МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах
РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ" ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів
Контакти
Тлумачний словник Авто Автоматизація Архітектура Астрономія Аудит Біологія Будівництво Бухгалтерія Винахідництво Виробництво Військова справа Генетика Географія Геологія Господарство Держава Дім Екологія Економетрика Економіка Електроніка Журналістика та ЗМІ Зв'язок Іноземні мови Інформатика Історія Комп'ютери Креслення Кулінарія Культура Лексикологія Література Логіка Маркетинг Математика Машинобудування Медицина Менеджмент Метали і Зварювання Механіка Мистецтво Музика Населення Освіта Охорона безпеки життя Охорона Праці Педагогіка Політика Право Програмування Промисловість Психологія Радіо Регилия Соціологія Спорт Стандартизація Технології Торгівля Туризм Фізика Фізіологія Філософія Фінанси Хімія Юриспунденкция |
|
|||||||
Глоссарий.Тақырыбы : Тіл мәдениеті пәнінің мақсаты мен міндеті. 1.Лингвистика-ғылым атауы, тіл білімі. 2.Әдеби тіл – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған жүйелі түрі. 3. Тілдік норма – қоғамда байланыс жасау барысында іріктеліп тұрақталған тілдік жүйе. 4. Тіл саясаты – қоғамда, мемлекетте тіл мәселелерін шешуде қолданылатын идеологиялық принциптер мен шаралардың жиынтығы. Тақырыбы: Адам өміріндегі тілдің ролі мен сөйлеу мәдениетінің маңызы. 1. Тіл және қоғам – қазіргі тіл білімінің өзекті мәселесі. Тілдің пайда болуы, дамуы мен қызметі, әлеуметтік топтарға қатысы, тілдің қолданылуы мен басқа тілдермен арақатынасы, қоғамның тілге деген саналы көзқарасы – бәрі де тілдің қоғамдық табиғатынан туындайды. 2. Тілдің қызметі – 1. қоғамдағы тілдің ролі(қолданылуы); 2. бірліктердің бір біріне тәуелді болуы (мыс. түбір мен аффикс). Т.Қ. тілдің табиғатынан, оның қажеттілігі мен қоғамдағы орнынан туындады. Ең негізгілері: байланыс жасау (комуникация) және танымдық (когнитивті, гносеологиялық), экспрессивті қызмет. 3. Сөйлеу – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі (жадта сақталған және жазылған шығармалар) жатады. 4. Сөйлеу актісі – қоғамда қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, белгілі бір мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті. 5. Сөйлеудің түрлері - дыбыстық және жазба түрлері бар 6. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – сөз болып отырған айналадағы зат не құбылыстың немесе іс-әрекеттің мәнді белгілерін сөз етуді айтамыз. 7. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. 8. Диалог деп - екі немесе одан да көп адамдардың кезектесіп пікір алысуын айтсақ, монолог деп - бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтап баяндауы. Тақырыбы: Тіл мен сөйлеу. Ауызекі сөйлеу оның ерекшеліктері. 1. Сөйлеу этикеті – қоғамда қабылданған ресми не бейресми жағдайда әңгіме құраушылардың әлеуметтік роліне сай болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі. 2. Орфоэпия – сөздердің жалпыға бірдей қалыпты айтылу нормасы. 3. Ілгерінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысы соңғысына әсер етіп өзгеруі. 4. Кейінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы іргелес дыбыстардың соңғысы алдыңғысына әсер етіп өзгеруі. 5. Эмоционалды сөздер – бояуы қаныққан сөзқдер. 6. Интонация – ( лат. Intonation –қатты айтылатын) мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі. Тақырыбы: Сөз қолдану мәдениеті. Жазудың тарихи дамуы. Жазудың түрлері 1.Пиктографиялық жазу-жазудың ең алғашқы түрі.Пиктография латынның сөзі суретті жазамын деген сөзінен алынған. 2. Логографиялық жазу - пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болады. Логографиялық таңба не жеке сөзді немесе атаушы бөлігін белгілейді. 3. Морфемографиялық жазу- морфемалармен жазу, жазу белгісі морфемаграмма. 4. Силлабография – «буынды жазу», жазу бірлігі силлабограммалар. 5.Фонелография – «фонемалармен жазу» яғни тіл дыбыстарын белгілі таңбалармен белгілеу. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба - әріптермен таңбаланады. 6. Әліпби - бірінен кейін бірі рет ретімен орналасқан әріптердің жиынтығын. 7. Орфография - белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтамыз. 8. Транскрипция- латынның қайта жазу деген сөзінен алынған. 9. Транслитерация- латын тілінің бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудағы әріптермен беру дегенді білдіреді. Тақырыбы: Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер 1.Фонема-гректің phone (дыбыс) деген сөзінен алынған термин. 2.Анлаут-неміс сөзі,сөз басындағы дыбыстық өзгерістер 3.Инлаут –неміс сөзі, сөз ортасында болатын дыбыстық өзгерістер 4.Ауслаут-сөз соңындағы дыбыстық элементтердің өзгеріске түсуі 5.Ассимиляция- латын тілінен алынған термин қазақша мағынасы үйлесу, үндесу. 6.Сингармонизм- гректің sun-harmonia сөздерінен алынған термин қазақша мағынасы бірге үндесу, үйлесу. 7.Диссимиляция- біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеру құбылысы. 8.Протеза- сөз ішіндегі дыбыстар құрамына жаңадан бір дыбыстың сөз басына белгілі бір дауысты дыбыстың қосылып айтылуы. 9.Эпентеза -грек сөзі, қосу, кіріктіру деген сөз. 10.Аферезис- өзінен кейінгі белгілі бір дыбыс әсерімен сөздің алғашқы бір дыбысының түсіп қалуы. 11.Гоплология- гректің гаплос (жай) және логос (ілім) сөздерінен шыққан термин. Тақырыбы:Лексикалық норма, оның шарттары. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестерінің сөйлеудегі қолданысы 1 Лексикография-гректің lexikon (сөздік) және logos (ілім)мағыналы сөздерінен алынған термин. 2 Дактиология-мылқаулар тілі (гректің dartlis-саусақ,латынның logos) ұғым деген сөздерінен алынған. 3.Коммуникативтік-латынның «қатынас,байланыс» деген сөздерінен алынған. 4.Полисемия -гректің көп мағына деген сөзі. 5.Ономастика-жалқы есімдерді зерттейді. 6.Антропонимика- грек тілінің кісі, адам деген сөзінен алынған термин. 7.Синоним-грек тілінің қатар атау деген сөзі бойынша жасалған термин. 8.Антоним – грек тілінің қарсы ат, атау деген сөздерінен жасалған термин. 9.Омофон- грек тілінің біркелкі, бірдей дыбыс деген сөзінен жасалған термин. 10.Омограф- грек тілінің жазу деген сөздерінен жасалған термин. 11. Термин дегеніміз - өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер. Тақырыбы: Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану. 1. Метафора – грек тілінде metaphora «ауысу» деген мағынаны білдіреді. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен атауының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады 2. Метонимия – грек тілінде metanymia «атын өзгерту, қайта ат қою» деген мағынаны білдіреді. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. 3.Синекдоха- грек тілінің synecdoche «бірге жобалап түсіну» деген сөзден жасалған термин.. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. 4.Теңеу- зат пен құбылыстың біріне бірінің ұқсастығына қарай сөздер алмасады. 5.Эпитет - бір заттың, не бір құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтау үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды. 6. Табу –индонезия тілінен алынған термин, тыйым салу деген сөз. 7. Эвфемизм-гректің euphemismos –жақсылап,сыпайылап айтамын деген сөзінен алынған термин. 8. Каламбур-француздың calembour (сөз әзілі) деген сөзінен алынған термин. Тақырыбы: Грамматика және тіл мәдениеті. Тілдің морфологиялық және синтаксистік құрылымын ұтымды пайдалану. 1.Морфема-тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы. 2.Реляциялық-сөз түрлендіруші аффикстер. 3.Деривациялық –сөз тудырушы аффикстердің мағынасы. 4.Диффузия құбылысы- сөз морфемаларының мүшеленуі. 5.Аффиксация тәсілі- түбірге аффикстер жалғау арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. 6.Ішкі флексия-түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. 7.Синтетикалық -әртүрлі аффикстердің жалғануы арқылы. 8.Аналитикалық –негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуінен жасалады. Тақырыбы:Тіл мәдениетінің негізгі сапалары. 1. Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі 2.Грамматикалық норма – қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, тұлғалары, құралу тәртібі белгілі қалыпқа түсіп, жұртқа әбден дағдылы болған: сөз таптарының, сөз түлғаларының, сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып қалыптасып кетті.Грамматикалық сол қалпын атаймыз. 3. Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу. 4.Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. 5.Жөнімен ауытқу – мағыналық, стильдік қызметі бар ерекшеліктерді дұрыс пайдалануды айтамыз. 6.Логикалылық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз 7.Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі. 8.Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады. Тақырыбы: Мәтін – тіл мәдениетінің көрсеткіші. 1. Хабарлау мәтіні - белгілі бір уақыт пен кеңістікте болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады 2.Сипаттау мәтіні - кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, қоршаған ортаға заттар мен құбылыстар суреттеледі, сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады. 3. Пікірлеу мәтін деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында дәлелдер, мысалдар, салыстырулар арқылы жаңа ой қорытындыларын жасайтын мәтіннің түрі. 4. Пуризм- (лат. purus таза) ана тілін әр түрлі келеңсіз жағдайлардан тазалау және жол бермеу.
|
||||||||
|