1. Дәрілік өсімдікті шикізаттағы дәрумендердің сапалы табылу реакциясы.
2. Көбіктену реакциясы дегеніміз не?
Жауаптары:
1) Аскорбин қышқылын итмұрын жемісінен бөліп алу және сапалық реакциялар.5 г өсімдік шикізатын өлшеп алып фарфор келіде майдалап, 50 мл дистилденген су қосамыз, алынған қоспаны 10 минут тұндырып, филтрлейді немесе центрифугирлейді.
- Темір (II) тұзымен реакция.1мл сығындыға 1мл натрий гидрокарбонат ерітіндісін және 1 мл темір (II) cульфатын қосқанда, күлгін түсті темір аскорбинаты түзіледі.
- Күміс нитратымен реакция.Сығындыға күміс ниратын қосқанда тұнба түзіледі.
-
2) Көбіктену реакциясы дегеніміз-құрамында сапонині бар дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сулы бөліндіні 1 минут бойы қарқынды түрде сілкігенде 15 минут бойы жойылмайтын көбік пайда болуды айтамыз. Көбіктік сан-құрамында сапониндері бар ДӨШ тұндырмасын 1минут бойы жойылмайтын көбік беретін минимальды концентрация. Көбіктік санның шамасына қарай зерттеліп отырған шикізатты 3 топтың біреуіне жатқызады: 500-нан жоғары –жоғары көбіктік сан, 2000-5000 –орташа, 2000-нан аз-төмен.