Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Лекция № 8

Лекцияның тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті және фонетикалық норма

Жоспары:

1. Лексикалық норма.

2. Фразеологизм – кісі ойын мәнерлі жеткізу үшін жұмсалатын сөздер тобы.

3. Мақал-мәтелдер.

4. Қанатты сөздер.

 

Әдебиет: 1. Айтбаев Ө. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі. Жинақ. Сөз өнері. А., 1978, 90-98-беттер.

2. Айтбаев Ө., Есенқұлов А. Көркем әдебиетке – көркем тіл. Жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1989, 43-56-беттер.

3. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988, 115-135- беттер.

4. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986, 42-65- беттер.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

6. Серғалиев М. Келісті сөз – көркемдік кепілі. «Жұлдыз», 1975, № 11, 195-200 беттер.

7. Төреқұлов Н. Нақыл сөз – тілдің нәрі. Жинақ: Өрелі өнер, А., 1976, 126-128 беттер.

Лексикалық норма.Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі көркем әдебиетте жиі қолданылып жалпы халықтық нормаға айналады да, бір қатары қолданудан қалып қояды немесе өте сирек пайдаланылады. Ауызекі тілде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы: шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүде сөздері кейбір сөз зергерлерінің туындыларында кездескенімен, бірақ олар әдеби тіл нормасына жатпайды. Олардың орнына қала, және, қораз, өте сөздері әдеби болып табылады.

Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтың қасиеті бар байырғы және өзге тілдерден енген сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің т.б. әр алуан терминдерінен құралады.

Қазақ тіліндегі сөздік қордағы сан алуан сөздердің әдеби тілге жататындары бар, әдеби тілге тән емес, одан тыс, сөйлеу тіліне ғана жататындары бар.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар:

1. Диалектизмдер. Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сиапт алмаған белгілі бір жерде ғана қолданылатын өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді.Мысалы:

Әдеби Диалектизм

салдары зарпы

беймаза бейана

кебек буызді

үкімі бойлай

әрең шаққа

2. Профессионализм.

Бұған белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдардың пайдаланатын сөздері жатады. Мәселен бау-бақша, мақта, күріш шаруашылықтарымен кәсіп ететін оңтүстік аймақтарда сүдігер, көшет, әңгелек, масақ, құлақ, қауашақ, собық, қарық, атыз сияқты сөздер бар.

Кейбір кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы болмаса, оларды әдеби нормаға айналдырып тілдің лексикалық байлығын арттыруға болады.

3. Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер.

Кейбір кісілердің тілінде өздері әбден қалыптасып кеткен «бұралқы» сөздер кездеседі. Мысалы « Ол кеше нені нетіп келді», «Олар, жаңағы, енді, тап тартысы, жаңағы, күшейтті». Міне осындай «нені», «жаңағы», «сосын», «сонан соң», «иә», «яки», «тағы» т.б. сөздерді жиі қолданады. Әрбір адам мұндай қоңырсық, былапыт сөздерден аулақ болуы тиіс.

4. Лексикада бірізділікті көбірек тілейтіндер – терминдер. Термин дегеніміз - өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер. Қазақ тіліне термин сөздер орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілден енеді. Терминология қай салада болса да, тек жаңа ұғымның пайда болуымен бай- ланысты дамып отырады. Терминдер тілде бар байырғы сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғап, жаңа мағынаға ие етіп те пайда болады. Мұндай жаңа атаулар баспасөз бетінде сыналып, мемлекеттік терминология комиссиясының ұйғаруымен әдеби тілдің нормасына айналып отырады.

Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер – лексиканың ең бір айшықты бай саласы. Бұлар өзінің экспрессивтік-эмоциялық әсерлілігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер көркемдік қасиетіне орай көркем шығармада молынан қолданылады.

Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің үлкен белгісі. Халық қазынасы болып табылатын фразеологизмдерді жақсы білетін кісі ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп береді. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келетін студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс.

Сонда фразеологиздер дегеніміз не? Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрлымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық тіркес деп аталады. Мысалы, қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит арқасы қияда, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай, ат үсті қарау, ата мекен, ата жау, су ми, су жүрек т.б. сияқты сөз тіркестері фразеологизмге енеді. Мысалы, Басқарма маған мына бір сөзді мірдің оғындай қадап айтып еді. Салым суға кеткендей жабырқау тартып үйге келсем, жастығымның үстінде Шегеннен келген хат жатыр екен (Ғ.Мұст.).

 

 


Читайте також:

  1. КОЛЛЕКЦИЯ ОДЕЖДЫ ДЛЯ ДЕВОЧЕК
  2. Коллекция одежды для мальчиков
  3. ЛЕКЦИЯ 1
  4. Лекция 1
  5. ЛЕКЦИЯ 1
  6. Лекция 1.
  7. Лекция 1.
  8. Лекция 1.
  9. Лекция 1.
  10. Лекция 1. Введение
  11. Лекция 1. Векторная графика. Macromedia Flash MX Инструменты и технологии рисования во Flash
  12. Лекция 1. МАКРОЭКОНОМИКА. НАЦИОНАЛЬНАЯ




Переглядів: 1168

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция №11-12 | Лекция №9

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.016 сек.