Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-дістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

________________________________

Жакыпова Ф.Н.

«_____»__________________2011 ж.

 

Экология және тұрақты даму пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандықтар: 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық», 5В010600 - «Музыкалық білім», 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010800 - «Денешынықтыру және спорт», 5В042100 – «Дизайн», 5В090600 – «Мәдени – тынығу жұмысы»

Оқу формасы: күндізгі, сырттай

 

Талдықорған 2011 ж.

 

 

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖБМБС негізінде 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық», 5В010600 - «Музыкалық білім», 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010800 - «Денешынықтыру және спорт», 5В042100 – «Дизайн», 5В090600 – «Мәдени – тынығу жұмысы» география және экология кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі А.У.Канагатова кұрастырған.

 

 

______________________

(оқытушының қолы)

 

 

География және экология кафедрасының отырысында қарастырылды .

«_____» ___________2011 ж. №__________хаттама

 

 

кафедра меңгерушісі _____________________ Ж.Ж.Канагатов

 

«_____» ______________ ____2011 жыл № ________ хаттама

математика және жаратылыстану факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған

 

Әдістемелік бюроның төрайымы А.К.Бекболғанова

 

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2009 1 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-04
01.02.2009ж.

 

Математика және жаратылыстану факультеті

География және экология кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

 

Пән: Экология және тұрақты даму

Мамандықиар: 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық», 5В010600 - «Музыкалық білім», 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010800 - «Денешынықтыру және спорт», 5В042100 – «Дизайн», 5В090600 – «Мәдени – тынығу жұмысы»

Оқу формасы: күндізгі,сырттай

Курс: 2, 1

Семестр: 3,2

Несие саны: 2

Барлық сағат саны- 90

соның ішінде аудиториялық сағат саны: 90,24

Дәріс – 15,12

Тәжірибелік сабақтар – 15,12

ОСӨЖ – 30

СӨЖ – 30,66

Аралық бақылау – 2

Емтихан – 3,2 семестр

 

Талдықорған 2011 ж.

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2009 1 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-04
01.02.2009ж.

 

Математика және жаратылыстану факультеті

География және экология кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

 

Пән: Экология және тұрақты даму

Мамандықиар: 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық», 5В010600 - «Музыкалық білім», 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010800 - «Денешынықтыру және спорт», 5В042100 – «Дизайн», 5В090600 – «Мәдени – тынығу жұмысы»

Оқу формасы: күндізгі,сырттай

Курс: 2, 4, 1

Семестр: 3,7,2

Несие саны: 2

Барлық сағат саны- 90

соның ішінде аудиториялық сағат саны: 90,90,24

Дәріс – 15,15, 12

Тәжірибелік сабақтар – 15,15,12

ОСӨЖ – 30,30

СӨЖ – 30,30,66

Аралық бақылау – 2

Емтихан – 3,7,2 семестр

 

Талдықорған 2011 ж.

 

Оқытушы жайлы мәлімет

Ø Канагатова Алия Уахитовна – география және экология кафедрасының аға оқытушысы.

Ø Оқу сағаттары бекітілген кесте бойынша.

 

Пән пререквизиттері

«Экология және тұрақты даму» курсын оқу үшін студенттерге мектептен менгерген ботаника, география, зоология, анатомия, биология және химия жалпы оқыту бағдарламалары бойынша білімдері қажет.

Пән постреквизиттері

«Экология және тұрақты даму» пәнін оқу барысында алынған білім келесі пәндерді менгеру үшін қежет: «Әлеуметтану», «Саясаттану».

Пәнге берілген қысқаша сипаттама

«Экология және тұрақты даму» курсы іргелі және қолданбалы ғылым болып табылады. Қазіргі тандағы биосфера және оны құраушы табиғи жүйелердің жай жансары планетамызда ғаламдық экологиялық мәселелерді айқындауда – ол дүниежүзілік мұхиттың ластануы, топырақтың шөлге айналуы, озон қабатының бұзылуы және биологиялық алуан түрлікті сақтау мәселелері. Осы кезгі адамзат алдында биосфераның және оның жекелеген экожүйелерінің динамикалық тепе-тендігін сақтауда айтарлықтай күрделі міндеттер тұр, осы аталған мәселе ғаламдық экологияның пән ретіндегі мақсат-міндеттерін айғақтайды.

Пәнді оқыту мақсаты: болашақ жас мамандарға ноосферлік дүниетану, жаңа экологиялық қөзқарас қалыптастыру, адам мен табиғат арасында үйлесімдік негізінде әлемдік жер экологиясының негізгі бағыттары негізгі түсінік беру және экологиялық мәдениеттің негізін қалау.

Пәнді оқыту міндеттері: қоршаған орта (биосфера) литосферамен, гидросферамен, атмосферамен, әсерлесуші біртұтас және теңгерілгенжүйе ретінде экологияның әлемдік проблемаларымен (әлемдік шөлдену, әлемдік мұхиттың ластануы, жылыжай эффектісі, атмосфераның озон қабатының жұқаруы) сабақтас қарастырылатын экологияның әлемдік масштабтағы теориялық негіздерін қарауды.

Курстын оқу нәтижесінде студенттер білу керек:адамның іскерлік әсерінен болған қоршаған ортадағы жағымсыз салдарын болжау және бағалауд; қоршаған ортаны жағымсыз салдарын жақсарту әдістерің.

Игеру керек: экологиялық қауыпсіздік даму тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, инженерлік, экономикалық және ұйымдастыру - хуқық дағдарына дағдарына оңтайландыруды.

Аралас пәндер: әлемдік экология, биология, география, топырақтану, химия, математика.

Баға қою саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Баға қоюдың критерилері

 

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы тәжірибелік сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) Әр сабақта
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   4-апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   7-апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   11-апта
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   14-апта
Аралық бақылау 1: бақылау жұмысы Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3   8-апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 15 апта

 

Лекция кешені:

№1- лекция

Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері

Жоспар:

1.Экология пәні, экологияның тапсырмасы

2.Экологияның ғылым ретіндегі даму тарихы

3.Қазіргі кездегі экология білімінің мағынасы

Негізгі ұғымдар:экология, биология, биогеоценоз, биоценоз, популяция, эксистема, синэкология, аутэкология, демэкология.

Экология - биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, "Экология" терминін ғылымға алғаш енгізген Э. Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос - үй, тұрақ, мекен және логос - ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым -деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Э. Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат-міндеттерін кенейте түсті. Алғашқыда тек тірі организм-дерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аума-ғын дамыта отырып адамзат, коғам, табиғат ортасындағы қарым-қаты-настарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналады. Экология ғылымдардың ғылыми деңгейіне көтеріледі.

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына, топырақ кұрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал, антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бүдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмүнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология - организмдердің арасында болатын (особтар, түр, түр-аралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) карым-қатынас-тарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеу-мен қатар табиғаттағы өзгерістерді, қүбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдык проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақ-тылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы карым-катынас-тарды үйлсстіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамьш-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық және географиялық микро және макроэкожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожуйелер, т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы).

Экология гылымының негһгі зерттейтін мәселелері:

Ø организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;

Ø биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;

Ø табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;

Ø адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

Ø биосфера шегіндегі географиялық заңдыльқтардьң тұрақтылығын сақтауды камсыздандыру;

Ø биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру;

Ø көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру;

Ø экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы. Экология - биология ғыльмының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбек-терінен кереміз. Табиғат кұбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейім-делушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық турғыдан қарастырады.

Экология ғылымының қальптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарас-тыруға болады.

І кезең. Биоэкологиялык зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бүл кезең XVIII ғасырдын аяқ шенін камтиды. Мәселен, К. Линей (1707-1788) Ж Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас 71741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903), Шокан, Уәлиханов (1835-1865), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-зертгеулер жүргізіп, экология ғьшымының дамуына өз үлестерін косты. Осы түстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Бота-никалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтьвд "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ад, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

ІІ кезең.Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бүл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен катар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Лева-ковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т.б. өсімдіктер эколоғиясын зерттеп дамыта түсті.

Әсіресе, осы кездерегі Г. Ф. Морозовтың "Орман туралы ілімі", Д. Н. Кашкаровтың "Орта және бірлестіктер", "Жануарлар эко логиясының негіздері", ағылшын А. Тенслидің "Экожүйелер туралы ілімі", орыс ботанигі В. Н. Сукачевтың "Биоценоз", В. И. Вернадскийдің "Биосфера туралы ілімі", т.б. ғалымдардын енбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бүдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен мін-деттерін айқындай түсті.

Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевчу, Г.Г. Винберг, Г.В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), насекомдар экологиясы (И. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Биенко, В.В. Яхонтов, Г.А.Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушьшар экологиясы (А. Т. Банников, Н. И. Калабухов, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), өсімдіктер экологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдіктер экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б. еңбектер казірге дейін маңызын жойған жоқ.

Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В. А. Плющевский-Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич, С. В. Шостик, П. . Жуков, И. К. Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев, Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сущени, Л. В. Камлюк, т.б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.

Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу күралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар экологиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және экология негіздері" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология негіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981), Н. Чернова мен А.Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады.

ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитың деңгейге жетіп отыр. Осыған, орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалык зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А. М. Гиляровтың "Популяциялық экология" (1990) М. Захарченконың "Экологияның казіргі проблемалары" (1955), Н. Реймерстің "Экология" (1994), В. В. Глуховтың "Экологияның экономикалық негіздері"; (1995), Ф. Мотузконның "Экология негіздері" (1994), С. Боголюбовтың "Экология және право" (1989), Ю. А. Израильдің "Экологиялық мониторинг" (1995), Н. Реймерстің "Экологияландыру" (1993), Г. Сиде-ренконың "Экологияның казіргі заманғы проблемалары" (1993), М. Бигонның "Экология" (1989), В. Вронскийдің "Қолданбалы экология" (1996), С. Тлеубергеновтың "Адам эқологиясы" (1996), Г. К. Сағым-баевтің "Экология негіздері", Экология және экономика (1995), Ж. Ж. Жатканбаевтьщ "Экология"(2000,2004), А. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілде-баевтің "Экология" (2001), С. Дрябо мен В. Ясвиннің "Экологиялық педагогика және психология" (1996), В. Хелсенің "Философия және экология" (1993), т.б. еңбектерді жатқызуға болады.

Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі -экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халықтық экология "этноэкология" бағыт-тары дами түсуде. Бүл - бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің түрақты сақталуы - адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан XXI ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты.

Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера түрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезендеріне келсек, ең алдымен БҰҰ денгейінде үйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера" атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

 

№2 - лекция

Экологиялық факторлар

Жоспар:

1.Қоршаған орта және экологиялық факторлар

2.Организмдердің бейімделуі жөніндегі негізгі ұғым

Негізгі ұғымдар:организм,экологиялық факторлар, абиотикалық факторлар, биотикалық факторлар, антропогендік факторлар, эдафикалық факторлар, лимиттеуші факторлар.

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі кұбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері (ірі немесе ұсақ бөліктері) тірі организмдерге он немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта - ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін колайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтык күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала коршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жагдайлар деп - тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

Экологиялык факторлар дегеніміз - организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса фактор-лардың әсеріне әр түрлі реакция (жауап) береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін түз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал түщы су организмдері үшін қажеті шамалы.

Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бүл қолайсыз факторлар болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен фак-торлар оларға организмдердің бейімделуі үзақ жылдар бойы қалып-тасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.

Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалык, биотикалық және антропикалық.

Абиотикалық факторлар дегеніміз организмдерге әсер ететін бейорганикалык ортаның жиынтығы. Олар - химиялык (атмосфераның химиялык кұрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер, т.б.) және физикалык (температура, қысым, ылғал, жел, радиация, т.б.) деп бөлі-неді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геомор-фологиялык құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышкылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.

Биотикалық факторлар дегеніміз тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бүл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.

Антропогендік факторлар дегеніміз коршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қо сынды заттар айнала қоршаған ортаға тарайды. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналасының бүзылуы, жердің күнарсыздануы, куаңшылык, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе қүрып кетуі, адам баласының денсаулығының бүзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бүрын-соңды болмаған климаттың өзгеру күбы-лыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалык факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айкын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бүзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проб-лемалар деңгейінде қарастырылуда.

2. Факторлардың организмге әсері. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондыктан организм үшін факторлардың бүрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ад басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бүл заңдылықты неміс химигі Ю. Либих (1948 ж.) ашқан. Оны "Минимум заңы" дейді. Бүл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер гөзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің қүрып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы андар мен қүстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.

Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тірші-лігін жалғастыра береді. Организмдердің бүл тобын эврибионтты түрлер дсйді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бүлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.

Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз стенобионтты оргапизмдер дейміз. Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалык болуы мүмкін. Мәселен, Іле Ала-тауының шыршалы орманында тіршілік ететін ак тиін үшін шектеуші фактор - қорек. Сол сияқты жеміс-жидегі мол тоғайларда тек дәнмен Қоректенетін күстар басым болады. Әсіресе, сексеуілді ормандардың түрғыны сексеуіл жорға торғайы, Іле Алатауының батыс бөлігінде, Ақсу-Жабағалы қорығында кездесетін жүмақ торғай, Алакөлдің реликті шағаласы, шөл-шөлейтті құмды аймактың сәні - карақүйрық, т.б. аң мен құстар таралуы шектелген стенобионтты түрлерге жатады. Стенобионтты организмдердің эврибионтты организмдерден айыр-машылығы таралу аймағының шектелуіне байланысты морфология-лық, физиологиялық және экологиялык жағынан бейімделу ерекше-ліктері басымырақ болады. Оған тән белгілер түсінің ортаға қарай ұласуы, түнге қарай активті тіршілігі, ін қазу, суды үнемдеу, т.б. қасиеттері жатады.

Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биоло-гиялық көп түрлілігіне әсер етуімен бірге олардың географиялық белдеулер және табиғат белдемдері бойынша таралуына да әсер етеді. Нәтижесінде, табиғаттың әр түрлі ландшафтарында микроорганизмдер, жануарлар мен есімдіктердің белгілі бір бірегей жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді.

Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей немесе жанама әсер етуі олардьщ белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік фор-маларын қалыптастырады. Организмдерді экологиялық түрғыдан классификациялау (жіктеу) негізінен толық бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан, біз организмдердің тіршілік формаларын жіктеуде олардың тіршілік ортасын (мекенін) негізге аламыз.

Тіршілік формасы дегеніміз - организмдердің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімделуі. Әсіресе, жануарлар дүниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі. Жануарлардың тіршілік формаларын жіктеу Д. Н. Кашкаровтың (1945) жүйесі бойынша алынады:

Ø жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос);

Ø жартылай суда тіршілік ететіндер (уақытша қорек үшін сүң-гитіндер);

Ø қазғыш формалар (жер бетіне шыкпайтындар, жер бетіне уақытша шығатындар);

Ø қүрлық формалар: а) ін казбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жорғалаушылар); ә) жартас жануарлары; әуе формалары;

Ø ағашқа өрмелегіштер: а) ағаштан түспейтіндер; ә) ағаштарда жүретіндер;

Ø әуе формалары: а) әуеде жемтігін үстайтындар; ә) әуеден қарауыл-дайтындар.

Жоғарыдағы жүйеден біз организмдердің козғалуға бейімділігі бойынша жіктелу формасын көреміз. Академик Д. Н. Кашкаров жан-уарларды ылғал сүйгігіштер (гидрсфильдер), ал қоректену сипатына карай: өсімдік коректі, жыртқыш, көп коректі, өлексе қоректі, т.б. деп бөледі. Бүл жіктелулерге қарап біз организмдердің тіршілік форма-ларынын сан алуан екенін көреміз. Ең бастысы тіршілік ортасы немесе үқсас болып келетін организмдердің морфологиялық жағынан да үқсас болуы бейімделушіліктің негізгі роль атқаратынын көрсетеді.

№ 3 - лекция

Популяция.

Жоспар:

1. Популяция және оның құрлымы.

2. Статикалық және динамикалық популяцияның көрсеткіштері.

3. Өмірдің ұзақтылығы

4. Популяцияның санының өсу динамикасы

Негізгі ұғымдар:популяция, бионттар, сан, тығыздық,ағза

1.Популяция және оның құрлымы. Популяциядегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді. Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мелшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумактарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен үзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегей-лігіне байланысты болады. Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің үсақтап кетуіне әкеліп соғады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дыктан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық попу-ляциялардан түрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша үзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады.

2.Статикалық және динамикалық популяцияның көрсеткіштері. Популяцияның табигаттагы саны мен тыгыздыгы. Популяцияның саны мен тығыздығы оның касиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особьтардың жалпы саны. Организмдердің саны табиғатта түрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особь-тардьщ өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты. Популяцияның тығыздығы белгілі бір көлемдегі немесе кеңістік-тегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1 м3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0,5 г. Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың бірден 98 % кеміп кеткен. Ал, 1944 жылдан бастап тағы да жылына 2500 т шабақ аулана бастаған.

Популяциялардьщ өсімталдығы, өлім-жітімі (шығымы) және таралуы мен орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауытқуына тәуелді болып келеді. Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Ғалымдар кейбір организмдердің теориялық өсімталдығын зерттеген кезде көптеген қызьщты фактілерге көздері жеткен.

Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да көп байланысты. Популяцияның шығыны (өлім-жітімі) дегеніміз -белгілі бір уақыт аралығындағы өлген особьтарының саны. Организмдердің шығыны орта жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т.б. көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Кейбір организмдердің шығыны жас кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде көбірек өледі. Организмдердін жалпы шығынын үш типке жіктеп қарастыруға болады. Яғни, организмдердің тірі қалу мүмкіндігінің үш типі бар. Тірі қалу мүмкіндігінің бірінші типі көбінесе насекомдарға, ірі сүтқоректілерге, ағаштарға, адамдарға тән. Бүл жағдайда организм-дердің өмір үзақтығы біркелкі дами келе ең соңғы жылдары (кәрілік кезеңі) қысқа уақыт аралығында шығын күрт көбейіп кетеді. Әрине, бірінші тип әрбір организмнің шығу тегіне, жасының үзақтығына, жыныс ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады.

Екінші типке жататын организмдердің өлім-жітімі өмірінің ұзына бойында түрақты болатын түрлерге тән. Бүларға түшы суларда тіршілік ететін ішек куыстылар жатады, әрі бүл сирек кездесетін қүбылыс.

Үшінші тип те көптеген организмдердің өкілдерін қамтиды. Оларға тән белгілер - организмдердің өмірінің бастапкы кезеңінде особьтардың шығынының өте көп болуы. Организмдердің өсімталдығы және шығынымен қатар олардың кеңістікте таралуы (миграция) да табиғаттағы саны немесе тығыздығына тікелей әсер етеді. Популяция өзінің бар мүмкіндігінше ареалын кеңітуге тырысады. Ол кебінесе жаңа үрпақтардың саны мен тығыз-дығына байланысты. Бірақ та, популяциялар өзінің ареалын шексіз кеңейте алмайды. Өйткені, жаңа жерлерде немесе жаңа орта олардың бүрынғы мекеніндей қолайлы болмайды, әрі шектеуші факторлар кедергі келтіреді.

Табиғатта сирек болса да популяциялардың кейбір түрлерінің өсу немесе өлім-жітімі шектен тыс көбейіп кету жәйі кездеседі. Егерде популяция күрт көбейіп кетсе, оны өсімталдыгы жогары типке жатқызамыз. Ондай популяцияларды көбінесе үсақ организмдердің өкілдері күрайды.

Дүниежүзілік тәжірибелерде мүндай фактілер жиі кездеседі. Популяцияның күрт азаюы кейде абиотикалық факторларға да байланысты.

Жалпы, популяциялардың көбеюінің екі типі бар: экспонециальды және логистикалық. Экспонециальды көбею логарифмді жолмсн өседі. Өсу жолын математикалық формуламен өрнектеген А. Лотки (1920). Популяциянын экспонециальды өсуі табиғатта оның тіршілік ортасының түрақтылығы мен шектеуші факторлары жоқ болған жағдайда ғана біраз уақытқа созылады. Аталған өсу жолы көбіне үзаққа бармайды. Өйткені, шектеуші факторлар әсер етіп өсу жылдамдығын, түрақты көбеюде керісінше бәсендеп, одан қайта көтеріліп 8 - тәрізді алмасып отырады.

Популяцияларды сипаттайтын қасиеттердің бірі - оның жастық құрылымы. Жалпы, популяциялардың өсімталдығы мен шығыны олардын жас ерекшеліктеріне тәуелді болады. Көптеген популяциялар жас және жыныстық жағынан біркелкі болмайды. Организмдердің жас ерекшеліктері, олардың үзактығы минуттардан басталып үзақ жылдарға юзылады. Популяцияларға қатысты организмдердің предпродуктивті, репродуктивті және пострепродутивті экологиялық топтарын ажыратады. Жастық күрылымы аз немесе көп болуы әрбір особьтің өмірінің үзақтығына байланысты. Кейбір біркүндіктер деп аталған насекомдардың личинкаларының жасы бірнеше жылға созылса, ал ересектері бірнеше күн ғана өмір сүреді. Бүған жататын организмдер езінің табиғаттағы сан мөлшерін тез арада қалпына келтіреді. Табиғатта популяциялардың санының азаю процесі ондағы жас особьтардің азайып, ересектерінің көбейгендігін көрсетеді. Негізінен жас особь-тардың көп болуы популяцияның сандық және сапалық қүрамын жаңартып, әрі түрақты үстап түруға тікелей әсер етеді. Популяциялардағы особьтардың жасының ұзақтығы, өсімталдығы, көбею жылдамдығы, ұрпақтар жиілігі жыл маусымдарына байланысты өзгеріп отырады.

3.Өмірдің ұзақтылығы. Популяциялардың ареалының кең немесс тар болуы организмдердін дене мөлшері, қозғалу активтілігі, қорек қорына, т.б. көптеген абиотикалық факторларға байланысты болады. Популяцияның табиғаттағы санын озін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбір түрдің көбеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады. Одан әрі түр көбейе алмайды. Сондықтан кез келген популяция өзінің сан мөлшерін оптимальды (қалыпты) жағдайда үстап түруға тырысады. Организмдердің табиғаттағы санының ауытқуының тәуліктік және маусымдық кезевдерін байқауға болады.

Популяциялардьщ өсімталдығы, өлім-жітімі (шығымы) және таралуы мен орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауытқуына тәуелді болып келеді. Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Ғалымдар кейбір организмдердің теориялық өсімталдығын зерттеген кезде көптеген қызьщты фактілерге көздері жеткен. Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да көп байланысты. Популяцияның шығыны (өлім-жітімі) дегеніміз -белгілі бір уақыт аралығындағы өлген особьтарының саны. Организм-дердің шығыны орта жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т.б. көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Кейбір организмдердің шығыны жас кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде көбірек өледі.

4.Популяцияның санының өсу динамикасы. Популяциялардың табиғаттағы сан мөлшері әлсін-әлсін ауытқып отырады. Оның көптеген ішкі немесе сыртқы себептері бар. Көптеген ғалымдар популяцияның тез кебеюін қорек қорымш байланыстырса, енді біреулері бәсекелестікке, экологиялық орынға тәуелді деп санайды. Шын мәнінде қоректің мол болуы популяция санын кө-бейтуге непз болғанымен, оның жетіспеуі керісінше шектеуші фактор ретінде әсер етеді. Экологтардың бір тобы климаттық факторларды (температура режимі, ылғал, химиялық орта, т.б.) биотикалық факторлардан (паразиттердің әсері, аурулар, табиғи жаулары, т.б) жоғары қояды. Дегенмен де, біраз зерттеушілер популяцияның тіршілік ететін биотоптарыньщ типтеріне қарай факторлардың ролінің арта түсетінін дәлелдейді.

Кейбір жәндіктерде популяцияның ішкі реггелу процесі тығыздық артқан кезде олардың эмиграциясы арқылы жүзеге асады.Ішкі реттелу процесі организмдердің мекеніндегі қоректік қорларға да байланысты. Көптеген сүт қоректілер, қүстар, жәндіктер, т.б. организмдердің өздігінен реттелу механизмі мінез-қүлық сипатына да байланысты. Өсімдіктер популяциясының өздігінен реттелу механизмі де ішкі реттелулермен сабақтас болады. Ол өсімдіктердің тығыз немесе ұйыса өсуімен байланысты. Егер, өсімдік тығыз өссе, оның тұқым беру сапасы кеміп, ауыл шаруашылығына нұксан келеді. Әрине, олардың арасын-дағы тығыздық сипаты өсімдіктердің қоректену қабілетін арттырып, нәтижесінде популяцияның жартысы қурап кетеді. Осыған байланысты өсімдіктер популяциясы табиғи жағдайда мүмкіндігінше аймақтарға біркелкі таралуға тырысады. Оның негізгі реттеушісі жарык, ылғал және минералды заттар екені белгігі.

Кейбір организмдер өзінің популяциясын тұрақты ұстауда топ-танып, үйірленіп немесе колония құрып тіршілік етеді. Біраз сүтқоректілер, күстар, жәндіктер өз мекенін корғауға өте қабілетті екендігін әр түрлі мінез-құлықпен көрсетеді. Жануарларда сирек те болса кездесетін мінез-қүлықтың бірі популяция особьтерінің жұптасып немесе жеке-дара тіршілік етуі. Бұл қүбылыстарда популяциялардың өзіне тән табиғи реттелуін көрсетеді. Ал, популяциялары өмір бойы топ құрып түрақты тіршілік ететін жәндіктер бар. Популяциялардың ерекше қасиеттерінің бірі полиморфизм қүбылысы. Яғни, әрбір популяцияның өзіне тән ерекшеліктері болады. Олар - жас шамалары бойынша топтануы, жыныстык белгілері, маусымдык өзгерістерге байланысты қүбылуы, даму фазаларындағы өзгерістер мен айырмашылықтар. Популяциялардың жыныстық жағынан да топтануын көруге болады. Оны жыныстык диморфизм кұбылысы дейді. Полиморфизм қүбылысы жыл маусымының ауысуына байланысты да байқалады. Табиғатта популяциялардың сан мөлшерінің реттелу механизмінің бір формасы - популяция аралық реттелу. Яғни, биоценоздағы әр түрлі популяциялар бірін-бірі реттеуге тырысып, табиғаттағы жалпы түрақты дамуды жүзеге асырады.

Жоғарыдағы популяциялардың өзін-өзі реттеу немесе олардың ішкі және сыртқы реттелуі процестерінің негізгі түйіні табиғаттағы үрпақтарының сан мөлшерін түрақтандыруға үмтылуы. Бүл процесті жалпы тірі организмдердің, соның ішінде популяциялардың гомеостазы, ал олардың кейбір себептерден сан мөлшерінің ауытқу құбылысын динамикалық тепе-теңдігі дейді. Сондықтан, популяция жалпы биологиялық даму жүйесіндегі сыртқы ортамен үнемі қарымкатынаста бола отырып, өзінің ішкі реттелу механизмі аркылы органикалық дүниенің эволюциялык даму тенденциясын жүзеге асырады.

 

№4 - лекция


Читайте також:

  1. БЕКІТЕМІН




Переглядів: 1376

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Та методичні вказівки | Бірлестіктер экологиясы

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.038 сек.