Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Кіріспе

Адам анатомиясы – адам организмнің пішіні мен құрылысы, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дененің ағзалары мен бөліктерінің пішінін, құрылысын, орналасуын және топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып жүйелі түрде баяндайды. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия және антропологияның мәліметтерін кеңінен қолданады, қоршаған орта мен әлеуметтік факторлардың, еңбектің, спорттың адам организмі құрылысына әсерлерін анықтайды. Жасқа байланысты анатомия болашақ мамандарды балалар мен жасөспірімдер организмінің құрылыс ерекшеліктерін ескеруді мақсат етеді.

Анатомия пән ретінде медициналық білімнің фундаментін құрады, оны игермеген студент профилді пәндерді оқуы мүмкін емес. Себебі олар медициналық білімнің негізін құрады. Анатомия қазіргі адам құрылысын оқытумен бірге, адам организмінің тарихы қалыптасуын да зерттейді. Анатомия-1 пәнінің бағдарламасы адам денесінің құрылысын, оны құрушы жүйелер, ағзалар және тіндерді білу макро-микроскопиялық анатомия, физиология, биология негізінде және жеке адамның, жынысттық, жастық ерекшеліктеріне сүйеніп, пренаталды дамуы мен анатомо-топографиялық арақатынасын меңгеруге бағытталады.

 

Пән мақсаты

Адам денесінің ағзаларының құрылысын, олардың жүйелерін, жыныстық, жастық, өзіндік ерекшеліктерін, бас, мойын ағзаларының анатомо-топографиясылық қарым-қатынастарын оқу, дәрігерлік практикада қолдану.

 

Пән міндеттері:

· Клиникалық ойлауды дамыту үшін жүйе және ағзалардың құрылысы және топографиясысы туралы білімнің маңызы жөнінде білу;

· Адам денесінің қызметі және құрылысының байланыстары туралы ғылыми түсініктемені құру, әлеуметтік, қоршаған орта және еңбек факторларына байланысты өзгерістер туралы түсіндіру;

· Стоматологиялық қарауды және бірінші медициналық көмекті атқару үшін бас, мойын ағзаларының орналасуын және проекциясын анықтау, білу;

· Мәйіт, биологиялық материалдарға құрметті, қадірлі болу.

Пререквизиттер, постреквизиттер:

Пререквизиттер –биология, Адам анатомиясы бойынша мектеп бағдарламасы;

Постреквезиттер – бас, мойын клиникалық анатомиясы, гистология, қалыпты физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, аурулардың алдын алу.

Пәннің мазмұны

Анатомия физиологямен бірге теориялық және практикалық медицинаның негізі, себебі адам денесінің құрылысы, пішіні бойынша тұрақты білімі – сау және науқасты организмнің өмірлік өзгерістерін түсінуге, аурудың себебін дұрыс табуға керекті, онсыз алдын алу шаралары және емдеу шаралары өткізілмейді.

 

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

 

№№ Дәрістердің тақырыбы Сағаттар саны
1. Анатомия пәні және оның міндеттері. Тіндер, ағзалар, жүйелер және аппараттарға жалпы сипаттама. Адам эмбриогенезінің алғашқы сатылары, адам организмінің дамуындағы негізгі кезеңдер. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Сүйек ағза ретінде. Сүйектердің құрылысы және дамуы, олардың жіктелуі. Сүйек құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік биологиялық факторлардың әсері.
2. Бассүйектің анатомиясы және топографиясы. Бассүйектің дамуы. Бассүйек құрылысының жастық, жыныстық және типтік ерекшеліктері.
3. Сүйек қосылыстары туралы түсінік. Сүйек қосылыстарының дамуы. Сүйек қосылыстарының түрлері.
4. Жалпы миология. Бұлшықет ағза ретінде. Бұлшықеттердің онтогенездегі дамуы. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің қосымша аппараттары.
5. Нерв жүйесі туралы түсінік. Нерв жүйесінің ұйымдасу принциптері. Күрделі және қарапайым - рефлекторлық доғалар. Ми қыртысының қалыптасуы. Анализаторлар туралы түсінік.
6- 7. Жұлын мен мидың өткізгіш жолдарының анатомиясы және топографиясы.
8. Бассүйек нервтерінің функционалды анатомиясы.
9. Вегетативті нерв жүйесінің жалпы морфологиясы. Симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесі туралы түсінік.
10. Ішкі ағзалар туралы ілімге (спланхнологияға) кіріспе. Ас қорту жүйесі ағзаларының құрылысының және дамуының ерекшеліктері.
11. Тыныс алу жүйесі ағзаларының құрылысының және дамуының ерекшеліктері.
12. Сезім ағзаларының функционалды анатомиясы.
13. Ангиологияға кіріспе. Қантамырлардың құрылысының жалпы принциптері, тармақтануы, жіктелуі. Микроциркуляциялық арна. Коллатералды қанайналу.
14. Жүректің функционалды анатомиясы, дамуы.
15. Лимфа жүйесінің жалпы морфологиясы және дамуы, оның адам организмдегі маңызы. Лимфа жүйесінің негізі буындарының құрылысы.
16. Эндокринді ағзалар аппаратының морфофункционалды мінездемесі, организмнің жүйелерінің және ағзаларының қызметтерін реттеудегі маңызы.
17. Несеп жүйесі ағзаларының дамуы және құрылысының ерекшеліктері. Еркек пен әйелдің жыныс ағзаларының функционалды анатомиясы, дамуы.
18. Иммуннды жүйенің морфофункционалды сипаттамасы, орталық және шеткі ағзалары.
   
  Барлығы: 18 сағат  

 

 

Сабақтың тақырыптық жоспары:

 

№№ Практикалық сабақтардың тақырыптары Сағаттар саны
IІ семестр
ОСТЕОЛОГИЯ
1. Халықаралық анатомиялық номенклатура Біліктер және жазықтықтар туралы түсінік. Қанқаға жалпы шолу. Тұлға сүйектерінің құрылысы: омыртқалар, қабырғалар мен төстің құрылысы.
2. Иық белдеуі және еркін орналасқан қол сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі және еркін орналасқан аяқ сүйектерінің құрылысы.
3. Ми сауыты сүйектерінің және бет сүйектерінің құрылысы.
4. Бассүйек топографиясы. Бассүйек және тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері.
СИНДЕСМОЛОГИЯ
5. Иық белдеуі және еркін орналасқан қол сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері.
6. Жамбас белдеуі және еркін орналасқан аяқ сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері
МИОЛОГИЯ
7. Бас, мойын бұлшықеттері мен шандырлары: құрылысы, топографиясы, функциялары. Тұлға бұлшықеттері мен шандырлары: құрылысы, топографиясы және функциясы.
8. Қол, аяқ бұлшықеттері мен шандырлары, олардың құрылысы, топографиясы, функция-лары.
9. Рубеждік бақылау
БАСПЕН МОЙЫННЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ И ТОПОГРАФИЯСЫ
10. Сопақша ми, ромб тәрізді шұңқыршақ, IV қарынша: құрылысы және функциясы. Ортаңғы ми, су құбыры: құрылысы және функциясы. Аралық ми, III қарынша: құрылысы және функциясы.
11. Бастың милық бөлігінің топографиялық анатомиясы: маңдай-шеке-шүйде аймағы, самай және емізіктік аймақтары. Ми бөліктерінен жалпы шолу. Бассүйек нервтерінің ми негізіндегі топографиясы. Ми қабықтары. Соңғы ми: құрылысы және функциясы. Үлкен ми сыңарлары. Жамылғы, иіс сезу миы. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы ми дәнекері. Базалды ядролар. Бүйір қарыншалар.
12. Бастың беттік бөлігінің топографиялық анатомиясы: көзұя, мұрын және ауыз аймақтары; ұрт және шықшыт, шайнау аймағы. Беттің майлы кеңістіктері. Ауыз қуысы. Тіл, таңдай, тістер, сілекей бездері: құрылысы, топографиясы, функциялары. Сыртқы мұрын, мұрын қуысы: құрылысы, топографиясы, қызметі. Мұрын маңындағы қойнаулар.
13. Сезім ағзаларының анатомиясы мен топографиясы. Көру ағзасы. Көру (II), көз-қозғалтқыш (III), шығыршық (ІV), әкеткіш (VІ) нервтері. Көру анализаторының өткізгіш жолы. Есту және тепе-теңдік ағзасы. Кіреберіс-ұлу нервісі(VIII). Есту және тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш жолдары. Иіс сезу және дәм сезу ағзалары, иіс сезу нервісі (I). Иіс сезу және дәм сезу анализаторының өткізгіш жолдары.
14. Мойын: аймақтарға бөлінуі. Жұтқыншақ: құрылысы, топографиясы, қызметі. Көмей: құрылысы, топографиясы, қызметі. Қалқанша және қалқанша жанындағы бездер: құрылысы, топографиясы, қызметі
БАСПЕН МОЙЫННЫҢ ТАМЫРЛАРЫ МЕН НЕРВТЕРІ
15. Жалпы, сыртқы, ішкі ұйқы және бұғанаасты артериялары: топографиясы, проекциясы тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі. Ішкі, сыртқы, алдыңғы мойындырық, бұғанаасты веналары: топографиясы, құйылыстары. Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен түйіндері.
16. Үшкіл нерв (V жұп): ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары. Бет невісі (VII жұп), тіл-жұтқыншақ нервісі (ІХ жұп): ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары. Кезеген (Х жұп), қосымша (ХІ жұп) және тіласты (ХІІ жұп) нервілері: ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары.
17. Жұлын: пішіні, топографиясы, құрылысы. Жұлын қабықтары. Жұлын нервтерінің түзілууі. Мойын өрімі: топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Баспен мойын ағзаларының вегетативтік нервтенуі.
18. Рубеждік бақылау. Дифференциалды сынақ.
  Барлығы ІІ семестрде: 54 сағат  
III семестр
ҚОЛ, АЯҚ ТАМЫРЛАРЫ МЕН НЕРВТЕРІ
1. Қол аймақтары. Қол артериялары: қолтық, иық, шынтақ, кәріжілік артериялары. Олардың тармақтары, теріге проекциясы, қанмен жабдықтау аймағы. Қолдың беткей және терең веналары, лимфа тамырлары және түйіндері.
2. Иық өрімі: қалыптасуы, құрылысы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.  
3. Аяқ аймақтары. Аяқ артериялары: топографиясы, терідегі проекциясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары. Аяқтың беткей және терең веналары, лимфа тамырлары және түйіндері.
4. Бел және сегізкөз өрімдері: қалыптасуы, құрылысы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
КӨКІРЕК ҚУЫСЫ ҚАБЫРҒАСЫ МЕН АҒЗАЛАРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ
5. Көкірек қуысы қабырғаларының, қабырға аралықтарының, сүт безінің анатомиясы және топографиясы. Кеңірдек, бронхы, өкпе: құрылысы, қызметі, топографиясы. Өкпеқап: өкпеқап қуысы, өкпеқап қойнаулары. Өңеш: құрылысы, қызметі, топографиясы.
6. Жүрек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Қолқа, оның бөліктері. Қолқа доғасының тармақтары тармақтары: иық-бас сабауы, сол жалпы ұйқы және сол бұғанаасты артериясы. Қолқаның көкірек бөлігі: париеталды және висцералды тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары. Үлкен қанайналым шеңберінің веналары. Жоғарғы қуыс вена, жұпсыз, жартылай жұпсыз веналарының: қалыптасуы, құйылыстары, топографиясы.
7. Симаптикалық сабау, оның көкірек бөлігі. Симпатикалық сабаудың көкірек бөлігінен шығатын нервтер. Көкірек қуысы ағзаларының вегетативтік нервтенуі.
8. Көкірек қуысы қабырғасы мен ағзаларының лимфа тамырлары және түйіндері. Кеуде түтігі: қалыптасуы, топографиясы. Оң лимфа түтігі қалыптасуы, топографиясы. Көкірекаралық: жіктелуі, қабырғалары. Көкірекаралық ағзаларының топографиясы.
9. Рубеждік бақылау.  
ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫ ҚАБЫРҒАСЫ МЕН АҒЗАЛАРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ
10. Іштің алдыңғы, бүйір және артқы қабырғасының анатомиясы. Асқазан: құрылысы, топографиясы, қызметі. Жіңішке және тоқ ішектер: құрылысы, қызметі топографиясы. Бауыр, өтқуық, ұйқы безі: пішіні, құрылысы, топографиясы, қызметі. Өтқуық: құрылысы, қызметі.: құрылысы, қызметі. Көкбауыр: құрылысы, топографиясы, қызметі. Ішастар және оның туындылары. Ішастар жолы. Ішастар қуысы.
11. Құрсақ қолқасының анатомиясы және топографиясы: тақ тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары, анастомоздары. Құрсақ қолқасының анатомиясы және топографиясы: жұп висцералды және париеталды тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары, анастомоздары. Төменгі қуысты венаның жүйесі: қалыптасуы, топографиясы, құйылыстары. Қақпалық вена: оның құйылыстары, топографиясы. Кава-кавальді және порто-кавальді анастомоздар. Құрсақ қуысы қабырғасы мен ағзаларының лимфа тамырлары және түйіндері.
12. Құрсақ қуысы қабырғасы мен ағзаларының нервтенуі. Бүйрек, несепағар: құрылысы, топографиясы, қызметі. Бүйрекүсті безі: құрылысы, топографиясы, қызметі.
ЖАМБАС АСТАУЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ
13. Несеп қуығы, несеп шығаратын өзек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Тік ішек: құрылысы, топографиясы, қызметі. Ер адамның жыныс ағзалары (аталық без, ұрық жіпшесі, ұрық шығарғыш түтігі, ұрық көпіршіктері, қуықасты безі, куперов бездері, ұма, жыныс ағзасы) құрылысы, топографиясы, қызметі.
14. Әйел адамның жыныс ағзалары (аналық без, жатыр, жатыр түтігі, қынап, сыртқы жыныс ағзалары): құрылысы, топографиясы, қызметі. Шатаралық: астау көкеттері, несеп-жыныс диафрагмасы; еркек пен әйелдің несеп-жыныс диафрагмасы құрылысының өзгешелігі.
15. Жамбас астауы артериялары және веналары. Жалпы, сыртқы, ішкі мықын артериялары: топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары. Жамбас астауының веналары. Жамбас астауы қан тамырларының анастомоздары. Жамбас астауының лимфа тамырлары және түйіндері, жамбас астауы қабырғасы мен ағзаларынан лимфаның ағу жолдары.
16. Жамбас астауы қабырғасы мен ағзаларының нервтенуі.
17. Рубеждік бақылау.
18. Қортынды кеңес беру.  
  Барлығы ІІІ семестрде: 72 сағат  
  Барлығы: 126 сағат  

 

 

Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары (СӨЖ)

№№ Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары Сағаттар саны
  II семестр  
1. Анатомиялық глоссарий.
2. Тірі адамда зерттейтін анатомияның әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері.
3. Тірі адамда тәжрибелік маңызды қанқаның шығынқы бөліктерін сипап қарау орындары
4. Краниометрия. Бассүйектің милық және бетсүйектік индекстерін анықтау. анықтау.
5. Еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың сүйек құрылысына тигізетін әсері.
6. Анатомиялық препараттардан кіші және үлкен жамбас астауларының гинекология мен акушерстводағы тәжрибелік маңызды көлемдерін анықтау.
7. Табан күмбездері, табан күмбездерін қатайту механизмдері. Жалпақтабандылық.
8. Буындардағы қозғалыстардың мүсіндеу (моделін құрастыру)
9. Іштің тік бұлшықетінің қынабын мүсінін құрастыру (моделдеу).
10. Шап өзегінің мүсінін құрастыру.
  Барлық сағаттар саны: 30  
  ІІІ семестр  
Ретикулярлы формация және оның организмдегі маңызы.
Ми-жұлын сұйықтығының ағыны (циркуляциясы)
Жүрек шекаралары және қақпаларының проекциясы.
Нәресте қанайналысы.
Бас, мойын, тұлға және қол-аяқ терісінің морфофункцио-налды сипаттамасы
Құрт тәрізді өсіндісінің орналасуының варианттары
Тоқ ішекпен жіңішке ішекті айыру белгілері.
Үлкен қан тамырлардың дене терісіне проекциясы, тыңдау және тамырларды қысу орындарын анықтау.
Иық және білек тамырлары мен нервтері
Қолтықасты шұңқыршағының тамырлары мен нервтері
  ІІІ семестрде барлығы: 42 Барлық сағаттар саны ІІ-ІІІ семестрде: 72 сағат  

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОСПАРЫ

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНЕ АРНАЛҒАН


Читайте також:

  1. Кіріспе




Переглядів: 3196

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Силлабус | I-КУРС 2 СЕМЕСТР

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.072 сек.