Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Баланс (2) 1.01

Капитал 1000 Шикізат қоры 1000

(1000 дана)

Баланс (3) 31.12

Капитал 1000 Ақша 1200

(800 дана бағасы 1,5$ қорға тең)

 

Есеп. Белгілі бір ай ішінде компания 200л сұйықтық сатып алды:

1.02 – 100литр бағасы $ 1 1 литрге

4.02 – 100литр бағасы $ 2 1 литрге

28.02 100литр босатылды. Өндіріске Х тапсырысын орындауға. Сұйықтық 1литрге $ 4-дан сатылуы мүмкін.

Қорлардың бағалануы және жұмсалған артықтықтың құны әр түрлі әдісті қолданғанда төмендегідей болады:

 

Әдістер Сатудан түскен табыс Сатылған өнімнің өзіндік құны Қордың бағалануы Жалпы табыс $
FIFO 100(100*$1) 200(100*$2)
LIFO 200(100*$2) 100(100*$1)
Орташа өлшенген құн 150(100*$1,5) 150(100*$1,5)

 

Тақырып 7. Еңбек ақы шығындарының есебі

1. Еңбекақы төлеу жүйесінің нысандары.

2. Еңбекақы төлеу шығындарының есебі.

1. Еңбекақы төлеу жүйесінің нысандары.

Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген уақытына қарай төлеу).

Мерзімді еңбекақысы деп – нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбекақының нысаны жай – мерзімділік және сыйақылы – мерзімдік болып бөлінеді.

Мерзімдік еңбекақы = 1 сағатқа төлемақы * істеген жұмыс сағаттарға

Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің айлығын белгіленген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тарифсеткасын пайдаланады. Ол еңбекақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэфиценті белгіленеді.

Тариф сеткасының бірыңғай Тариф коэфиценті

разряды (1 разрядқа қатынасы)

2 1,0

3 1,07

. . 1-10

. . 1,0-1,91

.

8 1,66

. .

11 2,05

12 2,2

. . 11-16

. . 2,05-2,95

15 2,74

. .

. .

17 3,17 17-20

. . 3,17-3,94

. .

. .

21 4,24

 

 

Кесімді еңбекақы төленген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындаған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді:

Кесімді еңбекақы = 1 бірліктің төлем ақысы * бірліктердің санына

Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

1) тікелей кесімді еңбекақы жүйесі;

2) кесімді-сыйлық (қосымша марапаттау, белгіленген көрсеткіштерді орындаған кезде ғана пайдаланылады);

3) кесімді-прогрессивті еңбекақы төлемі (белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады; нормадан асыра дайындалған өнім үшін прогрессивті (үдемелі) бағалар бойынша есептейді);

4) еңбекақы төлемнің аккордтық жүйесі (еңбек төлемін нормалаған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы (расценка) бойынша анықтайды).

Мерзімді еңбекақы жүйесінің артықшылығы оны басқару оңай және түсіну қиын емес. Бұл жүйенің кемшілігі болып өнім өндірісінің көлемінің ұлғаюына мотивацияның болмауы және соның арқасында жұмысшыларды қосымша бақылау қажеттігі пайда болады.

Өндіріс көлемі жұмысшыларға байланысты емес немесе өнімнің сапасы маңызды роль атқаратын өндіріс орындарында сағаттың еңбекақы жүйесі тиімді болып табылады.

Кесімді еңбекақы жүйесінің артықшылықтары болып:

1) өндіріс көлемінің өсуіне байланысты жұмысшылардың еңбекақысының өсуі;

2) өнім бірлігіне байланысты тұрақты үстеме шығыстарын төмендету арқылы табысты көбейту және өткізу көлемін жоғарылатудың арқасында;

3) моральдық климаттық жақсаруы, себебі қосымша еңбегі үшін сыйақы алады;

4) жоғары еңбекақы алу мүмкіндігі туғандықтан мамандандырылған жұмысшыларды кәсіпорынға тартады.

Бұл еңбекақы жүйесінің кемшіліктері:

1) басқару мен түсіну қиындықтары, қымбаттылық;

2) санын жоғарылатудың арқасында өнімнің сапасының төмендеуі (саны бар, сапасы жоқ);

3) өнім көлемін анықтауда жиі және ұзаққа созылатын келіспеушіліктердің пайда болуы.

 

2. Еңбекақы төлеу шығындарының есебі

Тікелей және жанама аңбекақы.

Өндірістің еңбекақы төлеу шығындары сағаттар жиынын қамтиды. Тікелей жұмыс сағаты тек өнім өндіруге ғана кеткен сағат болып табылады.

Жанама жұмыс сағаты - өнім өндіруге кеткен сағат емес, өндірісті ұйымдастыру жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылатын сағаттар.

Көмекші өндіріс жұмысшыларының жанама еңбекақысы өнім бірлігі бойынша немесе операциялар бойынша пропорционалды түрде таратылады (есептеледі), сол әдіспен өнімнің өзіндік құнына және қордың құнына енгізіледі.

Басқа жағдайларда жанама еңбекақы есептік кезең шығындары ретінде есептеледі және пайда болуына қарай табыс пен шығын шотына есептен шығарылады.

Тікелей өндіріс жұмысшыларына және көмекші өндіріс жұмысшыларына төленетін сыйақы жалпы өндірістік шығындар бөлігі ретінде қарастырылады және өндірістік үстеме шығындар шотына жатқызылып, тарату жолымен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.

Басқа да қалған жанама өндіріс жұмысшыларына берілетін сыйақы олардың еңбекақысына есептеледі және сол кезеңге қатысты табыс пен шағын шотына есептеледі.

Демалыс бойынша төленетін шығындар тікелей шығындарға жатқызылып, сағаттық ставкасын көбейту арқылы заказға есептеледі.

Нормадан артық жұмыс істеу уақыты – осы кезеңде бекітілген жұмыс уақытынан артық уақытқа төленеді.

Нормадан артық жұмыс істеу уақытының қажеттілігі 2 жағдайға байланысты болуы мүмкін:

1. Өндіріс процесінде толық өтелген уақытты толықтыру үшін.

2. Басында жоспарланған өнімнің санын көбейту үшін.

Нормадан артық жұмыс істелгені үшін шығындар оның пайда болу себептеріне байланысты әр түрлі есептеледі.

1. Ішкі себептер, нормадан артық жұмыс істегені үшін шығындарды болдырмауға болады, кезең табыстары мен шығындар шотына есептен шығарылады.

2. Сыртқы себептер немесе қажет болған нормадан артық жұмыстардың құны толығымен өндірістік үстеме шығындар құрамына өндірілген бірліктің өзіндік құнына енгізіледі.

Бірақ, егер бұл нормадан артық жұмыс уақыты өндірістік графигінің тығыздығы емес, тапсырыс берушінің сұранысының нәтижесі болып табылса, онда бұл үстеме шығындар тікелей тапсырыс шығындарына есептелінеді.

Жұмыстағы бос уақыты немесе жұмыс уақытында алған тоқтатулар, ол өнімді емес, бірақ төленетін уақыт.

Бос уақытының пайда болуына байланысты есептеу әдісі де ерекшеленеді:

1. Ішкі себептер, тоқтатулар шығындары өнімнің өзіндік құнына енгізілмеуі керек және ол табыстар мен шығындар шотына есептен шығарылады, себебі алып тастауға болатын тоқтатулар жақсылап жоспарланған кезде пайда болатын жағдайларға байланысты болады. (материалдардың жетіспеушілігі, негізгі құралдардың бұзылуы)

2. Егер тоқтатулар жалпы жұмыс жағдайларына немесе кәсіпорынға байланысты емес сыртқы факторларға (күтілмеген сұраныстың төмендеуі, негізгі жабдықтаушылардағы толқулар) байланысты болса, онда бұл тоқтатулар болдырмауға болмайтын және де бақыланбайтын кәсіпорынның ұсталуы болып табылады. Сондықтан да мұндай тоқтатулар үстеме шығындар есебінен өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Кәсіпорында өндірістік жұмысшылардың әр түрлі қызмет түрлеріне кеткен уақытының негізгі ақпарат көзі болып тапсырыс карточкалары, табель, тоқтатулар карточкалары және т.б табылады.

 

Тақырып 10.Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын

калькуляциялау әдiстерi

1. Калькуляцияның жалпы түсiнiгi

2. Қазақстанда қолданылатын шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк

құнын калькуляциялау әдiстерi

3. Халықаралық тәжiрибеде қолданылатын шығындар есебi мен

өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi

 

1. Калькуляциялаудың жалпы түсiнiгi

өнiмнiң өзiндiк құны – өндiрiске және өнiмдi сатуға кеткен ақшалай түрiндегi шығындарды айтамыз.

Калькуляциялау дегенiмiз - өнiмнiң (атқарылған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) өзiндiк құнын есептеу немесе өнiмнiң бiр өлшемiнiң өзiндiк құнын есептеу болып табылады.

Калькуляциялау кезiнде төмендегiлердi дұрыс белгiлеу өте үлкен роль атқарады:

· шығындардың есеп объектiсi;

· калькуляциялаудың объектiсi;

· калькуляциялық бiрлiк.

Шығындардың есеп объектiсi болып сол шығындардың аналитикалық есеп объектiсi болып табылады.

Калькуляциялаудың объектiсi болып кәсiпорында калькуляцияланатын өнiм түрлерi, жұмыстар, қызметтер жатады.

Шығындар есеп объектiсi мен калькуляциялау объектiсi әрқашанда сәйкес келе бермейдi. Мысалға, мал шаруашылығында шығындардың есеп объектiсi болып сүттi табын болып табылады, ал калькуляциялау объектiсi- сол табынның сүтi, төлi, қиы.

Әдетте, калькуляциялық бiрлiк тиiстi өнiмнiң техникалық немесе стандарттық құжаттарда белгiленген өлшем бiрлiгiне сәйкес келуi тиiс. lс-жүзiндегi тәжiрибеде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бiрлiктерiн келесi топқа бiрiктiруге болады:

· натуральды бiрлiктерi – дана, литр, килограмм, тонна, метр және т.б.

· iрiлендiрiлген (иесiздендiрiлген) бiрлiгi- тiгiн бұйымының прейскуранттақ нөмiрi, белгiлi бiр артикульдағы жүз жҮп аяқ киiмi және т.б.

· өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау үшiн пайдаланылатын шартты – натуралды бiрлiк, ондағы пайдалы заттың құрамы әртүрлi тербелiсте болуы мүмкiн. (мысалға, спирт –100%~ ^

· құндық бiрлiгi ;

· еңбек бiрлiгi( норма-сағат);

· орындалған жұмыс бiрлiгi(тонна-километр, машина-күнi, ай-күнi) ;

· пайдалы нәтиженiң бiрлiгi- қуаты, өнiмдiлiгi және т.б.

өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау және шығындар есебiнiң әдiсi деп, кәсiпорын өнiмiнiң нақты өзiндiк құнын және шығындар есебiн жүргiзу үшiн ақпараттарды топтастыру және жинақтау тәсiлдерiнiң жиынтығын атайды.

өнiмнiң өзiндiк құнын қолданудағы әдiсiне әсер ететiн негiзгi факторлар ретiнде мыналарды атауға болады:

· өндiрiс типi;

· өндiрiстiң күрделiлiгi

· шығарылатын өнiмнiң номенклатурасы мен сипаты;

· өндiрiс циклының ұзақтылығы

· аяқталмаған өнiдiрiстiң қолда бары, құрамы және көлемi

 

2. Қазақстанда қолданылатын өндiрiс шығындарын есепке алу әдiстерi

және өзiндiк құнның калькуляциялары

7- Бухгалтерлiк есеп стандарт шығынды есептеудiң 3 негiзгi әдiсiн қарастырады: бөлiстiк, тапсырысты, нормативтiк одан басқа iс- жүзiнде қарапайым әдiсi де қолданалуы мүмкiн.

Бөлiстiк әдiс

Шығындар есебiнiң және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың бөлiстiк әдiсi өнiмдi жаппай өндiретiн кәсiпорында қолданылады, онда бастапқы шикiзат дайын өнiмге дейiн рет-ретiмен технологиялық өңдеуден өтедi, яғни дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқталатын технологиялық процестi бөлiс деп атайды. Бұл әдiс металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және басқа да салаларда қолданылады.

Әрбiр бөлiстен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде – дайын өнiм алынады. Мысалы, текстельдiк кәсiпорында 4 бөлiсi болады: шикiзатты дайындау, үйiру, тоқу, әрлеу.

Шығындардың есеп объектiсi әрбiр бөлiс болады,ал калькуляциялаудың объектiсi – әрбiр бөлiстiң өнiмi.

Бұл әдiсте шығындар есебiнiң карточкалары жүргiзiледi, ол карточка әрбiр бөлiске ашылады. Мұнда тiкелей шығыстар (негiзгi материалдар, шалафабрикат, өндiрiстiк жұмысшылардың еңбек ақысы және т.б.) бөлiстер бойынша, ал әрбiр бөлiстiң iшiнде – дайын өнiм немесе шалафабрикат түрлерi бойынша есепке алынады. Үстеме шығыстар бөлiстердiң арасында, ал әрбiр бөлiстiң iшiнде - шығарылатын өнiм түрлерiнiң арасында қабылданған база негiзiнде бөлiп таратылады.

өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлiстiк әдiсiнiң 2 нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.

Шалафабрикаттық нұсқада әрбiр бөлiс бойынша калькуляциялау жасанылады, сондай-ақ үстеме шығысын қоса есептелiнедi. Шалафабрикатсыз нұсқасында бiрiншi қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейiнгi бөлiстерде туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнiмнiң өзiндiк құны анықталады.

Тапсырыстық әдiс

Бұл әдiстi өндiрiстiк шығындарды белгiлi бiр өнiмге тiкелей жатқызуға болатын кәсiпорындарда қолдануға болады, яғни арнайы тапсырыс бойынша жиїазды дайындау, жөндеу жұмыстар, құрылыс, полиграфия, құбыр құрастыру, ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстардың орындау, аудиторлық және кеңестiк қызмет көрсетулер және т.б. аз сериялы және жеке- дара өндiрiстерде.

Шығындар есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi – жеке тапсырыс болады. өндiрiстiк бөлiмде әрбiр тапсырысқа өзiндiк код берiледi.

Аналитикалық шот саны (8010 “Негiзгi өндiрiс”) кәсiпорында орналастырылған тапсырыс берушiлер санына сәйкес келуi керек. Мұнда барлық тiкелей шығындар әрбiр тапсырыс бойынша белгiленген номенклатура баптарының кескiнiнде есепке алынады, ал үстеме шығыстары пайда болған орны бойынша есептелiнедi және әбiр тапсырыстың өзiндiк құнына қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес жатқызылады.

Нормативтiк әдiс

Нормативтiк әдiсте iс-жүзiндегi өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құны және барлық өндiрiлген нормативтiк өзiндiк құнмен салыстырады, ол прогрессивтiк нормада материалдар шығынын, белгiлi технологиялық процестiң өндiрiсi үшiн еңбек және тағы басқа. Шығындарды анықтайды. Өндiрiстегi шығындарды есепке алу өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың нормативтiк әдiстерi бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтiк карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнiм дайындауға қажеттi басқа да шығындар айқындалады. Нормативтiк карталардың негiзiнде өнiм бiрлiгiнiң нормативтiк өзiндiк құны көрсетiлген нормативтiк калькуляциялары жасалады.

Нормативтiк әдiстiң кезiнде әррекет етiп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебiнде бөлiп көрсетiледi. Мұндай шектеулер өндiрiстi ұйымдастырумен технологиядағы кемшiлiктердi дер кезiнде жөндеуге септiгiн тигiзедi. Нормативтiк өзiндiк құны шығыстың әрбiр бабының нормативiн шығарылған өнiмнiң нақты санына көбейту арқылы алынады. өнiмнiң нақты өзiндiк құнын анықтаған кезде есептiк айдағы ауытқуларды нормативтiк өзiндiк құнға қосады немесе одан ауытқуларды шегередi.

Қарапайым әдiс

өндiрiстегi шығындарды есепке алудың және өнiмнiң зiндiк құнын калькуляциялаудың қарапайым әдiсi бiртектi өнiм шығаратын кәсiпорында (су электр станциялары, кен, көмiр, мұнай мен газ өндiретiн кәсiпорындар) пайдаланылады. Оларда әдетте, аяқталмаған өндiрiс болмайды (егер олар болса, онда оның көлемi шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзi өндiредi. Бiрақ бұл әдiс бухгалтерлiк есеп стандартта қарастырылмаған, егеррде кәсiпорын өзiнiң есептiк саясатында қарастырса, онда бұл әдiстi қолдануға рұқсат етiлуi мүмкiн.

Бұл әдiстiң мәнi бүкiл шығарылған өнiмге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын тiкелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейiн өндiрiстiң натуральды көлемiне немесе шартты-натуралды көрсеткiшiне жай бөлу арқылы табады.

 

3. Халықаралық тәжiрибеде қолданылатын өндiрiс шығындарын

есепке алу әдiстерi және өзiндiк құнның калькуляциялары

Халықаралық тәжiрибеде өндiрiс шығындарын есепке алу және өзiндiк құнын калькуляциялауда негiзгi 2 әдiс қолданылады:

· тапсырыстық;

· процестiк.

Тапсырыстық әдiстiң мәнi Қазақстан тапсырыстық әдiстiң жүргiзiлуiне көбiнде бара-бар Үқсас келедi.

Процестiк әдiс – олардың технологиясы әрбiр өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң өндiрiстiк процестiң жеке бөлiгiмен орындалуын қарастыратын кәiспорында қолданылады және өнiмнiң қозғалысы бiр операциядан өңдеу мөлшерi бойынша басқаға ауысады.

Соңғы бөлiмiнде өндiрiстi аяқтайды және қоймаға дайын өнiмiн тапсырады. Шығындарды юелгiлi кезең уақытында өндiрiс бөлiмшелерi бойынша есеп беру кезеңiнде бұйымға байланыссыз, бiрақ тапсырысты орындау үшiн қажет уақытқа емес жинақтайды. Әрбiр бөлiмше үшiн “Аяқталмаған өндiрiс” жеке шот ашылады. Сонымен қатар есеп беру кезеңнiң басы және аяғында аяқталмаған өнiдiрiс шартты дайын бiрлiкпен қайта есептеледi.

Мұндай өндiрiске өндiретiн және өңдейтiн өнеркәсiптiк салалар, энергетика және тағы басқа жатады.

Шығындар есеп объектiсi және калькуляция объектiсi шығарылатын өнiм (дайын өнiм) болады.

Бұйымның бiр бiрлiгiнiң өзiндiк құнын есептеуде белгiлi кезеңдегi өндiрiстiң өзiндiк құнын осы кезеңде шығарылған бұйым санына бөлемiз.

Стандарт-костинг

Стандарт-кост жүйесi бойынша өндiрiске кеткен шығындарды есепке алудың әдiсi есептiң басқа жүйесiмен жербес, оқшаланған болып табылмайды. Шын мәнiнде, ол бөлiстiк тапсырыстық, бөлшектiк жай (процестiк) және басқа да өндiрiс шығындарын есептеу және өнiмнiң өзiндiк құнын шығару әдiстерiмен ұштастыруды көздейдi.

Стандарт-костинг шығындарды қатал бақылау қажеттiлiгi және өндiрiстiк шығындарды нормалау мүмкiндiктiгi бар жерде қолданылуы мүмкiн. Бұл әдiстiң негiзгi ерекшелiгi өндiрiсте барлық шығындар өндiрiстiң басталуына дейiн есептеледi. Бұл әдiс шығындарды нормалауға болатын стандарттар нормаларын әзiрлеудi, бұйымдардың стандарттық калькуляциясын жасауды және стандарттардан ауытқуларды бөлiп көрсетудi, өндiрiстегi iс-жүзiндегi шығындарды есепке алуды көздейдi. Стандарт-кост жүйесi өндiрiс шығындарын жедел бақылап отырудың басты құралы болып табылады.

Стандарт-костинг өзiнiң негiзiмн шығындар есебiнiң нормативтiк әдiсiне ұқсас, сондықтан аударма әдебиеттерде жиi орыс тiлiнде “стандарт-кост” және “нормативтiк есеп” терминдерi синонимдер ретiнде қолданылады.

Шығындарды толығымен тарату және ауыспалы шығындар бойынша өзiндiк құн калькуляциясы.

Шығындары өзiндiк құнға толғымен енгiзуге байланысты калькуляциялау әдiсiн екiге бөледi:

- шығындарды толығмен тарату өзiндiк құн калькуляциясы (абзорпшен-костинг)

- ауыспалу шығындар бойынша өзiндiк құн калькуляциясы (маржинальдық калькуляция немесе директ-костинг).

Директ-костинг жүйесi бойынша өндiрiс шығындарын тұрақты және өзгермелi деп бөледi. өнiмнiң өзiндiк құнына өзгермелi шығындар ғана жатады. Ал тұрақты шығындар жеке шотта жиналып және қаржылық нәтижелер шотында тiкелей жабылады. Бұл есеп беру кезiнде тiкелей шығындардың дайын өнiм қорларына қатыстырылмай, аяқталмаған өндiрiс қорларында бекiтiлмеуiне алып келедi. Директ-костинг жүйесi өнiмдi өткiзудi бағдарлайды және басқару шешiмдерiн қабылдауда кеңiнен қолданылады.

 

Тақырып 11. өндiрiс шығындарының есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдiсi

1. Тапсырыстық әдiстiң мәнi мен қолдану салалары

2. Тапсырыстық әдiсте есептi ұйымдастыру

3. Шығындар есебiнiң тапсырыстық әдiсiнде шоттардың

корреспонденциялары

3. Контракт бойынша өзiндiк құнның калькуляциясы

4. Аяқталмаған контракт бойынша пайданы мойындау проблемасы

 

1. Тапсырыстық әдiстiң мәнi мен қолдану салалары

Бұл әдiстi өндiрiстiк шығындарды белгiлi бiр өнiмге тiкелей жатқызуға болатын кәсiпорындарда қолдануға болады, яғни арнайы тапсырыс бойынша жиїазды дайындау, жөндеу жұмыстар, құрылыс, полиграфия, құбыр құрастыру, ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстардың орындау, аудиторлық және кеңестiк қызмет көрсетулер және т.б. аз сериялы және жеке- дара өндiрiстерде.

Тапсырыстық әдiсте қолданылатын 3 саланы айта кетуге болады:

- арнайы және жеке тапсырыс бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпорындар. Шығындар есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi әрбiр тапсырыс болып табылады.

- тауарлар партиясының өндiрiсi. Шығындар есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi өндiрiстiк наряд болады, ол өзiне өнiмнiң белгiлi бiрлiктерiнен тұрады.

- контракт бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпорындар. Шығындар есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi әрбiр контракт болады.

Тапсырыстық калькуляция келесiдей принциптер есебiн және шығындар жиынтығын қарастырады.

Бiрiншi принцип. Барлық тiкелей шығындар әрбiр тапсырыс, өндiрiстiк наряд немесе контракт бойынша есепке алынады.

Екiншi принцип. Қалған барлық шығындар туындау жерi бойынша және қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес калькуляция бiрлiгiнiң өзiндiк құнына енгiзiледi.

 

2. Тапсырыстық әдiсте есептi ұйымдастыру

Тапсырыстық калькуляциялаудың орталық элементi және негiзгi есеп регистрi тапсырыс карточкасы болады, үлгiсi 4- суретте көрсетiлген.

Әрбiр тапсырсықа жеке карточка ашылады.Әрбiр тапсырысқа код берiледi. Ол код тапсырыстың шығындар есебi карточкасына, сондай-ақ материалдар шығысы, еңбек ақысы және т.б. шығындар бойынша барлық бухгалтерлiк құжаттарына қойылады.

Тәжiрибеде калькуляциялау мақсаты үшiн:

·бiрiншден, негiзгi өндiрiс шоты қолданылады. Аналитикалық шоттар саны кәсiпорында орналастырылған тапсырыстар санымен сәйкес болуы қажет;.

· екiншiден, аналитикалық есептiң регистрi ретiнде әрбiр тапсырыс бойынша журнал ашылады.

Тапсырыс карточкасын толтыру үшiн төмендiгiдей негiзгi құжаттар қолданылады:

· материалдарды босатуға талаптар;

· жұмыс талоны (наряд)

 

Тапсырыс есебiнiң карточкасы

 

    Тапсырыс N_________________ Іорлар үшiн Сатып алушы ____________________   Өнiм _______________________ жұмыстың Жұмыстың аяқталу басталу мерзiмi ________ мерзiмi ____________  
А цехы  
Негiзгi материалдар ( тiкелей қатысты) өндiрiстiң негiзгi еңбек ақысы Жалпы өндiрiстiк шығындар
мерзiмi құжат түрi (талаптамаN) сомасы мерзiмi құжат түрi (наряд) сомасы мерзiмi Сомасы
                 
  Б цехы  
Негiзгi материалдар ( тiкелей қатысты) өндiрiстiң негiзгi еңбек ақысы Жалпы өндiрiстiк шығындар
мерзiмi құжат түрi (талаптамаN) сомасы мерзiмi құжат түрi (наряд) сомасы мерзiмi Сомасы
               
Барлық шығындар А цехы Б цехы Барлығы Негiзгi материалдар … … … өндiрiстiк жұмысшылардың негiзгi еңбек ақысы … … … Жалпы өндiрiстiк шығындар … … …
  Барлығы … … …

 

4 сурет. Тапсырыс карточкасы

 

°рбiр цех бойынша 5-сүрет үлгiсiнде үстеме шығыстарға арнайы журнал ашылады.

мерзiмi құжаттың аты Материалдар (жа-нама бөлiп таратыл-ған) Жұмыс орнына материал-дарды жеткiзу Тоқтау төлем-дерi Мерзiмнен тыс еңбек Басқа да еңбек ақы Іызмет-тер үшiн төлем-дер сақтандыру Амор-тиза ция
  Талаптар Жұмыс талоны (нарядтар) НакладнаяШот-фактуралар Бухгалтер жазбалары және т.б.                

5 сурет. Цех бойынша жалпы өндiрiстiк шығындар есебiнiң журналы

 

 

3. Шығындар есебiнiң тапсырыстық әдiсiнде

шоттардың корреспонденциялары

өндiрiс шығындарының тапсырыстық әдiсiнде келесiдей бухгалтерлiк проводкалар жүргiзiледi:

1.Жабдықтаушылардан негiзгi және көмекшi материалдардың келiп түсуi

Дт Материалдар ххх

Кт Төлеу шоттары ххх

Алынған материалдардың құны қорлар шотына жазылады, себебi қоймашы олар үшiн есепте.

“Материалдар” шотының регистр ең кем дегенде материалдардың келiп түсуiне, босату және қалдықтары үшiн 3 колонкалар болуы қажет.

2.өндiрiске негiзгi және көмекшi материалдардың жiберiлуi

Дт Негiзгi өндiрiс ххх

Жалпы өндiрiстiк шығындар ххх

Кт Материалдар ххх

Жазбаның негiзi материалдарды босатуға арналған талаптамалар болып табылады. Босату талаптамаларында көрсетiлген негiзгi материаладар тiкелей тапсырысқа жатқызылады. Іосымша материалдар әрбiр цех журналында арнайы графасында жазылады.

3.Еңбек ақының есептелуi:

Дт Негiзгi өндiрiс (негiзгi

өндiрiс жұмысшалырының

еңбек ақысы) ххх

Жалпы өндiрiстiк шығындар

( қызмет көрсету цехының

еңбек ақысы) ххх

Кт Еңбек ақы бойынша шот ххх

Еңбек ақыны есептеу үшiн жұмыс талоны (нарядтар) немесе жеке (арнайы) табельдер негiз болады.

4.Бiр айға еңбек ақыны төлеу

Дт Еңбек ақы бойынша есеп айырысу ххх

Кт Касса ххх

5.Басқа да жалпы өндiрiстiк шығындар жазулары:

Дт Жалпы өндiрiстiк шығындар ххх

Кт Төлеу шоттары ххх

6.Тапсырыс бойынша жалпы өндiрiстiк шығындарды бөлiп тарату

Дт Негiзгi өндiрiс ххх

Кт Бөлiп таратылған жалпы өндiрiстiк шығындары ххх

Жалпы өндiрiстiк шығындар әрбiр тапсырысқа алдын ала есептелген үстеме шығындарды бөлiп тарату ставкасы негiзiнде жатқызылады. Бұл сҮрақ “¶стеме шығындар есебi” тақырыбында арнайы қарастырылды.

7.Тапсырыстың аяқталуы:

Дт Дайын өнiм ххх

Кт Негiзгi өндiрiс ххх

Тапсырыстар дайын болысымен, тапсырыс карточкасында шығындар қорытындылайды. Карточкада iс-жүзiндегi негiзгi материалдар шығыны, iс-жүзiндегi есептелген еңбек ақы және бөлiп таратылған жалпы өндiрiстiк шығындары көрсетiледi.

8.өткiзiлген өнiмiнiң өзiндiк құнын жазып шығару (списание)

Дт өткiзiлген өнiмiнiң өзiндiк құны ххх

Кт Дайын өнiм ххх

 

3. Контракт бойынша өзiндiк құнның калькуляциясы

Контракт бойынша өзiндiк қҮқнның калькуляциясы – бұл өндiрiсi әдетте көп уақытты талап ететiн салыстырмалы үлкен өнiм бiрлiктерiнде қолданылатын тапсырыстық калькуляциялау жүйесi болып табылады. Мысалы мұндай өндiрiске құрылыс, iрi машина құрылысы, су құрылысы және тағы басқа. Бұл кәсiпорындар бiр жалпы сипаттары:

· жұмыстың орындалу мерзiмi бiрнеше айларды немесе жылдарды құрайды;

· әдетте, орындаушының ғимаратында емес жұмыс құрылыс объектi орналасу жерiнде орындалады.

Әрбiр контракт шығындар есебi объектiсi мен калькуляциялаудың жеке бiрлiгi ретiнде қарастырылады. Бас кiтапта әрбiр контрактқа жеке шот ашылады.

Контракт бойынша жұмысты жүзеге асырудың төмендегiдей ерекшелiктерi бар:

· өндiрiстiк жабдықтар және субподряд бойынша тiкелей шығындарының болуы;

· эксперттiң немесе архитектордың қорытындысына (инспектордың сертификатымен) сәйкес тапсырыс берушiлерден аралық төлемдерiн алу мүмкiндiгi.

· өндiрiстегi кемшiлiктердi (дефектердi) жою кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн қабылданған жұмыс құнының белгiлi бiр бөлiгiн тапсырыс берушi тарапынан ұсталып қалу мүмкiндiгi.

Әрбiр контракт шотында шығындарды есепке алудың принциптерi келесiдей:

1) контракт бойынша барлық тiкелей шығындар – негiзгi материалдар және негiзгi өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы- дебеттеледi. Сонымен қатар контракт бойынша еңбек ақы қатарына қосылатындар:

· жоспарды және құжаттарды қарастыру бойынша офис жұмыстары

· құрылыстық участоктағы жұмысшылардың еңбек ақысы.

2) Белгiлi бiр контракт үшiн арнайы сатып алынған өндiрiстiк жабдықтар және құрылғылар сатып алу өзiндiк құны бойынша дебеттеледi. Егерде өндiрiстiк жабдықтар бiр контракттан екiншi контрактқа ауысатын болса, онда алғашқы контракт кредиттелiп келесi контракт дебеттеленедi.

3) Субподяд (мердiгерлердiң) жұмыстары тiкелей шығындар ретiнде қарастырылып, контракттың шотында дебеттеледi;

4) үстеме шығындар қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес бөлiп таратылады және контракт шотының дебетiнде есепке алынады;

5) контрактының бағасы контракт шотының кредитiне жазылады.

Сонымен әрбiр контракт шоты табыс және зиян шоты көрiнiсiне ұқсас келедi.

 

4. Аяқталмаған контракт бойынша пайданы мойындау проблемасы

Аяқталмаған контракт бойынша пайданы мойындауда сақтық концепциясын қолдана отырып келесiдей рекомендацияларды Үстану қажет:

1. Аралық пайданы мойындаудан бҮрын бұл контрактының ұтымды, табысты болатыны нақты, тура белгiлi болуы қажет.

2. Контрактының алдыңғы орындалу этаптарында пайданы есептемеу. Контракт бойынша табыстар жеткiлiктi дәрежеде анықталып бағаланғаннан жағдайда пайданы есептеу керек.

3. Кез келген пайда белгiлi мерзiмде контрактының аяқталу деңгйiне пропорциональды есептелу қажет.

4. зияндар пайда болған кезеңде мойындалуы қажет.

5. контракт аяқталуына жақындағанда пайданы толық нақтылықпен бағалау қажет.

Аяқталмаған контракт бойынша пайданы есептеудi 5 қадам арқылы жүргiзсе болады:

1 қадам. Контрактының өткiзу жалпы құны немесе контракт бағасы анықталады.

2 қадам. Контрактының орындалуына шығындар сомасы есептеледi. Бұл сома 2 элементтен құралады:

- есептi мерзiмге дейiн iс-жүзiндегi шығындарға қосамыз

- контрактының аяқталуы үшiн қажеттi болашақ шамалау шығындарын.

3 қадам. шамалау пайда контракт құнынан (1қадам) жалпы шығындарды (2 қадам) алу жолымен анықталады.

4 қадам. Белгiлi уақытта мойындалатын пайда мына формуламен анықталады:

белгiлi күндегi эксперттiң қорытындысына

сәйкес жұмыс құны минус ұсталынған

ақша сомасы

-----------------------------------------------* шамалау пайдасы

контрактының iс-жүзiне асырылу

жалпы құны немесе контракт бағасы

 

Бұл пайданың белгiлi күнге жинақталған көлемiн көрсетедi.

5 қадам. Аяқталмаған контракт бойынша ағымдық кезеңдегi пайда тең 4 қадамдағы есептелген пайдадан аламыз алдыңғы кезеңдегi контракт бойынша алынған пайда.

 

 

Тақырып 12. Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құн

калькуляциялаудың процестiк әдiсi

1. Шығындар есебiнiң процестiк әдiсiнiң маңызы

2. Ақауы жоқ процестегi шығындарды дайын өнiм мен кезең аяғында

аяқталмаған өндiрiстiң арасында бөлiп тарату

 

1.Шығындар есебiнiң процестiк әдiсiнiң маңызы

өзiндiк құнды калькуляциялаудың процестiк әдiсi сериялық, және жаппай өнiм өндiретiн кәсiпорындарында қолданады. Бiр тектi бұйымдар белгiленген реттiлiкпен барлық өндiрiс этаптарынан өтедi, сондай-ақ бұл этаптар процестер деп аталады. Осы әдiс химиялық, цемент, мұнай өңдеу текстильдi және басқа да өндiрiс салаларында қолданылады. Сонымен қатар процестiк калькуляцияны әртүрлi өнiм дайындайтын кәсiпорындар да қолдану мүмкiн, бiрақ өндiрiс процесi тұрақты қайталанатын операцияларға бөлiну керек.

Шығындар есебiнiң объектiсi жеке өндiрiстiк процесi, ал калькуляциялаудың объектiсi – шығарылатын өнiм болады.

Бiр өнiмнiң өзiндiк құны белгiлi кезеңдегi жалпы өндiрiстiк шығындарды осы кезеңде өндiрiлген бұйымдар санына бөлу арқылы анықталады.

Әрбiр процес үшiн ''Негiзгi өндiрiс'' жеке шоты ашылады, онда бұл процестiң тiкелей немесе үстеме шығындары жиналады.

Үш технологиянық процестен тұратын өндiрiстiк циклды қарастырайық, сондай-ақ өндiрiс процесiнде өзiндiк құнның қалай өзгеруiн қадағалайық.

6 суретте процестiк калькуляциялаудың схемасы, ал 7 суретте – шығындарды есепке алу мен шығындардың жинақталуы көрсетiлген.

 

Негiзгi материалдар   А процесi     Аяқталмаған
Тiкелеi еңбек ақы Жалпыөнiрiстiк шығындар   Дайын өнiм АӨ     өндiрiс (АӨ)
             
    В процесi      
    Дайын өнiм АӨ      
             
    С процесi      
    Дайын өнiм АӨ      
              Дайын өнiм  
             
            Өнiмдi өткiзуден түскен табыс  

 

6 сурет. Процестiк калькуляциялаудың схемасы

 

 

“Негiзгi өндiрiс” шоты А процесi   “Негiзгi өндiрiс” шоты В процесi
А процесiнiң меншiктi шығындары: Материалдар 1000 Еңбек ақы 1000 ЖӨШ 1000 АӨ кезең соңына 0 В процесiне жiберiлдi 3000   А процесiнен 3000 В процесiнiң меншiктi шығындары: Материалдар 1000 Еңбек ақы 2000 ЖӨШ 500 АӨ кезең соңына 0 С процесiне жiберiлдi 6500    
       
“Негiзгi өндiрiс” шоты С процесi   “Дайын өнiм” шоты  
В процесiнен 6500 С процесiнiң мен-шiктi шығындары: Материалдар 2000 Еңбек ақы 3000 ЖӨШ 1000 АӨ кезең соңына 0 Дайын өнiм қоймаға жiберiлдi 12500   С процесiнен жiберiлдi 12500  

 

7 сурет. Процестiк калькуляциялауда шығындардың жинақтаулауы

мен өзiндiк құнның өзгеруi

Суреттерде көрiнiп тұрғандай, процестiк калькуляциялауда бұйым толығымен дайын болғанша бiр процестен [бөлiмше, цех] келесi процеске ауыса бередi. Әрбiр бөлiмше жалпы өндiрiстiк процестiң бiр бөлiгiн жүзеге асырады және бұйымды осы операциядан кейiн келесi бөлiмшеге жеткiзедi, онда ол келесi операцияда өңделедi. өндiрiстiң аяқталуынан кейiн соңғы бөлiмше дайын өнiмдi қоймаға жiбередi.

өндiрiс процесiне қатар шығындардың жинақталуы мен өнiмнiң өзiндiк құнының өзгерiсi жүргiзiледi. өндiрiс процесiнде өзiндiк құн жинақталады және соңғы бөлiмшенiң шығындары жалмы шығындар сомасын анықтайды.

 

2. Ақауы жоқ процестегi шығындарды дайын өнiм мен кезең аяғында аяқталмаған өндiрiстiң арасында бөлiп тарату

Ақауы жоқ процестегi шығындарды бөлiп таратуды келесi үлгiде қарастырамыз.

Мысал.1 В өнiмi 2 процес ағымында өндiрiледi. Материалдар 1 процестiң басында, ал қосымша материалдар – 2 процесте өңдеу дәрежесi 70 процентке тең болғанда енгiзiледi. өңдеудiң құны 2 процес ағымында бiртiндеп қосылады.

Белгiлi бiр кезең мәлiметтерi төмендегiдей:

 

1 Процесс 2 Процесс

 

Кезең басындағы Аө саны. 1000 бiрлiк 400 бiрлiк

өңделген дәрежесi 60% 4/5

Материалдар 4000$ 700$

өңдеудiң құны 2550$ 2100$

Алдыңғы кезең өзiндiк құны - 5100$

Кезеңде қосылғандар:

Саны 2500 бiрлiк 3000 бiрлiк

Материалдар 10600$ 3400$

өңдеу құны 12500$ 14400$

Кезеңдегi дайын өнiм 2800 бiрлiк 2000 бiрлiк

Кезең соңындағы Аө:

Саны 700 бiрлiк 1400 бiрлiк

өңделген дәрежесi 75% 1/2

 

В өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын есептеу талап етiледi:

- орташа есеп әдiсiмен;

- FIFO әдiсiмен.

 

өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын есептеу

1 Процес – орташа есеп әдiсiмен

 

Өзiндiк құн элементтерi АӨ кезең басына, теңге Кезең шығын-дары, теңге Жалпы шығын-дар, теңге (гр.2+гр3) Дайын өнiм, бiрлiк Шалафаб. эквивален бiрлiктерi кезең соңына Жалпы экивалент-тiк бiрлiктер (гр.5+гр.6) Бiрлiктiң өзiдiк құны, теңге (гр.4/гр7)
Материалы 700*100%=700 4,1714
Стоимость обработки   2550     15050   700*75%=525     4,5263
Всего         8,6977

Аяқталмаған өндiрiс кезең соңына: материалдар (700*4,1714)   2919,9800  
оңдеу құны (525*4,5263) 2376,3075 5296,2875
Дайын өнiмнiң өзiндiк құны (2800*8,6977)   24353,5600
  29649,8475

 

Процес 2 - орташа есеп әдiсiмен

Өзiндiк құн элементтерi АӨ кезең басына, теңге Кезең шығын-дары, теңге Жалпы шығын-дар, теңге (гр.2+гр3) Дайын өнiм, бiрлiк Шалафаб. эквиваленбiрлiктерi кезең соңына Жалпы экивалент-тiк бiрлiктер (гр.5+гр.6) Бiрлiктiң өзiдiк құны, теңге (гр.4/гр7)
Алдыңғы процестiң өзiндiк құны   1400*100%=1400   8,6629
Материадар - 2,0500
Оңдеу құны   2100   16500   1400*1/2=700   6,1111
Барлығы         16,8240

 

Аяқталмаған өндiрiс кезең соңына: Алдыңғы процестiң өзiндiк құңы (1400*8,6629)   12128,06  
материалдар -  
оңдеу құны (700*6,1111) 4277,77 16405,83
Дайын өнiмнiң өзiндiк құны (2000*16,824)   33648,00
      50053,83

1 Процес – ФИФО әдiсiмен

Өзiндiк құн элементтерi Кезең шығын-дары, теңге Дайын өнiм (бiрлiк) аламыз шалафабри-кат. эквиаленттiк бiрлiктерiн кезең басына Шалафабрикаттардың эквиаленттiк бiрлiктерi кезең соңына Кезең iшiндегi жалпы экиваленттiк бiрлiктер (гр.3+гр.4) Бiрлiктiң өзiдiк құны, теңге (гр.2/гр5)
Материалдар 2800-1000*100% =1800 700*100%=   4,2400
Оңдеу құны 12500 2800-1000*60%= 700*75%=   4,5871
Барлығы       8,8271

 

Аяқталмаған өндiрiстiң құны кезең соңына:      
материалдар (700*4,24) 2968,0000    
оңдеу құны (525*4,5871)) 2408,2275   5376,2275
Дайын өнiмнiң өзiндiк құңы:  
шалафабрикаттар кезең басына: материалдар      
оңдеу құны 2550  
материалдар (1800*4,24) 7632,00    
оңдеу құны (2200*4,5871) 10091,62 17723,62 24273,6200
  29649,8475

 

Процес 2 – FIFO әдiсiмен

Өзiндiк құн элементтерi Кезең шығын-дары, теңге Дайын өнiм (бiрлiк) аламыз шалафабри-кат. эквиаленттiк бiрлiктерiн кезең басына Шалафабрикаттардың эквиаленттiк бiрлiктерi кезең соңына Кезең iшiндегi жалпы экиваленттiк бiрлiктер (гр.3+гр.4) Бiрлiктiң өзiдiк құны, теңге (гр.2/гр5)
Алдыңғы процестiң өзiндiк құны 24273,62 2000-400*100%= 1400*100%=   8,0912
Материалдар 3400,00 2000-400*100%= -     2,1250
Оңдеу құны 14400,00 2000*400*4/5= 1400*1/2=   6,0504
Барлығы 42073,62       16,2666

 

Аяқталмаған өндiрiстiң құны кезең соңына:      
алдыңғы процестiң өзiндiк құны (1400*8,0912) 11327,68    
материалдар -    
оңдеу құны (700*6,0504) 4235,28   15562,96
Дайын өнiмнiң өзiндiк құңы:  
шалафабрикаттар кезең басына: алдыңғы процестiң құны материалдар      
оңдеу құны 2100  
алдыңғы процестiң өзiндiк құны (1600*8,0912)   12945,92    
материалдар (1600*2,125) 3400,00    
оңдеу құны (1680*6,0504) 10164,672 26510,592 344410,592
  49973,552

 

 

Тақырып 13. Шығындардың толық таратылуымен және айнымалы шығындар бойынша өзiндiк құнның калькуляциясы

1. Калькуляциялаудың екi әдiсiн салыстыру

2. Екi әдiстiң пайда мөлшерiне әсерiнiң салыстырмалы талдауы

3. Калькуляциялау әдiстерiнiң артықшылықтары және кемшiлiктерi

1. Калькуляциялаудың екi әдiсiн салыстыру

Шығындарды толығымен тарату калькуляциялау әдiсiнде (абзорпшн-костинг) барлық өндiрiстiк шығындар, сонымен қатар тұрақты өндiрiстiк үстеме шығындарда, өнiмнңң өзiндiк құнына жатқызылады. Бұл әдiс мiндеттi түрде сыртқы қаржылық есеп дайындауда қолданылады.

Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау әдiсiнде (директ-костинг немесе маржиналды


Читайте також:

  1. III. Бухгалтерський баланс
  2. Актив і пасив балансу складаються також з певних розділів.
  3. Активи, що реалізуються повільно (А3) – це статті 2-го розділу активу балансу, які включають запаси та інші оборотні активи (рядки 100 до 140 включно, а також рядок 250).
  4. Аналіз балансу підприємства
  5. Аналіз ліквідності балансу
  6. Аналіз структури та динаміки необоротних активів за даними Ф№1 «Баланс» (на прикладі ВАТ «Горизонт»)
  7. Баланс (змінений)
  8. Баланс (змінений)
  9. Баланс (початковий)
  10. Баланс азоту
  11. Баланс активів і пасивів комерційного банку




Переглядів: 1734

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Максимум_____________ | ЗАЧЕТНЫЙ БИЛЕТ № 15

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.066 сек.