Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Аристотель «Поэтикасы»

Аристотельдің «Поэтикасы» - өнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар «Поэтика» өз кезегіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия, т.б. жайларын талдап тексеруі күні бүгінге дейінөзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында деп білу керек.

Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттің келелі мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта тұрған проблемаларға бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. Бірақ «Поэтика» грек әдебиеті мен өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған поэзия теориясы екенін жоққа шығаруға болмайды.

Поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотель «Поэтикасы» - өнер туралы ойлар.

Аристотельдің эстетикалық принциптрінің ең түйінді тұсы: өнердің мақсаты – ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы – адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы. Оның «Поэтикасын» Лессингтің «Евклид элементтеріндей мінсіз шығарма» деп таңдануы да, Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы «екі мың жылдан астам уақыт үстемдік құрғанына» тамсануы да әлгібір қағидалы жайларға байланысы еді.

Аристотель пайымдаулары:

1. Ақынның міндеті өмірді көшіру емес, жалпы мағынасын ашу деп есептеді. Мұнда Аристотель жаопының жалқыға ұласуын түсіне бермейді. Лениннің сөзімен айтқанда, диалектиканың, жалпы мен жалқының жеклеген заттық мағынасын бұрмалау;

2. Аристотель өнердің танымдық қызметін айқындай келіп, өзінің ұстазы Платонмен салыстырғанда, өнер-шындық жайлы білім береді дегенді мойындайды;

3. Поэтикалық жанрдың сипатын (трагедия, комедияны) ақынның жеке моральдық бейнесімен байланыстырады. Бұл көзқарас бойынша трагедия мен комедия жасаған драматургтер қатарына кірмейді;

4. «Тазаруға» қатысты көзқарасы қорқынышпен, азаппен келгені ешқандай түсінік бермейді. Бұл А-ң грек демократиясынан бастау алған трагедияларды тәрбиелікәсерін тазару деп түсіндірді. Сол арқылы халықты ұжымдануға және өмірлік кедергілермен күресе білуге шақырады;

5. А-ль бастапқы кезден трагедиялар мен комедияларды байланыстырады да содан кейін идеализм мен материализм арасындағы өзінің пікір айқндығын көрсетеді;

6. А-ль трагедияда шиеленіскен қарым-қатынастарды дұрыс көрсетіп, түсіндіре білді. Бірақ, А-ль трагедия сипатының рөліне дұрыс түсініктеме бермейді. Ол трагедияда мінез болмаса да өзара іс-әрекет міндетті түрде болуы керек деп есептейді;

7. Осылайша А-ль мейірімді н/е ұнамды кейіпкерді оның шығу тегімен салыстырмайды. Мысалға, ол құл иеленуші ретінде құлдың өзі трагедияда жағымды кейіпкер болуы мүмкін деп есептеген.

17-сұрақ. 20 ғ. Басындағы әдеби-эстетикалық ой-пікірлер (қазақстанда)

Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар. Бұл ғасыр қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер әкелді. Халықтық эстетикадан бастау алған баспасөз әдеби сынды тудырды. Жазба әдебиет өркен жайып, жанрлық түрлер дамыды. Проза мен поэзияда жаңа ізденістер пайда болды. ХХ ғасырдың алғашқы 20жыы ішінде 500-ге жуық кітаптар жарық көрді. Классикалық мұрадан Ибн Сина, ожа Ахмет Яссауи, Шортанбай, Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары кітап болып шықты. Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар.

«Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалятының газетінде», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде, «Айқап» журналында әдеби-эстетикалық талап –тілектердің өсіп-толысуы үшін атқарған рөлі.Аталған газет-журнал, оқулықтар қазақ тілінің тазалығы, халық ауыз әдебиеті жинақтары туралы рецензиялар мен сын-пікірлерді жариялау арқылы әдебиетті толықтыра түсті.

М.Жұмабавтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиттануының бір көрінісі- М.Сералиннің «Шахнаменің» аудармасына жазғын «Сөзбасы» зерттеу мақаласынан көруге болады. С.Ғаббасовтың «Айқап» журналындағы «Тарих қазақ жайынан(халық ахуалы)», С.Торайғаровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары Қазан жайлы( қазақ поэзиясының жалпы келбеті,даму жолы)», «Өлең һәм оны айтушылар», «Жаңа кітап» мақалсы.Қазақ газетіндегі 1914ж. Ә.Бөкейхановтың «ән,өлең һәм оның құрылысы(әдебиет пен музыка байланысы, сабақтастырып, поэзияның эстетикалық мұратын халық өнерімен саралайды)» Әсіресе,ХХғасырдың басында роман жанры ерекше дамыды. Оған А.Байтұрсыновтың «Білім жарыс»мақаласы, осымен сарындас Ә.Бөкейхановың «Роман не нәрсе?», «Роман бәйгесі»,М.Сералиннің «Роман жарсы туралы» мақаласы және 1910 жылы шыққан С.Торайғырдың «Бақытсыз Жамал» романы дәлел.

Қазан төңкерісінен кейін әдебиеттану дағдарысқа тап болды.Әдебиеттің эстетикалық және ғылыми танымы енді күрделі идеологиялық процесстерге ауысты. Бұрмалаушылық пен солақайшылдыққа ұрынған «тұрпайы социологизмә теориясы ғылыми зерттеуге белсене араласты.Соған қарамастан өткен дәуір ақын-жазушыларының шығармалары баспасөз бетінде, жеке жинақ боп жарық көрді(1917ж»Абай термасі», Ә.Диваев құрастырған «Жеті батыр»жинағынды С.Торайғ-ң поэмалары, Абай өлеңдерінің толық жинағы).

18-сұрақ. Романтикалық және реалистік бейне.

РОмантикалық бейне-әдебиеттегә адам бейнесінің байырға түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы түрлері баяғы көне дүние әдебиетінде,мифте,қала бере қай халықтың болса да халық ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға,алысқа,арманға асыққан халықтың қиялы телегей-теңіз.Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады.Романтикалық образ өмірде болған немесе бар деректерден гөрі өмірде әзірше жоқ,бірақ болатын дерекке негізделеді.Қазақ әдебиетінде романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілер мен аңыздарында,батырлық дастандары мен тарихи жырларында жатыр(қазақ фольклорында-Желаяқ, көлтауысар, саққұлақ, таусоғар, алдар көсе, алпамыс;Абайдан бергі жазюа әдебиетте-С.Мұқановтың Сұлушашы,Әбділданың Абылы,Қасымның Абдолласы).

Көне грек әдебиетіндегі Прометей,қазақтағы Асан, орыс әдебиетіндегі Данко-мәңглік образдар. Бұлардың қай-қайсысы да халық үшін құрбан еткен асқақ арманның адамдары. Қараңғы қауымның зердесін жарық сәулемен нұрландырмақ болып тәңірінің отын ұрламақ болып тасқа шегеленген Прометей;дүйім жұртқа душар болған түн түнегінен серпу үшін өзінің өртті кеудесін өзі сөккен Данко жалын атқан,шұғыла шақан жүрегін жұлып қолына алды да өлді.

Реалистік образ-әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылғы да, шынайылығы да шыншылдығында;бұл кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін,бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісізтың қырынан көрініп,ылғи жаңарып отыратын тип. Бұл образ атаулының мағыналы да, мәндісі.Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес,анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ,алыс емес,қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын.Сондықтан реалистік бейненің эстетикалық-тәрбиелік мәні де,қоғамдық-өзгертушілік күші де айырықша үлкен. Мысалы.Т.Ахтановтың «Боран» романындағы Қоспан бейнесі.

Реал бейне-нанымды бейне,оныі мінез-құлқы,іс-әрекеті,оны қоршаған орта,оның басынан өтетін оқиға бәрі өлшеулі.Өйткені,суреткер шыншыл бейне жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды,өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде іркіп отырады. Реал бейне-типтік образ.Ол бізге күнде көріп жүрген етене таныс секілденгенімен-«таныс бейтаныс» көптің бірі көрінгенімен-бірегей.Өйткені өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ,бірнеше адамнан жинақталып және творчестволық қиялдан суырылып шыққан.

19-сұрақ. Әдебиеттің эстетикалық қызметі. Басқа ғылымдармен байланысы.

Халықшылдық” деген жалпы өнердің халықтық мүддені қозғауы, халықтық көзқарасқа жақындауы. Григорьевтің әдеби-сын еңбектерінде халықшылдық мәселесі көрнекті орынға ие болды. Оның 1861 жылы жазылған “Пушкин өлімінен бастап, біздің әдебиетіміздегі халықшылдықтың дамуы” деген мақалалар тізбегінде ол ең алдымен, халықшыл сипаттағы туындылар отандық дәстүрден, халықтық салт-ғұрыптардан, отбасылық, туыстық бастаудан нәр алған туындылар” дейді. Шындығында сонау фольклор туындыларынан бастасақ, фольклор мұралары синкретті өнер түрінде халық шығармаларынан бастау алады. Мәселен, халқымыздың ежелгі шежіресі секілді байырғы әдеби жәдігерлер негізінде қазақ эпосының түп төркінін зерделеу, көне түркі жазба әдебиет үлгілерімен тарихи сабақтастығын түркітану, этнография, археология, этногенезбен байланыстыра отырып, жанрын, типологиясын, генезисін айқындаған іргелі зерттеулер туды. Өнер адамның іс-әрекеті мен қоғамдық сананың ерекше түрі. Болмысты нақты деректер арқылы танып-білуді мақсат ететін ғылымнан өнердің баста ерекшелігі, ол өнердегі шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, бейнелейді. Ерте заманғы адамдардың өмір туралы ұғым, түсінігі, көзқарасы, жаратылыс жұмбағын түйсіну ерекшелігі, сәбилік сана, сезім, әсіресе, ауызша тарап, жеткен аңыз-әңгімелерден, мифологиялық үлгілерден тарайды. Мифология табиғатты үрейлі құбыжық, алыптар, жын-перілер түрінде тәңірдей табынар сұрапыл күш, құдіретте ғана саятын алғашқы қауымдық қатынас кезіндегі дүниетаным болып табылады Ұлт әдебиетінің тарихи бастаулары ежелгі дәуір мұраларымен сабақтастықта зерттеу бағытындағы келелі істердің рухани түлеудегі кемел маңызы филология ғылымы, соның ішінде қазақ фольклористикасының озық әдістер ұстанып, кешенді зерттеулер жүргізу барысында соны сипатқа ие болды. Әдебиетші ғалымдар қазақ фольклористикасының даму жолдарын, халық ауыз әдебиетінің жанрлық табиғатын, фольклорлық мұралардың тарихи бастауларын, генезисі мен типологиясын (Е.Тұрсынов) айқындай бастады.Әдебиет теориясы - әдебиеттанудың бір бөлігі. Оның мақсаты қоғамдық сананың бір көрінісі ретіндегі көркем шығармашылықтың табиғатын ашу, оның болмысты бейнелеудегі, адамның идеялық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін айқындау. Әдебиет теориясы алдымен әдіснамалық ғылым. Ол көркемдік ойлаудың тарихи тұрғыда қалыптасқан түрлерін (романтикалық, реалистік), олардың ішінде орныққан әр түрлі көркемдік әдіс-бағыттарды, тәсілдерді зерттейді. Осы өзіне байланысты негізгі мәселелерді зерттеуде әдебиет теориясы эстетикамен үндеседі. Мұнымен қоса, әдебиет теориясының өзіне тән ерекше міндеті де бар. Ол сөз өнерін, оның тегі мен түрлерін, мазмұн мен пішіннің бірлігін, сюжет пен композицияны да зерттейді. Әдебиет теориясы әр түрлі бағыттағы қаламгерлердің ортақ ұстанымдарын, әдеби шығармалардың жанрларын, тарихи даму кезеңдерін, белгілі бір эстетикалық жүйеде қарастырады. Әдебиет тарихы дамуының бастапқы кезеңдерінде эстетикалық нормалар белгілі жағымды рөл атқарды. Ал, әдебиет идеологиялық мәнге ие бола бастағаннан, оның дамуы негізінде өзінің мәнін жоғалтады. Осы бағыттағы үлкен қозғалыс Ағарту дәуірінде (Дидро, Гердер, Гете және т.б. еңбектерінде) өтті. Сөз өнерінің әлеуметтік және идеологиялық жағынан танылуы, XIX ғасырда тарихилық идеясымен баий түсті. Эстетикалық құбылыс енді күрделі тарихи контексте, яғни белгілі бір қоғамдық оқиғалар аясында, қоғаммен қарым-қатынаста айқындалды. Бұл ретте, Гегельдің, орыс төңкерісшіл демократтары Белинский, Чернышевский, Герцен, Добролюбовтардың еңбегі зор болды. Әдбиеттану ғылымы қай қырынан алсақ та өзге ғылым салаларымен тығыз байланысты. Эстетикалық сезімдері, психологиялық жай-күй тұрғысынан қарастыра отырып тарихпен,философиямен және көрнек өнерімен байланысты,пихологиямен байланыстырамыз.

20-сұрақ. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік.Уақыт пен кеңістіктің ауқымы өте кең.Бұлар бір-бірінен ажырамайтын субстанциялар. Көркем әдебиет болса уақыт пен кеңістіктің шағын моделі.Көркем туындыны жасау үшән мекеншақ(хронотоп) өлшемі керек. Мәдени кеңістік пен уақыттың бірлігін ХХғасырдағы орыстың көрнекті мәдениеттанушысы Бахтин «хронотоп-грек уақыт,жер» ұғымы арқылы білдіреді: «...хронотоп-уақыт пен кеңістік белгіоерінң нақты бір бітімінің табиғи бірлікте көрініс табуы.Мұндай уақыт қоюланады,сөйтіп көркемділігімен көзге түседі, ал кеңістік болса шоғырланады,тарихтың сюжеттік,уақыттық қозғалысына бағындырылады.Уақыттың белгілері кеңістікте ашылса, кеңістік уақытпен өлшеніп,уақыт арқылы ұғынылады».Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетедіЛотман:Көркем кеңістік мәселесі көркем шығармадағы кейбіржағдайда шектеулі кеңістіктегі шексіз дүниелерді суреттеу,көркем шығарманың сыртық болмысына үңілу сияқты. Егер сурет өнеріндегі кеңістікке келер болсақ,онда бәрі айқын.Әр адамды кеңістікті түсіну деңгейіне оның дүниетанымына байланысты әртүрлі болып келеді.Мәтін құрылымнда кеңістік сол жазушыныңәлемдік кеңістік құрылымы, ал мәтіннің ішкі мағыналы элементтері-кеңістік моделінің тілі. Көркем шығармада автор өз кейіпкерлерінің болмысын,психологиясынашу үшін әртүрлі кеңістіктерді қолданады.Мәселен,адам ойының жақсы не жамандығын білдіріп, өмірдің моделін кеңістік мәселесімен келіп,шығарма тудырадыКөркем уақыт-сюжеттің,бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы,шынайы,перцептуалды және жеке уақыттардың өзінше өзінше араласқаына сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы. Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық объективті шынайылық пен шарттылық бейнесі үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының көрсеткіші болып табылдаы.Шығармада қандай да болмасын баяндау тәслі эпикалық ракурс пен қашықтықты анықтайды. Эпикалық ракурс-автордың оқиғаларды бейнелеудегі өзін-өзі көрсетуә.Көркем уақыт-сюжет пен фабулаға қатарласа жүретін ұғым. Сюжеттік уақыт дегеніміз-уақыттың нақты сәттерінің шығармада автордың среттеуімен белгілі бір тәртәппен орналасуы.Автор сюжеттік уақытты түрліше ұйымдастырады.Кей кезде оқиға барысында өткенге қайта оралудың қажеттігі немесе көркем уақыт ішінде оқиғаның өтуінің бәсеңдеуі кездесіп отырады.Осыған байланысты әңгімелеушінің белгілі бір түрі қалыптасады. Әңгімелеуші оқиғаларды жай сырттай бақылаушы,не жай баяндамай оқиғаға қызу араласуы мүмкін. Сөйтіп эпикалық ракурс шығарманың композициялық-тілдік жүйесінің тұлғасын қалыптастырады. Эпикалық қашықтық-әңгімелеуші-автордың шығармадағы баяндалып жатқын оқиғалардан белгілі бір мезгілдік немес кеңістік арақашықтықта орнаалсуы 3 түрлі: шығармадағы оқиғаның баяндау кезімен сәйкес келмеуі;сәйкес келуі;мүлдем байланысы болмау.

Басқа өнер түрлеріне қарағанда әдебиет уақыт пен кеңістікке еркін қатынаста.Бір мезгілде бір кеңістіктен екінші кеңістікке ауысып кету мүмкіндігі бар.Яғни оқиғаныбаяндау барысында бірнеше жердегі оқиғалар көрсетілуі мүмкін.

21) Аллегориялық бейнелер.Кейіптеу- ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне пернелеу, яки аллегория ( грекше- пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда жай ұғымда тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық,зорлық,қастық секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды С.Дөнентаев өзінің «Ауырған арыстан» дегеналлегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы арыстан ауыра қалған екен,аң атаулы түгел көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқболып шығады да, оны қара көңіл қасқыр зорлықшыл арыстанға қастандақпен хабарлап қояды.Кейін түлкі келгенде арыстан әрине ашуланады.Бұл сырды түсіне қалған түлкі айла тауып өзінің де ауырып қалғанын, қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп әрең жазылғанын айтады.Мұны естіген арыстан қасқырды шақырып алып, сіңірін қияды. Бұл аллегориялық өлеңде: Түлкі-қу; зорлық-арыстан,қастық-қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген. Дүниежүзілік әдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық-қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз. Мысалы,Данте жазған әйгілі « Құдіретті комедияда» арыстан, тағы мысық, қасқыр тәрізді аңдар арқылы адамға тән әр түрлі құштарлықтар пернеленіп қана қоймайды, бірсыпыра бейнеленеді, кәдімгі көркем образдар жасалады. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерде бейнеленетін тұлғалар түгелімен – аллегориялық образдар. Кейде тіпті, Фонвизиннің Простаковы мен Правдині, Грибоедовтың Скалозубы мен Молчалині, Гогольдің Ляпкин-Тяпкин мен Собакевичі секілді Майлиннің Мырқымбайы мен Мүсіреповтың Қоңқайының,Мұқановтың Итбайы мен Мұстафиннің Сойдақтісінің аттарының өзі олардың мінез-құлқындағы аллегориялық сипатты нұсқап көрсетіп тұрғандай.

22) Көркем әдебиет табиғаты. Бейне және бейнелілік.Әдебиет туралы барлық түсініктердің құйылар арнасы,ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ- өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тәнерекше тәсілн сипаттайтын эстетикалық категория.Сонымен қатар, көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да , көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз.Негізінде образдың ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дәстүрі қалыптасқан.Соған сәйкес, образдың объективті-танымды сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады. Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан,ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды.Образ- шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ шындығын жинақтай отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды, бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі.Образ-нақты ұғым.қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденеге бөлшектемей,керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады.Прототип пен әдеби қаһарман бір ұғым емес.»Абай жолындағы» Құнанбайды тарихтан белгілі Құнанбайдың таза көшірмесі деуге болмайды.Өйткені, әдеби бейнеде қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады. Адам образын жасап ашуда сыртқы бейнесін жасау ( портрет), мінездеу ( тура,жанама) де қызмет етеді. Мінез-адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады.Образдың түрлерін белгілеуде бірнеше( әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ.Әдеби тек тарапынан келгенде образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық,сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық,қаһармандық, т.б бейнелер мен бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Романтикалық образ- әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері, баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Романт. Об.- өмірде болған немесе бар адамнан гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Реалистік образ-әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды. Мысал ретінде Т.Ахановтың «Боран» романындағы Қоспан образын алуға болады. Эпикалық образ-кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тқтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Құнанбай мен Қарақатын . Лирикалық образ- сыншыл, өлең жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

Атың Сана, көзің қара гөзал қыз,

Жыр жаздырдың жүрегімнен амалсыз

Мен кетермін альбом ашып қарарсыз

Ақын қазақ ағаңды еске аларсыз.Осы Қ.Аманжоловтың өлеңінде әзербайжан қызының образы бар. Драмалық образ- эпикалық не лирикалық образдар секіліді қағаз бетінде емес, тура өмірдің аясында-сахнада көзбе-көз жасалатын көркем бейне.Антеголла мен Отелло, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле бәрі-бәрі драмалық образдар.Юморлық образ- күлкілі кейіпкер, юмор- өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың қмірдегі сәулесі. Қожанасырдан Мырқымбайға дейінгі талай тамаша образдар табуға болады. Қазақ драматургиясындағы ерекше юморлық образдардың бірі- Ғ.Мүсіреповтің Қоңқайы.

23) Қазақ өлеңдеріндегі ұйқасӨлеңді өлең ететін ырғақпен қатар ұйқас екені белгілі, ал ұйқас яки рифма- клаузуладағы,кейде тіпті цензурадағы дыбыс қайталаулар, дәлірек айтқанда,өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі,өзара ұйқас,дыбыстас естілуі.Ұйқас- өлеңнің сыртқы түріне ғана емес,ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнің сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы,қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе. Ұйқас өлеңді шығармадағы ең салмақты,басты һәм маңызды сөздерді ерекше бөліп көрсету үшін,оған өзгеше мағына дарыту,мән беру үшін де керек.В.Маяковский, мәселен, ең кенеулі сөзін өлең тармағының аяғына қойып, соған қайткен күнде де қажетті ұйқас іздеп табады екен. «Ұйқас сөзді әдепкі тармаққа қайтарып әкеледі,-дейді ол,-оны қайтадан ойлатады,бір ойды бірлесе безендіріп жатқан барлық тармақты бір жерге тұтастырып тұрады».Ұйқасты тек цензурадан іздеуге академик В.Жирмунский қарсы: « Ұйқас деген ұғымға-дейді ол,-өлеңнің композициясын қиыстыруға қатысы бар кез келген дыбыс қайталау кіруге тиіс.Бірақ бұған қарап ассонанс пен аллитерацияны да ұйқас дей беруге болмайды. Ұйқас дейді профессор З.Ахметов,- ассонанс,аллитерация секілді жеке дыбыстардың жай қайталануы емес, кейде бір, көбіне бірнеше буындардың үндес үйлесімі.Ұйқас-өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі керек. «Қазақ поэзиясындаұйқастардың түрі көп,-деп жазады академик Қ.Жұмалиев,- бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары мыналар: 1) қара өлең ұйқасы;(ааба) 2) шұбыртпалы ұйқас;(аааа)

Құланнан атты қодықты,

Көлден тартты борықты

Арада неше қоныпты

Жетемін деп зорықты.. ( қыз жібек шұбыртпалы ұйқ.мысал)

3) ерікті ұйқас;(абвгб)

Бұлттан шыққан айға ұқсап,

Тұр еді Назым ұрланып

Атлас көйлек үстінде

Көк арбаға сүйеніп

Шыбықтай белі бұралып.

4) кезекті ұйқас.

5) шалыс ұйқас; ;(абаб) «желсіз түнде жарық-ай» мысал болады

6) егіз ұйқас;(аабб) 7) аралас ұйқас; 8) осы күнгі ерікті ұйқастар; Аралас ұйқастың бір ғана Абай туғызып,қалыптастырған түрінің өзі оннан асады.Ұйқас түрлері-шартты нәрселер.Айталық,еркін ұйқас.Мұның қазіргі қазақ ақындарының творчестволық іздену нәтижесінде туған түрлері тіпті көп. Мысалы орыс поэзиясында әйгілі «Онегин шумағы», ол өзіндік ұйқасы бар.Соның Қ.Шаңғытбаев аударған бір шумағынан мысал:

Қайдасың, сол көп періштем? а

Жете ме менің мұң-зарым. Б

Қыздардан талай көріскен а

Айтсайшы,кім жоқ кім барын б

Күңіренген күміс күйлерін в

Бұралған орыс билерін В

Күн бар ма көрер ,дариға-ай г

Немесе таныс табылмай г

Отырар ма екем қамығып д

Жастарға кейін ер жеткен ж

Томарса қарап лорнеттен ж

Отырар ма екем жалығып д

Қыздырмай сауық-сайраны з

Оралып ойлар қайдағы? ЗОсы он төрт тармақтан құралған өлеңнің ұйқасы әр қалай:бәрі бар.Асылы,Б.Томашевский біліп айтса керек, өлең туралы ойлардың көбі даулы, сондықтан бәрі қызық.

24) Көркем туындыдағы тартыс.Тартыс ( латынша conflictus- қақтығыс, айқас; кейде сolisio- ала ауыздық, талас) – өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы,идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. Өнердегі тартыс- ойдан шығарылған не қолдан жасалған әлдене емес, ақиқат шындықтағы ала ауыз әлеуметтік күштердің айқасы, «драмаға толы, ұлы һәм күлкілі қайшылықтарға толы өмірдің өз арпалысы- деп анықтама береді М.Горький.Тартыстың тууы туралы түрліше топшылаулар бар, сонау Гегельден бастау алады. Біреулер, мысалы, тартыс бірден бола қалмайды,ала ауыздықтан басталады дейді. Ал Гегель болса, бәрінен бұрын әдеттегі әр түрлі жағдай суреттеліп, келе-келе ол шытынауға тиіс дейді те, соның салдары тұлданған тайталастарға апаратын ала ауыздыққы көшуі керек »-дейді. Мысалы, «Тынық Дон» ә дегеннен Григорий мен Аксиня арасындағы ашыналық себеп болған алыс-жұлыстан емес, әншейін өзен көркінен, хутор көріністерінен, балық аулаудан басталса, « Абай» бірден Құнанбай қоздатқан қырсық пен қырқысудан емес, дала келбетінен, туған жер тынысынан,шыбынсыз жайлау жазынан басталады. Шығармада таптық сипаттағы ірі тартыс, дүниедегі екі ұдай көзқарастың ,ескі мен жаңаның тартысы.Көркем туындыдағы конфилкт қазірде “конфликт”, “коллизия”, “ситуация” сияқты терминдермен белгілі дәрежеде байланыстылығымен танылады.Конфликт-тартыс,колизия-ала ауыздық. Конфликт және коллизия бір-біріне тым жақын аталуымен қатар, ең басты екі тенденция ретінде де айқын аңғарылады. Олар – бұлардың толық бір-бірімен үндестігі және толық қарама-қарсы қойылатындығы. Бұл жерде маңызды еңбек қатарындағы “Әдебиет теориясы: Тарихи негіздегі маңызды мәселелер” кітабындағы айтылған пікірді ескермей кетуге болмайды. Конфликт мен коллизияның байланыс негіздері былайша көрсетіледі: Бұл екі термин бір-бірін ауыстыра алады, олардың біріншісі “сәл тарлау мәнге ие” және “эстетикалық көзқарас тұрғысынан нақтылық жағы кемшін”. Нағыз “кең” түрдегі және спецификалық-эстетикалық көзқарасты анық танытатын термин “коллизия”.“Эстетикалық” өлшем тұрғысынан “коллизия”, “конфликт” терминдері “коллизияның” пайдасына қызмет ететіндей көрінеді. Бұл концепцияны алғаш айтушылардың қатарындағы А.Бочарев конфликтіні нысанаға алынған өмірлік материалдар ауқымында мүмкіндігі аз деуге болады дейтін тұжырымға келеді. Әңгіме мынада: коллизия “өмірлік ситуация” үшін нақты әрі бір қырлы мәнге ие. Бұл жерде А.Бочаров В.Кожиновтың дәлелдеу тәсілдерін қайталайды: “Коллизия” терминін “өмірлік ситуациямен” ауыстыруды ұсына отырып, жаңа мәселелерді көтереді. Егер “коллизия” туындыдағы өмірлік ситуацияны бейнелесе, мұндай жағдайда ситуацияның өзі эстетикалық тұрғыдағы көркемдік ойлау болып табылады.

Қазіргі ғылымда да бұл екі терминді ұқсастыра қарастыру басым, ішінара олардың өзіндік мазмұнын түсіндіруге талпыныс жасау да аз емес. “Коллизия” концепциясы әдебиет кеңістігі, ал “конфликт” өмір кеңістігі. Бұл пікір А.Зисьтің “Өнер және эстетика” кітабында айтылады. Және де олардың қарама-қайшылық сипаттары бар, яғни “коллизия” – шындықтың көрінісі, “конфликт” – көркем туындының компоненті деген пікір А.Карагановтың “Характер және жағдай” кітабында келтіріледі.

М.Суркин анықтаудың мына жолын ұстанады: Коллизия - әсерлі драматизмнің көрінісі, ал, конфликт “үстем драматизм”, “коллизияның шешімі”. С.Владимировтің пайымдауынша, “конфликт” - коллизия дамуының ұштала түскен дәрежесі.“Конфликт” тартыстың ең жоғарғы шегінде туындайды. Ол сол тартысқа байланысты болады және оны ситуациядан дамып шығатын айқын коллизияға дайындайды. (Туындыдағы коллизияның алғы шарт ретіндегі қызметін бұл жерде тағы айта кеткен жөн).“Конфликт – адамдардың көзқарасы мен сезімдерінің, мақсаты мен қызығушылықтарының ширыққан қақтығысы”. Бұл тәрізді ұқсас терминологиялық күрделі пайымдардың ғылыми талапқа толық сай келуі екіталай.

 

25. Көркем шығарма құрылысы. Мәтін мен шығарма

Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы. Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты. Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты; Композицияны түрлері:

Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).

Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.

Уақиғаның шарықтау шегі.

Уақиғның аяқталуы (шешімі).

Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Мәтінді қазіргі семиотика мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В.Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады:

1) Мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (құрылымдық поэтика тезисі)

2) Мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады (мотивті талдау тезисі)

3) Мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау)

4) Мәтіннің әрбір жекелеген және үстірт көрінісінің астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т.Юнгтің аналитикалық психологиясы)

5) Мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы)

6) Бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін дүние семантикасы)

7) Мәтін – қатып,семіп қалған дүние емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).

Мәтін мен шығарма ұғымдары синоним емес. Мәтін – образдарды материалды тұрғыда ұсынушы, ол қашан оқылғанда ғана шығармаға айналады. Шығарма өзін көркемдік тұтастықта танытады. Яғни оның өзіндік шекаралары бар.

Көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шы-ғарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді.

26. Ш.Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» (талдау).

Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қосты. Ш. Ш. Уәлихановтың, халықтардың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б. Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен. 1. Жыр - жырдың мағынасы сазды шығарма. Жырламақ етістігінің мағынасы әуендетіп айту. Барлық дала жырлары қобыздың сүйемелдеуімен әуендетіп айтылады. Әдетте, жырдың арқауы өмір немесе ертедегі белгілі бір батырдың ерліктері болып табылады. Айта кететін жай, батырдың өмірі, ерлігі, бір сөзбен, баяндау қара сөзбен, проза тілімен айтылады, ал жыр жолдары тек басты кейіпкер немесе кейіпкерлер сөйлеген кезде қолданылады; 2. Жоқтау - қайтыс болған адамға арнау. Оны әдетте әйел адамдар шығарады және көбінесе жанынан шығарылады. Өлшемі жырдағы сияқты. Белгілі жоқтаулардың ішінде ең атақтысы және қайғылысы - Орта жүзде ханша Айғаным Уәлиеваның51833 жылы шешектен қайтыс болған ұлын жоқтауы және 14 жастағы, кейіннен суырып салмалығымен6 атағы шыққан әйелдің күйеуінің асында шығарған жоқтауы; 3. Қайым7 - үйлену тойларында айтылатын, сұрақ пен жауаптан құрылған жастар арасындағы өлең. Ол төрт жолдан тұрады, алғашқы екі жолы төртінші жолмен ұйқасады. Бұл өлеңдер әртүрлі жұмбақтар, эпиграммалар, шектен шығып кететін бәдік қалжыңдарды қамтиды; 4. Қара өлең8 - қарапайым өлең, төрт шумақтан құралады, шумақ-тардың әрқайсысы жеке тақырыпты сөз етеді. Бұл өлеңдер негізінен ашық дауысқа арналған. Көп жағдайда шумақтардың мағынасы болмайды; 5. Өлең. Бұл форманы қазір барлық жаңа ақындар табан асты тауып айту үшін де терме-жыр үшін де қолданады. Көбіне қарауыл руынан, атеке-жібірден шыққан әнші Орынбай10 және үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатын, атығай, жаңа-қырғыз соқыр жырау Шөже11 жырларында көптеп кездеседі. Бұл өлеңдердің арқауы көбінесе діни қисса. Қазір олар Сейітбаттал12 қожаның*4 ерліктері, Жүсіп пен Зылиханың махаббаты, Ибрагимнің өмірін жырлайды. Олардың бәрі идеясының фанатизмі, баяндаудың солғындығынан тез жалықтырып жібереді.

27. Лирикалық шығармадағы тартыс.

Лирикалық шығармаларда өмір шындығы, әлеуметтік құбылыстар бар. Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі,сезімі суреттелетіні белгілі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ол өз жайын, өз басының мұңын, арманын, қуаныш-сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек мақсаттарын көрсетеді. Сюжет бұл шығармадағы тартысты нақты iске асыратын, қаhармандардың қарым-қатынасы мен оқиғалар жүйесi іспетті. Көркем әдебиеттің шағын сюжетіндегі өмір тартыстары мен олардың өзiндiк көрініс алуы. Тартыс – шығарманың негiзгi қозғаушы күші. Тартыс және коллизия, перипетия.

28. Мәтін түсініктемесі. Руднев тұжырымдары. Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы)

29. Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу» талдау.Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу» деген еңбегін ерекше атауға болады. Басқа өнер түрлеріне тоқтала келе әдебиетші «Поэзия адамның еркін тілімен берілетіндіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан да өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар. Ол әр өнердегі жеке – жеке тәсілдердің бәрін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты дейді. Поэзияны Белинский эпикалық, лирикалық, драмалық поэзия » деп үшке бөледі.

30. Н.Г.Чернышевский «Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы». Өнер атаулының ішіндегі ерекше тұратын өз бойына өнердің барлық теориялық мәселелерін жинақтаған поэзияға келейік.Басқа өнер түрлеріне қарағанда поэзияның биік тұратынына дау жоқ, өйткені өзге өнер түрлері поэзияның айтарын бізге жеткізе алмайды. Бірақ, бұл көзқарас біз назарымызды поэзияны туындатқан жеке әсердің ықпалына аударған кезде мүлде өзгеруі мүмкін. Екінші жағынан, өнердің өзге түрлеріне де қатынас өзгеруі мүмкін.Өнердің поэзиядан өзге барлық түрлері тікелей сезімге әсер етсе, поэзияға қиялға /фантазияға/ әсер етеді. Кей адамдардың қиялы /фантазиясы/ әсершіл әрі ширақ. Кәдімгі ақыл-ойы жеткі адамдарда қиял, сезімдік тұрғыдан қарағанда әлсіз әрі көмескі. Осы қырынан алып қарағанда поэзияның субьективті әсері өнер атаулыдан және шындықтан біршама алшақ жатыр.

31. Әдебиет теориясы пәні. Зерттеу нысандары.Әдебиет теориясы - әдебиеттанудың бір бөлігі. Оның мақсаты қоғамдық сананың бір көрінісі ретіндегі көркем шығармашылықтың табиғатын ашу, оның болмысты бейнелеудегі, адамның идеялық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін айқындау. Әдебиет теориясы алдымен әдіснамалық ғылым. Ол көркемдік ойлаудың тарихи тұрғыда қалыптасқан түрлерін (романтикалық, реалистік), олардың ішінде орныққан әр түрлі көркемдік әдіс-бағыттарды, тәсілдерді зерттейді. Осы өзіне байланысты негізгі мәселелерді зерттеуде әдебиет теориясы эстетикамен үндеседі. Мұнымен қоса, әдебиет теориясының өзіне тән ерекше міндеті де бар. Ол сөз өнерін, оның тегі мен түрлерін, мазмұн мен пішіннің бірлігін, сюжет пен композицияны да зерттейді. Әдебиет теориясы әр түрлі бағыттағы қаламгерлердің ортақ ұстанымдарын, әдеби шығармалардың жанрларын, тарихи даму кезеңдерін, белгілі бір эстетикалық жүйеде қарастырады. Әдебиет теориясы өз алдына дербес ғылым ретінде XYIII ғасырда дамыды. Оған дейін тек әр түрлі ғалымдар мен жазушылардың ежелгі (антикалық) дәуірден басталған, мәселен, Платонның, Аристотельдің, Горацийдің еңбектерінде жекелеген мәселелер қозғалып отырды. Әдеби туындылар көркем форманың басқа бөліктері арқылы бағаланды. Сол кезеңдегі поэтикалық жетекшілікте көрінген эстетикалық талаптың нормативтік сипаты болды. Оның теоретиктері сендіру мен талғам эстетикалық теорияның соңғы сөзі болды.

41. Арнау түрлері (мысалдармен талдау)

Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.

1. Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық). Бұл жанрды көшпелі елдің тұрмыстық-рухани қажеттілігі тудырған. Жиын-тойларда, аста, т.б. халық көп жиналған жерде біреудің ұрланған малын, қолды болған басқа да дүниесін, немесе жоғалған адамын, т.б. жоғын іздеп, жар салушы жария етіп айтады. Көбіне өлеңмен мәлімделеді. Жарлай арнау белгілі бір қуанышқа, т.б. жұрт көңілін бұру үшін де айтылған. Мәселен соның бірі - баланы сүндеттеу. Асқа, тойға шақыру да, бәйгеге кандай заттар тігілетінін, тойдың немесе астың салтанаты қай жерде қалай, қандай тәртіппен өтетінін де өлеңмен жар салып айтады. Малын немесе басқа дүниесін сатқысы келгендер де жарлай арнау арқылы ұсынатын затының қадір-қасиетін жиналғандарға мәлімдеп, келушілердің көзіне түсуге тырысқан. Сондықтан қазақ пен қырғыз арасында жар салуға, жар айтуға әрі ақындығы күшті, әрі даусы ашық, жарқын адамдарды, арқалы ақындарды шақыратын әдет қалыптасқан. Әйгілі Жамбылдың &


Читайте також:

  1. Аристотель
  2. Аристотель розглядав дві форми грошей — гроші як простий засіб обігу товарів і як засіб обігу грошового капіталу.




Переглядів: 7998

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Сацыяльна-эканамічнае развіццё РБ у 1990-2000-я гг. | Кіріспе

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.043 сек.