Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Кіріспе

 

Жоғарғы білім беретін университетімізде оқу-тәрбие жұмысын және білім мазмұнын жақсарту маңызы өте зор. Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында информатика пәні негізгі сабақтардың бірі болып саналады. Себебі студенттердің өз бетінше зертханалық жұмыстарды орындап, білімдерін тереңдетіп, болашақта жұмыс дәрежесінде еркін пайдалана алатындай, қызығушылық тудырып, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.

Информатика пәнінің оқыту процестері, жүйесі, оқыту түрлері, әдістері, ұйымдастыру формалары ерекше.

Қазіргі ақпараттандыру жағдайында Қазақстан Республикасындағы басты міндеттердің бірі – жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жастарға терең білім беру ісін әрі дамыту және жетілдіру болып саналады.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқауда «Информатика» пәнінің тақырыптары бойынша қысқаша теориялық ақпараттар мен студенттің тақырыптарды меңгеруіне арналған бақылау сұрақтары және компьютерде орындауға арналған жеке тапсырмалар қамтылған.

Бұл әдістемелік нұсқау студенттердің дәрістен алған білімдері мен зертханалық жұмыстарды орындауда алған білімдерін тереңдету, нығайту және пысықтау үшін, сондай-ақ пәнді меңгертуді тиімді ету үшін арналған.


1. Ақпарат және информатика

Ақпарат (информация) – бұл бізді қоршаған өмір шындығында құбылыстар мен обьектілердің өзгешелігін санамызға сіңіретін сигналдардың жиынтығы.

Информатика – информацияның өзгешелігімен құрылымын, сондай-ақ адам қызметінің әр қилы салаларында оны-алумен, сақтаумен, іздеумен, берумен, қайта өңдеумен, таратумен және пайдаланумен байланысты мәселелердің зерттелетін ғылыми саласы. Бұл информа- тика пәнінің тек бір ғана анықтамасы емес. Информатика туралы анық- тамалар көп, өйткені информатика жаңа білімдерді игеру мақсатында есептеу техникасының көмегімен жиналған білім беруді сипаттау көрсету, біріктіру, қалыптастыру және қолдану туралы ғылым.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Ақпарат дегеніміз не?

2. Ақпараттың өлшем бірліктері

3. Информатика пәні нені зерттейді?

4. Информатика және информация сөздерінің шығуы

5. Ақпараттық технология дегеніміз не?

6. Ақпараттың шығу тарихы

7. Ақпаратты жеткізу және жинау тәсілдері

8. Ақпараттың түрлері

9. Бит дегенеміз не?

10. Ақпаратты түрлендіру

11. Ақпаратты кодтау

12. Ақпараттың дәлдігі дегеніміз не?

13. Ақпаратты қабылдау түрлері

14. Ақпараттың анықтылығы дегеніміз не?

15. Информатика термині

16. Ақпаратты түрлендіру

17. Ақпараттың толықтығы дегеніміз не?

18. Ақпараттың қажеттілігі дегеніміз не?

19. Бұрынғы заманғы ақпараттың таралу түрлері

20. Қазіргі заманғы ақпараттың таралу түрлері

21. Байт дегеніміз не?

22. Информатиканың қарастыратын мәселелері

23. 1 байт, 1 Кбайт , 1 Мбайт, 1Гбайт, 1Тбайт нешеге тең?

24. Ақпаратқа мысалдар келтіріңіз

25. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

26. Ақпараттың түрлері

27. Бит (bit…) терминін талқылаңыз

28. Ақпараттың қасиеттерін атаңыз

29. Ақпараттың құрылымы.

30. Ақпараттың формасы

 

2. ЭЕМ-нің даму тарихы

Адам баласы есептеу үшін саусақтарын қолданудан бастап көптеген есептеу әдістерімен қатар көмекші құралдарды қолдануды талап еткен. Сондықтан да көптеген есептегіш құралдарын ойлап тапты. Шотландия математигі Джон Непер көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту амалын орындайтын есептеу құралын ойлап тапқан. Осы құрал “Непер таяқшасы” деп аталады. Сонымен қатар есептеу машинасын жасау идеясы кезінде атақты неміс ғалымы Г. В. Лейбницті қатты толғандырады. Ол 1670 жылы арифметикалық құралдың алғашқы эскизін жасады. Лейбництің арифметикалық машинасы арифметикалық төрт амалды орындайтын дүние жүзіндегі бірінші болып саналады. 1874 жылы орыс инженері В. Т. Однер арифмометр ойлап тапқан. Академик П. Л. Чебышев 1878 жылы сандарды автоматты түрде қосуға арналған “қосушы” машина ойлап құрастырды.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

2. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі(немесе элементтік базасы)?

3. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

4. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?

5. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

6. ЭЕМ неше буыннан тұрады?

7. Дербес компьютер дегеніміз не?

8. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

9. Мини компьютерлер дегеніміз не?

10. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?

11. Интегралдық схема дегеніміз не?

12. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

13. Үлкен итегралдық схемалар дегеніміз не?

14. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

15. Аса үлкен интегралдық схемалар дегеніміз не?

16. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?

17. Мобильді электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ) дегеніміз не?

18. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

19. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

20. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?

21. Ең алғашқы компьютердің шығу тарихы?

22. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері

23. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?

24. Жасанды интеллект, роботтық техника жайлы айтыңыз

25. Терминал дегеніміз не?

 

 

3. Санау жүйелері

Ондық санау жүйесі.Ондық санау жүйесінде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады -0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Ондық жүйе позициялы болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдың мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.

Санның цифрына бөлінетін позицияны разряддеп атайды.

Мысалы, 524 санын қосынды түрінде жазсақ:

5*102+2*101+4*100

Бұл жазбадағы 10 саны – санау жүйесінің негізі. Санның әрбір цифры үшін, 10 негізі цифрдың сандағы орнына байланысты дәрежеленеді де, осы санға көбейтіледі.

Егер ондық сан бөлшек болса, онда бөлшек бөліктің әрбір цифры үшін негіздің дәреже көрсеткіші теріс және бөлшек бөліктің үлкен цифры үшін -1-ге, бөлшек бөліктің келесі цифры үшін -2-ге тең және т.с. болады. Мысалы келесі ондық сандар мынадай қосындымен көрсетіледі:

384,9506=3*102+8*101+4*100+9*10-1+5*10-2+0*10-3+6*10-4.

Екілік санау жүйесі. Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.

Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) тұрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі.

Мысалы, 111012=1*24+1*23+1*22+0*21+1*20=16+8+4+1=2910

Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін сол санды екіге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да, осылайша бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп отырған екілік санның таңбаларын құрайды.

Мысалы,

     
   
 
 
   
       

Нәтижесі - 111012 деген екілік сан болып шығады.

Сегіздік санау жүйесі.Сегіздік санау жүйесінде, яғни негізі «8» санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен көрсетіледі:0,1,2,3,4,5,6,7. Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру олардың әрбір разрядын тұрған орнына байланысты сегіздің дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мыс: 848=8*81+4*80=64+4=6810.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін сол санды сегізге бөлеміз, осылайша бөлінді сегізге тең болғанша біртіндеп бөле береміз.

Оналтылық санау жүйесі.Екілік сандарды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады. Бұл жүйені оналтылық деп атайды. Оналтылық позициялы санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін 10,11,12,13,14,15 ондық сандарының мәніне сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Оналтылық сан, мысалы, мына түрде 5АB болуы мүмкін. Бұл санды негізі 16 екенін ескеріп, қосынды түрінде жазсақ:

5АB16=5*162+10*161+11*160=1280+160+11=145110

Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.Екілік санды сегіздік немесе оналтылық санға түрлендіру процесі өте қара-пайым. Сегіздік санның кез келген цифрын жазу үшін үш екілік цифр(триада) қажет. Сондықтан түрлендіретін екілік санды оңнан солға қарай үш-үштен екілік цифрлар тобына бөледі, мұнда ең сол жақтағы топта екілік цифрлар үштен кем болуы мүмкін. Мысалы, 011 екілік цифры сегіздік санау жүйесінде үш цифры болып табылады. Сонан кейін екілік цифрлардың әрбір тобын кестеде көрсетілген сегіздік цифр түрінде жазады.

 

 

Екілік жүйе Сегіздік жүйе

 

Мысалы, үш екілік цифрдан тұратын топтарға бөлінген 1101111011 екілік санын 1 101 111 011 сияқты жазып алып және әрбір топты бір сегіздік цифрмен ауыстырып жазғаннан кейін,1573 сегіздік санын алуға болады.

Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.Екілік санды оналтылық санау жүйесіне жоғарыдағыға ұқсас түрлендіреді: әрбір түрлендіретін екілік сан оңнан солға қарай әрқайсысында төрттен екілік сан бар топтарға (тетрадаларға) бөлінеді, өйткені оналтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет.

Ондық жүйе Екілік жүйе Оналтылық жүйе
A
B
C
D
E
F

Сондықтан алдыңғы мысалда қолданылған 1101111011 екілік санды төрт екілік цифрлардан тұратын топтарға бөлгеннен кейін, 11 0111 1011 сияқты жазып және әр топты оналтылық цифрмен ауыстырғаннан кейін, 37В оналтылық санын алуға болады.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы. Сұрақтарға жауаптар беріңіз және өз нұсқа нөміріңіз бойынша есептерді шығарыңыз.

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Санау жүйесі дегеніміз не?

2. Санау жүйесінің түрлері?

3. Позициялық санау жүйесі дегеніміз не?

4. Позициялық емес (римдік) санау жүйесі дегеніміз не?

5. Буль алгебрасы дегеніміз не?

6. Позициялық санау жүйелерін атаңыз

7. 2-лік санау жүйелерінің сандары?

8. 8-дік санау жүйелерінің сандары?

9. 10-дық санау жүйелерінің сандары?

10. 16-лық санау жүйелерінің сандары?

11. Санау жүйелеріне қолданылатын амалдар?

 

 


 

Нұсқа нөмірі Тапсырма түрлері
2-к санау жүйесін 10-қ санау жүйесіне аударыңыз және керісінше 2-к санау жүйесін 8-к санау жүйесіне аударыңыз және керісінше 2-к санау жүйесін 16-қ санау жүйесіне аударыңыз және керісінше 10-қ санау жүйесін 8-к санау жүйесіне аударыңыз және керісінше 10-қ санау жүйесін 16-қ санау жүйесіне аударыңыз және керісінше
111,001 10,1010
010,101
1011,11
101,111
10,0011
1,100
10,0011
11,1001
111,110
101,010
100,1111 10,1111
1111,101 1010,1
111,001
010,101
10,1010
1011,11 101,111
10,0011 10,0011
1,100
111,110
11,1001
101,010 100,1111
1111,101
10,1111
1010,1

 

4. Операциялық жүйелер

 

Windows жүйесімен жұмыс істеу 1981 жылы MS Dos операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған.

MS Dos ОЖ-ci тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты шешетін, оның үстіне MS Dos ОЖ-ci компьютердің тек 640 кб жедел жадыны ғана пайдалана алатын еді. MS Dos ОЖ-ciнің соңғы нұсқалары қолданбалы программаларға 1 мб-тан артық жедел жадыны қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программа- лармен толықтырылған болатын. Адам мен компьютер арасындағы байланыс қызметтік ұйымдастырушы интерфейс рөлін MS Dos жүйесінде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы MS Dos жүйесімен адам арасындағы сұхбат өте ыңғайсыз атқарылады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келетін. Осы ОЖ-мен негізінен тек маман программалаушылар ғана жұмыс істей алады. Адам мен ОЖ арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бұлар бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға немесе онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізеді.

80-жылдардың ортасында MS Dos-тың мұндай кемшілігінен арылу үшін Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерге арналған көп мақсатты ОЖ-лер даярлау жұмысын қолға алып, солардың бірі Windоws жүйесін ойлап тапты.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

2. Операциялық жүйенің атқаратын қызметі

3. MS Dos операцилық жүйесі қай жылы пайда болған?

4. MS Dos операцилық жүйеде жаңа каталог құру үшін қандай команданы орындаймыз?

5. MS Dos операциялық жүйеде каталогтың атын өзгерту үшін қандай команданы орындаймыз?

6. MS Dos операциялық жүйеде каталогты жою үшін қандай команданы орындаймыз?

7. MS Dos операцилық жүйеде компьютердің версиясын анықтау үшін қандай команданы орындаймыз?

8. MS Dos операциялық жүйеде ағымдағы уақытты өзгерту үшін қандай команданы орындаймыз?

9. MS Dos операциялық жүйеде каталогты сактау үшін қандай команданы орындаймыз?

10. MS Dos операцилық жүйесінен шығу үшін қандай команданы орындаймыз?

11. Windows операциялық жүйесін қандай фирма ойлап тапқан?

12. Windows-та жұмыс столы дегеніміз не?

13. Windows-та терезе дегеніміз не?

14. Бас мәзірдің қызметі не?

15. Жұмыс столында жаңа бума қалай құрамыз?

16. Есептер панелі жұмыс үстелінің қай жерінде орналасқан?

17. Жұмыс үстелінің стандартты бумаларына сипаттама беріңіз

18. Windows-тың стандартты программаларын атаңыз және қайда орналасқан?

19. Бір мезетте неше терезе ашуға болады?

20. Бірнеше терезенің ішінде ағымды терезенің белгісі қандай болады?

21. Файл түсінігі

22. Интерфейс дегеніміз не?

23. Файлға ат меншіктеу ережесін айтыңыз

24. Файл атының шаблоны?

25. Пайдаланушы интерфейісінің түрлері

26. Жарлық қарай құруға болады?

27. Алмасу буферімен жұмыс істеу принциптері

28.Сервистік бағдарламалық жабдықтар

29.Магниттік дискіге қызмет ету бағдарламалары

30.Стандартты бағдарламалардың қызметі?

5. Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы

Программа– магниттік мәлімет тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.

Программалық қамтамасыздандыру – компьютерде белгілі бір үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық программалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы программалардың жиынтығы. Программасыз кез келген аппаратура жай элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. Барлық программалық құралдардың жиынтығы мен олардың қажет ететін, компьютерде қолданылатын деректерін әдетте Software деп жиі атайды.

Бүгінгі таңда программалық қамтамасыз етудің үш тобын бөліп көрсетуге болады:

1. жүйелік программалық жабдықтама;

2. қолданбалы программалық жабдықтама;

3. аспаптық жабдықтама.

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелі программалық жабдықтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

1. операциялық жүйелер;

2. утилиттер;

3. сервистік программалар.

Операциялық жүйелер - компьютердің программалық құрал-дарының ажырамас бөлігі, ол адамға барлық құрылғыларды басқару мүмкіншілігін беріп, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен және қолданбалы программалармен байланыс жасаудан босататын, адам жұмысын жеңілдетуге бағытталған ең негізгі, әрі маңызды программа.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттерболып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустық программаларды, мәліметтерді архивтеу программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы программалық жабдықтама – белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Бағдарлама (программа) анықтамасын айтыңыз

2. Бағдарлама классификациясын (топтары) атаңыз

3. Жүйелік бағдарлама анықтамасы

4. Жүйелік бағдарлама қызметі

5. Операциялық жүйе анықтамасы

6. Операциялық жүйе қызметі

7. Қолданбалы бағдарлама анықтамасы

8. Қолданбалы бағдарлама қызметі

9. Қолданбалы бағдарлама түрлері

10. Жүйелік бағдарлама түрлері

11. Утилиттер дегеніміз не?

12. Драйверлер дегеніміз не?

13. Операциялық қабықша дегеніміз не?

14. Архиваторлар дегеніміз не?

15. Стандартты бағдарламаларды атаңыз

16. Стандартты бағдарламаларды қысқышы сипаттаңыз

17. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар анықтамасы

18. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар қызметі

19. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар түрлері

20. Антивирустық бағдарламалар қызметі

21. Қосымша бағдарламаларды атаңыз

22. Бағдарламалау тілдерін атаңыз

23. Мәтіндік бағдарламалардың қызметі мен түрлері

24. Кестелік процессорлардың түрлері мен қызметі

25. Графикалық бағдарламалар қызметі мен түрлері

26. Деректер қорын басқару жүйелерінің қызметі мен түрлері

27. Мультимедиа дегеніміз не?

28. Аудармашы бағдарламалар қызметі мен түрлері

29. Транслятор, интерпретатор, бірегейлендірілген (интеграцияланған) орта дегеніміз не?

30. Қаржылық баңдарламалардың қызметі мен түрлері

6. Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы

Процессор немесе орталық процессор (CPU) әр компьютердің жүрегі болып табылады. Ол компьютердің түрін, тез арада орындалуын және де нақты командалармен жұмыс істеуін анықтайды. Компьютерге жүйе жіберілгенде, процессор тез арада программамен жұмыс істеуін бастайды. Бірінші орында бұл программалар күнделікті сақталынатын құралдарда (ПЗУ, ROM), алғашқы жүктеу тесттерінде, бағыныңқы программалардың құрылу түрінде, машиналардың конфигурациялық құрылымын және пароль көмегімен жүйені қорғауда және т.б. қолданылады. Операциялық жүйені жүктегеннен кейін процессор оперативті сақталатын құралдардағы (ОЗУ, RAM ) программаларды орындайды.

Шина–бұл ақпарат арқылы хабарлар беретін бағыттауыштар жиынтығы. Процессор компьютердің тез арада орындалатын жабдығы және жүздеген мегагерц жиілігінде жұмыс істейді. IBM PC үшін бұл мағына қазіргі таңда 800 МГц-ті құрайды. Жүйелік тақшада процессордың шинасы мұндай жылдамдықпен жұмыс істей алмайды, бірақ ол да тез орындалады. Қазіргі жүйелік тақталар 50, 60, 66, 68, 75, 83, және 100 МГц тактілік жиілігі бар процессорлы шиналарда қолданылады. Алдағы уақытта 133 МГц жиілігі бар тақшалар пайда болуы мүмкін.

Жүйелік тақшаға қосымша тақша орнату ретінде PCI шинасы қаралды. Сонымен қатар компьютердің конфигурациясын кеңейтеді. Ол процессордың орталық шинасы болғандықтан тез орындалады және 33 МГц тактілік жиілігінде жұмыс атқарады. Бұл шина тақшалар орнатылған тесіктер (разъем) жиынтығымен байланысты. Процессор шинасы мен PCI шинасын байланыстыруда солтүстік көпір немесе жүйелік контроллер деп аталатын чипсет микросхемасы қызмет етеді.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

 

1. Компьютердің ішкі құрылғыларын атаңыз

2. Тұрақты еске сақтау жады (ПЗУ)

3.Оперативтік жад (ОЗУ-RAM)

4. Ендіру, шығару порттары.

5. Кэш- жады

6. BIOS-тың атқаратын қызметі

7. Оперативтік жад көлемдері

8. Ішкі жад анықтамасын беріңіз және қызметі мен түрлерін атаңыз.

9. Аналық тақша дегеніміз не?

10. Аналық тақшада орналасқан негізгі құрылғылар

11. Шина дегеніміз не?

12. Шина түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз

13. Микропроцессор дегеніміз не?

14. Микропроцессор қызметі мен түрлерін атаңыз

15. Қатты диск (винчестер) қызметі

16. Бейнекарта қызметі

17. Дыбыстық карта қызметі

18. Бейнеадаптер түрлерін атаңыз және түрлеріне сипаттама беріңіз

19. Сыртқы жад дегеніміз не?

20. Сыртқы жад түрлеріне сипаттама беріңіз

21. Енгізу құрылғыларын атаңыз

22. Шығару құрылғыларын атаңыз

23. Модем құрылғысының қызметі мен түрлері

24. Принтер құрылғысының қызметі мен түрлері

25. Сканер қызметі

26. Пернетақта қызметі және пернелер түрлері мен қызметі

27. Плоттер, стример, графикалық планшет, т.б. қосымша құрылғылар қызметі

28. Монитор қызметі мен түрлері

29. Қалталы (мини) компьютерлер мен ноутбуктер

30. Басқару құрылғыларының қызметі мен түрлері


Читайте також:

  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. КІРІСПЕ
  4. Кіріспе




Переглядів: 1599

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Аристотель «Поэтикасы» | Компьютерлік вирустар. Архиватор.

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.048 сек.