Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Программаларды ету

Бүл топта балалардың транспорттың әр түрлі түрімен, үй-лермен және басқа мақсатты да ғимараттармен таныстығына үлкен мән беріледі. Сонымен бірге олардың тек жалпы қүры-лымына ғана емес, сондай-ақ бір қүрылыстың әр түрлі вари-анттарына да кеділ аударады, олардың көркемдік қасиеті және практикалық атқаратын қызметіне сәйкестігі атап көрсетіледі-Балалар осындай таныстықтьщ нәтижесінде алынған түсінігін сонан кейін езінің күрылысында іске асырады.


Зат формасы мен оның қолданылуы арасындағы байланыс-тылықты анықтай білу іскерлігін балаларға үйрету мақсаты-мен сабақ өткізуге болады. Онда балалар кемені жасайды.

Бұл тақырыпты ұсынбастан бүрын балаларды транспорттың осы түрімен таныстыру керек. Балалар кеменің әр түрлі (үлкен ^эне кіші, жүк, адам таситын және әскери) болатынын біледі. Кемелердің әр түрін салыстыру негізінде тәрбиеші кемелердіқ ат-к,аратын қызметіне қарай әр түрлі негізінін. болатынын түсінді-реді, тез жүретін корабльдіқ негізі енсіз үзын, олардьщ түмсығы үшкір болады; жүк таситын кемелердің (баржалар) негізі кен және түмсығы доғал болады; адам таситын кемелердің негізі баржаға қарағанда енсіздеу, ал әскери корабльге қарағанда кеидеу. Бірінші сабақта балалар әскери корабль, ал екіншіде-баржаны, үшіншіде баржадан тезірек, ал әскери корабльден баяуырақ жүзетін — адам таситын теплоход жасайды.

Осындай мақсатпен «Қалалық транспорт» тақырыбына са-бактар жүргізуге болады. Балаларда бақылаудын, нәтижесінде қалалық транспорттың түрлерінін, сан алуандығы туралы және оның атқаратын қызметі туралы түсінік нығаяды. Сонымен бір-ге тәрбиеші әр транспорт түрінін, конструкциясы онын, атқара-тын қызметіне байланыстылығын атап керсетеді. Бірінші са-бақта балалар жүк транспортын, келесі сабақта адам тасуға арналған қалалық транспортты жасайды.

Балалардын, әр түрлі ауыл шаруашылық транспорт түрлерін конструкция жасайтын сабақтарын осылай үйымдастыруға бо-лады: сүт машиналары, жинағыш машиналары және т. б.

Одан әрі заттын. конструкциясын оның атқаратын қызметі-не байланысты бөліп көрсету іскерлігін нығайту керек. Әсіресе конструкцияны және заттын жеке беліктерінің салыстырмалы шамасын өз бетімен анықтау іскерлігіне тәрбиелеуге көңілді ау-дару керек. Осы программалық міндетті жүмыс барысында, мы-салы, көпір салуда шешуге болады. Балаларды алдымен көпір-лердің бірнеше конструкциясымен таныстырады және әр бір бө-ліктін, өлшемі оньвд атқаратын қызметіне қарай анықталаты-нын көрсетеді: кеме жүретін кен, әрі терең өзендегі көпір биік, тіреудерде үзын арқалықпен және биік қанатпен жасалу керек; ал енді транспорт пен жаяуларға арналған көпір кен, арқалық-пен, жүргіншілерге арналған жолымен және берік тірекпен жасалу керек және т. б. Сабақта тәрбиеші әрбір балаға өзінін, көпірінің конструкциясын ойлауды және ол неліктен дәл осын-Дай болатынын айтуды үсынады.

Мектепке даярлық тобында балалардың әр түрлі үйлер жа-сау тәжірибесі байиды: көп қабатты тұрғын үйлер, басқа әсем үйлер, ертегі үйшігі, театр, вокзал. Сонымен бірге бала-ларды кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу мен осынын, не-Нзінде конструктивті творчествоны дамытуға ерекше көңіл бө-лу қажет, Осындай мақсатпен қаланың (селоньщ) алаңдарын, көшелерін жасау бойынша габақ ұйымдастыруға болады. Са-


бақтың алдында балалармен қалаға (селоға) экскурсия жүргі. зіледі. Сабақтарда балалар шағын топтарға' бөлінеді және әр-қайсысы бүкіл үйлерді орталыққа фасад жасай отырьщ бір алаң (көше) тұрғызады. Осындай сабақтарда тәрбиешілер Со-нымен бірге эстетикалық және адамгершілікке тәрбиелеу мің. деттерін шешеді.

Балаларды заттың негізгі беліктерін беліп керсету іскерлігі-не үйретуді және таныс кәлемді геометриялық денелермен ұқ. састығы бойынша олардың пішінін анықтауды әр түрлі құры-лыстарды, онын, ішінде үйлерді (кинотеатр, клуб) жасау кезінде іске асыруға болады.

Экскурсиядан кейін кинотеатрда (клуб) балалар көрермен залы мен фойенің әр түрлі пішінде куб, призма, жарты шар және т. с. с. болатындығын біледі, олардың әрқайсысы кино-театрды (клуб) өзінің конструкциясымен жасайды; тәрбиеші тек фойе мен керермен залының жасалу әдістерін көрсетеді.

Балаларды коллектившілдік іскерлікке үйрету мақсатымен тәрбиеші, олар бірігіп істейтін қүрылыстардын, әр түрлі тақы-рыпшаларына сабақтар үйымдастырады; көше, темір жолдың вокзалы, сүт фермасы, құс фабрикасы, зоопарк.

1 § 3. Үйрету методтары мен тәсілдері

Осы жастағы балалардың конструктивті ойлары құбылыстар-дың кең шеңберде бейнеленуімен байланысты, бұл уақытта әрбір қүрылыс комплексінің конструкциялық мүмкіндіктері бір-шама шектелген болады. Сондықтан алдағы топтарда балалар-ды үйрету үшін , үсынылған жиынтықтардан басқа ғылыми зерттеу институттарында талданған ойыншықтарды, № 7 және № 8 жиынтықтарын «Архитектор», «Ленинград» тақырыптық жиынтықтарын пайдалануға болады және т. б.

Мектепке даярлық тобында негізінен балалардың түсінігі мен ой-қиялына сүйенген конструкциялық үйретудің мынандай тәсілдері: сезбен берілген тапсырмаңы орындау іскерлігі неме-се суретті, фотографияны, чертежді басшылыққа алу тәсілдері қолданылады. Сондықтан көбіне тек қүрылыстардың тақыры-бы ұсынылады. Балалар қүрылысты ересектер тобына қараған-да өздерінің алдына қойылған аса күрделі, бірнеше шарттарға сәйкес салады, (мысалы, өзеннің үстінен белгілі ендікте транс-портқа және жаяуларға арнап көпір түрғызады немесе екі қабат « магазин, немесе үш кіре берісті төрт қабатты тұрғын үй және т. б.).

Үлгілер кебіне балалар жүмыс істейтін қүрылыс материал-дарынан жасалған және қүрылыс бейнеленген суреттер, фото-графиялар түрінде беріледі. Олар негізінен мысал ретінде үсыны-


лады. Әрине, кейбір жағдайларда тәрбиеші жасаған құрылыс үлгілерін пайдалануға болады, бірак осы жастағы балаларды І'йретуге бүл тәсіл енді жарамайды.

Тәрбиеші тапсырманы түсіндіру кезінде, ішінара көрсетуді — конструкциялаудың, тек жаңа әдістерін қолдана алады. Мысалы, тәрбиеші сирек орнатылған, биік тіреулі көпірдің үстін жабудың жана әдістерін көрсетеді: тіреулерді түрғызып және оларды бір-бірімен үзын пластиналармен немесе кеспек ағаштармеи жал-ғастырады.

Балаларды үйретуде экскурсия мен алдын ала әңгімелесу ерекше орын алады. Экскурсия балалардың тек конструкцияла-натын объектілер туралы түсінігін байыту үшін ғана жүргізіл-мейді: әрбір экскурсия келесі сабақтарда шешуге болатын дәл сол міндеттерді балалардьщ түсінуіне дайындыққа бағытталады. Мысалы, қала бойынша (село) экскурсия кезінде •гәрбиеші бала-лардын, зейінін көшенің, алаңның әдемілігіне ғана аударып қой-май, сонымен қатар олардың әдемілігі ғимараттың архитектура-сымен және олардын, көшеде, алаңда орналасу әдістерімен анықталатынын көрсетеді. Мысалға тәрбиеші балалармен бірге алаңның біріндегі үйлердід кеңістіктік орналасуын, олардың ар-хитектуралық ерекшеліктерін талдайды. Ал сабакта тәрбиеші балаларға тапсырманы түсіндіре отырып, тапсңрманы жақсы түсінетіндей және оның байыпты орындалуына мүмкіндік туғы-зады, олардың экскурсияда алған білімдерін жетілдіре, дамы-та түседі.

Сабақтың басында әңгіме жүргізе отырып тәрбиеші, сондай-ақ балалардың алдыыа қойылған міндеттерін шешуге, қажетті білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне ықпал етеді. Мысалы, көпір жасау кезінде тәрбиеші көпірдің әр түрлі — жаяулар үшін, транспорт үшін және т. б., олардың конструкциясы да әр-бір бөліктері сияқты атқаратын қызметіне байланысты болаты-нын балаларға ескертеді (мұның барлығын балалар көпірді талдағанда және олардын. бейнеленуінде көрген болатын). Со-нан соң балалар қандай конструкциялы кәпір жасайтынын, неліктен ол сондай болу керектігін тәрбиешіге айтады. Сабақ-тың басында, балалар кинотеатр (клуб) жасай бастағанда, тәрбиеші балалармен әңгімелесе отырып үйдін, негізгі бөліктерін (фойе, керермен залы) және олардың атқаратын қызметін бөліп көрсетеді, бұл үйдің негізгі пішінін (куб, призма, жарты Шар), олардын, кеңістікте орналасуын (бір жазықтықта немесе біреуі жоғары) ал екіншісі төмен және т. с. с.) анықтайды.

Балаларға жеке конструкция жасау іскерлігін үйрету мақса-тымен (көпір, үй, кеме және т. б.) тәрбиеші балалардың өздері-нің ойлары туралы (конструкцияның езі), оның аткаратын қыз-меті туралы, оньщ қандай материалдардан жасалатындығы ту-Ралы айтқызуға итермелейді.


қағаздан, құнсыз және табиғи материалдардан конструкциялау

'§ 1. Программалық міндеттер

Бұйымдарды дайындау жөніндегі сабақтарда балаларда ере-сектер тобында алынған қағазбен жұмыс істеу дағдысы мен іс-керлігі нығая түседі: қағазды әр түрлі бағытта бүктеу, оны диа-ғоналы бойынша бөлу, дайын үлгімен бүктеу және детальдарды дайын жобамен қию.

Осы топтың балаларына қағазды басқа материалдармен үй-лестіре отырып әр түрлі бүйымдар — ойыншықтар жасауды үйретеді. Сөйтіп, жіңішке жіптің көмегімен балалар қозғалма-лы белігі бар картоннан қызықты ойыншықтар жасайды (бала-лайкалы петрушка, аяқтары қозғалып түрған көжек), ал короб-ка, катушкалар, картондар және қағаздардан көлемді ойын-шықтар дайындайды (автомашиналар, жүк көтеретін крандар, тракторлар, үйлер).

Қағаздан , картоннан және табиғи материалдардан (қабық, тақтайшалар, таяқшалар және т. б.) конструкциялай отырып балалар сумен, желмен ойнайтын ойындарға ойыншықтар жа-сайды (кдйықшалар, кішкентай корабльдер, баржалар, зырыл-дауықтар). Сонымен бірге тәрбиеші балаларды заттардың пі-шіндері және оның атқаратын қызметі арасындағы байланыс-тылықты анықтауға үйретеді (доғал тұмсықты кең баржа баяу жүзеді, бірақ жүкті көп алады және т. б.).

Табиғи материалдардан бүйымдар жасау сабағын үйымдас-тыра отырып, тәрбиеші емен жаңғағын, бүрлерді, бұтақтарды, талшын жемісін және т. б. пайдалануды балаларға үйретеді, жеке бөліктерін әр түрлі әдістермен бекіте отырып (желіммен, сыммен, пластилинмен, шимен және т. б.) ойлаған композиция-ға сәйкес кескінге мәнерлілікті бере білуге үйретеді. Балалар өз ойлары мен тәрбиешінің тапсырмасы бойынша әр түрлі адам тұлғаларын (емен жаңғағы қабығынан), қүс, балық, көбелек бейнелерін (қарағай мен шырша бүрлерінен) және тағы басқа-ларын жасайды (11-сурет). Осылардың нәтижесінде балаларда фантазия, ойлап табу, енер тапқыштық дамиды.

§ 2. Программаларды өту

Балаларда қағазды сызылған сызык бойынша бүктеу, қиын және көлемді пі-шінге желімдеу яғни үлгі, чертеж бойын-ша жүмыс ' істеу іскерлігін орнықтыру мақсатымен, тәрбиеші мебель жасау са-п-сурет. Емен жаңғағы- бағын ұйымдастырады. Онда, үлгілер мен нан жасалынған мүсін. өздерінің жасаған жобаларын зерттей

отырып, бүлардан не істеу керектігін ба-


аЛардың өздері анықтайды (педагог стол үстін мысалға алу ар-

ьіЛы тек үлгіні желімдеу принципін көрсетеді). Бір столдың

басьшда отырған балалар жүмысты өзара белісіп алады (біреуі

■ диван, екіншісі кресло және т. т. жасайды) және стол мен орын-

дыктардың аяқтарының биіктігі туралы келіседі.

Осы тақырыпқа тағы бір сабақ өтіледі (жыл бойына), онда балалар үлгілерді керекті пішінге салып ездері жасайды әр түрлі мебельдерді дайындайды. Сонымен бірге балалар қа-ғаз сызғышын қолдануды, енін, үзындығын, өлшей отырып, онымен сызықтар жүргізуді үйренеді. Тәрбиеші тік сызғышты қолдану тәртібін көрсетіп және түсіндіреді (қалай оны салу керек, қаламды тік үстай отырып түзу сызықты қалай жүргізу керек және т. б.), ал жұмыстың қалған бөліктерін балалардың өздері орындайды. Сабаққа дейін бір столдын, басында оты-ратын балалар бір-бірімен қандай мебель жасайтыны туралы келісіп алады да соған сәйкес материалдарды таңдап, өзінін, столына қоя береді.

Мұндай сабақтар тек қолдың іскерлігін дамытып қоймайды, сонымен бірге еске сақтау қабілетін, ойлауын, творчествосын, алдағы жұмысты жоспарлау іскерлігін жетілдіруге ықпал жа-сайды.

Жаңа жыл мерекесінің алдында балалар сабақта гирлянда тізбегін жасайды. Олар үлгіні өздері таңдайды (үлгілерді сабақ-қа дейін тәрбиеші бір күн бұрын іліп қояды), күні бүрын қажетті материалдарды таңдайды және бүкіл жұмысты өз бегГерімен орындайды. Бүл сабақтарда балалар аппликация сабақтарынан алған іскерліктерін қолданады: бүктегенде қағаздан бір типтес формаларды қиюға( квадраттарды, тікбүрыштарды бойлай және кесе-көлденең, жолақтарды — қат-қабаттап) болады.

Балаларда бір парақ қағазды әр түрлі бағытта бүктеу іскер-лігін нығайту мақсатымен буденовка дайындауға арналған са-бақ жүргізіледі. Бұл сабақ Совет Армиясы мерекесінің қарса-ңында ұйымдастырылады. Сабақтың алдында тәрбиеші балаларға буденовшы атты әскерлер бейнеленген иллюстрацияларды көр-сетеді, олардын, зейінін бас киімдеріне аударады. Алдағы мере-ке туралы естеріне салады, сол мерекеге буденовкалар жасауды үсынады.

Балалар айналма диірмен жасау кезінде тек дайын үлгімен жұмыс істеуді ғана емес (оны дүрыс қиып және орын-орңына қоюды), сонымен бірге детальдарды шегемен біріктіруді үйренеді; детальдар арасындағы белгілі қашықтықты сақтай отырьш, шегені дәл қағу іскерлігін меңгереді.

Осы жастағы топтың балалары айналмалы деңгелекті бекіту-Ді, басқа дайын формалардан бүйымдарды кебіне мықты, үқып-тьі жасауды үйрене береді. Балалар тәрбиешінін, көрсетуімен тү-сіндіруі бойынша автомашина жасайды.

Алынған дағдыларды нығайту мақсатымен ойша конструк-Циялау ұйымдастырылады (қорап, картон, қағаздан). Бала-

■ ' . 265


лардық өздері күні бұрын бұйымдар тақырыбын таңдайды (үд мебель, вагон, машина және т. б.), керекті материалдарды таң-дайды, балалардың белсенділігін және өз бетімен жұмыс істеуің қамтамасыз ету үшін жеке детальдардың біріктірілу әдістерің^ олардын бір-біріне қатынасы бойынша орналасуын, жүмыстың жүйелілігін өздері ойлап табады.

Жеке детальдарды негізгі бөліктеріне жіппен қозғалмалы етіп бекіту тәсілдерін меңгере отырып, балалар аса ынтамең картоннан қозғалмалы детальдары бар (кежек, қонжық, мат-решка) ойыншықтарды жасайды. Тәрбиеші түсіндірген кезде детальдарды біріктіру әдісіне өте көңіл. аударады. Бұл тақы-рыпшаларға екі сабақ ар,налады. • Олардың бірінде балалар аяқтары қимылдап түратын (таңдауы бойынша) кежек пең аюды, ал екіншісінде — музыкалық аспаптарда: гитарада, ба-рабанда, балалайкада (бір ойыншықты қалауы бойынша) ой-нап түрған қуыршақты, кішкентай аңдарды жасайды.

Табиғи материалдан бұйым жасау сабақтары (емен жаңға-ғы, қарағай бүрлері, түқым, бұтақ) негізінен матерйалдар өң-деуге жеңіл болатын уақыт жаз бен күзде жүргізіледі. Сабаққа дейін бірнеше күн бүрын тәрбиеші балаларға сабақтың тақыры-бын хабарлайды және тиісті материалдарды жинау ұсынылады.

Балаларды емен жаңғағынан әр түрлі кескіндерді (хайуанат-тардың, адамдардың) жасауға, ал сонан кейін оларды компози-цияға біріктіруге үйрете отырып (түлкі мен тырна, Қызыл Тел-пеқ пен қасқыр, екі ит және т. б.) тәрбиеші желім мен сіріңкенін. көмегімен жеке детальдарды бекіту әдістерін балалгррдың иғе-руіне, сондай-ақ кескіндерге мәнерлілік беруге көңіл бөледі. Бір столдың басында отырған балалар бірігій істейтін жүмысы туралы, жалпы композицияға сәйкес кім қандай кескінді жа-сайтындарын келісіп алады, ал сонан кейін барлығы осы компо-зицияны жасайды.

Тәрбиеші балаларды сондай-ақ ашылмаған қарағай бүрле-рінен көбелектер мен балықтарды дайындауға үйретеді.

Мұнан кейін осы сабақтарда алған білімдері мен іскерлікте-рін балалар ойша конструкциялау сабақтарында, сондай-ақ са-бақтан тыс әрекеттерінде нығайтады.

§ 3. Үйрету методтары мен тәсілдері

Осы жас тобындағы балалар үлкен техникалық іскерлікті ка-жет ететін аса күрделі конструкцияны игереді, сондықтан бү-йымдарды дайындау жүйелілігін егжей-тегжейлі түсіндіру мен көрсетуді тәрбиеші жиі пайдаланады.

Сөйтіп мысалы, балконы бар үйді жүқа картоннан жасаған кезде тәрбиеші әуелі көп қабатты балконды-лоджалы үйдін. да-йың конструкциясын керсетеді, ал сонан кейін жұмыстын, жүйе-лілігін түсіндіреді, балконды шығару үшін қағазды қалай бүк-


теуді. оны калай кесуді, үй тікбұрышты болу үшін қалай же-лімдеуді. төбесін қалай жасауды және т. с. с. көрсетеді.

Зырылдауықты жасағанда тәрбиеші шаршыны қалай кесуді (ортасынан сызыққа дейін бірдей қашықтықта), кесілген бұ-рьішты қалай бүктеуді (біреуден кейін) және шаршының орта-сына бірінен кейін бірін жапсыруды, таяқшаға зырылдауықты калай қағуды мұқият тәіітіштеп түсіндіреді және т. б. Өзінің зы-рылдауықтарын сәндеуді балалар өз бетімен жасайды.

Алайда, егер бүйымдарда балаларға бұрыннан таныс әре-кеттер әдісі қолданылса, онда тәрбиеші үлгіні зерттеу және ішінара көрсетумен (мысалы, қағаздан мебель жасау сабағын-.да) немесе балаларға олардағы бар білімдерін белсендіретін сүрақтар қоюмен шектеледі. Сөйтіп, мәселен, елканы безендіру тізбектерін дайындау сабақтарында әуелі дайын үлгілерді зерт-тейді, ал содан кейін тәрбиеші оларды қалай жасау керектігін, жауабын анықтап алады, сонан соң балалар өз беттерімен (тапсырманы) орындайды.

Егер бұйым жеткілікті түрде көп еңбекті және көп уақытты қажет ететін болса, онда оны дайындауды тәрбиеші екі сабаққа бөле алады, мысалы, қозғалмалы детальдары бар ойыншықтар-ды жасау кезінде осылай жасалады. Бірінші сабақта тәрбиеші олардың өздері картоннан жасаған бір-екі қызықты кішкентай аңдарды көрсетеді және балалардың театр ойындары үшін осын-дай ойыншықтар жасайтынын, ал бүгін олар картонға өздерінің ойлаған аңдарын салатындығын айтады. Балалар мазмүнына сәйкес бояп суретін салады (кеудесін, басын, аяғын және т. б.). Екінші сабақта балалар тәрбиешінщ керсетуі мен түсіндіруі бо-йынша осы ойыншықтар суретінен мүсін жасай бастайды.

Ойыншықтарды жасау сабақтарын ұйымдастыру алдын-ала үлкен дайындықты қажет етеді, оған балаларды тарта отырып, тәрбиеші кейде мұны сабаққа дейін бірнеше күн қалғанда бас-тайды. Балалар тек қана материалдарды дайындауға (қағаз-Дарды кесіп оны пішіні бойынша салуға және т. с. с) көмекте-сіп қоймайды, сонымен бірге алдын-ала бір парақ қағаздан түтікше жасайды (мебельдің аяқтарын дайындау), қызықты ойыншықтарға арнап ертегі кейіпкер.лер аппликациясын жасай-ды және т. б.

Ойша жұмыс істеу сабағының жетістігі негізінен алдын-ала

тьщғылықты дайындыққа байланысты: не жасайтындарын, олар-

ға бүл үшін қандай материалдар керек болатындығын және

т. с. с. балалар неғүрлым ертерек ойланса, солғүрлым олардьщ

бүиымдары қызықты және мазмүнды болады.

Мәселен, балалар тәрбиешімен бірге емен жаңғағынан әр түрлі кескін жасау үшін әр түрлі мөлшерлі және формалы емен жаңғағын, мүкті, қайыңның жүқа қабығын, жүгері ша-Шақтарын жинайды және т.'б. Балалар күні бүрын өздерінің

26?


           
   
   
 
 

12-13-сурет. Бірнеше бөліктерді біріктіру арқылы жасалған адам бейнелері. композициясын (екіден) - ақылдасып алса (ертегінің сюжеті, өлең), онда олар бұл материалдарды мақсатты, оны осы кон-струкциялық ойға сәйкес белсенді турде талқылай отырып жи-найды: ірі жаңғақ — денесі үшін, ұсақтары — басы үшін, әр түрлі иілген бұтақтары — қолдары, алақан, табандары үшін, оларды біріктіргенде жүгіретін, отыратын, секіретін кескің бо-латындай болуы керек (12, 13-суреттер). Тәрбиеші балаларды олардың ойына сәйкес материалдарды таңдауды ғана емес, со-нымен бірге қолдағы материалға сәйкес жасауды үйретеді. Ол балалардың зейінін табиғат тарту еткен пішіндердің мәнер-лілігіне көңіл аударуға, өрнектеле иірілген ағаштардың ұқсас-тығын кере білуге, әр түрлі хайуандар кескініндегі бүтақтар (шауып бара жатқан бұғы, көкқүтан және т. б.) кейпін және осы бұтақтарды басқа материалдармен толықтыра отырып (пластилин, тұқым, жидектермен, гүл жапырақтармен) бейне-

лілікті күшейтуге үйретеді (14-

сурет).

Көбіне тәрбиеші бұйымдар жа-сауға тікелей қатысады. Өйткені, балалар дайын кескіндерді түғырға Іэрната бастаған кезде тәрбиеші біз-бен тұғырды және кескіннін, таба-нын тесіп немесе балалармен бірге балықтарды, көбелектерді ашылма-ған қарағай бүрлерінен жасаған кезде еткір пышақпен қанаты мен желбезегі үшін тесік жасайды,

Ата-аналар жиналысына,

14-сурет., Көкқүтан

8 март мерекесіне және т. б. арнап балалар жұмыстарының көрмесін


«^ымдастырудың үлкен тәрбилік мәні бар. Балаларда өзінщ іұмысын жаксы жасауға ынтасы артады, оның орындалуына ^ауапкершілігі артады. Ал көрмені ұйьщдастыруға баланы тар-ту оньщ эстетикалық талғамынын, артуына ықиалын тигізеді.

САБАҚТЫҢ ҮЛГІ КОНСПЕКТІЛЕРІ ' Ересектер тобы.

Тығыз қалың қағаздан жасалған бұйым: «Кішкентай кәрзеңке».

Программалық мазмұн. Балаларды шаршы кағазды 16 кіш-кентай шаршыға бүктеп, дәл майыстырып, сол майыстырылран сызықтан ке-суге үйрету керек. Оның практикалық мәні тұрғысынан заттарды зерттёу іс-керлігін қалыптастыру керек.

Сабақты жүргізу методикасы. Сабақтын, басында тәрбие-ші балаларға аппликациямен сәнделген кішкентай кәрзецкені көрсетеді, оны нсақсылап қарауды ұсынады да келесі сұрақтарды қояды: «Бұл кәрзеңкені калай пайдалануға болады (мұнда емен жаңғағын, гүл тұқымын және т. с. с. салу керек)? Ол кандай кейіпте (шаршы тәрізді ме)? Ол қандай бөліктерден тұрады (түбі, қабырғасы, баулығы) және олардың әрқайсысы не үшін керек (түбіне түкымды салады, қабырғасы — түқымньщ төгіліп қалмауы үшін, бау-лығы кәрзеқкені ұстауға ыңғайлы болуы үшін)? Қәрзеңкені зерттеп болған-нан кейін тәрбиеші оның қалай жасалатындығын көрсетеді: бір парақ қағаз-ды тең ортасынан бүктеп, онын. әрбір жағын тағы да қақ ортасынан бүктей-ді, сонан кейін квадратты бүктелген сызықтары тік болатындай етіп. бұрады және сол бүктеулерді кайталаса көп .кішкентай квадраттарға белінген квадратты алады: одан ары ол қарама-қарсы екі жағынан қиылады (оң және сол жағынан бір квадрат бойынша). Бұдан кейін тәрбиеші балалар-ға кәрзеңкені шығару үшін осы дайын үлгіні (қиылған квадратты ішіне қа-рай бүктеу керек) қалай қойып және желімдеу керектігін ойлануды ұсынады. Егер балалар ез бетімен шешім табуға киналатын болса, тәрбиеші көмектеседі. Сонан кейін тәрбиеші балаларға осындай кәрзенкелерді дайындауды ұсынады. Баулығы мен аппликацияны балалар өз бетімен жасайды. Балалардын. прак-тикалық әрекеті уақытында тәрбиеші олардың қайырып бүктеуді және дәл қиюды жақсы жасауын қадағалап отырады.

Мектепке даярлық тобы.

Жаяу адамдар мен транспорт 1 үшін өзеннің үстіне көпір түрғызу. ,

Программалық мазмұн. Балаларда нақты жағдайға сәйкес заттарды конструкциялау іскерлігін (ойща жасау), осы жағдайды талдау және олафмен сәйкес езінің практикалық әрекетін бақылау іскерлігін қалып-тастыру керек.

Сабақты жүргізу методикасы. Сабақтық басында бала-ларда әр турлі көпірлердін. конструкциясы туралы түсінікті нақтылау мақса-тымен қысқа әңгіме жүргізіледі. Тәрбиеші балаларға олар қандай көпірлерді байқағандарын, картинкалардан көргендігін, бұрын қандайын тұрғызғанды-ғьін, олардың бір-бірінен несімен ерекшеленетінін және оларда ортак, бір-Дей не болатынын естеріне түсіруін ұсынады (Ортақ бөліктері — тіректері, жү-ретін бөліктері, сүйеніштері, темен түсетін ылдиы, бірақ әр түрлі формада. мысалы транспорт үліін темен түсетін ылди тегіс, ал жаяу адамдар үшін сатылы болады және т. т.). Сонаң соң тәрбиеші балалардың зейінін олар-Дағы бар материалдарға аударады (бір парақ көгілдір кағаз — өзен, екі ма-ншна; адам тұлғалары) және өзеннін. үстінен (бір парак қағазды көрсетеді) кепірді- (оңық екі жағынан жаяу адамдар жүретіндей етіп) машиналар ерсілі-

1 Бүл сабақ балалар көпірдің әр түрлі конструкциясын меңгергенде және шарт бойынша конструкциялаудың тәжірибесі болған кезде жүргізіледі.


қарсылы жүретіндей ендікте тұрғызуды ұсынады. Осы тапсырманың орыңДа процесінде тәрбиеші балалардын, көпірдің ені мен ұзындығын бақылауьщ « ден екі машина жүретіндей етуін қадағалайды. Балалардын, күрылысык' тя дау кезінде олардың тек барлық тапсырма шартына жауап беріп койғандапы ғана емес, сонымен бірге ерекше конструкциялық шешім тапқан баланы ай рықша атап өтеді.

СҮРАҚТАР

1. Мектеп жасына дейінгі баланың жан-жакты дамуы үшін конструктивті
іс-әрекеттің қандай мәні бар?

2. Балалар бақшасында материалдар қандай және калай пайдаланыла-
ды? Оларды сақтау үшін қандай талаптар қойылады?

 

3. Бірінші кіщкентайлар тобында балаларды конструкциялауға. үйрету-
дін, міндеттері кандай және екінші кішкентайлар тобындағы балаларды үйрету
кезінде олар қалай күрделенеді?

4. Мектепке дейінгі жастағы кішкентай балаларды конструкциялауға
үйретудін, негізгі тәсілдері кандай?

5. Естиярлар тобындағы балалармен жұмыс істегенде конструкциялаудың
қандай түрлері пайдаланылады және олардын, әрқайсысында қандай негізгі
міндеттер шешіледі?

-6. Естиярлар тобындағы балаларды құрылыс материалдарынан, қағаздан және басқа материалдардан конструкциялауға үйретуде кандай әдістер мен тәсілдер барынша тән больш табылады?

7. Ересектер тобындағы балаларды құрылыс материалынан, қағаздан,
табиғи материалдан конструкциялауға үйрету мазмұнында жацалық бар ма?
Балалардың құрылыстары мен бұйымдарындағы үлгі тақырыпшалар қандай?

8. Мектепке даярлау тобындағы балаларды конструкциялауға үйретудің
міндеттері қандай?

9. Мектепке дейінгі жастағы ересек балалармен жұмыста тәрбиеші кон-
струкциялауға үйретудін. қандай әдістері мен тәсілдерін пайдаланады?
Алдьщғы жас топтарындағы пайдаланылған әдістер мен тәсілдерден олар
несімен ерекшеленеді?

10. Бұл тәсілдердіқ қайсысы мектеп жасына дейінгі ересектер тобында іс-әрекеттердің жинақталған әдістерін, жинақталған түсінігін қалыптастыру мақсатында, сол сияқты қайсысы өзіндік конструкциялық ойын жүзеге асы-ру іскерлігін қальштастыру мақсатында қолданылады?

УЧИЛИЩЕДЕ ПРАҚТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ БАИЛАНЫСТЫ ҮСЫНЫСТАР

Балаларды конструкциялауға үйретуді ойдағыдай іске асыру үшін тәрбие-ші ең алдымен өзі қажетті білімді, іскерлікті және дағдыны меқгеруі керек, балалармен жұмыста пайдаланылатын конструктормен, құрылыс жиынтык-тарынын, барлығымең жаксы таныс болуы керек, барлық детальдардың атын және олардың конструктивті қасиеттерін білуі керек, техникалық конструк-тивті іскерлікті игеруі керек (жабынды жасау, кеқістікті тұйықтау және т. т.,, үлгі, чертеж жасау, кағазды әр түрлі бағытта жинастыру және т. с. с. бұйым-дардын, жеке детальдарын әр түрлі әдістермен қосу — пластилин, желім және т. с. с. көмегімен), заттарды, үлгіні талдай білуі керек және т. с. с.

Тәрбиеші осылармен катар үйретудің барлық тәсілдерін игеруі керек: тапсырманы қысқа және түсінікті етіп түсіндіре білуі керек, барлық балалар көретіндей етіп құрылыс салу гіроцесін, ойыншықтарды, бұйымдарды жасау-ды дұрыс көрсетуі керек және т. с. с. Мысалы үйдің құрылысын түсіндіру мен көрсетуді тәрбиеші артқы қабырғасын салудан бастау керек, ал алдынғы қабырғасын салумен аяқтау керек. Кері жағдайда алдыңғы дайын қабырғасы балаларға басқа қабырғаларын тұрғызу процесін көруге кедергі жасайды. Тәрбиеші чертеж бойынша қағаз бұйымдарын дайындау процесін көрсету кезінде балалардың, чертежіне қарағанда үлкен көлемдегі чертежді пайда-лануы керек және т. б.


Окушылар осы барлық білімдері, іскерліктері және дағдыларын прак[ икалык сабақтарда меңгереді.

Црогрлмма бойынша бірінші мен екінші кішкентайлар жэне естиярлар топтарындағы практикалық сабақтар

1 Бірінші, екінші кішкентайлар және естиярлар топтарындағы балалар-„еН жұмыста пайдаланатын құрылыс материалдары жиынтығын демонстра-циялау. Құрылыс материалдарыиын, барлық детальдарын^ дәл атау керек шбкк, кірпіш, призма, пластилин және т. т.).

1 2 Қажетті конструкциялық іскерліктерді меңгеру, өздерінің зерттеуіне негізделген құрылысты талдауды игеру мақсатын көздеп, екінші кішкентай-ляр және естиярлар тобының программасы бойынша жасалатын құрылысты тзрбиеленушілердің конструкциялауы. Осы топтардың программаларыньщ та-лабын ескере отырып оқушыларға ездері меңгерген құрылыстардың кейбіреу-лерін өз бетімен түрлендіруді ұсыну керек.

Программа бойынша ересектер тобындағы практикалык, сабақ (2).

1. Ересектер тобындағы балалармен жұмыста пайдаланылатын конструк-
торлар мен құрылыс материалының әр түрлі жиынтықтарымен оқушылар-
ды таныстыру..

2. Ересектер тобындағы балалар орындаған құрылыстарға (таблицалар-
да берілген) талдау жасау.

3. Қағаздан жасалған бұйымдардың моделін жасау тәсілдерін керсету
мен түсійдіру техникасын үлгі тақырыпшаларды: кішкентай кәрзенде, үйшік,
гараж, қайық парашют, мебель алмалы салмалы кубтар және т. б. жасауды
оқушылардың игеруі.

Программа бойынша мектепке даярлық тобындағы практикалық сабақ (3)

1. Әр түрлі құрылыс детальдарынан, үлгі жиынтықтардан жасалған не-
месе суреттердегі, фотографиялардағы құрылыстарды талдау және демон-
страциялау.

2. Әр түрлі материалдардан (құрылыс, құнсыз, табиғи) конструкциялау
кезінде үлгіге зерттеу техникасын жүргізуді меңгеру,

3. Табиғи материалдардан бұйымдар жасау кезіндегі әрекеттің әдістерің
көрсету мен түсіндіру техникасын меңгеру (емен жаңғағы, мүк, қайың қа^
бығы, тұкым және т. т.).

Оқушылар педагогикалық практика кезінде конструкциялау сабактары бойынша бақылау жасайды, оларды ретімен жазып алады да сонан кейін тал-дау жасайды: құрылыс материалынан жасалған құрылыстарынан балалар суреттеме серияларын жасайды.

Үйде оқушылар осы суреттемелерден альбом құрастырады, бұйымдар үл-гілерін және елка ойыншықтарын жасайды және оларды көрнекі қүралға Дайындайды: жеке сабақтарға конспекті жасайды.

Тарау

САБАҚТАН ТЫС БЕЙНЕЛЕУ ІС-ӘРЕКЕТІ § 1. Өз бетімен бейнелеу іс-әрекетінің мазмұны

Балаға көркемдік тәрбие беру тек сабақтарда ғана емес, со-нымең бірге күнделікті өмірде де болады. Баланың ынтасы бо-йьшша туып отыратын өз бетімен бейнелеу іс-әрекеті бұл жерде Маңызды роль ойнайды. Ол сабақтарда алған көркемдік тәжіри-


бесін қолданады, меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыЛа рын қолданып, әдеттегіден өзгеше жаңа жағдайларда әреке? етеді.

Өз бетімен бейнелеу іс-әрекетінің коллективтік сезімді тәр. биелеуде де үлкен мәні болады. Коллективтік жұмыстарды орың. дау кезінде («Магазин» ойыны үшін көкөністерді мүсіндеу; елка ойыншықтарын жасау, қолдан жасалған кітапшаға пайдалаңу үшін әдеби шығармалар бойынша сурет салу, шақыру билетте-рін әшекейлеу) педагог балаларды жолдастарына тілектестік қарым-қатынасқа, жұмыстын, қалайда мүмкіндігінше жақсы жа-салуына, бір-бірімен келісу іскерлігіне тәрбиелейді.

Балалардың ынта-ықыласы сабақтан тыс уақытта білінеді. Олар іс-әрекеттің белгілі бір түріне бейім.

Балалардың өзіндік іс-әрекетінің қайнар көзі айнала қорша-ған болмысты қабылдаудан туған әсер болып табылады. Бұған балалар ездерінің түсінігін, кызығушылығын, ынтасын білдіре-тін, әр түрлі сезімдерін танытатын ойлау жұмыстары жар-қын куә.

Өз бетімен бейнелеу іс-әрекетінің қайнар көзі сондай-ақ енер болып табылады. Өнердің сан алуан түрлері балалардың әсерін байытады (бейнелеу, музыка, әдебиет). Театрға, киноға, циркке бару, телевизиялық хабарларды қарау баланың бейнелеу обра-зының жасалуына ықпал етеді.

Өз бетімен бейнелеу іс-әрекетінде балаларда анасына, тәр-биешісіне, жолдасына сыйлық үшін ойыншық жасау немесе мү-сіндеу, сурет салуға, үйінде ауырып жатқан балаға өзінің сал-ған суретін жіберуге, мысалы, кішкентайлар тобындағы бала-ларға арнап қызықты бір нәрсе немесе сыйлық жасауға ынта пайда болады. Кейде балалар мерекеге қарсы өздерінің топтық бөлмесіне, вестибюльге, залға арнап әшекейлер жасайды; топ-тың сабақтарына қажетті қүралдар: есепке арналған матери-алдар, қалам қораптары, қыл қалам қойылатын түғыр және т. б. дайындайды.

Балалар топтағы немесе олардың жолдастарында пайда бол-ған жаңа заттарға қызықтап қарайды, соған қарап сурет сал-ғысы, мүсін жасағысы және аппликация істегісі келеді.

Маша балалар бақшасына жаңа қолғаппен келді. Ол бала-ларға қолғабын керсетіп, оны әжесінін, тоқығанын айтады. Біраз уақыттан кейін Саша, Нина және Лена қағаз сүрап алып, дәл Машанікіндей қолғаптардың суретін салып береді.

Балаларда сабақтан тыс уақытта олардың сабақтарда алған дағдысы мен іскерлігіне жаттығу, оларды бекіту ынтасы тууы мүмкін.

Ересектер тобының балалары қуыршақ бөлмесіне арнап әде-мі кілемше жасады. Әуелі олар өз бетімен түзу және толқынды сызықтар, өрнектің бүрама және басқа элементтеріне жаттык-ты, ал сонан кейін ернектер ойлап тапты.

Балалардың өз бетімен іс-әрекетінің сүйікті түрінің бірі сурет


салу болып табылады. Суреттерінің мазмүныньщ негізі — айна-

ла қоршаған төңіректің бейне кескіні. Сонымен Солтүстікте тү-

ратын балалар өздеріне ете жақын нәрселерді: бүғыларды, күр-

келерді, солтүстіқ шүғыласын суретке салады. Бұдан басқа

олар Москваны, Кремльді, Қызыл алақды жиі салады. Совет

Одағының европалық беліктерінде, Орта Азияда түратын ба-

лалар тауды, орманды, езенді, қүмды, шөлді, түйені және т. б.

салады. Әдебиет шығармалары және декорация бойынша сурет

салу едәуір айтарлықтай орын алады. Қыз балалар кілемшеге,

үшкіл орамалға сабақтан тыс уақытта да қызыға өрнек салады,

куыршаққа арналған қөйлекті бояйды. Мектепке даярлық то-

бында злттын, өзіне қарап сурет салу байкалады (гүлдер, гүл

салынған ваза, қүмыра). Балалар «Колобок», «Теремок», «Ма-

ша мең аю» және т. б. ертегілер бойынша драмалық ойынға

декорациялық сурет салады, топ бөлм^сі мен залды мерекеге

қарай безендіру үшің декоративті әшекей жасайды; театр кө-

леңкесі үшін суреттер жасайды (тушь, қара гуашь). Сурет са-

луда пайдаланатын негізгі материалдар: қалам, бояу — гуашь,

акваредь, сондай-ақ түрлі түсті бор, жұмсақ түрлі түсті қалам-

дар, көмір.

Бос уақыттарында балалар мүсіндеуді жақсы көреді. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ыдыс-аяқтарды, ертегі кейіпкер-лерін бейнелеуді үнатады.

Коллективтік мүсіндеу үлкен орын алады. Балалар тақырып-тық композиция жасау үшін шағын топтарға бірігеді: «Мазай ата мен қояндар», «Шай жабдығынын, ыдыстары» және т. б.

Балалар геометриялық фигуралар мен өсімдік элементтерін қяып және желімдейді: қар үшқындары, қағаз қуыршағына көйлек, қол орамалдар және т. б. Олар коллективтік апплика-ция да жасай алады: қуыршақ бүрышына арнап кілемше, дра-малық ойынға декорация және т. б. Коллективтік композиция да қызықты жасалынады: «Поезд», «Қала кешелері», «Мереке-де балалар билеп жүр» және т. т.

Конструкциялауда ірі және үсак қүрылыс материалдарын пайдаланады, одан балалар үй, гараж, пароход соғады, қағаз-дан олар елка ойыншықтарын, самолеттер, корабльдерді шебер жасайды.

Бүйымдар үшін сондай-ақ табиғи материалдар — шырша, қарағай бүрлерін, қайын, қабықтарын және т. б. пластилинмен, сіріңкемен үйлестіріп пайдаланады.

Балалар күзде де әр түрлі түсті жапырақтардан телпектер, әшекей тізбектерін жасайды. 'Қарағай қабығы мен таяқшадан кішкентай қайық, пароход және т. б. шебер жасап шыға-рады.

Балалар сабақтан тыс уақытта кітаптардағы иллюстрация-ларды, открыткаларды, репродукцияларды, картинкалы альбом-ды қарайды. Бүл керкемдік түсініктін, дамуына ықпал жасайды.


Форма мен түс сезімін толық меңгеру үшін әр түрлі дидактика-лық ойындар пайдаланылады («Осындай да түс болады», «Ба-сып шығар да боя», «Түсі мен формасы бойынша таңда»).

Балалар өздігінен керкемдік іс-әрекетінің көп бөлігімен бөлмеде шұғылданады. Алайда бейнелеу іс-әрекеті сыртта да өрістеуі мүмкін. Бүл — керамикалық плиткалардағы өрнек-терді айтып беру, асфальтқа түрлі түсті бормен сурет салу, балшықтан мүсіндеу, гүлдердің, жапырактардың езіне қарап сурет салу (акварельмен, түрлі түсті жүмсақ қарындаштар, түрлі түсті қаламдармен), майда тастардан бейне жасау (күн, хайуандар, адамдар), папье — машеден бүйымдар жасау, өсім-діктер бүтақтарынан бейне жасау, сабаннан өріп өрнек тоқу. ^шекейге түрлі түсті мүзды пайдалана отырып қардан скульп-тура жасау қыста жүргізіледі.

■ Өз бетімен жекелей сурет салу, мусіндеу, аппликация-лау, конструкциялау арасында, бейнелеу және іс-әрекеттің бас-қа түрлерінің (музыкалық, театрлық — ойын, әдеби) арасында байланыстылық жиі болады. Балалар көлеңке театрына арнап кейіпкерлер силуэттерін салады, ертегі драмасына костюмдердің злементтерін өздері жасайды, куыршақ спектакліне декорация жасайды. Бүл іс-әрекет ойынның творчестволық ролімен байла-нысты болуы мүмкін. Мысалы, балалар ірі қүрылыс материал-дарынан әр түрлі құрылысты салады (корабль, колхоз фермасьг, зоопарк, магазин), «Магазкн» ойыны үшін жемістерді мүсін-дейді.

Бейнелеу және әдеби іс-әрекеттің арасындағы байлалыс іске асады. Мәселен, балалардың жеке киноаппаратына арнап ұзын 1 қағаз лентасына әдеби шығармалардың эпизодтарын салу кең қолданылады.

Тәрбиеші өз бетімен бейнелеу іс-әрекетін бақылап және кей- ■ бір балаларда оның көріну ерекшелігін көре білуі қажет.

Балаларда іске түрақты қызығушылық болмаған жерде жұ-мыс мақсатсыз, . оның қарқыны әркелкі болатындығы, біреуге еліктеуі жиі кездеседі, бейнелеу дағдысы мен іскерлігі төмен дедгейде болады.

Мысалдар келтірейік.

Миша (5 жас) қайшы мен қағаз жатқан столға келіп, қолы-на қайшыны алып қағазды үсақ бөліктерге қиып кесе бастайды, ал сонан кейін бүл жүмысты тастап, кубиктер жатқан басқа столға барады.

Катя (6 жас 8 ай) кесек балшықты алып, ешқандай пішінге келтірмей үзақ уақыт илейді.

Қайшы мен қағаздар жатқан столдардың біріне топтың бала-лары келеді. Қыз бала картоннан істелген фигураға арнап кей-лек қия бастайды, балалардың' үшеуі 5 минуттай оған қарап түрады да, сонан соң қайшыны алып дәл сондай кейлекті қия


бастайды. Тапсырманың тақырыбын, олардын, орындалу әдіо терін кейбір балалар өз беттерімен саналы түрде жасаңды. Ба-ла өзінің ойлауы бойынша тәрбиешіге келіп, мәселен, көктем мен күзді салатын сабақтарда қағаздың дәл сондай түсін сұрай алады: мүндайда тәрбиеші суретті қалай салатындығын түсін-діру керек және әдетте жұмысты аяғына дейін жеткізу кер^к.

Әдетте, мұндай суреттерді балалар сабақта мүсіндеуді өт-кен күні жасайды.

Топта сондай-ақ балалардын. кейбіреулерінен іс-әрекетке бел-сенді қатынасының көрінетінін байқауға болады: олар ездерініа алдына саналы мақсат қояды және соған сәйкес бірнеше сурет-ті, мүсінді жасайды. Олар өз беттерімен бейнелеудің әдістерін іздейді, тапсырманы жаңа материалмен орындауға тыры-

сады." "

Өз бетімен бейнелеу іс-әрекетінде балалар жеке дара, 3—4
адамнан қосылып немесе үлкен бір топқа бірігіп әрекет ете
алады. (

§ 2. Өз бетімен бейнелеу іс-әрекетіне басшылық

Сабақтан бос уақытта баланың инициативасы бойьшша туа-тын бейнелеу іс-әрекетіне педагогикалық басшылықта біршама қиындық бар. Тәрбиеші тікелей үйретуді іске асыра алмай-ды, сондықтан бұл жанама басшылық тәсілін пайдаланатын-дығымен түсіндіріледі.

Бүл тәсіл көбіне баланьщ өз бетімен бейнелеу іс-әрекетінін. мазмүнымен анықталады, оның негізгі айнала коршаған бол-мыстың, ертегілер дүниесінің бейнелі көрінісі болып табы-

лады.

Алайда бала айналасындағылар туралы әсерін ездігінен бере

білуі үшін, ол бейнелеу-мәнерлеу қүралдарын еркін игеруі

керек.

Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды алу процесі сабақтар-да, сондай-ақ күнделікті өмірде жүреді. Егер де сабақтарда керкемдік тәжірибені беру үлкендермен іске асырылса, онда бала күнделікті өмірінде алған білімдерін, іскерліктерін ез бе-тімен пайдалануы керек.

Тәрбиеші айнала қоршаған болмысты бақылау процесінде балалардын, әр түрлі әсерлерді алуына ықпал жасайды, шы-найы образдарды сабақтарда жасалған түрлерімен салыстыра-ды, бейнелерді байыту мүмкіндігіне көңіл аударады. Мысалы гүлдерді натурадан салғаннан кейін шалғындағы, даладағы


1-сурет. Ойша сурет салу.

■учаскедегі, иллюстрациялардағы әр түрлі гүлдерді қарау тиім-ді. Сонда ғана балалар сабақтан тыс уақытта әдемі гүл шоғы-рын, декоративті композиция жасай алады.

Тәрбиеші балаларға олардың өздері салғысы келген заттар-ды қарауды үсынады. Сөйтіп, егер бала машиналарды, самолет-терді салуға ықылас білдірсе, тәрбиеші олардың қалай салына-тынын бүлдіршіндерден сүрауына болады. Ол балаға иллюстра-циялардағы транспорттың әр түрлі түрлерін карауды ұсынады, сонымен бірге оның зейінін олардың әрқайсысының сипатты ерекшеліктеріне аударады.

Мүндай үсынысты зорлап міндеттемеу керек, ол бала ойы-ның мазмұнына байланысты туып отырады.

Балаларды қарапайым декорациялық композицияны салу-ға жиі тартады (кілемше, кішкентай салфеткалар, орамалдар және тағы басқалары) сондықтан да сабақтан тыс қарау үшін тәрбиеші балаларға ойыншықтар, заттық пішіні айқын бейне-ленген суреттерді береді. Қомпозициялық өрнегі бойынша (дымковтық нақыш) балаларға түсінікті декорациялық әше-кейлер олардың өз суреттерін байытуына көмектеседі.

:276 •


Енді біртіндеп мектепке дейінгі жастағы естияр балаларда ^үсіндеу, сурет салуда ездерінің сүйікті тақырыптары пайда бо-ла бастайды. Түрақты қызығушылығын қуаттай отырып, жүмыс-тЬщ тек мазмұнын ғана байытып қоймайтын, сонымен бірге қү-ларлығын және бақылампаздығын дамытатын заттарды бейне-леуді балаларға ұсыну тиімді.

Балалар сабақтан тыс уақытта сюжетті композиция жасаған кезде, тәрбиеші- қағаздың ортасына заттын, қалай орналасатын-дьіғын олардың естеріне салуына болады.

Балалар бос уақытында бояудың өздері жақсы көретін түсін жиі қолданады. Әр түрлі материалдарды дайьшдай оты-рып, тәрбиеші балалардың бүл ынтасын қолдап отырады.

Кейде сабақтан тыс уақытта бейнені жасай отырып балалар штрих түсіру сапасына кеңілді аз аударады, сондықтан сурет-тердің ұқыпсыз болатынын бақылаулар көрсетті. Тәрбиеші ба-лаларға тек сабақтарда ғана емес, сонымен бірге басқа кезде де әдемі, тегіс, ұқыпты бояу керектігін үнемі естеріне салып отыруы керек. Бұдан басқа түрлі түсті қаламмен сурет салу үшін қағаздын, үлкенін алмау және штрих жүргізуде ұқыпты-лыққа жету керектігі жөнінде балаларға кеңес береді. Қейде бір суретті бастап, оны аяқтамаудан балаларда салақтық пайда болады. Сабақтан тыс уақытта бейнелеу іс-әрекетіне басшылық жасай отырып тәрбиеші балаларға өздерінің жүмысын жос-парлауға асықпай-ақ ойын аяғына дейін жеткізуге көмек-теседі.

Тәрбиеші баланың алдағы қүмартқан суретіне кенесші ролін-де көрінеді. Ол балаға нені және қалай істеукеректігін тікелей айтып бермейді, ол жүмыстың барысында баламен бірге сурет-ті қызу талқылайды.

Мысалы, Миша пароходты, яхтаны суретке салуды ете л<ақ-сы көреді. Ол бірнеше рет сабақтан тыс уақытта сурет салуды бастады, бірақ сурет бітпей қалды. Тәрбиеші Мишамен бірлесе отырып оның суретін қарап: «Әдемі пароход болу үшін қалай істеу керек?» деп сүрайды. Ол жеңіл сызықпен кеменің суретін салуға кеңес береді. Миша сеніммен жылдам салады. «Ал паро-ходты толқынмен жүзетіндей етіп қалай жасауға болады?»— деп сұрайды тәрбиеші. Миша толқынды салады, сонан кейін тәрбиешінің кеңесі бойынша корабльді көгілдір түске бояйды. Бала езінін, бұрынғы суреті мен кейінгі суретін салыстырып, көңлі тоғайып қалады. Тәрбиешінің айтуы бойынша ол суретін мольбертке қойды және басқа балалармен оны қарауға қайта-Кайта келіп жүрді. Осындай тәрбиешінің шебер басшылығы балаға жұмыстың жаңа сапалы деңгейіне жетуіне жәрдем етті.

Баланьщ ынтасы бойынша туған сурет, мүсіндеу, апплика-


ция өзінің дәл қолданылуын табу үшін тәрбиеші ойынды жиі пайдаланады.

Мысалы, балалар «Хаврошечко» ертегісін жаксы көрді. Осьі ертегідегі иллюстрацияларды қызығып қарады. Тәрбиеші бала-ларға столдың үстіндегі театр көрінісін көрсетуді ұсынады. Бұл үшін өздеріне біраз нәрсе жасау керек. Тәрбиеші балалардың жүмысты өзара бөлісіп алуына көмектеседі. Балаларға столдың үстінде арлы-берлі қозғалтуға мүмкіндік беретіндей етіп, тәр-биешінің өзі тұғырға орнатылған фигуралар




Переглядів: 1741

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Ересектер тобы | Поопераційна карта вирощування сільськогосподарських культур в запроектованій сівозміні

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.082 сек.