Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Лекция №11-12

Лекцияның тақырыбы: Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер

Лекцияның мақсаты: Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателерді көрсетіп, болдырмау жолдарын қарастыру.

Лекция сұрақтары : - Фонетикалық қате дегеніміз қандай қате?

- Лексикалық қате дегеніміз қандай қате?

- Морфологиялық қателер, синтаксистік қателер дегеніміз қандай қателер?.

- Сөз қолданудағы стильдік қателер.

 

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Газет-журналдарда кеткен қателерді жинау.

- Радио, телеарналарда кеткен қателерді жинау

- Тіл мәдениеті және шешендік өнер.

- Тіл мәдениетін дамытудағы көркем әдебиеттің ролі.

- Тіл мәдениеті – қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен байланысы.

Әдебиет: 1. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері.А, 1965.

2. Гвоздев А.Н. Очерки оп стилистике русского языка.М,1965.

3. Кожина М.К. Стилистика русского языка. М,1985.

4. Мырзатаева М.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы қателердің классификациясы туралы. «Қазақстан мектебі», 1973,№5 48-51-беттер.

5. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту методикасы, Шымкент, 1976.

6. Жапбаров А. Оқушылардың тіліндегі лексика-стилистикалық қате және олармен жұмыс. «Қазақстан мектебі», 1975, №11 36-38-беттер.

7. Жарықбаев Қ Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1961, №2,83-84 –беттер.

8. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

Жоспары:

1. Фонетикалық қателер.

2. Лексикалық қателер.

3. Морфологиялық қателер.

4. Синтаксистік қателер.

5. Логикалық қателер.

Бір-бірімен қарым-қатынас барысында адамдардың тілінде көптеген қателерді кездестіруге болады. Тілдерінде икемсіз, орашолақ құрылған сөйлемдер, бір –бірімен байланыспайтын ұғымдар кездеседі.Белгілі бір ұғымды аша алмайтын сөздер пайдаланады. Сондықтан айтылмақшы пікір түсініксіз шығады.Бұл олардың орфоэпиялық, орфографиялық, граматикалық нормаларыды білу қатар стилистикалық талаптарды сақтамайтындығын аңғартады.

Адамдардың ауызша және жазбаша тілдеріндегі стильдік қателерді анықтауда, топтастыру мен жіктеуде қазақ тілінің маман ғылымдары мен әдіскерлері әр түрлі пікірлер айтқан.

Балақаев М. жазбаша және ауызекі сөйлеу мәдениеті жайында күрделі проблемаға байланысты стильдік қателіктерді, атап атқанда, тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін орфографияға, орфоэпияға байланысты стильдік қателердің «сөздерді орынсыз қолдану, дұрыс тіркестермеу, сөйлемдерді мінсіз құрастыра алмау сяқты және сөздегі ала- құлалық, жергілікті жерлер де ғана қолданылатын (диалект, говор) сөздерді жиі қолданудан болады»,- деген сияқты түрлерін атап өтеді. / Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А., 1965,96-108-беттер/

Көптеген тіл мамандары мен ғалымдардың ой –пікірлерін қорытындылай келіп стильдік қателердің мына сияқты түрлері кездесетіндігі байқалады.

1) Фонетикалық қате. Мұндай қателер адамдардың ауызекі сөйлеу барысында көптеп ұшырасады.

а) Сөздегі кейбір дыбысты алмастырып қолдану. Мысалы, бітірді-пітірді, жүз- дүз, ұқсап-құсап т.б.

ә) Сөздегі кейбір дыбыстарды түсіріп қолдану. Мысалы, алыпты- апты, қалыпты-қапты, атағанбыз-атағамыз, көргенбіз- көргеміз т.б.

б) Кейбір екі сөзден тұратын тіркестердегі бірінші сөздің соңындағы дыбыстарды түсіріп, қысқартып, екі сөзді біріктіріп қолдану. Мысалы, барған соң - барғасын, келген соң – келгесін, алып барды - апарды, алып келді - әкелді т.б.

в)Кейбір сөздерге артық дыбыстар қосып қолдану. Мысалы, тағы - тағын, барасыз - барасыңыз т.б.

2. Лексикалық қате.Адамдардың тілінде ең көп кездесетін қателердің бірі-лексикалық қате. Оның мына сияқты түрлері кездеседі.

а) Бір сөзді қайталап қолдана беру. Мысалы, Динара ерте тұрды. Динара дене қимылдарын жасап, беті- қолын жуды. Динара тамақтанып, мектепке кетті.

Мұндай қателерді адам мына себептерден жіберетіндігі байқалады.біріншіден, оның ой-өрісі тар, екіншіден, сөздік қоры тапшы, сол қолданылатын сөздердің синонимімен немесе басқа сөздермен ауыстырып қолдануға дағдыланбаған.

ә) Сөздің беретін мағынасын түсінбегендіктен орынды қолданбайды.Мысалы,МахамбеттіңИсатай мақты жолдасы болды. Бұл сөйлемдегі «мықты» деген сөзді ауыс мағынада қолданғысы келгенмен, бұл сөйлемде ойды тиімді де көркем беруді септігін тигізіп тұрған жоқ..

б) Фразалық тіркестердің мәнін білмей қолдану. Мысалы, Аблайхан жас кезінде Төле бидің қол баласы болды.

Бұл сөйлемде жазушы «қол бала» деген фразалық тіркестің «жәрдемші» мағынасын ескермей, оны «жалшы» деген мағынада қолданған.

в) Кейбір сөздерді қолдануда кісілер сол сөздің экспрессивті-эмоционалды мәні мен стильдік реңін білмейтіндігі байқалды. Мысалы, Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.

Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы мағынасы мен стильдік реңін жете түсінбегендіктен жібереді.

г) Кейде адамдар тілінде жергілікті диалект сөздер қолданады. Мысалы, Ер Төстік сосын жер астына түсіп кетті. Азанда ауқатын ішіп, мектепке кетті.

ғ) Ойға қатыссыз артық немесе даяр «штамп» сөздерді пайдалану. Мысалы: 1. Бала атасымен жолға шықты. 2. Содан соң бала сынған тағаны көрді. 3. Сөйтіп оны алмады.

Кейбір адамдар ауызекі сөздерін де ғана емес, жазба жұмыстарында да басқа тілден енген сөздерді қалай болса солай қолданатындығы байқалады. Әсіресе, орыс тілінен енген сөздердің аудармасы бола тұра, орынсыз, бей-берекет қолдана береді. Мысалы, дежурный болдым, остановкада тұр, светті жақ т.б.

3. Морфологиялық қате. Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі.Адамдардың ауызекі сөздері мен жазба жұмыстарында оның мынадай түрлері кездеседі:

а) Адамдардың тілінде кейде өзінше «сөз жасау» практикасы кездесіп қалады. Мысалы, Мектеп құрылысына балташылар мен сылаушылар, ағаш ұсталары мен ісшілер келді. Бұл сияқты қателер адамның қосымшалардың сөз тудыру, жалғану аясын білмегендігінен болады.

ә) Кейбір септік жалғауларынан мағыналық реңдерін түсінбей ауыстырып қолдана береді. Мысалы: Абай жас кезінде молдаға оқыды.

б) Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау немесе көптік жалғаудың көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданады. Мысалы: Егістіктерде малдар жайылып жүр. Биылғы көктемде жауындар көп болды.

в) Бір түрлі жалғауларды сөйлемде қат-қабат қолдану арқылы сөйлемнің көркемдігіне нұсқан келтіреді. Мысалы, Көктемде, күзде орманның ағаштарының түсі сарғаяды.

г) Сөз таптарының жұрнақтарын сөйлем мен сөйлемді байланыстыру мақсатында немесе негізгі сөздер мен көмекші сөздерді пайдалануда қатар қолданып, ойды түсінуді қиындатады. Мысалы, Төстік жоғалып кеткен ағаларын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шықты. Мұнда етістіктің қосымша түрінің жұрнағын қайталау үсті-үстіне қолдану жай сөйлемдерді тиянақсыз айтайын деген ойын түсінуді қиындатады.

4. Синтаксистік қателер.Бұндай қателерге сөз бен сөздің баланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем түзуінен жіберілген кемшіліктер жатады. Бұл қателердің мына түрлері кездеседі.

а)Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерінен қате жібереді.Мысал:Алыстан ағаш басы қарауытып көрінеді.

ә) Сөйлемдені сөздердің орын тәртібінен қате жібереді, сөздердің әдеттегі орнын ауыстырып қолданудағы стильдік мәні ескермейді. Содан адамдар инверциядан қате жібереді. Мысалы: Ұзақ сапардан арып-ашып келді Ер Төстік.Бұл сөлемде бастауыш (Ер Төстік) өз орнында тұрған жоқ.

б) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің ара жігі ажыратылмай араластырып, бір-бірімен байланыстырмай, айтайын деген ойы шашыраңқы берулі кездеседі.Мысалы: Интернатқа Борштың апасы келіп, анасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап жылап, құшақтады.

в) Сөйлемде екі бастауыш қатар қолдану кездеседі. Мысалы: Ғабит Мүсірепов ол «Қос шалқар» әңгімесін жазды.

5. Логикалық қате. Ойды көркемдеп әдеби тілдің нормасында жеткізуде әр сөз, сөз тіркесін және сөйлемді сұрыптап, оның құрылысына, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіне, сөздің лексикалық мағынасына қарап әсерлі де нақты пайдалану тілімізде жеткіліксіз.

Кей адамдардың ауызекі сөздері мен жазбаша жұмыстарында атайын деген ойын шашыратып, сөйлемдеріндегі ой бір-бірімен байланыспай, тұжырымды пікір айту мен қорытынды жасауда кемшіліктерге жол береді. Бір ой аяқталмай-ақ екінші ойдыбастайды немесе араластырып қолдана бареді. . Логикалық қателерге негізінде мынадай қателер жатады.

а) Сөйлемдегі айтылатын ойдың иесі белгісіз болып қалады.Мысалы: Амангелді сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берді.

Бұл сөйлемдегі Амангелдінің сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берген өзі ме, әлде басқа ме екендігі белгісіз.

ә) Сөлемдегі ой бір-бірімен байланысқа түспей түсініксіз берілуі. Мысалы: 1. Әкесі мен баласының қоштасар сәті келді. 2. Екеуі құшақтасып ұзақ уақыт тұрды. 3.Оның көзінен жас шықпады. Бұл сөйлемде кімнің шықпағаны белгісіз күйде қалған.

Қорыта айтқанда, адамдардың сөйлеуінде осындай қателер кездеседі. Әрбір мәдениетті адам қарым-қатынас үрдісінде осынау қателерге жол бермеуі тиіс.


Читайте також:

  1. КОЛЛЕКЦИЯ ОДЕЖДЫ ДЛЯ ДЕВОЧЕК
  2. Коллекция одежды для мальчиков
  3. ЛЕКЦИЯ 1
  4. Лекция 1
  5. ЛЕКЦИЯ 1
  6. Лекция 1.
  7. Лекция 1.
  8. Лекция 1.
  9. Лекция 1.
  10. Лекция 1. Введение
  11. Лекция 1. Векторная графика. Macromedia Flash MX Инструменты и технологии рисования во Flash
  12. Лекция 1. МАКРОЭКОНОМИКА. НАЦИОНАЛЬНАЯ




Переглядів: 3512

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция №9-10 | Лекция № 8

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.019 сек.