тұрақсыз болып тұр.

Оңтүстік-Шығыс Азияда әскери қақтығыстар Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада орын алған. Кей жағдайда бүлікшілдердің әрекетінен жергілікті тұрғын халық қана емес, осы аймаққа келетін туристер де зардап шегеді.

Сонымен, ХХІ ғасырдың басында халықаралық аренадағы саяси күштердің арасалмағы едәуір өзгеріске түсті. Бұл өзгерістерге төмендегі жағдайлар себепші болды.

Біріншіден, ұзақ уақыт бойы қатарында онша үлкен өзгерістер бола қоймаған әлемдік көшбасшылар тобына социалистік даму жолындағы Қытай енді. Қытайдың экономикалық қуатының артуы оның саяси «салмағын» да арттырды.

Екіншіден, АҚШ әлемдік деңгейде саяси және әскери үстемдігін орнатуда. Әлемнің ең қуатты мемлекеті жаңа ғасырда аса маңызды мемлекеттік мүддесі ретінде жаңа ықпал аймақтарын таңдап алуда.

Үшіншіден, тәуелсіздігін алғаннан кейінгі мерзімде саяси бағдарында, экономикалық және әлеуметтік дамуында келеңсіз оқиғалар орын алған Ресей Федерациясы соңғы жылдары әскери, экономикалық қуатын арттыру арқылы әлемдік деңгейдегі қуатты держава мәртебесін қайтарып алды.

Төртіншіден, Еуропа елдерінің басым көпшілігін қамтыған Еуропалық Одақ шеңберінде оған мүше мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси ынтымақтастығы жан-жақты дамып келеді. Әлемдік дағдарыс ықпалынан кейбір еуропалық елдерде (Грекия, Италия) орын алған экономикалық проблемаларды бірігіп шешуде ЕО елдері әлемдік қауымдастыққа үлгі болуда.

Бесіншіден, 60 жылдан астам тарихы бар, дүние жүзіндегі елеулі әскери-саяси күш болып отырған НАТО блогының Шығысқа қарай кеңеюі әлемдік саясаттың басқа алпауыт күштерінің геосаяси позицияларына кері әсер етті.

Алтыншыдан, терроризмге қарсы күрестің күшеюі, бұл әсіресе 2001 ж 11 қыркүйек оқиғаларынан кейін, Ресейдегі ірі лаңкестік әрекеттерден соң аса маңызды халықаралық деңгейдегі мәселеге айналды.

Жетіншіден, Солтүстік Африкада, Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдерінде саяси, әлеуметтік жағдайдың ушығуы нәтижесінде осы аумақтарда халықаралық деңгейдегі саяси күштердің бетпе-бет келу қаупі сақталуда.

Қазақстанның қазіргі геосаяси және экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері.Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде, Еуропа мен Азияның, Батыс пен Шығыстың, халықаралық құрлық жолдарының тоғысында орналасқан. Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты Қазақстан халықаралық аренада көпвекторлық саясат ұстанады. Оның мәні алыс және жақын шетелдермен өзара ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастарды орнатып, дамыту болып табылады. Қазақстанның халықаралық қатынастардағы орны мен ролі оның географиялық, геосаяси және геоэкономикалық орны мен мүмкіндіктеріне қарай анықталады.

- Қазақстан Ресей, Қытай және Орта Азиядағы ислам елдерінің тоғысында, яғни үш геосаяси күштің аралығында орналасқан. Осы себепті Қазақстанның ұрымтал географиялық орны оның дамуына ықпал ететін фактордың бірі болып отыр.

- Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірден-бір ел: 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Президенті Семей ядролық полигонының жабылуы жөнінде Жарлыққа қол қойды, ал 1995 жылы мамырда ядролық қару түгелімен еліміз аумағынан шығарылды.

- Қазақстан минералдық шикізаттың стратегиялық маңызы бар түрлеріне бай. Бұл фактор алдыңғы қатарлы елдердің Қазақстанмен экономикалық байланыс орнатуға мүдделі болуына себепші болады.

- Қазақстан – әлемдегі жетекші астық өндіретін елдің бірі. Әлемде азық-түлік дағдарысы орын алып отырған кезде басты азық-түлік түрін өндіруші ретінде еліміздің маңызы артады.

- Қазақстанда 70-тен астам шет елдердің елшіліктері мен консулдықтары бар, ал Қазақстан 100-ден астам елде өзінің дипломатиялық өкілдерін ұстайды.

 

 

Дәріс №7

Геокикілжіңдер туралы ілім негіздері (2 сағат)

Геокикілжіңдер туралы ілім – білім аясы ретінде.Адамзат қоғамының тарихында алуан түрлі кикілжіңдер орын алды, олардың арасында әсіресе саяси кикілжіңдердің орны ерекше. Қазіргі заманғы саяси кикілжіңдер әртүрлі аумақтық иерархиялық деңгейлерде (ошақты сипаттан халықаралық деңгейге дейін) түрліше географиялық, экономикалық, әлеуметтік, тарихи факторлардың кешенді ықпал етуінен қалыптасады. Кез келген кеңістіктік құбылыс тәрізді, кикілжіңдерді де георафия ғылымдары тұрғысында зерттеуге болады. Қазіргі заманғы географияда әртүрлі кеңістіктік құбылыстарды сан алуан факторлардың жиынтығын пайдаланып, зерттеудің мол тәжірибесі жинақталған. Сонымен қатар, география ғылымы кикілжіңге себепші болған факторлардың барлығына қатысты ақпарат жинақтап, оларға талдау жасау мүмкіндігіне ие.

Қазіргі заманғы географияда кикілжіңдер мен олардың түпкі себептерін, кеңістіктік заңдылықтарын зерттейтін жаңа білім аясы – геокикілжіңдер туралы ілім қалыптаса бастады. Бұл сала саяси кикілжіңдердің пайда болуына, дамуы мен салдарларына себепші болатын географиялық, саяси және басқа да өзара әрекеттесетін факторларды бірлікте алып қарастырып, саяси кикілжіңдерді ерекше кеңістіктік-уақыттық құбылыс ретінде зерттеумен айналысады.

Жаңа қалыптасып жатқан ғылым саласы ретінде геокикілжіңдер туралы ілім интегралды геокеңістіктегі саяси кикілжіңдердің шығу тегі мен сипатына ықпал ету мүмкіндігі бар алғышарттар мен факторларды іздестіреді.

Интегралды геокеңістік физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси кеңістіктерден тұрады. Олардың бір-бірімен «қабаттасуы» геокеңістіктің одан әрі жіктелуіне ықпал етеді: қоғамның әлеуметтік жіктелуі, халықтың ұлттық және діни құрамы, өмір салты мен өмір сүру деңгейінің әркелкілігі, саяси мәдениет деңгейі және т.б. бұл жағдайлардың қолайсыз үйлесуі жағдайында (мысалы, мемлекеттік немесе мемлекетішілік шекаралардың этностық шекаралармен сәйкес келмеуі және т.б.) кикілжің уақыт өткен сайын тереңдеп, қарулы қақтығыс сипат алуы мүмкін. Геокикілжіңдер туралы ілімнің мақсаты – осы тәрізді қолайсыз үйлесімдерді анықтап, басқа ғылым салаларымен бірге кикілжіңдердің алдын алу мен шешу жолдарын іздестіру.

Сонымен, кикілжіңдердің пайда болуына көптеген факторлар ықпал етеді. Географиялық білім саласы ретінде кикілжіңдер туралы ілім үшін кеңістік деңгейлерде әрекет ететін факторлар мен алғышарттарды зерттеудің маңызы аса зор. Қазіргі замандағы кикілжіңдер ғаламдық факторлармен (отарлық жүйенің күйреуі, әлемнің көпполюсті даму тенденциялары, жаһандану және т.б.) қатар, аймақтық (мемлекетаралық аймақтық одақтардың пайда болуы және олардың мүдделерінің өзара қайшылықтары, аймақтық одақтардың ықпал етуі) және жергілікті (аумақтың тарихи-мәдени даму ерекшеліктері) факторлардың аса күрделі өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Оларды талдау белгілі бір саяси шешімдерді қабылдауға, саяси кикілжіңнің үдеп кетуіне, қарулы қақтығыстың орын алуына себепші болған жағдайларды түсінуге көмектеседі.

Кикілжіңдерді шығу тегіне қарай шамамен былайша топтастыруға болады ( - сурет).

 

- сурет. Кикілжіңдерді топтастыру

Қазіргі заманғы қақтығысты жағдайларды сипаттау үшін саяси географияда көбінесе екі түрлі ұстанымды басшылыққа алады: біріншісі – әлемдік дамудың қазіргі кезеңінде өркениеттердің қақтығысы міндетті түрде болады деп есептейтін Хантингтонның пессимистік көзқарасы, екіншісі – батыстық либерализм құндылықтары негізінде біртұтас дүниежүзілік шаруашылықтың, бүкіләлемдік өркениеттің қалыптасуы арқылы әлемдік жүйенің тұтасуы болады деп есептейтін Фукуяма болжамы.

Әлемдік дамудың конфронтациялық үлгісі деп атауға болатын алғашқы көзқарас бойынша, кикілжіңдер мен қақтығыстар барған сайын үлкен ауқымды қамтиды. Бірақ мұны тұтас өркениеттер қақтығысынан гөрі, жекелеген аймақтық өркениеттердің мәдени айырмашылықтары мен дамудың әркелкілігінен келіп туындайтын кикілжіңдер деуге болады. Мысалы, мұсылман әлеміндегі радикалдық күштер, халықаралық деңгейдегі лаңкестік ұйымдар, жекелеген аймақтардағы заңсыз қару-жарақ, асыл тастар және есірткі саудасын қолдаушылар, «антиглобалистер» деп атайтын топтар және т.б. ұйымдастыратын кикілжіңдер.

Қазіргі дүниеде белгілі бір топтардың өздерінің саяси мақсаттарына лаңкестік әрекеттер арқылы қол жеткізуге ұмтылуы орын алуда. Бұл бұрыннан бар құбылыс болғанымен, қазіргі ауқымы халықаралық деңгейге жетіп отыр. Ол қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерге қауіп төндіру, қоршаған орта мен адам өміріне жаппай қастандық жасау тәрізді әрекеттерге айналуда. Қазіргі технологиялық даму жағдайында және арнайы қаржыландыру көздерінің болуының арқасында халықаралық лаңкестік ұйымдар жекелеген аймақтар ауқымында емес, қуатты мемлекеттердің қауіпсіздігіне де нұқсан келтіре алады. Лаңкестіктің ерекшелігі ретінде оның кикілжің тікелей пайда болған аумақтан басқа жерлерде де жүзеге асырылу мүмкіндігін атауға болады. Сонымен, лаңкестіктің себептері мен оның алдын алуды зерттеу кикілжіңдер туралы ілімнің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

География ғылымдары тұрғысынан зерттеуге болатын тағы бір құбылыстың бірі – ақпараттық қақтығыстар («ақпараттық соғыстар»). Қазіргі дүниеде ақпарат құралдары мен телекоммуникацияның дамуы нәтижесінде жекелеген компаниялар ғана емес, бүкіл бір мемлекеттер осы құбылыстан зардап шегуде. Мемлекеттік деңгейде «ақпараттық қауіпсіздік» мәселесін шешуге үлкен мән берілуде. Мысалы, мемлекеттер мен ұйымдардың аса маңызды құпия ақпаратына ақпараттық жүйелерге «шабуыл» жасау арқылы қол жеткізу және т.б. кең тараған құбылыстарға айналды.

Ақпараттық «соғыстың» екінші бір түрі бір мемлекеттің қарсылас мемлекет жөнінде жалған ақпаратты кеңінен тарату арқылы әлем қауымдастығы мен жекелеген елдердің тұрғындарында шындыққа жанаспайтын теріс көзқарас қалыптастыру, адамдар санасына жанжалдарды тек әскери жолмен ғана шешу туралы жалған пікірді енгізу болып табылады. Қазіргі заманғы қуатты елдердің кез келген әскери акциялары аса қуатты ақпараттық дайындықтан соң басталады. Мысалы, көпұлтты әскери күштердің 1991 жылғы 17 қаңтар мен 24 ақпан аралығында Парсы шығанағында жүргізген «Шөлдегі дауыл» операциясы, НАТО-ның 1999 жылдың 24 наурызы мен 10 маусымы аралығында Югославия Одақтас Республикасында жүргізген «Одақ күші» операциясы. АҚШ Иракқа қарсы әскери-соғыс қимылдарын бастамас бұрын, 2002-2003 жылдары С.Хусейннің халықаралық қауымдастық үшін үлкен қатер төндіретіні жайлы ақпарат таратумен айналысқан болатын.

Кикілжіңдердің туындауына жанама түрде ықпал ететін фактор ретінде экономикалық теңсіздікті атауға болады. Бұл фактор тікелей ықпал етпесе де, оның негізінде жекелеген адамдардың топтары арасындағы қайшылықтардан бастап, бүкіл бір аймақтарды қамтитын қақтығыстар туындауы мүмкін. Тарихи кезеңдерде экономикалық теңсіздік революциялық үгіттерге себепші болып, белгілі бір әлеуметтік топтарды саяси мақсатта пайдаланудың құралына айналған. Экономикалық теңсіздік бірнеше полюстердің диспропорциясынан көрінеді:

- Бай «Солтүстік» пен кедей «Оңтүстік»;

- Бай «Орталық» пен кедей «Периферия»;

- Даму үстіндегі «Қала» мен артта қалған «Ауыл» және т.б.

Қайыршылық адамдардың мүмкіндіктерін шектеу арқылы олардың материалдық жағына ғана әсер етпейді, жалпы алғанда өмірдің барлық қырынан көрінетін айрықша кедейшілік субмәдениетін қалыптастырады.

Демографиялық факторлар да қарама-қайшылықтарды ұлғайтады. Араб елдерінде, әсіресе Солтүстік Африкада халық санының қарқынды өсуі көршілес орналасқан Батыс Еуропаға қоныс аударушылар санын ұлғайтуда. Бұл өз кезегінде аталған елдердің жергілікті тұрғындарында қарсылықтарды тудырады және ішкі қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Мысалы, 2005 жылы Париж маңындағы аудандарда тұратын иммигранттар ұйымдастырған жаппай қирату әрекеттерінен соң, Франция парламенті «Таңдамалы иммиграция туралы» заң қабылдап, елге қоныс аударатындар үшін талаптарды күшейтті.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 1056

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 3 страница | Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 5 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.011 сек.