МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах
РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ" ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів
Контакти
Тлумачний словник Авто Автоматизація Архітектура Астрономія Аудит Біологія Будівництво Бухгалтерія Винахідництво Виробництво Військова справа Генетика Географія Геологія Господарство Держава Дім Екологія Економетрика Економіка Електроніка Журналістика та ЗМІ Зв'язок Іноземні мови Інформатика Історія Комп'ютери Креслення Кулінарія Культура Лексикологія Література Логіка Маркетинг Математика Машинобудування Медицина Менеджмент Метали і Зварювання Механіка Мистецтво Музика Населення Освіта Охорона безпеки життя Охорона Праці Педагогіка Політика Право Програмування Промисловість Психологія Радіо Регилия Соціологія Спорт Стандартизація Технології Торгівля Туризм Фізика Фізіологія Філософія Фінанси Хімія Юриспунденкция |
|
|||||||
Лекция №9Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестерінің сөйлеудегі (жазудағы) қолданысы Лексикалық норма, оның шарттары. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестерінің сөйлеудегі қолданысы. Лекцияның мақсаты: Сөйлеуде лексикалық норманы сақтауға үйрету. Лекция сұрақтары: - Лексикалық нормаға жатпайтын сөздерді ата. - Диалектизмдер дегеніміз не? - Кәсіби сөздер дегеніміз не? - Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер дегеніміз не? Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары: - Көркем әдебиетте кездесетін диалект сөздерге шолу жасау, қолданылу ерекшелігіне тоқталу. - Дөрекі, былапыт және жаргон сөздерге мысаодар келтір. - Тіл мәдениетінің орфографиялық және орфоэпиялық нормасы. - Тіл мәдениетінің лексикалық нормасы.
Әдебиет: 1. Айтбаев Ө. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі. Жинақ. Сөз өнері. А., 1978, 90-98-беттер. 2. Айтбаев Ө., Есенқұлов А. Көркем әдебиетке – көркем тіл. Жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1989, 43-56-беттер. 3. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988, 115-135- беттер. 4. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986, 42-65- беттер. 5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004. 6. Серғалиев М. Келісті сөз – көркемдік кепілі. «Жұлдыз», 1975, № 11, 195-200 беттер. 7. Төреқұлов Н. Нақыл сөз – тілдің нәрі. Жинақ: Өрелі өнер, А., 1976, 126-128 беттер. Фразеологизм мен күрделі сөздерді салыстыру. Мысалы, бас тарту. 1. Байсал ақсақалға қой сойып , бас тартты. 2. Бауыржан оларды қоштаудан бас тартты. Жағасын ұстау. 1. Марат келіп Мұқанның жағасынан ұстай алды. 2. Шұбар соны естіп жағасын ұстап келді (М.Әуезов). Қазақ тілінде фразеологиялық тіркестер үшке бөлінеді: идиома, фраза және мақал-мәтелдер. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында оды әсерлі, образды етіп айту үшін жұмсалады. Мысалы, қара қылды қақ жару, қой үстінде боз торғай жұмыртқалау, қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, аузымен орақ ору т.б. бұл идиомалардың білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы сөздердің мағыналарынан келіп шықпады. Мысалы, аузы-мұрны қисаймастан деген идиоманың білдіретін бір бүтін мағынасы (ұялмастан, шімірікпестен) осы тіркестің құрамындағы аузы-мұрны қисаймастан деген сөздердің білдіретін мағыналарына мүлдем сәйкеспейді. Фраза ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында жұмсалады. Мысалы, мидай дала, асқар тау, шалқар көл, ата мекен, ата жау, аталы сөз, су жаңа қыпша бел т.б. осы сияқты тұрақты сөз тіркестер енеді. Идиоманың құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсалуға икемді болса, фразелогиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірен-саран сөзбен ғана тіркеседі. Мысалы, мидай дала, шалқар көл деген сөздер әр түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (жазық дала, кең дала, ұлан-ғайыр дала, терең көл, үлкен көл, кішкене көл т.б.) фразелогиялық байлаулы мағынасында мидай сөзі дала сөзімен, шалқар сөзі көл сөзімен ғана тіркеседі. Тіліміздегі тұрақты тіркестердің бір түрі – мақал-мәтелдер. Олар халық данышпандығының айнасы. Сонау ата заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілдің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге қонымды, ұтымды келеді. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Мысалы, «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!»- десе ата-бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер деміз?! МСақал-мәтел аз сөзді, терең мағыналы, әрі ұтымды болғандықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білу жоғары мәдениеттілікті, ойлылықты байқатады. Өйткені «Сөздің көркі –мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей мақал-мәтел айтылайын деген ойға мазмұндылық дарытады. Мысалы, «Шегірткеден қорыққан егін екпес», «Еңбек түбі – береке», «Еңбексіз егін бітпес, оқусыз білім бітпес» сияқты мақалдар еңбекті ұйымдастыру барысында әңгімеде пайдалану сөз мазмұнын жандандыра түседі. Осындай орынды қолданған мақал-мәтелдер ауызекі сөзді де, жазбаша сөйлеуде де шешендік, көркемдік элементтерінің бірі болғандықтан халықтың тіл байлығын қадір тұтып, тіл өнерін үйренемін деушілер оларды көп біліп, дұрыс пайдалануы қажет. Мақал-мәтел адамды образды ойлатуға үйретеді. Қанатты сөздер. Қанатты сөздерді айтылатын оймен орайластырып дұрыс қолдана білген адамның сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұлай қалатын, дәл, әрі көркем болады. Бұлар бұрын-соңды шешендер мен көркем ақын-жазушылардың аузынан, қаламынан шығып жұртшылыққа тарайды да, олар бүкіл халықтың қасиетіне ие болып жалпылық сипат алады. Мысалы,, «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы», «Соқыр тауыққа бәрі бида», «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды», «ит үреді, керуен көшеді», «Сырдың суы сирағынан келмейді» сияқты қанатты сөздерді о баста қашан? кім? айтқаны белгісіз, сондықтан олар халықтың нақыл сөздері деп айтылады. Бірқатар қанатты-нақыл сөздердің авторы белгілі. Мысалы, «Баяғы жартас бір жартас», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» (Абай), «Достың сыры досына паш» (С.Торайғыров), «Жаңылмайтын – жан, сүрінбейтін тұяқ жоқ» (Ғ.Мүсірепов). Қанатты сөздер – ұшқыр ойдың қанаты. Айтылатын ой-пікірдің көркем бейнелеудің құралы. Оны көп біліп, сөйлеуде, жазуда сөйле алу – үлкен өнер. Қазақ халқының айқын ойлы данышпан ұлдары мен классиктері сөз шығармаларында қанатты-нақыл сөздерді мол пайдаланған. Мысалы, Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан. (Абай) Дүниенің қазіргі кетігі көп, кез келген жерде барып қалана беруге болмайды, бірақ ұлы ақынның қалауы ол емес, халқыңа керекті кетікті толтыр дегенді білдіреді. М.Әуезов «Абай жолы» романында Абайдың болашақтан үлкен үміт күтетін жаңашыл адам екенін көрсету үшін оған мына сөздерді айттырады: - Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей ме? Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас! – деген қазақ неткен дана! Ғ.Мұстафин «Миллионерде» Игіліктің ерте-кеші жоқ, жоспарыңызды қалдырып кетіңіз,-дейді. І.Есенберлиннің «Алтын ордасында». «Бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырма», Сұлу әйел - өмірдің көркі, ақылды әйел – үйдің көркі, опалы әйел – төсектің көркі», «Адамның катесін, білместігін кешуге болады, ал опасыздығын кешуге болмайды», «Жылан шаққан адам ала жіпті аттауға қорқады», «Антын бұзған оңбайды», «Көкті сүюге жаратылған қыран жерде жатып өлгісі келмейді», «Тарихты халық жасайды, бірақ сол тарихтың барысын жылдамдататын, не кібіртіктететін де жеке ұлы адамдар», «Жалғанда құлап қалған дәреженің биігі жаман, жаныңдай жақсы көрген әйелдің күйігі жаман» т.б. Қорыта айтқанда, көркем тілмен бейнелеген кестелі сөздерді жазған (сөйлеген) кезде өз сөзінде пайдалану- тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, ойына о қосып, қиялына қанат бітіреді. Сөйлеуші тіліндегі қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, ұшқыр да ұтымды афоризмдер айтылатын ойдың ажарын ашып, көркемдігін арттырады. Тыңдаушының (оқушының) зейінін өзіне еріксіз аударады. Читайте також:
|
||||||||
|