Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Антропогенді.

1. Қатты және сұйық отындардың жағылуы ( сынап буы, қорғасын, күкірттің 2 валентті оксиді, көмір сутегі, кадмий)

2. Қара, түсті және сирек металдарды өндірілуі (сынап буы, шаңды әр түрлі металдар, күкірт қышқылы)

3. Химиялық өндірістік мекемелер (әр түрлі ұшпалы заттар)

4. Атом өнеркәсібі (радиоактивтік заттар және поллютанттар)

5. Ядролық жарылыстар (радиоактивті изотоптар)

6. Цемент шығаратын өндірістер (шаңдар)

7. Құрылыс жұмыстарындағы жарылыстар, ашық жұмыс орындарында (Шаңдар).

8. Адамдардың қатысуымен болатын орман, дала өрттері.

9. Мұнай және газ өңдеу кездеріндегі табиғи газдың жағылуы немесе олардың ауаға тарауы.

Қоршаған ортаның ластану әртүрлі табиғи жағдайларда болады. Бұларға қатысты жағдайлар: Геологиялық - вулканизм, жер сілкінуі, үстіңгі жер қыртысының қозғалуы, (топырақ), су басуы (сел), дауылдар. Атмосферлык - күннің күркіреуі, нөсер жаңбырлар, қатты желдің соғуы, (дауыл) құрғақшылық. Гидросфералық - су басуы, өзен жағалауларын бұзып кетуі, жер асты суларының көтерілуі, жер асты суларының жиналып түзілуі.

Ластаушы заттардың таралу сипатына қарай ластаушы көздер бірнеше түрлерге бөлінеді: Нүктелік - (жылу орталықтары, пайдалы қазбаларды өндіру.) Аймақтық - (жер өңдеу орындары, ірі өндіріс орындары). Тізбекті - (Көліктер). Ластағыш заттар агрегаттық күйі бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қатты заттар,

Поллютанттардегеніміз – химиялық қосылыстар және олардың жоғары құрамы, биосферамен оның компоненттеріне кері әсерін тигізіп токсико–экологиялық жағдайға әкеледі.

Аймақтық (регионалдық) мониторингтің бірнеше баламасы бар: геоэкологиялық, гиосистемалық, табиғи – шаруашылық. Ен маңызды мониторингтердің бірі – орман мониторингі. Бұнда ормандарды қорғау, орман қорын сақтау және оларды көбейту, мемлекеттік тұрғыда бақыланады. Бұл жүйеде - орман өрттері мониторингін көрсетуге болады - бұнда өрт шыққан жағдайдағы оның жану уақыты мен ұзақтығын сезондарын, ормандағы жанғыш заттарды күйін бағалау. Гляциологиялық мониторинг – бұл мұздықтардың жағдайын бағалау, болжау бақылау және олардың табиғи ортадағы өзгерістері әсіресе мұздықтардың және жалпы өзендердің ағысының бақылау жүйесі. Импактілі мониторинг дегеніміз – антропогендік әсерінен пайда болған табиғи ортаның аса қауіпті жерлердегі бақылау. Индикациялық ластану- жер қабатының, судың, ауа қабатының аса құнды тексерілуі, ластану аймағы және оларды ластаушыларды анықтау. Локальдімониторингтеадам өміріне зиянды химиялық уландырғыштарды, ауадағы топырақты, өсімдіктердегі мөлшерлерін бақылау. Оларды ластаушылар: өнідірістік мекемелер, ірі құрылыстар, кен шығарушылар. Локальді мониторингте - қоршаған ортаның жағдайын адам денсаулығымен салыстырады, қоршаған ортаның тазалығы, жағдайы адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Локальді мониторингті - табиғи ортаны қорғау мекемесі жүргізеді.

Традициалық мониторинг. Бұл табиғи жағдайларда адамның немесе басқада тірі ағзаның қажеттілігінсіз тиісті дәрежесі. Қоршаған ортаның сапасы негізгі критерийлер бойынша анықталады: геожүйенің жоғары биологиялық өнімділігі, белгілі табиғи антропогендік ландшафт шекарасында халықтың өмір жағдайының қолайлығы. Бірнеше «тізбекті реакциялардың» («цепные реакции») схемаларын антропогендік факторлардың әсерінен ландшафттың деградация компонентерін қарастырайық.

 

№12 - лекция

Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – экологиялық заңнаманың негізі.

2. Қазақстан Республикасының экологиялық конституциясы.

3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларының жүйесі.

Негізгі ұғымдар:экологиялық қауіпсіздік

Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық ұғымы – бұл қоғам мен табиғат арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Экологиялық қатынастар тек экономикалық құқық нормаларымен ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да, мысалы, жер, су, орман және т.б. салаларымен реттеледі.

Экологиялық қауіпсіздік ұғымы заң ғылымдарының саласы ретінде ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болды. Қазіргі кезде бұл үш бөліктен тұрады:

1. Экологиялық қауіпсіздік үшін маңызды, институттар мен ережелерге қатысты жалпы бөлім; экологиялық құқық пәні, әдістері, экологичлық құқықтық қатынастар, табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғатты пайдалану және оны реттеу құқығы, экологиялық сараптама, экологиялық құқық бұзу үшін заң бойынша жауапкершілік.

2. Жерді, атмосфералық ауаны, жер қойнауын, ормандарды, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау және пайдалануды құқықтық реттеу сияқты бөлімдерден тұратын негізгі бөлім.

3. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық құқықтары мәселелері туралы арнайы бөлім.

1. Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық реттелуінің ерекшелігі – әкімшілік-құқықтың әдіспен әсер етудің басымдығы. Қазақстан республикасының Конституциясы экологиялық қауіпсіздіктің негізгі көзі. ҚР конституциясына сәйкес, «әрбір адам жанға жайлы қоршаған ортаға, сондай-ақ экологиялық құқық бұзу арқылы адамның денсаулығына немесе дүние мүлкіне әкелетін зардаптар, қоршаған ортаның жағдайы және шығынды өтеуі туралы анық ақпараттар алуға құқылы».

2. Әрбәр азамат қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен – антропогендік әсерден, авария, зілзала, табиғи апаттардан өз денсаулығын қорғауға құқылы. Осы құқықпен қамтамасыз ету механизміне – қоршаған ортаның сапасын жобалау және нормалау, экологиялық зиянды әсерлерді болдырмау, авария, катастрофа, табиғи апаттарды ескерту және салдарларын жою жатады.

Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы – негізгі заң., халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің конституциялары 1948 жылы БҰҰ қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында», сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да Халықаралық Пактілерде көрсетілген идеяларға сүйенеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар» - делінген.

Экологиялық заңдардың орындалуын мемлекеттік құрылымдар жүйесі, экологиялық сараптама қамтамасыз етеді. Халықаралық дәрежеде адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын БҰҰ-ның әр түрлі бөлімдері қамтамасыз етеді. Олар қоршаған ортаның жағдайын сауықтыруға арналған көптеген бағдарламаларжасады; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) – «Қоршаған ортаның гигиенасы», Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) – «Ауыл шаруашылық химикаттары мен қалдықтары», БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы (ЮНЕСКО) – «адам және биосфера». Белгіленген бағдарламалардың жүзеге асуының 1972 жылы құрылған БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі Халықаралық Коммисиясы жалпы басшылық жасайды. Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдай міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Адамның табиғатты өзгертушілік қызметі тек соңғы жылдары ғана құқықтық тұрғыдан шектеле бастады. Қолайлы, таза қоршаған ортаға деген құық жа

№13 - лекция

Экология аумағындағы экологиялық қауымдастықтар

Жоспар:

1. Халақаралық экологиялық қарым-қатынастың рөлі .

2. Ұлттық және халықаралық обьектілерін,қоршаған ортаны қорғау.

Негізгі ұғымдар:экологиялық қауымдастық, экологиялық құқық, халықаралық ұйымдар, халықаралық конвенциялар және келісім, гигиена, человек, әлеуметтік – экологиялық фактор

 

1972 жылы 16 маусымда Стокгольмде қабылданған адамды қор-шаған ортаның мәселелері туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Конферециясының Декларациясындағы ережелеріне сүйене отырып,

БҰҰ-ның Жарғысына және халықаралық қүкық принциптеріне сәйкес мемлекеттер қоршаған орта және даму бойынша өз саясатына лайық өзінің ресурстарын игеруге тәуелсіз қүқы бар екенін және өз юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы іс-әрекеттердің өзге мемлекеттердің немес үлттық юрисдикция қызметінен тыс жерлердің қоршаған ортасына зиянын тигізуге болмайтьйын ескере отырып,

қоршаған орта бойынша мемлекеттердің тиімді заңдарды іске қосуын, басқару саласындағы қалыпты өлшемдер, мақсаттар мен басты назардағылар дәл сол қоршаған орта мен дамудың жактарьша сай болуын, кейбір елдерде қолданылатын қалыпты өлшемдердің басқа елдердің, әсіресе, дамушы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түрғысынан қарағанда орынсыздығын және негізсіздігін мойындай отырып,

қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясы туралы 1989 жылғы 22 желтоқсандағы Бас Ассамблеясының 44/228 қаулысына және адамзаттың қазіргі және болашақ үрпағының мүддесі үшін орасан зор климатты қорғау туралы 1988 жылғы 6 желтоқсандағы 43/53 қаулысына, 1989 жылғы 22 желтоқсандағы 44/207 қаулысына және 1991 жылғы 19 желтоқсандағы 46/169 қаулысына сүйене отырып,

1989 жылғы 22 желтоқсандағы Бас Ассамблеясының аралдар мен жағалаудағы аймақтар, әсіресе төмен орналасқан жағалаудағы аймақ-тарда теңіз көтерілгенде болуы мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы 44/206 каулысына, 1989 жылғы 19 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның Қуаншылыққа қарсы күрссу бойынша әрекет етудің жоспарын жүзеге асыру туралы 44/172 қаулысына сүйене отырып,

озон қабаттарын қорғау туралы 1985 жылғы Вена конвенциясына және озон қабаттарын бүзатын заттар туралы 1987 жылғы Монреаль хаттамасына, оның 1990 жылғы 29 маусымдағы өзгертілген және толық-тырылған нүсқасына сүйене отырып,

1990 жылғы 7 карашада Дүниежүзілік климаттық конференцияда қабылданған министрлердің Декларациясын каперге ала отырып,

климаттык өзгерісі бойынша көптеген мемлекеттердің іске асырып отырған аналитикалық жүмыстарының бағасын, Дүниежүзілік метеор-логиялык үйымдардың, қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарлама-сының және басқа мекемелердің, БҰҰ-ның органдары мен ұйымда-рының, сондай-ақ басқа да халықаралық және мемлекетаралық орган-дардың ғылыми зерттеуінің нәтижелерін алмасу және зерттеулерді үйлестіру процесіне қосқан маңызды үлестерін сезіне отырып,

климаттық өзгеру мәселелерін түсіну және шешу іс-шараларының экологиялық, әлеуметтік және экономикалык көзқарас түрғысынан алғанда тиімді болуы үшін тек кана соған лайықты ғылыми, техноло гиялык және экономикалық ізденістердің негізінде, әрі осы салада қол жеткізген жаңа нәтижелердің барысында әрдайым қайта қаралғанда іске асатынын мойындай отырып,

климаттық өзгеру мәселелерін шешу бойынша сол іс-шаралардың өз экономикасының мүмкіндігіне негізделгендігін, сондай-ақ олардың басқа экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ету қасиетін мойын-дай отырып,

барлық буланған газдарды, олардың булану эффектісіндегі күшею рөлін есепке ала отырып, келісілген жағдайда, аймақтық деңгейде, түтас қамтитын стратегиялык жауап катуды шешу бағытындағы анық приоритеттер негізінде дамыған елдердің бірінші кезекте іс-шараларды кешіктірмей қабылдауы тиіс екенін мойындай отырып,

климаттық өзгеру нәтижесінде қолайсыз жағдайларға айрықша . сезімтал жерлер, ойпаттар мен шағын аралдағы еддер және төмен орна-ласқан жағалаулар, қуаң және жартылай куаң аймақтар, сондай-ақ су тасқынына, қуаншылыққа, шөлге бейім жерлер мен қүбылмалы таулы экожүйесі бар дамушы елдер екенін мойындай отырып,

буланған газдардың бөлінуін шектеу шаралары бойынша бірқатар елдердің, нақтылай айтқанда, экономикалық негізінен казба отын-ның түрлерін экспортқа шығаратын және түтынатын өндіріс әсіресе, соған байланысты дамушы елдердің айрықша қиын жағдайын мойындай отырып,

Конференция қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарылатын іс-шаралардың жоспарын бекітіп, оған 100 аса нақты ұсыныстар енгізілді және осы іс-шараларды жүзеге асыруға басшылық жасайтын арнаулы ұйым-ЮНЕП-1972 жылы құрылып,бұл ұйым БҰҰ негізгі ұйымдарының бірі болып табылады. Экономикалық және әлеуметтік кеңестері арқылы ЮНЕП жыл сайын өзінің атқарған жұмыстары жайыеда БҰҰ Бас Ассамблеясына баяндама жасап отырады. ЮНЕП бағдарламасы үш түрлі функционалдық бағытта табиғатты қорғау саласындағы іс-шараларды жоспарлап, ұйымдастыруды жүзеге асырады:

· Қоршаған ортаның жағдайын бағалау бақылаудың глобальды жүйесі.

· Қоршаған ортаны басқару.

· Қоршаған іс-шаралар (экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру мен мамандар дайындау.)

ЮНЕП сол сияқты қоршаған орта компоненттерін қорғау,пайдалану және қалпына келтіру бағытында басқа да халықаралық ұйымдардың атқаратын жұмыстарын басқарушы ұйым болып табылады.

ЮНЕСКО – 1946 жылы құрылып , мемлекеттер арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларында бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жұмыстар атқаруда.Бұл ұйымның қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі 1970 жылы қабылданған «Адам және биосфера» ғылыми бағдарламасы болып табылады.

ВОЗ-Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы- 1946 жылы құрылып,қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықтың денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысады.

ВМО- Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым-1951 жылы БҰҰ арнайы мекемесі ретінде құрылып,қоршаған ортаның глобальды мониторингіне байланысты табиғат қорғау функцияларын атқарады,оның ішінде: - қоршаған ортаны ластаушы заттардың жалпы таралуы,-жердің озон қабатына әсер ететін факторларды зерттеу. МОТ-Халықаралық еңбек ұйымы – БҰҰ арнайы мекемесі, 1919 жылы Ұлттар Лигасы жанынан құрылып,еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту жолында жұмыстар атқарады.

МАГАТЭ- Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік -1957 жылы құрылған. Халықаралық табиғат қорғау одағы МСОП- 1948 жылы Францияда құрылды, бұл одақ қызыл кітапты шығарудың инициаторы болды. Бүкіләлемдік табиғат қорғау қоры-1961 жылы құрылып,қазір оның құрамында 27 ұлттық бөлімшелері және 5 млн жеке мүшелері бар.Қордың негізгі қызметі табиғат қорғау іс-шараларына қаржылай көмек көрсету болып табылады. Халықаралық заңгерлер ұйымы (МЮО) - 1968 жылы құоылып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық мәселелерді шешумен айналысады. Рим клубы –бұл халықаралық үкіметтік емес ұйым биосфераның даму перспиктиваларын зерттеу мен Адам мен Табиғат арасындағы қатынастардың сәйкестігі қажеттігі жөніндегі идеяларды таратуға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде үлкен үлес қосты.

Халықаралық экологиялық сот (МЭС) -1994 жылы заңгерлердің ұсынысы бойынша Мехикодағы конференцияда бекітілді. Оның құрамында 24 мемлекеттен эколог –заңгерлер жұмыс істейді.

ГРИНПИС- тәуелсіз халықарлық қоғамдық ұйым,1971 жылы Канадада құрылған, негізгі мақсаты қоршаған ортаның деградациясына жол бермеу бағытында жұмыстар атқару,оның 1,5 млн аса мүшесі бар, оның 1/3 бөлігі американдықтар, елде бөлімшелері бар. ХХ ғасырдағы табиғат қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар атқарған жұмыстардың қорытындысы мен ХХI ғасырда атқарылатын іс-шаралардың бағдарламасы 1992 ж маусымда Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өткен БҰҰ қоршаған орта мен даму жөніндегі Конференция болды. Бұл 179 елден 18 мың делегаттар мен сарапшылар қатысқан Бүкіләлемдік форумның Деклорациясында барлық адамзатқа ортақ қоршаған табиғи ортаны қорғауда барлық халықтардың құқықтары мен міндеттері белгіленді, «егер планетадағы экологиялық проблемалар жақын арадағы 10 шақты жыл ішінде өз шешімін таппайтын болса, онда Жердегі тіршілік ядролық бомбасыз –ақ тоқтайды» деген мәлімдеме жасалды. Осы декларацияда көрсетілген принциптің негізгі қағидалары төменгідей болды: -Адам баласы табиғатмен гармониялық сәйкестікте өмір сүруге құқылы,-қоғамның қазіргі заманғы даму жағдайлары келесі ұрпаққа зиянды әсерін тигізбейтіндеі болуы керек,-тұрақты даму мақсаттарына жту үшін қоршған ортаны қорғау шаралары олармен бірге жүргізілуі керек. Жер экожүйелерін қорғау,сақтау және қалпына келтіру үшін бірлесе жұмыс жүргізуі керек.-экологиялық мәселелер барлық азаматтар қатысында барынша тиімді шешіледі, - тұрақты даму принциптері экологиялық проблемаларды терең,ғылыми түрде талқылауды қажет етеді, -бейбітшілік , қоршаған ортаны қорғау мен оның дамуы бірге, бір-бірімен тығыз байланыста.

Базальдық конвенция – трансшекаралық қауіпті қалдықтарды тасу мен жоюды бақылау жүргізеді. Қабылданған орны мен жылы :1989, Базель, Швейцария . Қатысушылар:71 мемлекет ( ресей федерация -) және европалық экономикалық бірлестік ( 1992 г. европалық бірлестік. Мақсаты: міндеттемеде трансшекаралық зиянды қалдықтарды қысқарту мен тасымалдау; дамыған мемлекеттерге экологиялық зиянды қалдықтарды пайдалануда көмек көрсету.

Веналық конвенция озондық қабатын қорғау туралы конвенция. Қабылданған орны және жылы: 1985, Вена, Австрия . Қатысушылар :120 мемлекет , Ресей Федерациясымен қоса.) және европалық экономикалық бірлестік. Мақсаты : Озон қабатындағы өзгерістерге байланысты қоршаған орта мен адамдардың денсаулығын қорғау.

ФАО- 1945 жылы құрылып, әлем халықтарының тіршілік жағдайларын жақсарту жолында аылшаруашылығын дамыту мен азық-түлік ресурстары мәселесімен айналысады.

 

 

№14 - лекция

ҚР Экологиялық білім және тәрбие

Жоспар:

1. ҚР экологиялық білімі

Негізгі ұғымдар: экологиялық білім

 

Экологиялық білім беру дегеніміз – әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизациялау – экологиялық басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.

Экологиялық ағарту.БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдай өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарыды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтік-құқықтық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет – бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі. Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.

Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Мысалы, Жапония – табиғатты қорғау саясатында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет. 60-шы жылдардың соңындағы үлкен экологиялық қарсылықтар мемлекеттік табиғат қорғау жүйесін құруға алып келеді. Ол кездегі жүргізілген саясат тек экономикалық өсуді ғана алға мақсат етіп қойып, қоршаған ортаның жайы еш ескерілмеді. 70-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық пікірлердің қысымымен Ұлттық экологиялық стратегия іске аса бастады. Қазір Жапония экологиялық саясаты жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі.

Экологиялық тәрбие– бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қаым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыртылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күиіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді. Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдық негізі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері боиынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды онды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатта қорғауды өз үйіңнен бастауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды онды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады – бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.

Экологиялық білім беру– балабақша, орта мектеп. Лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі. Экологиялық білім беру – бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі – табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты. Экологиялық білім – қоршаған ортаны қорғау үшін қажеттібілімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсби мамандарды дайындауда ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.

Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеуі керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.

Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.

Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көреудің құқығы мен міндеттерін білдіреді. Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі -экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халықтық экология "этноэкология" бағыт-тары дами түсуде. Бүл - бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің түрақты сақталуы - адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан XXI ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты.

Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера түрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезендеріне келсек, ең алдымен БҰҰ денгейінде үйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера" атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді.

1972 жылы Стокгольмде "Қоршаған ортаны қорғау" туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси каласында БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП үйымдары "Экологиялық білім беру" туралы 40-тан астам шешімдер қабылданып, ғаламдық, стратегиялық жоспарлар кабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.

Экологиялық білім берудің бүрынғы КСРО кезеңіне тоқталсак, онда негізінен орыстың табиғат зерттеуші әрі көрнекті ағартушылары А. М. Теряев, И. И. Мартынов, В. Г. Белинский, А. Н. Герцен, Н. Г. Чернышевский еңбектерін атауға болады. Одан соң А. Н. Бекетов, К. А. Тимирязев, Д. Н. Кайгородов, т.б. табиғатты зерттеу мен корғау туралы мәселелерді көтерді.

XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В.М. Корсунский, т:б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуды ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекетгік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б). "Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялықкурстар оку жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог-ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтык оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан-қырлы теориялық, практикалық негіздерін үсынды.

Экологиялык білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы казақ үлттық педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованың жетекшілігімен "Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау" және "Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру" түжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы университетте география-экология факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль-Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия-экология, география-экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми- зерттеу институттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүргізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламенті мен үкіметі "Қоршаған табиғи ортаны қорғау" туралы Заңды (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі" тұжырымдамасы" (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан ; Республикасында қоршаған ортаны қорғаудын үлттық жоспарын (1996), Қазақстан Республикасында 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздікті сақтау түжырымдамасы (2003), "Жер, су және орман туралы кодекстер (2003), т.б. маңызы зор құжаттар кабылдады.

Экологиялық білім беру және тәрбие. Қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың негізгі ретін-де экологиялық білім беруді дамыту үшін:

білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларына экология және түрақты даму мәселелерін енгізу жолымен үздіксіз экологиялык білім берудің жүйесін қалыптастыру;

міндетті және косымша білім беру жүйесінің барлық деңгейі үшін экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

экологиялық білім беруді мемлекеттік қолдау қажет;

табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығы мен олардың түрақ-тылық шектерін айқындау;

экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологиялары өндіріс-терді, шикізаттың түрлерін, материалдарды, өнім мен жабдықты, оның ішінде ауыл шаруашылығын да әзірлеу;

биологиялық әртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемасын зерделеу;

климаттың ықтимал жаһандық және өңірлік өзгерістерін, табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу;

экологиялық қатерлерді айкындаудың ғылыми негіздерін әзірлеу; ластанулардың аддын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратудың қүралдары мен әдісте-рін әзірлеу;

адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінің арасындағы байланысты зерделеу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру.

Экологиялык қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді бюд-жеттік бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргізеді.

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ресурстарды норма-тивтен тыс пайдаланғаны немесе нормативтен тыс шығарынды және ластаушы заттардың төгінділері үшін ставкаларды арттырудың тетігі арқылы коршаған ортаның ластануын азайтуды экономикалық ынта-ландыруды қамтамасыз етеді.

2004 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкасы кайта қаралатын болады, олардың мөлшері ластаушы заттардың көлемі мен түрлерінескере отырып белгіленуі тиіс. Ластану көзі ерекше қорға-латын аумақтарда немесе олардың жанында орналасқан жағдайда қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын арттыру коэф-фициенттері қолданылатын болады.

Экономикалық қүралдар инновацияларды енгізу және табиғи ресурстарды үтымды пайдалану, неғүрлым тиімді және аз калдықты технологияларды дамыту мен енгізу мақсатында шаруашылық жүр-гізуші субъектілердің қызметіне катаң нормалар мен стандарттардың белгіленуіне ықпал етуі тиіс.

Экологиялық білім беру және тәрбие.Қоғамның экологиялық мәдениетін калыптастырудьвд негізгі ретін-де экологиялық білім беруді дамыту үшін:

білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларына экология және түрақты даму мәселелерін енгізу жолымен үздіксіз экологиялык білім берудің жүйесін қалыптастыру;

міндетті және қосымша білім беру жүйесінің барлық деңгейі үшін экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігінарттыру;

экологиялық білім беруді мемлекеттік қолдау қажет;

табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығы мен олардың түрақ-тылык шектерін айқындау;

экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологиялары өндіріс-терді, шикізаттың түрлерін, материалдарды, өнім мен жабдықты, оның ішінде ауыл шаруашылығын да әзірлеу;

биологиялық әртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемасын зерделеу;

климаттың ықтимал жаһандык және еңірлік өзгерістеріқ табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу;

экологиялық қатерлерді айқындаудың ғылыми негіздерін әзірлеу; ластанулардың аддын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратудың қүралдары мен әдісте-рін әзірлеу;

адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінің арасындағы айланысты зерделеу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру.

Экологиялық кауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді бюд-жеттік бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргізеді.

 

№15 - лекция

Экология және тұрақты даму

Жоспар:

1.Қазақстан тұрақты даму жолында.

Негізгі ұғымдар:тұрақты даму

 

Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезендерінде орын алып отырады. Бірақ, өндірістік қоғамен демографиялық жарылыс кезеңде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болады. Экологиялық мәселелерінің мәні- табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллартаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажетіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызыметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосферелық қызметі- биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызыметі мен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдына алу үшін адам ретсіз дамудан тиымды, ретелген, табиғатпен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өту тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының даму үздіксіз, ұзақ уақыттық, бір қалыпты жағдайда, табиғи және әлеумкттік дағдарысыз дамиды. Мұндай даму- тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағытылығы өзгертілуі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүеіл адамзаттың бірігуін план етеді. 1987жылы БҰҰ-ның дүние жүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы байлығымыз» аты есебінде қоршаған ортаны үшін қауыпсыз жолда эканомикалық дәуірге аияқ басуға шақырды.

Алғаш рет тұрақты даму конценциясы ұсынылады.Тұрақты даму дегенде қазіргі уақыттың қауіптілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтарының өзінің қажетілікткрін қамтамазыз етуіне қауып тудытмайтын даму деп түсіну керек. Біздің атабабаларымыздың Жерін мураға алған жоқпыз. (БҰҰ материялдарының)

1992 жылдың маусым айында Рио- де- Жанейро қаласында өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және « ХХІ ғасырдың күн тартібіне» ауқымды бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада шешілу болашақта тқрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.

ХХІ- ғасырдың күн тәртібінің негізгі бағыттары ( М.Китинк бойынша) Кедеилікпен күрес: дүние жүзілік 157 миллиарт, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 млрд-тап күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедеилікті болдырмау жайдары еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедеилердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәулділігін кеміту еңбекке жарамды халықтың санын артыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүиесін жетілдіру; қаржылық көмек.

Тұрақты дамудың құрылымын өзгерту: Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себебі болып табылады.сонымен қатар кедеи адамдар өмірге қажетті минималды мөлшермен қамтамасыз етілмеиді. Энергетикалық және шикізаттың пайдалануды қысқарту, экологиялық таза техналогияларды дамыту.

Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 милрд-тан астам болады. Ғалымдардың болжамы боиынша 2020 жылы 8 мларт-қа жетеді.

Адамдардың денсаулығын ақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болпды. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау салаларындағы стратегиялық міндеттер:

1) СПИД-нен күреске жұмылдыру;

2) Түбіркулезбен және басқа зілді аурулармен күресу;

3) Бала өлімін кеміту;

4) Халық денсаулығын бақылаитын тиімді ұйымдар құру;

5) Еркетер мен әиелдердің өздерінің балаларының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

6) Халықты ауыз су таза азық- түлікпен қамтамасыз ету;

7) Балалардың денсаулығын қорғау.

8) Қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан қорғау.

Тұрақты тұрғын жерлер ( урбинзияция) 2000 жылға қарай дүние жүзінің халқының жартысы қалаларда тұрады. Қоғамның урбинзияциясы экономикалық даму процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттыұ өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау; Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі энергияны өндіру мен тұтыну.

Жер ресурстарын тиыады пайдалану : топырақтардың құнарлығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендеиді. Топырақтардың деградайиясының себептері шектен тыс мал жаю ормандардың кемуі ауыл шаруашылығының қызыметі жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Орманды жою мен күресу: Ормандар топырақпен суды, атмосфераны қорғауда өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкіметтерге орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлтық бағдарламаларды жасап жүзеге асыру қажет.

Шөлденумен құрғақшылықпен күресу: Шөлдену- бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызыметінің нәтижесіндще топырақтың диградациялануы процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградайциясымен азық түлік өнімдерімен кеміуіне акеп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедеилік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиымды пайдалану: Теңіз суының ластауының шамаммен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризім құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді ( жылына 90 млн. Т. Дейн ) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтетінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Радиоктивті қалдықтарды жою: Радиоктивті қалдықтар туғызатын қауін оларды өсірумөлшерін кемітуді, қауыпсыз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС- дің жұмысы нәтижесінде 200 мың м3 төмен ал 10 мын м3 жоғары радиоктивті қалдықтар түзеді.

Балалармен жастардың тұрақты дамуына қамтамасыз етудегі рөлі: Даму бағдарламалары жастарға қауыпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортада қолайлы жоғары өмір сүру жағдайына, біліам алу мен жұмысында кепілдік болу керек. Жастар планета халқының 1/3 не жақын болатын, ал көптеген дамушы елдерде –жарты сын құрайды. Бұл беру дәрежесіне арттыру қажет. Жастар білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму маселелеріне көп көніл бөлу қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғы-лым мен білім беру: Қазіргі кездегі ғылыми – зертеулер азаматтың тіршілік пен сақтау мақсатында жұмыс істеиді. ХХІ ғасырда биосферада қауыпты өзгерістер болуы мүмкүн. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зертеуде: ауа райының өзгеруі, ресурыстарды тұтынудың артуы, демографиялық тен денциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның косымыстық зертеу лері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму маснлелері бойынша білім алуын қамтамасыз ету қажет. Экологиялық білім беру- адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

Сонымен қатар Конференцияда Малімдеме мен ені конценция- климатың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрліліеті сақтау мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешу болады. Бұл үшін экология, эканомика және алеуметтік дамудың барлық негізде топтарын бір тұтас түтінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдерде үкіметтерін тұрақты дамуының ұлтық концепцмяларын қабылдауға шақырады. Қазақстан Республикасының Үеіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу канцепциясы» бекітіледі. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауыпсіздігін қамтамасыз етуге бағыталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеиясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түиінін мәселелерін шешуде елеміздің белсенді қызыметін дәлелдеитіе нақты мысалдар елтіреді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан татихта бірінші болып ядролық палигонын жауып ядыролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болады. Қазіргі уақытта экологиялық, эканомикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іш-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде. Қазақстан Республикасының « экалогиялық қаупсіздігінің стратегиялыцқ мақсаты мен міндеттеріне » экологиялық білім және тәрбие беру жүиесін жасау мен дамыту қажет.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Асқарова Ұ.Б., Экология және қоршаған ортаны қорғау. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 314б.

2. Т.Р.Рыспеков Экологический мониторинг природной средыАлматы: Қазақ университеті, 2005. — 368 с.

3. Алишева К.А. Экология: Учебник / К.А. Алишева.- Алматы: HAS, 2006.- 304c. (Общее кол-во-24,УК-20,Ост.-4)

4. Ақбасова Ж.А., Саинова Г.Ә. Экология Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2003. –2 92 бет.

5. Баешов А. Экология және таза су проблемалары. Оқулық – Алматы: «Дәнекер», 2003. – 224 б.

Қосымша:

6. Хотунцев Ю.Л. Экология и экологическая безопасность: Учебн. пособие для студентов высш. пед. учеб. заведений. – 2-е издаение., перераб. – М.:Издательский центр «Академия», 2004. – 480 с.

7. Панин М.С. Экология Казахстана: Учебник для вузов / Под ред. Байтулина И.О. – Семипалатинск: Семипалатинский государственный педагогический институт, 2005. – 548 с. Табл. 123 Ил. 99 Библ.: 587 назв.

8. Юридический справочник, электронной системы «Юрист». 2003 год.

9. Чигаркин А.В. Введение в прикладную экологию: Учеб.пособ.для студ. экологических специальностей ун-тов / А.В. Чигаркин.- Алматы: Қазақ университетi, 2002.- 136с.

10. Чигаркин А.В. Геоэкологи и охрана природы Казахстана: Учебное пособие / Чигаркин А.В.- Алматы: Қазақ университетi, 2003.- 337с

11. Будыко М.И., Глобальная экология. – М.: Мысль. 1987. 235c.

12. Петров К.М., Общая экология. Учебное пособие. - С-пб.: Химия, 1997.342c.

13. Шилов М.А. Экология. – М.: Высшая школа, 2000.159c.

14. Алексеев С.В., Груздева Н.В., Муравьев А.Г. и др. Практикум по экологии. Учебное пособие. – М.: АО МДС, 2001.367с.

15. Постановление правительства РК «Об утверждении положения государственном мониторинге недр РК» от 27.01.97г.

16. Закон «Об особо охраняемых природных территориях РК» от 15.07.1997г.

17. Закон РК «Об охране окружающей среды

18. Асқарова Ұ.Б., Экология және қоршаған ортаны қорғау. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 314б.

19. Т.Р.Рыспеков Экологический мониторинг природной средыАлматы: Қазақ университеті, 2005. — 368 с.

20. Алишева К.А. Экология: Учебник / К.А. Алишева.- Алматы: HAS, 2006.- 304c. (Общее кол-во-24,УК-20,Ост.-4)

21. Ақбасова Ж.А., Саинова Г.Ә. Экология Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2003. –2 92 бет.

22. Баешов А. Экология және таза су проблемалары. Оқулық – Алматы: «Дәнекер», 2003. – 224 б.

23. Хотунцев Ю.Л. Экология и экологическая безопасность: Учебн. пособие для студентов высш. пед. учеб. заведений. – 2-е издаение., перераб. – М.:Издательский центр «Академия», 2004. – 480 с.

24. Панин М.С. Экология Казахстана: Учебник для вузов / Под ред. Байтулина И.О. – Семипалатинск: Семипалатинский государственный педагогический институт, 2005. – 548 с. Табл. 123 Ил. 99 Библ.: 587 назв.

25. Юридический справочник, электронной системы «Юрист». 2003 год.

26. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу қуралы. Алматы, «Кайнар»,1990.361с.

27. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тили», 1991. 189с.

28. Горелов А.А. Экология. Курс лекций. Москва, «Центр», 1997.

29. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология. Санкт-Петербург, «Химия», 1996. 325с.

30. Чурилова Е.А. Колосова Н.Н. Картография с основами топографии: Практикум. –М.: Дрофа, 2004.

31. Южанов В.С. Картография с основами топографии. М.: Высшая школа, 2001.

32. Тлеубергенов С.Т. Полигоны Казахстана. – Алматы: Ғылым, 1997 г.

33. Веселов В.В. Эколого-мелиоративные проблемы использования водных ресурсов бассейна озера Балхаш / В.В. Веселов, А.Г. Бегалиев, Г.М. Самоукова.- Алматы:

34. Гридэл Т.Е. Промышленная экология: Учеб.пособие для вузов / Т.Е. Гридэл, Б.Р. Алленби; Пер.с англ. под ред.проф.Э.В.Гирусова.- М.: ЮНИТИ-

ДАНА, 2004.- 527с.

35. Карабасов Ю. Экология и управление: термины и определения / Ю.

Карабасов , В. Чижиков , М.Б. Плущевский; Под науч.ред. Ю.С.Карабасова.-

М.: МИСИС, 2001.-

 

Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

Тарау бойынша дәрістердің тақырыбы Сағат саны аптасы Әдебиеттер
Экология ғылымы және даму тарихы кiрi 1-апта 1,2,3,4,13,30
Ағза және ортаның қарым қатынасы 2-апта 1,2,3,4,13,22,23
Популяция. 3-апта 1,2,3,4,7,12,23
Биотикалық қауымдастық 4-апта 1,2,3,4,7,12,26
Экологиялық жүйелер 5-апта 2,3,4,7,12,23,26
Биосфера. Негізгі функциясы және құрылымы.Заттар айналымы. В.И. Вернадскидің биосфера туралы ілімі. 6-апта 3,4,7,12,23,26
Табиғи ресурстар жіктелуі. Адам өмірінде және табиғатағы маңыздылығы. 7-апта 4,7,12,23,26
ҚР экологиялық мәселелері. 8-апта 1,3,4,7,12,23,26
Қазіргі замаңғы әлеуметтік-экологиялық мәселелер 9-апта 2,3,4,7,12,23,26
Адамзат денсаулығы және экология 10-апта 2,3,4,7,12,23,26
Қоршаған ортаның жағдайын бақылау және мо



Переглядів: 1600

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Биосфера | Пояснення до порядку оформлення списку використаних джерел

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.124 сек.