Студопедия
Контакти
 


Тлумачний словник

Реклама: Настойка восковой моли




Авто | Автоматизація | Архітектура | Астрономія | Аудит | Біологія | Будівництво | Бухгалтерія | Винахідництво | Виробництво | Військова справа | Генетика | Географія | Геологія | Господарство | Держава | Дім | Екологія | Економетрика | Економіка | Електроніка | Журналістика та ЗМІ | Зв'язок | Іноземні мови | Інформатика | Історія | Комп'ютери | Креслення | Кулінарія | Культура | Лексикологія | Література | Логіка | Маркетинг | Математика | Машинобудування | Медицина | Менеджмент | Метали і Зварювання | Механіка | Мистецтво | Музика | Населення | Освіта | Охорона безпеки життя | Охорона Праці | Педагогіка | Політика | Право | Програмування | Промисловість | Психологія | Радіо | Регилия | Соціологія | Спорт | Стандартизація | Технології | Торгівля | Туризм | Фізика | Фізіологія | Філософія | Фінанси | Хімія | Юриспунденкция

Тараз 2014 7 страница

Загрузка...

ҚР Президенті Н. Назарбаев 2011 жылғы қазанның 11-і күні «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы№483-lV Қазақстан Республикасының Зацына кол қойды.

Бүл заң еліміздегі ең көп талқыланған, пікірталас тудырған қүжат болды.

Заңның кіріспесінде «әркімнің ар-ождан бостандыгы кұкыгын растайтынын, әркімнің діни нанымына қарамастан тең қүқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандыктың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитыны....» атап көрсетілді.

Заңда «ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді» деп көрсетілді.

Діни білім беру үйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республика- сында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады.

Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет: Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзкарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына катер төндірген, оның құқықтарына кысым жасаған және жауапкершілігін шек- теген, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының конституциялық кұрылысына, егемендігіне және аумактық тұтастыгына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды.



Интернет реклама УБС

Діни бірлестіктер: мемлекеттік органдардың функцияла-

рын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды; саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларга қаржылык қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды.

Діни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әре- кеті мемлекетте бір діннің үстемдігін орнықтыруға, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыкқа үндеумен және өзге де кұқыққа карсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бірлестіктер кұруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жок адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен не­месе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі- зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) не­месе туыстык қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұксан келтірумен, адамның және азаматтың кұкыктары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.

Адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің кызметіне жол берілмейді.

Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуга, олардың үздіксіз жұмыс істеуінін бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді. Діни бірлестіктердің қьпмстімен мемлекеттеік уәкілетті орган- дар айналысады. Уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасының Дін ісгері жөніндегі Агенттігі және оның облыстардагы департаменттері саналады. Уәкілетті орган: діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі багыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; Қазакстан Республикасынын аумагында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, діни білім беру ұйымдарының кызметін зерделеп, оған талдау жүргізеді; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды камтамасыз етеді; дінтану сараптамалары және діни бірлестіктерді құруга бастамашы азамат- тар тізімдеріне тексеру жүргізілуін камтамасыз етеді;

Республика аумағындагы шетелдік діни бірлестіктердің қызметі- не, шетелдік діни орталықтардын Қазакстан Республикасындагы діни бірлестіктер басшыларын тагайындауына келісім білдіреді; өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді.

- діни әдебиетті және діни мазмұндагы өзге де ақпараттық мате- риалдарды, діни мақсаттагы заттарды тарату үшін арнайы тұракты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ак, гибадат үйлерінен (гимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналган үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

- уәкілетті органмен келісе отырып, гибадат үйлерін (гимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін аныктау, сондай-ақ, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (гимараттары) етіп кайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер кабылдайды.

Авторлар: Баярисов Р.У.,Спанов М.Ж.

Тараз 2014

1. Саясаттану ғылым ретінде.

1. Саясат ғылымының пайда болуы, қалыптасуы.

2. Саясаттану ұғымы, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

3. Саясаттанудың парадигмалары

1. Ең алғаш саясат ғылымнын зерттеу сонау ежелгі дәүірден басталған. Ал теориялық жағынан зерттеу бірінші мынжылдықтың орта кезінен басталды. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда бола бастады. Олар философиялық бағытта дамыды. Бұл Конфуции, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жаксы өмір сүрүге уйретеді». Саясаттанудың қалыптасу эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген; философиялык, эмпирикалық, көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлар біріншіден қоғамдық дамудың зандарының ашылуы және олардың саяси әрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден әлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты әлеуметтік дамуы оның басты әлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік заңдылыктарды өзінің практикалық қызметінде қолдана алады. Үшіншіден саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор - ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі және оның халық санасында орнығуы. Саясаттанудың ұғымы гректің «Роіһіс» және «логос» - саясат, ғылым деген сөздерінен шыққан. Саясаттануды өз алдына дербес ғылым дейтін болсак, оның зерттейтін мәселесін анықтау үшін алдымен, оның зерттейтін объектісін анықтаған дұрыс. Жалпы алғанда, қазіргі қоғам өміріндегі барлық қоғамдық - саяси қатынастардың жиынтығы саясаттанудың зерттеу объектісі болып табылады. Мәселен, мемлекеттің өз ішіндегі және мемлекетаралық саяси қатынастар, таптар, ұлттар және ұлыстар әлеуметтік топтар саяси партиялар, партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, жеке адамдар арасындағы қатынастар. Дәлірек айтқанда, саясаттанудың объектісі - саясат. Сонымен, саясаттану ең алдымен саясаттың қоғамдық құбылыс екендігін дәлелдеп , оның мәні мен мазмұнын, мақсатын, міндетін, қоғамдағы орны мен рөлін әлеуметтік негіздерін, саясаттың объектісімен субъектісін зерттейді.

2. Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз - қоғамдағы үлкен әлеуметтік таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы, қарым - қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен үрдістерді, тенденцияларды бейнелейді. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады. Саясаттың ең басты мақсаты - ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары арасындағы байланысты, бір - біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады. Саясаттың объектісі қоғам болып есептеледі. Субъектісі - қоғамдағы үлкен әлеуметтік таптар, мемлекет, партиялар, нақты жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір таптын, екінші тапты өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, таптардан, әлеуметгік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сонымен саясаттың қарастыратын басты мәселелерінің бірі саяси қатынас мәселесі.

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын тусініп – білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді уйымдастыру тәсілін тәсілін деп айтады. Оларға 1.Салыстырмалы әдіс- әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.Бұл әдстің, қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдерден озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

2. Жүйелеу ә.- саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

3.Социологиялық ә.-саясатты қоғам өмірінің әкономикалық, әлеуметтік құрылымы мен мәдениеті және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

4. Тарихи ә.- саяси құбылыстарды заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтағы байланысын айқындай отырып қарастырады.

5. Бихевиористік ә.- жеке адамдармен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда өздерін қалай ұстауын талдауға негізделеді.

6.Нормативтік ә.- қоғамдық игілікті қамтамасыз ететін немесе әуел бастан адамға тән табиғи құқықты іске асырұға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты мәселелерді зерттегенде басқа да әдістерді қолданады. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. 1. Танымдық қызметсаяси білімнің қоғамдағы қоғамдағы оқиғаларды танып-білүге және болашақты болжауына мүмкіндік береді. 2. Бағалау қызметі саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. 3. Реттеушілік, басқару қызметі адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақты мәлімет, мағлұматтар береді. 4. Болжау қызметі – ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған, ғылыми негізделген болжаумен аяқтайды.

3.Сұрақ.Парадигма (гректің PARADEIGMAтеория, үлгі деген сөзінен) — зерттелетін мәселені шешу ушін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді үйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстар-дың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялык, натуралистік, әлеуметтік және тиімді - сыни деп жүйелеуге болады. Енді қысқаша соларға тоқталалык.

Теологиялық парадигма.Ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның ал-ғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінді.

Натуралистік парадигма.Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

Әлеуметтік парадигмасаясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарды. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі (құрылысы) қажетті түрде езіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философия-лық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идея-лар пайда болып, дамиды.

Тиімді (рационалды) — сыни парадигма.Ол саясаттың таби-ғатын оның өз ішіңдегі себептермен, қасиеттермен, элементтер-мен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадиг-малары деп екіге бөлуге болады. Жанжалдық парадигма XIX ғасырда пайда болды. Оның негізін қалағандар К. Маркс, А. Бентли, Земмель, Козер және т.б. Олар саяси өмірге дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Казір бұл теорияны қолдаушыларға Р. Дарен-дорф, Дж. Бертон, К. Ледерер және т.б. жатады. Бірақ олар К. Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси организмнің өзін-өзі жетілдіріп, да мытуына әкеледі дейді..Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М. Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармай-ды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақгылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмек-теседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта топ санынын кебеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы роліне үлкен үміт артады.

2 Тақырып. Саяси ғылымдардың негізгі кезендері мен қалыптасуы. Құлдық дәүірдегі саяси ой-пікірлер, Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәіріндегі саяси ұғымдар.

1)Ежелгі дәуірдегі саяси ойдын қалыптасуы

2) Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы

3) Қайта өрлеу және Ағартушылық дәуіріндегі саяси ойладың ерекшеліктері

1. Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш ерелі өркениеттіліктің ошағы болып, кұлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) едцеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, аст-рономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.

Шығыс еддеріңде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т. т.) қолында болды. 2. Легизм (Шан Ян, Хань Фэй).Император Цин-Ши-Хуа дәуірінде (б.д.д. III ғ.) легизм ресми идеологияға айналды. Легизмнің негізгі сұрағы (конфуциандық сияқты): қогамды қалай баскару?Легистер қоғамды заңға негізделген мемлекеттік күштеу арқылы қатаң басқаруды ұсынды.

"Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді" деген көзқарас қалыптасты. Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон олб. з. б. 427—347жылдарда өмір сүрген. Шын аты - Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсет-кіштерге де жетті. Жауырыны кең бодды. Сондыктан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.Платон атакты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Кейін Афиныға келіп өз мектебін—академияны ашты. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары "Мемлекет", "Саясатшы", "Зандар", "Софист", "Парменид" және т. б. Платон адамдарды адамдар-ды үш топқа (сословиеге) бөлген: 1) әкімдер –табиғи жаратылысынан шындықты, ақықатты танып біле алатын адамдар болуы керек деген; 2) қорғау-шылар-мемлекетті қорғайды; 3) өндірушілер-мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптан екінші тап-қа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда коғамда ортақ мүдде орнамайды. Сон-дықтан орта деңгейді ұнатты. Платон мемлекеттік кұрылысты 5 түрге бәлді: аристократия-мемлекетті ақсүйектер билейді. Тимократия-мемлекеттік билік бір адамның қолында болады. Олигархия-мемлекет азғантай топтың қолында болады. Демократия-мемлекет халықтың қолында болады. Тирания-мемлекет күшпен басып алушының қолында болады. Бұлардың ішінде ең тиімдісі аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері — адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.

Аристотель(б. з. б. 384—322).Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға тұседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сон-да ұстаздық етті. Б. з. б. 342—340 жыддары Македония патшасы II Филиптің шақы-руымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осыңда ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретіңде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотелді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.

Саясаттануға қатысты "Саясат", "Афиналык полития", "Этика", "Риторика" деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, эко-номиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты — адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сейте тұра, ол күл иеленушілікті колдады, құддар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет—қауымнын дамыған түрі, ал қауым—отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөдді. Дүрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (АристотелБ дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құры-лыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын рйлайды, билік коғамға қызмет етеді. Ал бүрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Үлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасат-тылығын жоймайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндай-да қоғамның түрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.

3.Туллий Цицерон(б. з. б. 106-43). Саяси ойдың даму тарихыңда айтарлыктай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онын "Мемлекет туралы", "Зандар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.

Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының "мінезі мен еркіне" байланысты болады деп түсіндірді. Басқару-шылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халык билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының езінің жақ-сы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылды-ғымен жүртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зор-лық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткеңде халык өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұркия то-бының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостаңдығымен жағымды, бірақ халыктың толық билігі зияңды зардаптарға, "тобырдың зорлығы мен есаландығына" әкеліп соқтыруы мүмкін. Цицерон мүліктік теңдік идеясына карсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

2 сұрақ.1.Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық коғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дөуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдык қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардын арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып түрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақгаушылар патшаға құдіретгі шіркеу берді, ал оған мұңдай абырой, беделді берген құдай. Сондықган христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз колдарында ұстағысы келді.

Аврелий Августин (354—430). Бұл замаңда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августинеді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидала-рын зерттеп, жетіддірді. Оның саяси көзқарастары "Күдай қала-сы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және кұқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіңдігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөдді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашакта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница

Загрузка...



<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Тараз 2014 6 страница | Тараз 2014 8 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:


 

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.01 сек.