Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Микротехника

Өсімдіктерді тірі күйінде зерттеуге болады, немесе олардан тұрақта немесе уақытша микропрепараттар дайындау арқылы фиксацияланған күйінде зерттеуге болады.

Уақытша микропрепараттар бірнеше сағат, күн немесе апта аралығында жұмыс істеуге жарайды, олар алдын-ала зерттеулер үшін жасалады және объектті қарап, суретін салып болғаннан кейін көбінесе жуылады.

Тұрақты препараттар белгісіз ұзақ уақыт бойы сақталады және өндірісте немесе лабораторияда дайындалады.

Өсімдік материалын және микропрепараттарды дайындаудыңнегізгісатылары материалдарды бекіту (фиксациялау), қималарды және микропрепараттарды дайындау болып табылады. Препараттарды дайындау үшінзерттеу объектісінен басқа құрал-саймандар және көмекші материалдар (сұйықтықтар, реактивтер, бояулар) қажет. Құрал-сайман және көмекші зат ретінде заттық және жабынды шынылар,алмас (лезвие) немесе басқа арнайы құрал (микротом), препаравальді ине, пинцет, қималарды алмастан бөліп алатын қылқалам, әйнектерді сүртетін жұмсақ шүберек, фильтр қағазының бөлшектрі,сұйықтықты тамызатын пипетка немесе шыны таяқша.

Өсімдік материалын бекіту (фиксация) жасушалар мен тіндерді тез арада өлтіру болып табылады.Сол кезде объектінің бастапқы қалпына ұқсас күйі сақталады.Материалды анатомиялық зерттеулер үшін бекітудің мақсаты – объектті консервациялау, оны тығындау немесе жұмсарту, яғни, кесу үшін ыңғайлы күйге келтіру. Бекітудің сапасы көптеген шарттарға байланысты, мысалы, бекітілетін материалдың өлшеміне, жағдайына, сипатына, бекіту температурасына, бекітушінің құрамына байланысты. Бекіту кезінде жіберілген қателіктер жүргізілген зерттеудің нәтижесін толығымен жарамсыз етуі мүмкін. Көбінесе балғын өсімдіктерді бекітеді. Остік мүшелердіұзындығы 2-3 см және одан да кіші фрагменттерге кеседі.

Фиксация үшін бөлме температурасы ең оптимальді болып табылады. Бекітуші сұйықтық (фиксирующая жидкость) материалға барлық жағынан, сонымен қоса астынан да, бірдей әсер етуі керек. Ол үшін ыдыстың түбіне азырақ мақта немесе фильтр қағазын салуға болады. Анатомиялық зерттеулерде бекітушіні (фиксатор) көбінесе 5 көлемде алады.Материалдың қатты тығыздалып немесе шамадан тыс сынғыш, нәзік болып қалуын, мацерациясын болдырмас үшін, материалды бекітіп болған соң жақсылап жуып,бірдей мөлшердегі спирт (80% немесе 70% этил спирті), глицерин және су қоспасында сақтайды.

Этил спиртінде көптеген өсімдік объектілерінбекітуге (фиксация) болады, бірақ 96%-спирт ұлпаларды қатты тығыздап, деформацияға ұшыратады, оларды сынғыш, нәзік етеді, сондықтан 70 % - 80% спиртті қолданамыз. Өсімдіктің қатты, ағаштанған мүшелерін (тамырлар, ағашты өсімдіктердің сабақтары және т.б.) 80% этил спиртінде бекітіп, бірнеше күннен соң глицерин (1/3 бөлігіне дейін) қосады. Сонымен қатар копенгагенді қоспаны (96% этил спиртінің 13,0 мл, 0,5 мл глицерин, 5,0 мл су) немесе бірдей көлемдегі спирт, глицерин,су қоспасын пайдалануға болады.

Жақсы бекіткіш ерітінді ретінде 94 мл 96 % этил спирті мен 6 мл формалиннен тұратын қоспаны қолдануға болады. 100мл 96% этил спиртінен, 7мл формалиннен және 7 мл концентрлі сірке қышқылынан тұратынFAA бекіткіші (фиксатор) кең таралуда.

Қималарды дайындау техникасы.Қималар тірі немесе бекітілген материалдан дайындалады. Цилиндрлі мүшелерді толық зерттеген кезде қиманы үш бағытта жасайды: көлденеңінен, радиальды бойлық және тангентальды бойлық. Жалпақ мүшелерден, мысалы, жапырақтанекі түрлі қима жасауға болады:жазықтыққа перпендикулярлы (көлденең) және жазықтыққа параллельді (жазықтық).

Қолмен кескенде қималарды алмастың көмегімен кеседі. Қиманың қалыңдығы зерттеудің мақсатына байланысты.

 

Қималарды дайындау кезінде атқарылатын жұмыстардың кезегі мынадай:

· 1.Объектті қолмен ыңғайлы етіп қысып ұстау керек;

· 2.Скальпельмен немесе өткір пышақпен объекттің үстіңгі бетін тегістеу керек (қажет бағытқа қарай, яғни, көлденең, тік, т.б.);

· 3.Материал сақтаған сұйықтыққа алмасты батырып алу керек.

· 4. Сол қолда зерттелетін объектті вертикальды жағдайда ұстап тұрып, оң қолдың бағыттаушы және бас бармағының арасында алмасты горизонталді жағдайда ұстап, алмасты өзіңе және оңға қарай бағыттай отырып, бірден жұқа қима жасау керек. Бірнеше қима жасау керек. Қысқа, бірнеше қимыл арқылы (аралау сияқты қимыл) кесудің қажеті жоқ, себебі ондай жағдайда тегіс емес, жыртылған


· қималар шығады. Алмас пен объектті сұйықтыққа жиі батырып отырған жөн.

· Өте жұқа қималарды арнайы құрал – микротом арқылы алуға болады. Бұл техника арқылы қима жасау үшін өсімдік объектісін арнайы дайындау керек.Бұл жайлы ақпарттар арнайы әдебиеттерде берілген (Р.П. Барыкина және т.б.);

· Қималарды алмастан сумен суланған жұмсақ қылқаламның көмегімен немесе препаровальді иненің көмегімен алып, қосынды сұйықтық тамызылған заттық шыныға қою керек;

· Қималарды микроскоптың кіші ұлғайтылуында қарап, ең жақсы шыққандарын таңдау.

· Жұқа, нәзік мүшелерден және қолда ұстау қиын болатын кішкентай объектілерден қималарды жасау әдісі: объекттіаю бадам (бузина) өзегінен, тығыннан, сәбіз тамыр жемісінің бөлшегінен, пенопласттан жасалған жақтауға (оправка) орнатады. Мысалы, аю бадам (бузина) өзегін өткір пышақпен немесе скальпельмен кесіп, объектті салып, екі кескіннің арасына қысады, беткі жағын тегістейді және алмастың көмегімен аю бадам (бузина) өзегі арқылы объектпен бірге қима жасайды. Өсімдік материалының езілуін болдырмас үшін жақтауда (оправка) сәйкес пішінді шұңқыр (углубление) жасау керек.





Переглядів: 1109

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
БИЛЕТ № 24 | Микропрепараттарды дайындау ережелері.

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.015 сек.