Студопедия
Контакти
 


Тлумачний словник

Реклама: Настойка восковой моли




Авто | Автоматизація | Архітектура | Астрономія | Аудит | Біологія | Будівництво | Бухгалтерія | Винахідництво | Виробництво | Військова справа | Генетика | Географія | Геологія | Господарство | Держава | Дім | Екологія | Економетрика | Економіка | Електроніка | Журналістика та ЗМІ | Зв'язок | Іноземні мови | Інформатика | Історія | Комп'ютери | Креслення | Кулінарія | Культура | Лексикологія | Література | Логіка | Маркетинг | Математика | Машинобудування | Медицина | Менеджмент | Метали і Зварювання | Механіка | Мистецтво | Музика | Населення | Освіта | Охорона безпеки життя | Охорона Праці | Педагогіка | Політика | Право | Програмування | Промисловість | Психологія | Радіо | Регилия | Соціологія | Спорт | Стандартизація | Технології | Торгівля | Туризм | Фізика | Фізіологія | Філософія | Фінанси | Хімія | Юриспунденкция

Кіріспе

Загрузка...

Файзрахманова Альбина Нурхатовна - бригадир

Бикбова Миляуша Минахтамовна
Гареева Лейсан Марселевна
Гафиятова Сария Якубовна
Ермолаева Анастасия Александровна
Кашапова Айсылу Разифовна
Мухаметшина Альбина Камилевна
Прохорова Любовь Григорьевна
Сафиуллина Александра Дмитриевна
Файзрахманова Альбина Нурхатовна
Хаматова Лейсан Разифовна
Шамаилова Гульшат Фуатовна
Шарапова Эльвина Ильдаровна

 

Профиль Маркетинг

 

Группа МР435/1

 

№п/п Фамилия Имя Отчество Шифр договора Номер договора
Алиева Диана Рашитовна Мз(МР)-дис-2014-
Большевская Элина Станиславовна Мз(П)-дис-2014-
Жукова Анастасия Евгеньевна Мз(МР)-дис-2014-
Калентьева Анастасия Алексеевна Мз(МР)-дис-2014-
Королев Денис Александрович Мз(МР)-дис-2014-
Кочина Екатерина Михайловна Мз(МР)-дис-2014-
Лебедев Олег Федорович Мз(МР)-дис-2014-
Мамонтова Вероника Сергеевна Мз(МР)-дис-2014-
Тябина Алеся Дмитриевна Мз(МР)-дис-2014-

 

Группа МР 405/1

Фамилия, имя, отчество Шифр договора Номер договора
Калужских Мария Николаевна Мз(МР)-дис-2014-
Красильников Михаил Евгеньевич Мз(МР)-дис-2014-

 

Группа МР434/1

 

№п/п Фамилия Имя Отчество Шифр договора Номер договора
Ильина Мария Николаевна Мз(МР)-дис-2014-
Казаров Денис Олегович Мз(МР)-дис-2014-
Новоторов Роман Андреевич Мз(МР)-дис-2014-
Расторгуев Даниил Андреевич Мз(МР)-дис-2014-
Сидоров Александр Александрович Мз(МР)-дис-2014-
Сладкова Татьяна Викторовна Мз(МР)-дис-2014-
Чиркова Вероника Сергеевна Мз(МР)-дис-2014-
Шаханова Татьяна Сергеевна Мз(МР)-дис-2014-

 



Интернет реклама УБС

 

Кіріспе

Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдыстыру формасы деп анықтауға болады.

Нарық дегеніміз не? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық құрылымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған қоғамда нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ алыс-беріс жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен жинап және тауарларды почта арқылы жібере алады. Нарық — қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындары үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т. б. кіреді. Осыған сәйкес, қазіргі нарықтық экономика нарықтардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, валюталық нарық және басқалары. Алайда қандай нарық болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.

Әрбір экономикалық жүйе негізгі үш сұрақты шешу қажеттігіне ұшырайды: He өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар негізінде нарықтың көмегімен шешіледі (баға, сұраныс пен ұсыныс және бәсеке механизмі арқылы).

Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, соңдықтан да олар шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайтуға тырысады. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олардың бір-біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.

Бәсеке нарық механизмінің қажетті элементі, бірақ бәсекенің сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизм еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді. Жетілген бәсеке кезінде сатушылар мен сатып алушылардың ешқайсысы да нарықтық бағаға әсер ете алмайды, Егер дұрысын айтсақ, жетілген бәсеке таза күйінде ешқашанда және еш жерде болған емес. Оны тек ғылыми абстракция ретінде қарау керек, соған қарамай, нарықтық механизмнің қызмет істеуінің негізгі принциптерін түсіну үшін талдау қажет. Сондықтан да біз осы жұмыста Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне орай пайда болған бәсекелестіктің мәнін, оның формалары мен түрлерін қарастыруды таңдап алдық.

 

1. Бәсеке мәні

 

Нарықтық жүйе бәсекелестік сияқты қасиетімен сипатталады. Бәсекелестік латын тілінен аударғанда «қарама - қарсы кездесу» деген мағынаны беріп, экономикалық агенттер арасындағы өнімді өндіру және өткізудің ең ұтымды жағдайлары үшін болатын күресті білдіреді. Бәсекелестік өндірушіні ғылыми - техникалық жетістіктерді енгізуге, еңбек өнімділігін көтеруге, технология мен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіруге және т.с.с. итермелей отырып, өндіріс қарқыны мен көлемінің реттеушісі рөлін атқарады. Бәсекелестіктің артықшылығы оның шектелген ресурстар бөлінісін жарысушылардың экономикалық аргументтеріне тәуелді етіп қоятынында көрініс табады. Бесекелестік күресте игіліктерді (экономикалық ресурстарды, өнімді) салыстырмалы жоғары сапада немесе салыстырмалы төмен бағамен ұсына отырып қана жеңуге болады. Сондықтан бәсекелестіктің рөлі оның сапалы және тепе-теңдік бағамен салыстыратын игіліктердің жеткілікті көлеміндегі өндірісіне кепілдік беретін нарықтағы белгілі бір тәртіптің белгіленуіне әрекеттесетіндігінде көрініс табады.

Нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін таңдау: өндіруші үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі, тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп алады.

Бәсеке - бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.

Тауардың бәсекелік нарығында сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық баға калай орнайтынын байқайық.

Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керісінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.

Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, нарыққа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек, осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті нарықтағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер нарықтық жағдайды сатушылар немесе ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар нарықта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.

Басқаша айтқаңда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады.

Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі нарықта тепе-теңдік орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы нарықтағы жекелеген тепе-теңдік. Нарықтағы бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі.

Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе-теңдік бағасының құрылу механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін нарықтық механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін нарықтық механизмнің қарапайым қызмет етуін жалпы тепе-теңдікке жетудің аса манызды шарт екенін сипаттайды. Экономикалық еркіндік деңгейі біріншіден, кәсіпкерлік еркіндігі, екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден, ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік нарыққа өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де жалпы да тепе-тендікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

2. Бәсекенің түрлері

 

Бәсеке - нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі (біртектес тауарлар арасында) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында) бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.

Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады.

Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.

Нарықтық қатынастар қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп бөлінеді.

Жеке фирмалардың өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым аз болса, солғұрлым нарық бәсекелік деп саналады.

Жетілген бәсеке (еркін бәсеке рыногі) дегеніміз нарықта бір-біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері мен құқықтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады.

Жетілген бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.

Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға болады. Еркін бәсеке деп XIX ғасырдың ортасында болған бәсекені шартты түрде айтуға болады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТП-ң әсерінен өндірісті шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың, яғни монополияның құрылуына әкеп соқты.

Монополия жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол нарықта үстем орын алған кезде пайда болады.

Монополияның мақсаты - нарықта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.

Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және мынадай ұйымдық формалары бар:

Картель - шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы келісім квотасы (саны).

Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.

Трест - монополияға енетін фирмалардың меншік өндіріс және өнімді өткізуге байланысты бірігуін айқындайды. Концерн - қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.

Конгломерат - басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке рыногы) сипатта дамытады.

Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарықты атайды.

Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия.

Монополиялық бәсеке кезінде нарықта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар. Дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист - фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі нарықтық бағаны шектелген түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.

Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін нарық (грек. оlіgоz -аздаған, роlіо - сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі - баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады. Ол нарықта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырды, яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.

Таза монополия нарықта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда нарықта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын).

Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасынен ерекшелінеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.

Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті қабылданады.

Антимонополиялық заңдар 1880 ж. АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылайды.

Қазақстанда 1996 ж. «Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық қызметті шектеу» туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды.

 

3. Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның экономикадағы орны

 

Қазіргі таңда барынша монополияланған нарықтарға ірі көлемде капитал салуды қажет ететін салалар жатады. Бұл нарыққа әуе тасымалдаулары, телевизиялық бағдарламаларды эфир арқылы трансляциялау, ұлттық спутник байланысы т.б. жатады.

2001 жылы 19 қаңтарда «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заң қабылданды. Ол еркін бәсекені дамытуға, кәсіпкерлікті өркендетуге, тауар нарығының тиімді әрекет етуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ монополиялық қызметті шектеуге, алдын алуға және реттеуге бағытталды. Мұнда монополияға қарсы реттеу жүйесінің әрекет ету механизміне елеулі мән берілді.

Бәсекенің ел экономикасының қаншалықты дамығандығын көрсететін факторлардың бірі екендігі белгілі. Алайда кез келген бәсеке мемлекет тарапынан қорғалуға және қолдау көрсетілуіге тиіс. Бұл ретте әділ бәсекелестікті дамытудың маңызы ерекше. Дегенмен теріс бәсекелестік белгілері де ұшырасып қалып жатады.

Осы жағымсыз құбылысты реттеу үшін Қазақстан Республкасында 1998 жылы 9 маусымда «Теріс бәсеке туралы» заң қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республиксының Конституциясына сүйенеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларынан тұрады. Теріс мақсаттағы бәсекеге ықпал етудің тиімділігнін арттыру үшін 2000 жылы 15 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының теріс бәсеке туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, оның нормалары теріс мақсаттағы бәсекеге айыппұл салу санкцияларын көздейді. Осы аталған номативтік актілердің бәрі де Қазақстанда бәсекені қалыптастыруға және оны бұдан әрі дамытуға жағдай жасауға бағытталғанын байқамау мүмкін емес.

Қазақстан экономикасы бәсеке пайда болған күннен бастап бірқатар проблемаларға душар бола бастады. Атап айтқанда, отандық кәсіпкерлер және олардың Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қарсы әріптестері теріс мақсаттағы бәсіекеге ұшырасып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстанда мұндай жағымсыз құбылыстың алдын алуға бағытталған нормативтік база жасалғанымен әлі де қарқынды жұмыс істей алмай жатыр.

Ел Президентінің жыл сайынғы халыққа дәстүрлі Жолдауларында нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып табылатын бәсекені дамыту жөнінде қадап айтылады. Бәсекені дамытудың негізі шағын және орта бизнесті, жеке кәсіпкерлікті өркендету болып табылады. 1992 жылдардан бастап елімізде кәсіпкерлікке жол ашуға және қолдау көрсетуге байланысты нормативтік құқықтық база жасауға басты назар аударылып, оны мемлекет тарапынан қолдауға нақты шаралар қолға алынып келеді. 1997 жылы 19 маусымда «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданып, онда шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жол ашты.

2000 жылы шағын бизнес өкілдері 532,6 млрд. теңге сомада өнім шығарып, қызметтер көрсетті. 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 388,2 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, бұл көрсеткіш 2004 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 512 мыңға жетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік саласына берген кредиттерінің көлемі 2000 жылы 63,6 млрд. теңгені құраса, бұл көрсеткіш жыл өткен сайын ұлғайып келеді.

Қазақстанда бәсекелестікті дамыту үшін мынадай басымдықтар бөліп көрсетілуде:

экономикасының ашықтығын күшейте беру;

-индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;

- ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

- инфрақұрылымды дамыту.

Үкiмет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекоммуникацияларды, электрэнергетиканы және темiр жолды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек.

Бұл салалар бәсеке үшiн айқын әрi ашық болуға тиiс, ал халық болса, көрсетiлетiн қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенiн сезiнуге тиiс. Бұл хақында жоспарлар бар, тек соларды батыл орындау керек.

Жекелеген учаскелердiң өзiнде бәсекенi шектеумен келiсуге болмайды. Өсудiң жоғары қарқыны мен бәсекеге қабiлеттiлiк көбiнесе экономиканы бюрократиясыздандыруға байланысты.

Президент Үкiметке бұл жөнiнде тапсырмаларды 2003 қазан айында Кәсiпкерлердiң форумында берді, ендi 2004 жылдың күзінде оның орындалуы тексерiлетiн болады.

Бұл жерде Қазақстанда бизнесшiлердiң жұмысы үшiн жағдайдың жақсарып келе жатқанын, тым жақсы болып кете қоймаса да, онша жаман емес екенiн айтуға болады.

Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз.

Сондықтан да Қазақстанның Бүкiләлемдiк Сауда ұйымына кiруiн жеделдету аса маңызды мiндет болып табылады. Бұл тұста өзiмiздiң бүкiл саяси және дипломатиялық әлеуетiмiздi толығымен iске қосқанымыз абзал.

Қазақстандық бизнестiң қалыптасу процесi аяқталып келедi. Ол iшкi ғана емес, сондай-ақ сыртқы нарықтарда да күш сынасу үшiн "пiсiп-жетiлдi". Сонымен қатар биылғы Президент Жолдауының тақырыбы да осы Қазақстан мемлекетінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру турасында болды.

Ендiгi жерде ауыл шаруашылығында еңбек ететін шаруаларды да Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ әлемнiң нарықтарындағы бәсекелестiк күреске дайындау қажет.

Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында даму басымдықтарын айқындап алу өте маңызды. Үкiмет әлемдiк деңгейдегi сарапшыларды тартып, елiмiздiң нақтылы артықшылықтарына талдау жасау арқылы жылдың соңына дейiн нақты ұсыныстар тұжырымдауға тиiс.

Бiздiң iс жүзiнде барынша тиiмдiлiк беретiн үздiк халықаралық тәжiрибенi енгiзуiмiз мiндет.

Инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын дамыту үшiн Алатау кентiндегi Ақпараттық технологиялар паркiн iске қосып, Орал мен Степногор қалаларында технопарктер құруы мақсаты алға қойылып отыр.

Атап айтқанда, дизелді двигатель шығаратын Қостанайдағы дизелді зауыттың шығарылымдарын арттыру, “Азия-Авто” зауытынан “Нива” автомобилдерін құрастырудан “Шкода” автомобилін құрастыруға ауысу мәселесі де ойластырылуда.

Елдің сыртқа өнім шығару мүмкіндігіне индустрияның базалық салаларының одан әрі дамуы, әсіресе, металлургия мен металл өңдеу жағдай жасауы тиіс.

“Испат-Кармет” металды алюминий шығаратын құрышты үздіксіз құю жобасын, сондай-ақ, мұнайгаз секторы үшін құбырлар шығару жобасын іске асыруды жоспарлап отыр, “Қазақстан алюминийі” құны сегіз жүз миллион доллар шамасында болатын электролиз зауытын салу секілді үлкен жобаны жүзеге асыруға дайындалуда.

Химия және мұнай химиясы өнеркәсібін дамыту басым бағытқа ие болуы керек.

Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында жобалық құны миллиард доллардан асатын газ өңдеу зауытын салу құрылысын бастау қолға алынды.

Бұл жетістіктер индустриалдық бағдарламаны жүзеге асырудағы оның бірінші жылының қорытындыларының аздаған бөлшегі ғана.

Бұдан басқа, бізге инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін қажетті шараларды қолға алу керек. Біріншіден, туындап келе жатқан инновациялық бизнесті қолдау керек.

Жоғарыда аталып өткендей, алдымызда еліміздегі агробизнестің бәсекелестік жүйесін қалыптастыру міндетін шешу міндеті тұр.

Ол үшін заң актілерін, біріншіден, Жер, Су және Орман кодекстерін қалтқысыз түрде орындауды жүзеге асырған дұрыс.

Дәнді дақылдар нарығын жүйеге келтірудің мемлекеттік саясатының тиімділігін барынша көтеру керек.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өнімнің сапасын арттыруды жетілдіруге баса көңіл бөлінуі тиіс.

Аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығармаған абзал.

 

Қорытынды

 

Қазіргі таңда адамзаттың ойлау жүйесінде түбірлі өзгерістер жүріп жатыр. Өмірдің барлық саласын қарқынды екпінмен қамтыған бұл құбылыстан сырт қалу кез келген қоғамға сын. Бұл ретте әлемдік өркениеттің ұйытқысы болып саналатын жоғары білік пен білім кеңістігі үшін интеграциялану барысының бағыты мен бағдары көкейкесті мәселеге айналды. Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауының: "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" деп аталуының өзінде де үлкен мән жатыр. Ендеше бұл білім жүйесінің ұлттық саясат деңгейіне көтеріліп, мемлекеттік басқарудың маңызды тетігі мен кепілі ретінде барған сайын басымдылық таныта береді деуге негіз бар. Сондықтан да өркениетке ұмтылған және келешегінің көкжиегін кеңейткісі келген мемлекет ең алдымен осы интеграциялану жүйесіне зейін қойып, оның әр қозғалысын көзден таса қылмай қадағалап, озық дәстүрін талдап, таңдап барып өмірге енгізуі керектігі өзінен-өзі түсінікті.

Бәсекелестіктің бұлжымайтын заңы — күш жігеріңді аямай тер төгу, сөйтіп, өзінді өзгеге таныта білу. Өткен ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мұңы халықты ояту болса, бұл жаңа ғасырдың мақсаты әлемдік өркениет көшіне қосылу. Соңғысының талабы ауырлау болуы мүмкін. Арман мен үміт алда. Демек, өткенге алаңдау немесе ескірген жүйенің шырмауынан шыға алмау — ілгері басар қадамға кедергі ғана. Ертеңгі игіліктер үшін, әсіресе, бәсекелестіктің көрігі қызып тұрған бүгінгі таңда, жастарымыз ел мүддесін көздейтін алтын қалыпқа құйылып, өмірлік тәжірибелерде шыңдалуы керек. Біздің көксейтініміз де, көздейтініміз де сол - әлемдік білім кеңестігінің көкжиегіне қол жеткізіп қана қоймай, өз орнымызды дәл табу.

Атап айтқанда, ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып жүрген, жаңа технологияларды жасақтап және жүзеге асырып жатқан компанияларды қолдап отыру жөн.

Екіншіден, инвестиция тарту үшін салықтық кедергілерді ұсынудың жөн-жосығын өзгерту қажет. Олар ұзақ мерзімдік инвестицияларды қолдауды қамтамасыз етіп және жобалардың қайтарым мерзімімен сәйкес келуі тиіс.

Үшіншіден, өндірісті модернизациялау мен қайта жарақтандырудың жағдайларын айтарлықтай жақсарту үшін жақында лизингтің мүмкіндіктері жеңілдетілді, ал 2005 жылдан бастап амортизациялық төлемдерге деген фискальді саясат қайта қаралатын болады.

Осы аталған мәселелер нарықтық экономиканың негізі бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайды деп санаймыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Әкімбеков С.А., Баймұхамбетов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана, 2000.

2. Әубәкіров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теорияның негізі. Оқу құралы. Алматы, 1998.

3. Әубәкіров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық. Алматы, 1999.

4. Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.Н. Киров:АСА, 1995.

5. Қошанов А. Экономикалық теория және реформа. /Ақиқат, 11 қараша, 1994 ж.

6. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. – А., 2001.

7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына 2004 жылға арналған Жолдауы. / Егемен Қазақстан, желтоқсан, 2003 ж.

 

 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

 

 

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

 

 

Экономика

пәні бойынша №1 семестрлік жұмыс

Бәсеке және оның Қазақстанның қазіргі нарықтық экономикасындағы орны

 

Орындаған: БЭк-13-4 тобының

студенті Нұрым А.С.

Қабылдаған: доцент Нұрпейіс Е.М.

 

 

Алматы 2014

 


Читайте також:

  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. КІРІСПЕ
  4. Кіріспе

Загрузка...



<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
СПИСОК ЛІТЕРАТУРИ | Классификация мебели по Общероссийскому классификатору продукции

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:


 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.026 сек.