Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Лекция №21-22

Тақырыбы: Тіл мәдениеті және синтаксис

- Сөлекет тіркестер – сөз ұсқынын қашырады.

- Тіл мәдениетінің грамматикалық нормасы.

Әдебиет:

1.Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.

2.Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.

3.Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.

4.Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.

5.Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.

6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін көркемдеуге болады. Ондайда әдеттегіден өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, Асау Терек долданып, буырқанып... дегенде ұлы Абай асау өзен Терек (өзеннің аты) сөзімен тіркестерін айту ол өзеннің көркем бейнесін көз алдына елестете қояды. Сондай-ақ асау әдетте, асау ат, асау тай, асау бел сияқты сөз тіркестерінде кездесетін болса, көркем әдебиетте асау жел (Иса), асау қиял ( Жамбыл) , асау жүрек ( Абай) , тәтті қылықтарын, есалаң тілек (М. Жұмабаев ) тәрізді тіркестерде де кездеседі. Мұндайды метафоралық тіркес дейміз.

Метафоралық тіркесті де таңдап талғап пайдаланбаса айтылатын ой бейнелі шықпай керісінше құлаққа түрпідей тиуі мүмкін. Мысалы, буаз ешкі деуге болса, буаз бұлт деу қисынға келмейді .

Әңгіме барысында сөйлеушінің, тіпті жазушы- журналистердің сөйлем құрауында әттеген-айлар кездесіп қалады. «Оңтүстік Қазақстан»(1.04.1981) газетінен байқалған тілдегі түйткілдерден мысалдар келтірейік:

1. Сүтті ұлғайтудың үш жолы бар. 2. Малшылардың үстерінде стандартты үй, алдарында жиюлы шөп. 3. Жыл бойына ешқандай шара өткізілмепті. 4. Осы өңірдегі астықшылардың алды.

Осы сөйлемдердегі әдеби тілдің нормасына мүлдем сай келмейтін сөздер бар. Мәселен, сұйық зат ұлғаймайды, көбейеді, молаяды. Олай болса, «сүтті ұлғайту» деп қолдану жауапсыздықтан туған деп білу керек.

Әдетте, қазақ алдындағы малы, басындағы үйі, деп қолданады, «үстінде стандартты үй» деп қолдану олқылық , үстінде үй емес, киім болуы тиіс. «Жиюлы шөп» емес, тіл білетін қазақ үюлі шөп деп атса керек, «шара өткізу» деп әдеби тілде айтылмады, тек «шара қолдану» деп жұмсалады. Қазақ тілінде күні бүгінге дейін «астықшы» деген сөз барын жұрт біле бермейді. Оның «диқан» деген дап-дайын баламасы бар екенін автор білсе керек.

Кейбір газеттерде (Оңтүстік Қазақстан) көптік жалғауын жөн-жосықсыз қолданушылық бар. Мысалы,өзендер суы молая түсті, көздерімізбен жер сүзіп отырмыз, ол кірпіктерін айқастырды, осау қиял алыстарға самғады, мазасыз маусымдар басталды, бетіндегі әжімдерге қарады, жыртықтарын жамай алмай жүр т.б. Міне осылардың барлығы да ана тілінің қалыптасқан құрылымына нұқсан келтіріп, тіл бұзарлыққа жол беру болып табылады. Сөйлеуші немесе жазушы сөздері бір-бірімен тіркестіргенде олардың арасындағы мағыналық жақындықтарына,қолдану ерекшеліктеріне, граматикалық сипатының сәйкестігіне сүйенеміз. Қазіргі тіл тәжірибесінде солғын тіркестер өте көп. Олардың дені орыс тіліндегі сөздерге балама жасаудан, тікелей аударудан пайда болғандар. Мысалы:алтын кітап, дөңгелек стол, ауалық клуб т.б. Ал көргенді шығарма, тиянақты табыс, үрдіс келбат, толғай табыстар сияқты тіркестер тіліміздің көркін келтіріп тұрмағаны белгілі. Бұл сөздерді еріксіз тіркестіргенмен, олардың арасында жатықтық , мағыналық үйлесімдігі жоқ . Бұндай қолданыс синтаксистік нормадан ауытқу болып табылады.

Сөздің де, сөз тіркестің де басын біріктіріп, ойды тиянақты етіп тұратын тұлға – сөйлем. Сөздерді өзара тіркестіріп мүшелік қатынастаайту арқылы сөйлем құралады. Әр сөйлемнің айтылу интонациясы болады, әр сөйлемнің кісінің тиянақты ойын хабарлайды. Сондықтан сөйлемді – адамның ойын білдірудің басты амалы деп танылады.

Қазақ тілінің синтаксистік мүмкіншіліктерін дұрыс пайдаланып, әр түрлі ойға сәйкес етіп алуан түрлі сөйлемдер құрай білу тіл шеберлігін қажет етеді. Адамның басқаға хабарлайтын пікіріміз жеке сөздермен шектелмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақталып тұрады. Сондықтан мінсіз түзілген сөйлемдер арасы өзара дұрыс болуы тиіс. Мысалы: басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасында қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.(С.Бақбергенов)

Міне, осындай өзара ішкі логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерден кісі ой дәлдігін, сөз арқылы салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез сезеді. Ал өзара байланыстары айқын емес сөйлемдер білдірейін деген ой-пікірдің түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Сөйлемдер әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланысқа түспесе, ол ой жұтаңдығын да аңғартады. Мысалы, «Құтты қадам» әңгімеден үзінді. «Шұбатыла шөккен Қаратаудың керуен жолдарын да буылдыр белестің боз мұнар пердесі шымқап, қалың көрпесін қымтана түскен төрткүл төңіректің ұлан ұшынан сұлбалана сағым сызғандай. Қара жонданған күре жол үрдінге жасырынып, күртік қара қос жолаң қалдырған соны сүрлеу бізді де жаяу борасып жүгірген айқара атыраптың тура төріне бастап бара жатты». Еш нәрсе түсінуге болмайды.

Түсініксіз бұлдыр ойлар, бейтаныс жергілікті сөздермен қазақтың қара шаңырағы болған есіл Қаратауды қор қылған. Әрі қарай оқиық: «Еңсесін етектеген ен жайлау төрінде жамырасқан ұсақ шоқылар үстінен төнген бұл заңғар төбе кәдімгі көп таулардан болекше». Ен жайлаудың есігі мен төрі болушы ма еді? «Жамырасқан ұсақ шоқылардың үстінен төнген», «заңғар төбе» болушы ма еді? Әдетте төбе болған соң, ол заңғар болмаса керек еді, сонымен бірге, төбе шоқыдан аласа болатын еді, бұл қалай? – деген ойға түстік.

«Жазба сөз бір өңкей әскер легі де емес, қой-сиыр аралас шұбалған көш те емес, жайнап тұрған бақша да емес, өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те толығырақ бере алатын тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ үшін қиянат» - дейді Ғ.Мүсірепов. Бұл өте орынды пікір. Сондықтан тілді әдеби тіл нормасын сактап пайдалану қоғамның әр азаматынан талап етіледі.

№ 29 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы

Лекцияның мақсаты: Мәтін туралы толық мағлұмат беру.

Лекция сұрақтары: - Мәтін теориясы.

- Мәтіннің зерттелуі.

- Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Аударма тілінің тіл мәдениетіне қатысы.

- Тіл мәдениеті және пуризм.

Әдебиет: 1. Жапбаров А.Тіл дамыту. А,1959

2. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А, 1989

3. Жарықбаев Қ. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1967, № 1

4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. А.,1996ж.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

Жоспары:

1. Мәтін жайында түсінік.

2. Мәтіннің түрлері.

3. Мәтіннің құрылысы.

4. Тұтас мәтін синтаксисін білу – ойды жүйелі жеткізудің негізі.

 

Тіл ғылымында негізігі зерттеу объектісі болған сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологиялық, лексикалық және фонетикалық нысандар тұтас мәтін синтаксисінің құрамына енеді. Яғни, мәтін - бөгде біреудің ойын танудың негізі.

Әрбір адам қарым-қатынас үрдісінде ой-пікір бөгде біреуге жүйелі жеткізуде және сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлем, ал сөйлемдерден мәтін түзейді.

Тіл мәдениеті мәтінді дұрыс құраумен тікелей байланысты. Айтылатын пікір жеке сөздермен, сөйлемдермен берілмейді, тұтас мәтін арқылы жеткізіледі. Міне, сондықтан әрбір мәдениетті адам оның түрлері мен құрылысын, ерекшеліктері мен белгілерін т.б. білуі тиіс.

Мәтіннің өзіндік белгілері, жүйесі, сипаты, формасы, мазмұны, өлшемдері мен құрылысы бар өте күрделі тілдік категория. Оны басқа категориялардан ажыратып тұратын мынадай белгілері бар: тақырыбының болуы, белгілі бір оқиғаны жүйелі баяндауы, нақтылы ой қортындының жасалуы, оның құрамына енетін барлық компоненттердің жалпы бір ортақ идеяға бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы және стильдік бірлікте болуы.

Мәтіннің негізгі категорияларына И.Р.Тальперин хабар (информативность), тұтастық (интеграция), уақыт бірлігі (ретроспекция), модальдың, подтекст категорияларын жатқызады. Ал бұл категориялардың мазмұны, түрлері, берілу жолдары мен формалары түрлі мәтінде әркелкі келеді. Мысалы, хабар көркем мәтінде бір түрлі берілсе, ғылыми мәтінде екінші түрде, ал көркем әдебиетте стиль мәтінінде басқаша түрде беріледі. Мысалы,

Ғылыми стиль

Жауындату – ауыл шаруашылық дақылдарды суарудың бір әдісі. Су арнайы жауындатқан машина арқылы өсімдікке, топырақ бетіне жауындатып бүркеледі. Жердің кәдімгі арық ойыс арқылы суарумен салыстырғанда жауындату топырақпен қатар жер бетіндегі ауа қабатын ылғалдандырып, температураны төмендетеді, өсімдік топырақтарының шаңын жуып, тыныс алуын жақсартады. Жауындатуда ылғал топыраққа біркелкі жайылады.

Көркем әдебиет стилі

Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқып, қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Желден ылғалдың исі аңқиды. Біс сәт өткен кезде тамызықтап, сіркіреп жаңбыр жауа бастады. Жауынның бытырадай салқын тамшылары жолда түйір-түйір тамшыға айналды. Сарышұнақтар үрейлене шиқылдайды. (М. Шолохов)

Мәтіннің үш түрі бар:хабарлау, сипаттау және пікірлеу.

Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақыт пен кеңістікте болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады. Бұл көркем - әдеби жанырына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынынан тұрады. Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкер) іс-әрекеттері, тұрмыс-тіршілігі т.б. келтіріледі. Тағы бір ерекшелігі: онда ең басты оқиғалар мен фактілерге айырықша көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл мәтін түрінде зат есімдер мен етістіктер молынан кездеседі. Хабарлау мәтінінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі. Мәселен кейіпкердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат суреттері сипаттауға жатса, септік негіздері, ой қорытындылары пікірлеуге жатады.

Сипаттау мәтінінде кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, қоршаған ортаға заттар мен құбылыстар суреттеледі, сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады. Мысалы: Күн батарда

Сәуеесі шашыраған қызыл күн қып-қызыл алтын табиғат болып аспан мен жердің арасына қыстырылды. Ол жер дүниеге шашылған алтын нұрын асығып жинай бастады. Қызыл күннің алтын нұрымен айырылыса бастаған жасыл жердің сұлу жүзі құбылып, демде мың түрге түсті. Ойды, қырды, даланы теп-тегіс қаптаған қою жасыл қалың шөп дүниені қаптаған жасыл теңіз тәрізді. Алтын нұрының ақырғы ұшықтарын аспанға шашыратып, тартылған қызыл табақ қыстырылған екі араға ақырын ғана жылжып жоқ болды.

Ойы, қыры, даласы жап-жасыл болып тұтасқан жердің жүзі енді жасыл емес, қара көк тәрізденді. Қара көк теңіз құбылып, бірте-бірте қошқыл тарта бастады. (С.Сейфуллин)

Пікірлеу мәтін деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында дәлелдер, мысалдар, салыстырулар арқылы жаңа ой қорытындыларын жасайтын мәтіннің түрі. Пікір айту – мәтіннің қиын формасы. Өйткені ең алғаш болжам айтылады. Алынған көзқарастың зерттеулер, дәлелдену барысы баяндалады. Соңында ұсынылған болжам тәжірибеде дәлелденеді ме, жоқ па сол туралы о қорытындысын жасайды. Мысалы,

Бақша ағаштары.

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүлдерді көріп жүреді.

- Мынау ағаш неге тіп-тік, ал ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашта қисық бұтақтар болса, кесіп, бағу қағидасымен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - деді атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мән бар екен ғой, - деді баласы.

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де әбірет алсаң іштеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсең, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - дейді.(Ы.Алтынсарин)

Ы.Алтынсариннің бұл әңгімесінде пікірлеу элементтері бар. (Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің кате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем,.. жақсы кісі болып өсерсің.) Ой қорытындысы жасалынған (бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің.)

Мәтінді қай жататынын білу үшін сөйлем мүшелері сияқты оған да сұрақ қоя білу керек. Егер мәтінге қанша? қайда? кім? не істеді? не болды? деген сұрақтарға жауап берсе, онда мәтін хабарлауға жатады. Ал қандай? қалай? қайтіп? сұрақтарына жауап берсе, мәтін сипаттауға жатады, ал кім үшін? не үшін? неліктен? деген сұрақтарға жауап берсе, пікір айту мәтіні болады.

Мәтін көлбеулік (линейный) және көлемдік (объемный) өлшемдер тұрғысынан құралады. Мәтіннің көлбеулік құрылымы – оның логикалық, грамматикалық заңдылықтар тұрғысынан, әңгімелесу немесе хабарлау формасы тұрғысынан құрылды. Мұнда мәтінде баяндалатын сюжеттер мен эпизодтардың белгісі орналасу реті де ескеріледі. Басқаша айтқанда көлбеулік құрылым мәтіннің лексикалық, грамматикалық және композициялық, синтаксистік деңгейлерінде қалыптасуы, ол деңгейлерге өзара байланыстылығы, бір-біріне кірігуі.

Ал мәтіннің көркемдік құрылымы – тіл құралдарын пайдалана отырып оның дара және универсал мағыналарының бейнеленуі, сол мағыналарының қайталанбас өзіндік көрінісі. Мәтіннің универсал мағыналарына кеңістік пен уақыт жатады. Кеңістікті бейнелеу үшін мәтінде белгілі бір мекенді білдіретін не нұсқайтын атауыш сөздер тобы қолданылады. Олар: топонимдер, географиялық терминдер, этнонимдер (тайпа, ру аттары), табиғаттың не үй-жайдың белгілерін бейнелейтін сөздер және кісі есімдері. Сөздікте бұлардың кейбіреулері мекендік мағынаны білдірсе, мәтінде олардың мекендік көрсеткіштерінің аясы кеңейді. Уақыт та материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол мәтіннің негізгі мағынасының бірі болып табылады. Мәтін мазмұнының белгілі бір шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік құралдар көрініс табады. Ең алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады. (жыл, ай, апта, күн т.б. аттарын білдіретін сөздер) Олар уақыттың тура көрсеткіші болса, уақытты жанама түрде мегзейтін көрсеткіштер де болады. Оларға жататындар: тарихи тұлғалардың есімдері, тарихи болмыс, қызмет (хан, сұлтан, болыс, әкім т.б.) адамдардың әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекеме- ұйым, саяси партиялардың т.б. аттары. Мәтінде суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғалар да уақыт көрсеткіштері болып табылады.

Енді мәтіннің құрылымына келсек, ол үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері. Мәтіннің кіріспесінде зат не құбылыс атауы, не оқиға болатын кеңістік пен уақыт сөз болады. Өйткені уақыт пен кеңістік үнемі қозғалыста болып отынатын материяның өмір сүруінің объективтік формасы.

Мәтіннің негізгі бөлшегінде баяндаушы не жазушы, болымды не болымсыз сөйлемдерді пайдалана отырып субъект пен предикаттың қатынасын баяндайды, хабарлайды, суреттейді. Бұл әрекеттің нәтижесінде адам әр түрлі пікірлерді салыстыра, талдай отырып жеке не жалпы ой қорытындысын жасайды.

Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытындысының бірін тұжырымдай келтіреді. Олар индуктивті, дедуктивті және аналогиялық.

Индуктивті ой қорытындысы деп жеке фактілер мен құбылыстарды зерттеп оның нәтижесіне сүйене отырып жалпы заңдылықтар, ережелер жасау жолын айтады.

Дедукция дегеніміз – жалпы заңдылықтары мен қағидалардан жекеге қарай жасалынатын ой қорытындысы.

Ал аналогия дегеніміз- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасауды айтамыз.

Кісі тіл мәдениетін көтергісі келсе, мәтін жайында, атап айтқанда,оның негізгі белгілері, құрылысы, жасалу түрлері, құрамындағы сөйлемдер мен қайырымдардың өзара байланысы т.б. жайында мағлұмат болуы тиіс. Өйткені мәтін сөйлеушінің не жазушының бөгде адамдар


Читайте також:

  1. КОЛЛЕКЦИЯ ОДЕЖДЫ ДЛЯ ДЕВОЧЕК
  2. Коллекция одежды для мальчиков
  3. ЛЕКЦИЯ 1
  4. Лекция 1
  5. ЛЕКЦИЯ 1
  6. Лекция 1.
  7. Лекция 1.
  8. Лекция 1.
  9. Лекция 1.
  10. Лекция 1. Введение
  11. Лекция 1. Векторная графика. Macromedia Flash MX Инструменты и технологии рисования во Flash
  12. Лекция 1. МАКРОЭКОНОМИКА. НАЦИОНАЛЬНАЯ




Переглядів: 1525

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция № 10 | Лекция № 23-24

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.01 сек.