Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Саяси режим

1. Консерватизм және либерализм.

2. Фашизм және тоталитаризм

3. Демократия ұғымы, Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде.

1.Либералдық және консервативтікидеялар. XX ғасырда либералдықжәне консервативтікидеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIX ғасырлардағы либерализммен салыстырғанда мұнда жаңа қағидалар енеді. Оны жақтаушылар мемлекеттің реттеушілік қызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, орташа тапты қалып-тастыруға елеулі кеңіл бәледі. Ол "аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын және т.б. алға тартады. Консерваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығы берілгені дұрыс деп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойласын. Тегін білім беруді, медициналық қызмет көрсетуді, жұмыссыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп түжы-рымдайды.

Сонымен, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының қысқа-ша тарихы осындай. Оны білмей, адамзаттарихының бұрынғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып-білу — қазіргі коғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, , құқықтық мемлекет құруына белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.

2.Фашизм.Империалистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизмжатады. Оның негізгі белгілері — еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Ратцель). Бұл тео-рия бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың күшімен камтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде Италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израил іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.

XX ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризмтеориясыдамыды. Ол — мемлекеттарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлық мемлекет қоғаммен тұтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Ол адам-ның жеке басының құндылығын бағаламайды, оны мемлекеттің құралы ретінде пайдаланады. Ол туралы қоғамның саяси жүйесін сез еткенде толығырақ тоқталамыз.

3 сұрақ. Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің тендігіне, басқару органдарының мерзімде сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі. 3) қоғамдық құрылымның мұраты және соған сәкес көзқарастар.

Демократия саяси режимнің ең жоғарғы түрі болып табылады. Оның аса маңызды ерекшілігі – халық билігнің жеке адамдардың бостандығымен нақты сәйкес келуі.

Қосымша тапсырма:

1. Демократияның белгілеріне не жатады.

2. Тұрақты демократияға ауысудың мүмкіндіктері мен жағдайлары.

3.Тура демократия, плебисцитарлық демократия, өкілдік демократиялардың айырмалары қандай.

11.Саяси сана және саяси мәдениет

1.Саяси сананың мәні.

2.Саяси мәдениет ұғымы.

4.Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері

1.Саяси сананың мәні.

Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды тусініп-сезінетін, адамдардың бүл саладагы іс-әрекеттеріне бағыт-багдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарас-тар жиынтығын айтады.

Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері аркылы саяси шындықты бейнелеу;

2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;

3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялықсаяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.

Қарапайым(күнделікті тұрмыстық) саясисана қалыптасьш жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың томенгі сатысына жа-тады.

Теориялық саяси санажағдайлардың мән-мағынасын анық-тап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғы-дан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.

Саяси психологияғасаяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада емірді та-нып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдай-ларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар ауда-рылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның Қарапайым саяси сана мен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір-біріне әсер етіп, байланысып, жымдасып жатады.

2.Саяси мәдениет ұғымы.

"Саяси мәдениет" терминін тұңғыш рет ғылыми айналымға мәдениет пен саясаттың әзара әрекеті проблемасын (XVIII ғасырдың соңы) зерделеген неміс ағартушысы И. Гердер енгізді, ал саясат ғылымындағы саяси мәдениет теориясын XX таптрдың орта шенінде ғана — Алмонд, С.Верба, М.Дюверже және басқалары ресімдей бастады. Саяси мәдениет — бұл адамдардың бұдан бұрынғы ұрпақтары тәжірибесін жүзеге асыратын, саяси процесс субъектілерінің тікелей қызметіңде көрінетін, тұтастай алғанда олардың осы процеске, оның негізгі элементтеріне қатынасын белгілейтін және сол арқылы қоғамның саяси өмірін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін нұсқауларының, бағдарларының және мінез-құлық үлгілерінің тарихи қалыптасқан, біршама тұрақты жүйесі. Саяси мәдениетте адамдардың (ұлттардың, таптардың, партиялардың, әралуан жіктердің, топтар мен жеке-дара адамдардың) өздерінің (түбегейлі мүдделері жөніндегі мемлекетке, саяси билік режиміне қатынасы айқындалады. Бұл тұрғысында саяси мәдениет саясат саласындағы, мәдениет, саяси өмір мен қызметтің белгілі бір жүйелі сапасы және тәсілі, саяси идеялардың, сенімдердің, нормалардың, институттардың және т.с.с. бірлігі мен өзара байланысында дамуын әрі сабақтастығын қамтамасыз ету нысаны ретінде түсіндіріледі.

Саяси мәдениеттің негізгі міндеттері:

а) танымдық міндеті - саяси білімдерді меңгеру негізінде саяси көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыру;

б) ұқсастыру міндеті — жеке-дара адамның саяси мәртебесін анықтау, белгілі бір қауымның қатысуы мен мүдделерін білдірудің тиімді тәсілдерін жасау;

в) нормативтік-құндылық міндеті - қоғамда қажетті жалпы жұрт таныған саяси құндылықтарды, нұсқаулар мен нормаларды баянды ету;

г) ықпалдастық міндеті - қоғам таңдап алған саяси құрылыстың кеңінен мәлім әрі тұрақты әлеуметтік базасын қамтамасыз ету;

д) байланыс жасау міндеті — жалпы саяси мүдделер мен мақсаттардың үйлесуі негізінде биліктің барлық субъектілері мен институттарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Саяси мәдениеттің жіктелуі. Саяси мәдениетті жіктеудің негізінде мейлінше әралуан өлшемдер болады:

Өлшемдер ретінде мыналарды ұсынады:

а) саяси жүйелердің ерекшелігін;

б) екіншілері — елдер мен аймақтарды;

в) үшіншілері - жаңалықтар үшін саяси мәдениеттің ашық немесе жабық болуын;

г) төртіншілері — идеологиялық айырмашьшықтарды және т.т. ұсынады.

4.Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері

Қазақстан қоғамының саяси мәдениеті адамдардың санасы мен мінез-құлқында қоғамдық болмыстың мейлінше ала-құла, елесті көрінісі болып табылады.

Осы заманғы Қазақстанның саяси мәдениетін саяси мәдениетін қандай түріне жатқызуға болады? Қазақстанның саяси мәдениетінің өткендегі үлгісі тоталитарлық мәдениет түрінде болды, онда халықтың негізгі бұқарасы билік пен билік жүргізуші институттар жететіне көр-соқырлықпен ерген бодандар рөлін атқарды және осы рөлін өзгертуге ұмтылмады. Қазақстан демократиялық өзгерістер процесіне енгеннен кейін, яғни өтпелі кезеңде, нарықтық экономиканы, қоғамдық өмірді барлық жағынан, демократияландыруды жариялаған кезде саяси мәдениеттің тоталитарлық үлгісінен демократиялық үлгісіне таралуын күтуге тура келді. Бірақ бұл күту сәтті болмады, мұның өзін нағыз саяси шындық дәлелдеп берді. Қазақстан саясаткерлері әділ атап көрсеткеніндей, Қазақстан демократия мұраттарына өзінің бейіл екенін мәлімдей тұрса да, шынайы демократия біздің мемлекетіміздің өтпелі кезеңінің алыстағы мақсаты болып табылады. Егемендік алып, құрылымдық өзгерістерді жүргізе отырып, Қазақстан қоғамы жуықтағы өткен кеңестік кезең дәстүрлерінің ауыртпалығынан қазірге дейін құтыла қойған жоқ. Мәселен, саяси сана-сезім саласында дәстүршілдік күшті болып қалып отыр, ол саясат мәселелеріне бейілсіздіктен, билікке табынушылықтан, әсіре төзімділігінен және ырықшылдығынан, әлеуметтік даму мешеулігінен көрінеді.

Қазақстан қоғамының саяси мәдениетіне мынадай белгілер тән болады:

а) ұжымдық немесе қауымдық ақлиқаттың нормаларына бағдарлану;

б) саяси және өзге мәселелерде идеологияланушылық (бәрінен де бұл еткеннің салдары болса керек);

в) билікке саяси адалдық пен бостандық көзқарас;

г) құқықтық көрсоқырлық пен құқықтық сана-сезім деңгейінің жоғары болмауы;

д) саяси ырықшылдыққа бейімділігі (нақты саяси режимнің ыңғайына көну);

е) саяси білімдер мен тәжірибенің жетіспеуі.

Сонымен, Қазақстанның саяси мәдениеті тоталитарлық саяси мәдениет пен авторитарлық мәдениет арасындағы аралық тұр болып табылады.

11-ші тақырыпқа бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік тіл саясатының обьектісі ретінде.

2. Қазіргі замандағы саяси мәдениеттің өзгешіліктері.

3. Менталитет: әлеуметтік – саясат өмірде пайда болуының ерекшеліктері мен маңызы.


Читайте також:

  1. Q6 розраховують тільки при нестаціонарному режимі
  2. АВТОРИТАРНИЙ РЕЖИМ
  3. Авторитарний режим
  4. Адиабатический режим
  5. Адміністративний устрій та окупаційний режим в Україні під час війни 1941-1945 рр
  6. Анализ установившихся режимов в линейных электрических цепях постоянного тока
  7. АНТИДЕМОКРАТИЧНИЙ РЕЖИМ
  8. Безнапірний режим руху
  9. Бізнес-логістика в режимі INTERNET
  10. Валютний курс. Режими встановлення валютних курсів
  11. ВАЛЮТНІ РЕЖИМИ ТА ВАЛЮТНА ІНТЕРВЕНЦІЯ. ВПЛИВ ВАЛЮТНОЇ ІНТЕРВЕНЦІЇ НА ГРОШОВУ МАСУ. СТЕРЕЛІЗАЦІЯ.
  12. Вибір оптимального режиму роботи і відпочинку.




Переглядів: 1608

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Тараз 2014 10 страница | Саяси идеология

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.007 сек.