Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 3 страница

Рухани мәдениет адамзаттың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған рухани тәжірибесінің жиынтығы ретінде қоғамның ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық даму деңгейін анықтайды. Оған ғылым, білім, өнер, мифология, дін, философия, саясат пен құқықты жатқызады. Мәдениет – кез келген халықтың тарихи естелігі болып табылады, сондықтан оны этнос пен өркениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарайды. Жер шарындағы мәдениеттің алуан түрлілігі жергілікті факторлармен ғана емес, халықтар арасындағы байланыстар мен алмасулар нәтижесінде қалыптасқан.

Адамзаттың мәдениетінің бірнеше жалпы типтерін ажыратады:

- Шығыс мәдениеті. Ең ежелгі және қазіргі кезде де даму үстіндегі мәдениет, ол адамның өзін-өзі танып-білуі мен ішкі сенім-нанымдарына, интуицияға негізделген. Бұл мәдениеттің озық үлгілері ретінде қытай, үнді философтарының шығармаларын, заттық мәдениеттің үлгілерін атауға болады;

- Антик мәдениеті. Тарихи тұрғыда қысқа мерзімді қамтығанымен, кейінгі өркениеттердің дамуына негіз болған, бұл мәдениет өмір шындығын іздеу (философиялық бағыт), қоршаған әлемнің құрылымы мен заңдылықтарын танып-білу (ғылыми бағыт), адамның рухани еркіндігін дәріптеу, көркем туындыларымен ерекшеленді.

- Христиандық мәдениет. Христиан дінімен байланысты құндылықтарды қамтиды. Бұл мәдениет қасиетті Библиямен байланысты рухани құндылықтар, классикалық музыка өнері, бейнелеу және сәулет өнерімен сипатталады.

- Ислам мәдениеті. Қасиетті Құран Кәріммен байланысты ислам құндылықтары, сәулет өнері, ғылым мен білім, қоғамның дамуындағы исламдық түсініктердің кеңінен енгізілуінен көрінеді.

- Түркілік мәдениет. Ислам мен дәстүрлі түркілік құндылықтар мен сенім-нанымдардың үйлесімі негізінде қалыптасқан феномен. Мысалы, қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінде көне түркілік элементтер мен кейіннен енгізілген исламдық құндылықтар үйлескен.

Мәдениеттің әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізетін әсері. Мәдениет адамзат өркениетінің феномені ретінде өзіндік әлеуметтік қызмет атқарады. Олардың қатарына танымдық, ақпараттық, коммуникациялық қызметтерді жатқызуға болады. Мәдениет сонымен қатар, дамудың факторы болып табылады. Сондықтан 1992 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан Мәдениет пен даму жөніндегі дүниежүзілік комиссия құрылған болатын. Бұл комиссия құжаттарында басты міндет «ХХІ ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік дамудың жетекші факторы ретінде жарияланатын мәдениетке негізделген тұрақты дамуды қамтамасыз ету» деп анықталған. Мұның өзі осыған дейін басым болған ресурстарды пайдалану мен материалдық байлықтарды тұтынуға бағытталған дамудың орнын материалдық және рухани құндылықтардың үйлестіру арқылы жасалатын өмір салтының жаңа үлгісі басуы қажеттілігін көрсетеді.

Бұрын ғылым барлығын шешетін тәрізді көрінетін. Қазіргі кезде ғылым мен технологияны мәдениетпен үйлестіру арқылы адам өмірін мәнді ету, оның мақсат-мүдделерін материалдық құндылықпен ғана шектемеу мақсаты қойылып отыр. Сол себепті мәдениет пен экономиканың өзара қарым-қатынасында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр: экономика тиімді ғана емес, адами және экологиялық сипатта болуы тиіс.

Мәдениет географиясы және әлемдік өркениет.Мәдениет географиясы адамзат мәдениетінің кеңістіктік көріністерін атайды. Мәдениет аумақтық ерекшеліктерге ие, яғни географиялық фактордың ықпалына ұшырайды, мәдениет кеңістік тұрғыдан алғанда жіктелген сипатта болады және өзіне ғана тән аумақтық үлгіде ұйымдасып, дамып және қызмет ете алады. Осы себепті географтар мәдениеттің жаратылысының заңдылықтарын кеңістік құбылыс ретінде зерттеуге, мәдениет географиясын жергілікті географиялық факторлармен қоса қарастыруға тырысады.

Мәдениет қоғамдық құбылыс ретінде сан қырлы болады. Бұл термин халықтың аймақтық топтарына, этностарға, ұлттық қауымдастықтарға тән өнер мен әдебиет, дүниетаным, салт-дәстүрлер, мінез-құлық, діни сенімдер, өмір салты мен өндірістік дағдыларды біріктіреді. Мәдениет география тұрғысында ХІХ ғасырдың екінші жартысында зерттеле бастады. Шетелдік географтар арасында бұл мәселемен антропогеография саласының негізін салған неміс географы Фридрих Ратцель (2 томдық «Народоведение» деген еңбегі 1900-1901 ж, 2 томдық «Земля и жизнь» еңбегі 1903-1906 ж жарық көрген), француз географы Жан Жак Элизе Реклю (өзінің саяхаттарының барысында жинақтаған материалдары негізінде 19 томдық «Земля и люди» еңбегін 20 жыл бойы жазған) айналысқан. Орыс географтары арасында Вениамин Петрович Семенов-Тян-Шанский ( 11 томдық «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» еңбегін жазуға қатынасқан), Никола́й Никола́евич Бара́нский («География қалалар қайда тұруы керек, қандай заводтар салынуы керек, жолдар қай жаққа қарай өтуі керектігін болжап беретін ғылым» деген әйгілі анықтаманы берген, елтану бағытының негізін салған ғалым), Лев Николаевич Гумилев (этногенездің пассионарлық теориясын ұсынған, «Этногенез и биосфера Земли» және басқа еңбектердің авторы), Влади́мир Па́влович Максако́вский (2 томдық «Географическая картина мира», «Историческая география мира», 2 томдық «Всемирное культурное наследие» кітаптарының авторы) айналысқан. Қазіргі кезде мәдениет географиясы саласындағы зерттеулермен ресейлік географ Александр Георгиевич Дружинин айналысады. Ол мәдениет географиясына «мәдениеттің кеңістік ерекшеліктері, факторлары мен даму заңдылықтары, мәдени-аумақтық жүйлеуші процестер, оның алғышарттары мен салдарлары туралы ғылыми бағыт» деп анықтама берген. Қазіргі кезде мәдениет географиясына қоғамдық географияның құрамдас бөлігі ретінде қарайды. Мәдениет географиясының зерттеу объектісі мәдениеттің аумақтық ұйымдасуы болып табылады.

Сонымен, мәдениет географиясы мәдениет пен оның жекелеген құрамбөліктерінің (халықтың өмір салты мен дәстүрлері, материалдық және рухани мәдениеттің элементтерінің, өткен ұрпақтардың мәдени мұрасы) аумақтық жіктелуін зерттейді.

Жер шарында 6 мыңнан астам әртүрлі тілдер бар деп есептеледі. Оларды 19 тілдік семьяға ажыратады. Әлемдегі ең ірі тіл семьяларына үндіеуропалық (43%), сино-тибет (22%), дравид (13%), афразиялық (6%), австронезиялық (5%) тіл семьялары жатады. Бұлардан басқа «оқшау тілдер» деп аталатын басқа тілдермен мүлде ұқсастықтары жоқ айрықша топ бөлінеді, бұл топта жапон тілі, баск, корей, айн және т.б. тілдер бар. Қазіргі кезде ең кең таралған 12 тілде әлем халқының 60%-ы сөйлейді. Ең кең таралғандары – қытай тілі (1 млрд 300 млн адам), хинди (800 млн адам), ағылшын (600 млн адам).

Халық діни ұстанымдарына қарай да жіктеледі, мұны халықтың діни құрамы деп атайтынын білесіңдер. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың шамамен 25-30%-ының діни ұстанымы жоқ.

Діндердің дүние жүзі бойынша таралу шекаралары негізінен XVІІІ ғасырда қалыптасып бітті, сол кезден бері елеулі өзгерістер бола қойған жоқ. Діндер таралу ерекшеліктеріне қарай әлемдік, ұлттық және дәстүрлі болып бөлінеді. Саны жағынан христиандар басым. Олар дүние жүзі бойынша дінге сенушілердің 2/5 бөлігін (2,1 млрд адам) құрайды. Ислам діні де кең таралған, әртүрлі дерек көздері бойынша Жер шарында 1,5 млрд адам ислам дінін ұстанады. Буддизмді шамамен 500 млн-ға жуық адам ұстанады.

Өркениеттің басты геотарихи аймақтары. «Өркениет» терминін «детте «мәдениетпен» қатар қолданады, бірақ өркениет ұғымының аясы әлдеқайда кең. Бұл терминді ғылыми айналымға 1766 жылы шотланд философы Адам Фергюсон енгізген болатын, ғалым бұл ұғыммен қоғамдық таптар, қалалар, жазу мен басқа да құбылыстар тән адам қоғамы дамуының кезеңін сипаттаған. Қазіргі кезде өркениеттің (латынша civilis – азаматтық, мемлекеттік деген сөз) бірнеше кең таралған анықтамалары бар:

1) Жалпы философиялық маңызы – тұрақтылығы және қоршаған ортамен алмасуды өздігінше реттеу арқылы өзін-өзі дамыту қабілетін қамтамасыз ететін материя қозғалысының әлеуметтік формасы (ғарыштық құрылым ауқымындағы адамзат өркениеті);

2) Тарихи-философиялық маңызы – тарихи процесс пен адамзаттың осы процесс барысындағы материалдық-техникалық және рухани жетістіктерінің жиынтығы (Жер тарихындағы адамзат өркениеті);

3) Белгілі бір әлеуметтік деңгейге жетумен байланысты әлемдік тарихи процесс сатысы;

4) Уақыт пен кеңістік тұрғысынан оқшауланған қоғам. Оқшауланған (локалды) өркениеттер экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани құрамбөліктердің кешені түріндегі біртұтас жүйелер болып табылады және өзіндік даму заңдылықтары болады.

Ресейлік-америкалық әлеуметтанушы Питирим Сорокин өркениет деп «ірі мәдени жүйелер мен супержүйелерді», ХІХ ғасырда өмір сүрген көрнекті орыс ғалымы Николай Яковлевич Данилевский (1822-1885) өзінің «Россия и Европа» (1869) деп аталатын басты еңбегінде өркениетті «мәдени-тарихи типтер» деп атаған. Ал неміс философы Освальд Шпенглер «биік мәдениет» деген, орыс философы Николай Александрович Бердяев «ұлы мәдениеттер», ағылшын ғалымы Арнольд Тойнби «өркениет» деп атаған.

Гарвард университетінің профессоры Сэмюэль Хантингтон өркениетті ең жоғары сатыдағы мәдени қауымдастық, адамдардың ең кең деңгейдегі мәдени бірлестігі деп анықтаған. Өркениеттер тілі, тарихы, діні, әдет-ғұрыптары, қоғамдық институттары, адамдардың өзін-өзі субъективті тануы және т.б. ортақ белгілерімен сипатталады. Өркениет өте көп дамдарды қамтуы мүмкін: Қытайды кейбір ғалымдар «Өзін ел деп атайтын өркениет» деп сипаттаған.

Академик Б.С. Ерасов өзінің «Сравнительное изучение цивилизаций» деп аталатын оқу құралында өркениетті сипаттайтын бірнеше критерийдібөліп көрсетті:

- көлденең (кәсіби және укладты мамандану) және тік (әлеуметтік жіктелу) еңбек бөлінісіне негізделген экономикалық қатынастардың жүйесі;

- өндіріс құралдары (еңбекті қоса алғанда) билеуші тап бақылайды, ол қосымша құнды орталықтандыруды және таратуды жүзеге асырады;

- кәсіби саудагерлер немесе мемлекеттің бақылауымен айырбас жүйесінің жасалуы, бұл өз кезегінде өнімдер мен қызметті тікелей айырбастауға шектеу қояды;

- саяси құрылымда өз қолына атқарушы және әкімшілік қызметті шоғырландырған қоғамның белгілі бір күштері басымдылық көрсетеді.

Арнольд Тойнби өзінің «Постижение истории» атты 12-томдық еңбегінде адамзат тарихын жекелеген өркениеттерге бөліп, олардың даму жолдарын көрсеткен. Өркениеттердің пайда болуын, дамуын және күйреуін ғалым сыртқы энергия, түрткі болатын географиялық фактормен байланыстырады. Бұл ілім бойынша, тұрақты табиғат жағдайларында дамыған қоғамдар ештеңені өзгертпей-ақ, сол жағдайға бейімделсе, ұдайы өзгермелі қоршаған ортада өмір сүретін өркениеттер өздері де қозғалыстағы өмір кешуге мәжбүр болатынын айтқан. Дәл осыған ұқсас идеялар Лев Гумилев еңбектерінде де байқалады.

Өркениеттің аумақтық өзгешеліктері айрықша геотарихи аймақтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Мәдени аймақтарды зерттеу ежелгі грек оқымыстысы Геродоттың (біздің заманымызға дейінгі 484-425 жж) әйгілі «Тарих» трактатынан басталған болатын. Кейінгі ғасырларда бұл мәселе көптеген ғалымдардың, саяхатшылардың еңбектерінде көрініс тапты. Осы зерттеулерде жекелеген өркениеттердің қалыптасуы белгілі бір этностық қауымдастықтың өмір сүру ареалын шектеп тұратын физикалық-географиялық аймақта жүретіндігі анықталды. Өркениеттер дами келе, неғұрлым үлкен аймақтарды қамтыды.

Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі заманғы геотарихи аймақтарды бөлу сызбасы ала-құла болып табылады. Жинақы түрде қарастырсақ, батыс және шығыс өркениеттерінің аймақтары ажыратылады. Олар өз кезегінде діни, географиялық белгілері бойынша жіктеледі. БҰҰ ұсынған аудандастыру бойынша, бүкіл әлем 7 аймаққа бөлінеді: Еуропалық, Араб-мұсылман, Үнділік, Қиыр Шығыстық, Тропиктік-Африкалық, Солтүстікамерикалық, Латынамерикалық. Жер шарын тарихи-мәдени аудандастыру негізінде мәдени, шаруашылық дәстүрлер алынады. Осыған сәйкес, қазіргі кезде 14 тарихи-мәдени провинциялар ажыратылады: батысеуропалық, шығысеуропалық, шығысазиялық, оңтүстік-шығысазиялық, оңтүстік-батысазиялық, ортаазиялық-қазақстандық, орталықазиялық, кавказдық, сібірлік, солтүстікафрикалық, тропиктік африкалық, солтүстікамерикалық, латынамерикалық, мұхиттық. Провинциялар өз кезегінде облыстарға, ал олар аудандарға жіктеледі.

Бүкіләлемдік мәдени мұралар.ЮНЕСКО ұйымы материалдық мәдени құндылықтар қатарына мынадай заттарды жатқызады:

1) Жер бетіндегі және су астындағы археологиялық қазбалар мен зерттеулер нәтижесінде табылған заттар;

2) Мәдени құндылығы бар көне заттар (қару-жарақ, жазбалар, монеталар, асыл заттар, мумиялар);

3) Антропологиялық және этнологиялық материалдар;

4) Жаратылыстану ғылымдары және техника тарихымен, әскери және қогғамдық тарихпен, халықтар мен ұлы ойшылдар, қайраткерлер, өнер адамдары мен ғалымдарға байланысты тарихи құндылықтар;

5) Көркем туындылар (сурет өнері туындылары мен қолдан жасалған бұйымдар, фотосуреттер, скульптуралар, қолданбалы өнер туындылары);

6) Манускритпттер, кітаптар мен құжаттар;

7) Нумизматикалық және филателиялық маңызы бар заттар (медаль және т.б.);

8) Мұрағаттық материалдар (құжаттар, жазбалар, карталар, сызбалар);

9) Жиһаздар, гобелен, кілемдер, музыкалық аспаптар);

10) Зоологиялық, ботаникалық және геологиялық үлгілер;

2011 жылдың 1 шілдесінде тіркелген Бүкіләлемдік мұраның 936 объектісінің 725-і мәдени объектілер болып табылады. Мәдени объектілерге қатысты ұстанымдар:

1) Объект адамның жасампаз ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі болып табылады.

2) Объект белгілі бір уақыт кезеңіндегі немесе белгілі бір мәдени кеңістікте, сәулет өнерінде немесе технологияларда, монументалды өнерде, қалаларды жоспарлауда немесе ландшафтыларды қалыптастыруда адами құндылықтардың айтарлықтай деңгейде өзара әрекеттесуінің куәсі болып табылады.

3) Объект осы кезге дейін бар немесе жойылып кеткен мәдени дәстүр немесе өркениет үшін теңдессіз немесе ерекше болып табылады.

4) Объект адамзат тарихының маңызды кезеңін бейнелейтін айрықша құрылғы, сәулет немесе технологиялық ансамбльдің немесе ландшафтының үлгісі болып табылады.

5) Объект адамзаттың дәстүрлі құрылысының, құрлық пен теңізді дәстүрлі пайдалануының, мәдениеттің (немесе мәдениеттердің) немесе адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің ерекше үлгісі болып табылады, ол әсіресе қайтымсыз өзгерістердің күшті әсеріне осал бола түседі.

6) Объект белгілі бір оқиғалармен немесе дәстүрлермен, идеялармен, сенім-нанымдармен, көркем немесе әдеби шығармалармен тікелей немесе заттық тұрғыда байланысқан және теңдессіз әлемдік маңызға ие.

Мәдени объектілер арасында әлемге әйгілі сәулет өнерінің ескерткіштері бар: Вестминстер сарайы, Вестминстер аббаттығы, Лондондағы Тауэр (Ұлыбритания), Нотр-Дам Кафедралық шіркеуі, Версаль сарайы мен саябағы (Франция), Тадж-Махал кесенесі, Махабодхи ғибадатханасы (Үндістан), Ұлы Қытай қорғаны, Цинь әулетінің алғашқы императорының кесенесі (Қытай) бар. Кейбір елдерде қалалардың тұтас бөліктері немесе сәулет ансамбльдері Бүкіләлемдік мұра санатына қосылған. Мысалы, Кордова қаласының тарихи бөлігі, Толедо (Испания), Венеция (Италия), Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң (Ресей), Куско, Мачу-Пикчу (Перу), Сукре (Боливия).

Дәріс №6

Геосаясат: теориясы, әдістері, тәжірибелері (4 сағат)

Саяси географияның тұжырымдамалары мен геосаяси идеялар.Саяси география ұғымы XVIII ғасырда пайда болды. Ол кезеңде бұл ұғымды көбінесе шекаралармен байланыстыратын. Саяси география мен геосаясаттың ғылым ретінде қалыптасуына көптеген ғалымдар атсалысты. География ғылымы халықаралық саясатқа ұдайы үлкен ықпал ететін. География кез келген мемлекеттің сыртқы саясатында аса маңызды фактор болып табылады. Ғылыми бағыт ретінде саяси география мен геосаясат ХХ ғасырдың басында қалыптасты, бұл саланың негізін салған неміс географы Фридрих Ратцель (1844-1904)деп есептеледі. Ратцель кеңістік мемлекет орналасқан жай ғана аумақ емес, оның саяси күші екендігі туралы идея айтты. Ол кез келген мемлекеттің дамуын оның кеңістік тұрғыда кеңеюімен байланыстырды. Ф. Ратцель экспансияның жеті заңын ойлап тапты:

1) Мемлекеттің көлемі оның мәдениетінің дамуына қарай ұлғая береді;

2) Мемлекеттің кеңістік жағынан ұлғаюы оның дамуының басқа көріністерінен де байқалады: идеология, өндіріс, сауда қатынастары дамып, мемлекеттің «тартушы сәулесі» артады;

3) Шағын деңгейдегі саяси бірліктерді «жұту» және өзіне тарту арқылы мемлекет ұлғаяды;

4) Шекара – мемлекеттің шетіндегі бір «орган», оның ажырамас бір бөлігі;

5) Кеңістіктік экспансияны жүзеге асыру арқылы мемлекет өзінің дамуы үшін аса маңызды аймақтарды (жағалау бөліктер, өзен алаптары, аңғарлар және жалпы бай аумақтар) қамтып қалуға тырысады;

6) Экспансияға түрткі болатын бастапқы импульс сырттан келеді, өйткені мемлекет өркениетінің дамуы өзінен төменірек сатыда тұрған мемлекеттің (немесе аумақтың) есебінен кеңейгісі келеді;

7) Неғұрлым әлсіз ұлттардың ассимиляциясы немесе тұтасуы тәрізді тенденция қозғалыстағы аумақтардың одан әрі ұлғая беруіне түрткі болады.

Ф. Ратцель сол кездегі германиялық геосаясатта кең қолданысқа ие болған «өмірлік кеңістік» (Lebensraum) деген ұғымды ғылыми айналымға енгізді. Осы ұғым арқылы неміс географы Германияның негізгі эколномикалық және саяси проблемалары ол үшін өте тар, әділетсіз бөлінген шекаралармен байланысты, яғни бұл мемлекеттің қарыштап дамуына оның аумағының тар болуы кедергі болып отыр дегенді дәлелдегісі келді. Ғалымның көзқарасы бойынша, болашақта халықаралық саясатта ірі құрлықтық кеңістіктерді алып жатқан ірі мемлекеттер басым болуы тиіс еді. Сонымен қатар, Ратцель теңіздік кеңістік факторының саясатқа ықпалын талдады. Ол сол кезеңде Жерорта теңізі алабы мен Атлантиканың стратегиялық маңызы бар деп есептегенімен, болашақта Тынық мұхиттың маңызы артатындығын болжады.

Британдық ғалым, саясаткер сэр Хэлфорд Джон Маккиндер (1861-1947) Лондон университетінде география профессоры қызметін атқарды және Лондон экономикалық мектебінің директоры болды. Ғалым-географ, саясаткер ретінде ол мемлекеттік маңызы бар саяси шешімдерді қабылдауға қатысты. 1904 жылдың 25 қаңтарында Маккиндер Корольдік географиялық қоғамда «Географическая ось истории» атты баяндама жасады. Осы баяндамасында ол жаңа геосаяси концепцияны негіздеп берді.

Маккиндер осьтік аймақта басымдылық жағдайға ие болған кез келген құрлықтық держава (Ресей, Германия, Қытай және т.б.) теңіздік әлемді ту сыртынан келіп басып алуға қабілетті деген пікір айтты. Осыған сәйкес, Маккиндер ірі және даму үстіндегі «осьтік» халықтар болып табылатын орыс-герман одағының қауіпті екендігін атап көрсетті.

Маккиндер мемлекет үшін ең ұтымды географиялық орын орталық болып табылады деген пікірде болды. «Орталық» деген ұғымның өзі салыстырмалы түрде және нақты географиялық кеңістікке қатысты әрқилы болуы мүмкін. Әлемдік тұрғыдан алғанда, дүниенің ортасы Еуразия материгі болса, оның ортасы «әлемнің жүрегі» («хартленд») болып табылады. Хартленд – Еуразия құрлығының орталығы, сол себепті бұл бүкіл әлемді бақылау жасауға қолайлы географиялық плацдарм. Маккиндердің «Әлемдік арал» деген ұғымына Азия, Африка, Еуропа жатады. Оның ең ортасында «тарихтың географиялық білігі» жатыр, ол геосаяси тұрғыдан Ресейге сәйкес келеді. Қазақстанның географиялық орны да осы хартленд ұғымына жақын келеді.

Бұдан кейінгі белдеуді Маккиндер «ішкі жарты ай» деп атаған. Бұл белдеуге Еуразияның жағалық бөліктері сәйкес келеді. Маккиндер бойынша, «ішкі жарты ай» өркениеттің ең қарқынды дамитын зонасы болып табылады.

Сулы және құрлықтық кеңістіктердің ұштасуы халықтар мен мемлекеттердің тарихындағы жетекші фактор деп есептеледі. Бұдан соң «сыртқы немесе аралдық жарты ай» деп аталған белдеу өтеді. Бұл зона толығымен сыртқы (географиялық жағынан да, мәдени жағынан да) зона болып табылады. Маккиндер хартлендтің күшін азайту үшін оның шеткі бөліктерін «тартып алу» саясатын жүргізу қажет деді. Әлемнің геосаси тарихын Маккиндер 3 кезеңге бөлген:

- Колумбқа дейінгі кезең. Мұнда сыртқы белдеудегі жерлерге (Рим империясы) хартленд (герман тайпалары, ғұндар, ал орта ғасырларда Алтын Орда) тарапынан ұдайы қауіп төніп тұратын.

- Колумб кезеңі. Бұл кезеңде «ішкі жарты ай» аумақтары белгісіз жерлерді жаулап алуға аттанды.

- Колумбтан кейінгі кезең. Жаулап алынбаған жер мүлде жоқ. Өркениеттердің динамикалық пульсациялары халықтар арасындағы соғыстарға алып келді.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 1230

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 2 страница | Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 4 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.029 сек.