Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 5 страница

Мәдени, діни алшақтықтар негізінде қалыптасатын қақтығыстар негізінен алғанда әртүрлі діндер тоғысқан аумақтарда орын алады. Мысалы, Таяу Шығыстағы араб-израиль жанжалы, бұрынғы Югославиядағы сербтер мен албандардың қақтығысы, Таулы Қарабахқа қатысты армян-әзірбайжан жанжалы, Үндістан мен Пәкстанның шекаралық даулары және т.б.

ХХ ғасырда әскери қақтығыстар саны жергілікті соғыстарды қоса есептегенде 230-ға жуық болса, ХХІ ғасырдың алғашқы 11 жылында олардың саны 48-ге жетті. Әскери қақтығыстардың болу мүмкіндігін жыл сайын артып отырған әскери шығындар көлемі де анықтап береді. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, әскери шығындардың жалпы көлемі дүние жүзі бойынша шамамен 1,63 трлн. АҚШ долларын құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,3% ғана жоғары.

Этносаяси кикілжіңдер проблемалары.Дүние жүзіндегі жартысына жуығында негізгі ұлттан басқа бес немесе одан да көп ұлт өкілдері тұрады. Жалпы алғанда, дүние жүзінде 8 мыңға жуық ұлттар бар. Мұның өзі этностық негізде қақтығыстардың болу мүмкіндігін анықтап береді. Ұлтаралық қақтығыстар тіпті дамыған демократиялық елдердің (Канада, Франция, Ұлыбритания) өзінде көрініс береді. Америкалық зерттеуші Тед Роберт Гарр ұлтаралық қақтығыстардың болу мүмкіндігін анықтайтын факторларды атап көрсеткен:

1. Елдегі этностық немесе діни шағын топтардың бұрынғыдан үлкенірек автономияны талап етуі, көп жағдайда бұл талаптар саяси немесе экономикалық әдістермен шешіледі.

2. Елдегі шағын ұлттардың бұрын-соңды өз мемлекеті болған болса, әскери әрекеттер мүмкіндігі 60%-ға артады. Жеке мемлекеттің қашан, қай жерде болғаны бұл жерде маңызды емес. Мысалы, Канаданың Квебек провинциясының француздары тәуелсіздікті талап етуін бұрын Канада француз отары болуымен түсіндіреді.

3. Тәуелсіздікті талап етіп отырған топтардың ұйымдасуы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың қарулы күресті бастау мүмкіндігі жоғары болады. Мысалы, Солтүстік Ирландияның негізгі халқын біріктіретін ұйымдасқан орталықтың болмауы католиктік топтардың протестанттық Ұлыбританиядан бөлінуін талап еткен әрекеттері нәтиже бермей отыр.

4. Өз тәуелсіздігін алғысы келетін аймақтарда инфрақұрылым мен ақпараттық технологиялар жетілген сайын, қарулы қақтығыстар болу қаупі артады.

5. Этностық немесе діни топта туу деңгейі жоғары болған сайын, оның тәуелсіздік үшін күресті бастау мүмкіндігі артады.

6. Белгілі бір этностық немесе діни топ орталық үкіметтен неғұрлым аз қысым көрсе, соғұрлым қарулы күресті бастау мүмкіндігі зор болады. Шындығында да, тәуелсіздікті талап еткен топтардың көпшілігі демократиялық мемлекеттерде тұрады және елдің демократиялық режимге көшуі көп жағдайда жекелеген топтардың тәуелсіздікті талап етуге алып келеді.

7. Әскери әрекеттердің болу мүмкіндігі белгілі бір діни немесе этностық топ өкілдері бұрын тәуелсіздік үшін күрес жүргізген жағдайда арта түседі.

Ұлтаралық қақтығыстар әсіресе ұлы державалар ыдыраған кезеңге сәйкес келеді. ХХ ғасырдың 90-жылдарында көп ұлтты мемлекеттер болып саналатын КСРО мен Югославия ыдырады, әсіресе соңғысында қарулы қақтығыстар орын алды. 1992 жылдан бері дүние жүзі елдерінің 1/3-інде этностық негіздегі кикілжіңдер орын алды.

Жікшілдіктің географиялық типтері: мемлекетті орталықтандыру және сан аз ұлттардың өзін-өзі билеуі.Жікшілдік немесе сепаратизм (латынша separatus – жеке) деп жаңа тәуелсіз мемлекет құру мақсатында немесе өте кең құқықты автономия мәртебесін алу үшін мемлекет аумағының жеке бөлігін оқшаулап, бөліп алуға бағытталған саясат пен әрекеттерді атайды. Жікшілдік мемлекеттің егемендігінің, бірлігінің және аумақтық біртұтастығының бұзылуына алып келеді.

Жікшілдікке белгілі бір халықтардың, діни топтар мен шағын ұлт өкілдерінің құқықтарының бұзылуы себеп болады. Жікшілдік қазіргі кезде кейбір дамыған (Канада, Испания және т.б.) және дамушы елдер (Үндістан, Пәкстан, Ирак, Африка елдері) үшін күрделі мәселе болып отыр. Жікшілдік пайда болған аудандарда этностық қана емес, этноконфессиялық фактордың маңызы артып отыр. Бұл католиктер мен протестанттар (Квебек, Солтүстік Ирландия), ислам мен православие (Косово, Солтүстік кавказ, Солтүстік кипр), католиктер мен ислам (Оңтүстік Филиппин), ислам мен индуизм (Кашмир) арасындағы жікшілдік түрінде көрініс берген.

Жікшіл топтар өз дегеніне сирек жағдайда ғана жетеді. Өте тиімді аяқталған жікшілдік қорытындысы ретінде Сингапур (1965 жылы Малайзия Федерациясынан бөлініп шықты), Бангладеш (1947 жылы Шығыс Пәкстан деген атпен жаңадан құрылған Пәкстан мемлекеті құрамына енгізілді, ал 1971 жылы жеке бөлінді), Эритреяны (1993 жылы Эфиопиядан бөлінді) атауға болады.

Жікшілдікті ғалымдар 6 географиялық типке бөледі:

1. Батысеуропалық (8 ошақ)

2. Шығысеуропалық (12)

3. Исламдық (6)

4. Азиялық (14

5. Африкалық (6)

6. Америкалық (4).

Көп ұлтты және тарихы тереңге кеткен Қытай мемлекетінде де жікшілдік орын алған. Мұнда Тибет, Маньчжурия, Шығыс Түркістан, Ішкі Монғолия тәрізді тарихи құрылымдар бар. Жалпы алғанда, дүние жүзі бойынша, жікшілдіктің 50 шақты негізгі ошағы бар, олардың 20-ға жуығында қарулы қақтығыстар болып тұрады. Жікшілдік ошақтары жалпы 12,7 млн км2 аумақты алып жатыр, мұнда 220 млн халық тұрады.

Қосымша материалдар:

1) http://www.coldwar.ru – «Холодная война» сайты

2) http://ethnoconflict.ru – этностық кикілжіңдер сайты

3) Геоконфликтология: хрестоматия/Составитель Степанов А.В. – Екатеринбург, 2008. – 242 с.

4) Хантингтон Сэмюэль Филлипс. Столкновение цивилизаций? //Перевод на русский язык. – Полис – № 1 – 1994.

 

Дәріс №8

Экономиканың аумақтық ұйымдасу проблемалары мен құрылымы (3 сағат)

Қоғамның өндіргіш күштерінің аумақтық ұйымдасуының формалары.География ғылымдарының бүкіл жүйесі үшін қазіргі кезде басты зерттеу мәселесінің бірі қоғамның аумақтық ұйымдасуы проблемасы болып табылады. Ресейлік географтардың жүйелі зерттеулері аумақтық ұйымдасуға қатысты мынадай түсініктерді анықтауға мүмкіндік берді:

1. Орналасу (жер бетінде объектілер мен олардың жүйелерінің нүкте, сызық және ареалдар түрінде шоғырлануы);

2. Аумақтық айырмашылықтар (жер бетінің кеңістіктік, құрылымдық және басқа сандық және сапалық белгілері бойынша жіктелуі);

3. Кеңістіктік қатынастар (объектілердің өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін анықтайтын орналасу реті);

4. Кеңістіктік көлденең байланыстар (адамдар, заттар, энергия, қаржы, ақпарат ағындарынан көрініс табатын кеңістік қатынастары);

5. Аумақтық жүйелер (өндірістік байланыстары бар, бірақ бір-бірінен оқшау орналасқан біртекті объектілердің топтары);

6. Аумақтық кешендер (белгілі бір жерде бір-бірімен «вертикалды» байланыстармен біріккен әртекті объектілердің үйлесуі);

7. Аумақтық құрылымдар (аумақтық жүйелердің немесе кешендердің өзара орналасуы мен жіктелу тәсілдерін бейнелейтін құрылымдар); мысалы: халық қоныстануының аумақтық құрылымы немесе елдің экономикалық аудандары;

8. Кеңістіктік процесстер (жер бетіндегі көлденең бағытта дамитын кез келген салыстырмалы түрде тұрақты өзгерістер); мысалы: қоныстану, орналасу, игерілу, шоғырлану, стратификация және т.б.

9. Кеңістіктік морфология (жекелеген объектілердің, жүйелер мен кешендердің пішіні мен конфигурациялары); мысалы: қалалардың, өнеркәсіптің орналасу үлгілері;

10. Кеңістіктік басқару (аумақтық ұйымдасудың жоғарыда аталған аспектілерінің барлығына қатысты мақсатты, бағытталған шаралар қолданудың жиынтығы).

Қоғамның аумақтық ұйымдасуын зерттеу негізінде қазіргі заманғы қоғамдық географияда мынадай заңдылықтаранықталған:

- Адамдардың тіршілік әрекетінің аумақтық жіктелуі.Адамдар шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғи ортамен өзара қатынастарға түседі және бұл қатынастар кеңістік бойынша жіктеледі.

- Қоғам өмірінің аумақтық шоғырлануы және бытырауы.Қоғамдық өмірдің аумақтық шоғырлануы мен интеграциялануы әлеуметтік-экономикалық аудандардың, тораптардың, орталықтардың пайда болуынан, қалалар саны мен елді мекен тұрғындарының артуынан, ішкі байланыстардың нығаюынан көрінеді. Бұл процесс екінші бір жердегі бытыраумен қатар жүреді.

- Қоғамның кеңістіктік жіктелуі. Қоғамда кеңістіктік деңгейлері әртүрлі макро-, мезо-, микроаудандар болады. Әрбір иерархиялық деңгей өзінің қызметтік жүктемесін орындайды және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында белгілі бір роль атқарады.

Қоғамның дамуының әртүрлі кезеңдерінде аумақтық ұйымдасу формалары әркелкі болды. Қоғам дамуының технологиялық тарихын әдетте мынадай ірі кезеңдерге бөледі:

- аграрлыққа дейінгі

- аграрлық

- индустриялық

- постиндустриялық

Олардың әрқайсысына тән өзіндік технологиялық құрылым бар.

Аграрлыққа дейінгі кезеңге экономиканың ресурс пайдаланушы типі (аңшылық, балық аулау, терімшілік) тән болды. Бұл экономика жыл сайын қалпына келетін ресурстарды пайдалану мен адамның бұлшық ет энергиясын қолдануға негізделді, бұл кезеңде халық тығыздығы төмен болды, ал тұрақты елді мекендер мен коммуникациялар мүлде болмады. Қоғамның аумақтық жіктелуі тек табиғат жағдайларының әркелкілігімен анықталды. Ақпарат жеткізу ауызекі сөйлесу деңгейінде болды.

Аграрлық революция кезеңіндеэкономиканың алғашқы, ресурс өндіруші типі қалыптасты. Оған табиғатты пайдаланудың аумақтық формасы тән болды, қоныстану орталықтанбаған сипат алды, халық жыртылған жерлері көп аудандарға көбірек шоғырланды, бастапқы көлік инфрақұрылымы қалыптаса бастады, бұлшық ет энергиясымен қатар, жел, су энергиялары қолданыла бастады, жермен байланысты жұмыстарға негізделген аумақтық ұйымдасу пайда болды. Осы кезеңде өзіндік экономикалық орталықтар ретінде қалалар қалыптасты. Ақпараттық революция жазудың пайда болуымен (Месопотамиядағы шумерлердің б.з.д. 3250 жылғы саз тақталары), кітап басып шығарумен (15 ғасыр), алғашқы кітапханалардың құрылуымен, пошта, елшілік байланыстарының реттелуімен байланысты болды, яғни білім мен ақпарат жинақтаудың, алмасудың жаңа түрлері пайда болды. Көлік (мұхитта жүзуге мүмкіндік беретін кемелердің жасалуы) және сауда (басқа дүние бөліктерімен тауар алмасу мүмкіндігі) революциялары мемлекеттер арасындағы өзара байланыстарды күшейтті. Бұл экономика типі көптеген елдерде («аграрлық елдер») әлі күнге дейін сақталып отыр.

Индустриялық кезеңгеөнеркәсіп пен құрылыстың басымдылыққа ие болуы, яғни экономиканың екінші, ресурс пайдаланушы типінің қалыптасуы тән болды. Бұл экономика минералды шикізатты, энергетикалық ресурстарды жаппай пайдалануға, бу энергиясын, іштен жанатын қозғалтқыштарды, электр энергиясын қолдануға, көлік инфрақұрылымының жасалуы мен байланыс құралдарын дамытуға негізделді. Осы кезеңде деректерді жеткізудің жүйелері (телеграф – 1837 жыл, телефон – 1875 жыл, радио – 1895 жыл, кино – 1895 жыл, теледидар – 1926 жыл) жасалып, ақпарат жинақтау мен сақтаудың жаңа құралдары (аудио-, видеодисктер), нақты объектілерді көрсететін орындар (мұражай, зоопарктер, ботаникалық бақтар және т.б.) пайда болды. Географиялық кеңістіктің шоғырлану және жіктелуі артқан сайын табиғатты пайдаланудың және қоғамның аумақтық ұйымдасуының аудандық және жергілікті формалары пайда болды. Адамзаттың басым бөлігі қазіргі кезде дәл осы кезеңге тән өмір салтымен өмір сүреді.

Постиндустриялық қоғамға өту.«Постиндустриялық даму» ұғымын ғылыми айналымға ХХ ғ басында Азия елдерінің индустриялану кезеңіне дейінгі дамуын зерттеген ғалым А.Кумарасвами енгізген болатын. Қазіргі мағынасында бұл термин ХХ ғ 50-жылдарының соңына қарай қолданыла бастады. 1958 ж америкалық әлеуметтанушы Д. Рисман да бұл терминді қолданған болатын. Ал 1959 ж Гарвард университетінің профессоры Дэниел Белл Зальцбург қаласында (Австрия) халықаралық әлеуметтану семинарында жасаған баяндамасында технологияландыру әсерінен өнеркәсіп секторы өзінің жетекші маңызынан айрылып, ғылым негізгі өндіруші күшке айналатынынын, мұны постиндустриялық қоғам деп атауға болатынын атап көрсетті.

Постиндустриялық теория негізінен іс жүзінде дәлелдене бастады. Осы ілімнің негізін қалаушы ғалымдар атап өткендей, жаппай тұтыну қоғамы біртіндеп қызмет көрсету саласын қалыптастырды, ал оның негізінде ақпараттық экономика жылдам дами бастады. Дегенмен, зерттеушілер арасында постиндустриялық қоғамның пайда болу себептеріне қатысты бірыңғай көзқарас жоқ екендігін де атап өтуіміз қажет. Ресейлік ғалым В.Л.Иноземцев өзінің зерттеулерінде жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, постиндустриялық қоғамның пайда болуы мен дамуының мынадай алғышарттарынатап көрсеткен:

1) Технологиялардың жетілдірілуі, өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру материалдық өндірісте жұмыс істейтін адамдар санын қысқартады.

2) Қазіргі заманғы экономиканың дамуы онда жұмыс істейтіндердің басым көпшілігінің жоғары білімді болуы міндетті болатындай деңгейге жетті.

3) Тұрғын халықтың едәуір бөлігінің тұрмыс деңгейі көтерілгені соншалық, қоғамның құндылықтары арасында ақыл-ойды дамыту мен шығармашылық қабілеттерді жетілдіру маңызды орын алатын болды.

4) Негізгі материалдық қажеттіліктері қамтамасыз етілген, ой еңбегімен айналысатын адамдардың қызмет көрсетуге деген сұранысы артты.

5) Жоғары біліктіліктілікті қажет ететін еңбектің үлесі артқандықтан, жұмыс істейтіндердің біліктілігі негізгі «өндіргіш күшке» айналды. Мұның өзі қоғам құрылымын өзгертеді, ал материалдық «өндіргіш күштер» бұрынғы маңызынан айрылады.

Аумақты тиімді басқару.Қазіргі заманғы аумақтық жоспарлау аумақтардың экономикалық дамуының негізі болып табылады. Аумақтарды басқару дегеніміз – тұрғын халықтың аумақтағы өмір сүруін қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру. Ал аумақтарды тиімді басқару дегеніміз аумақтағы өмір сүру жағдайларын біртіндеп жақсартуды қамтамасыз ететін ең дұрыс шешімдерді қабылдау деген сөз. Мысал ретінде қала аумағын дамытудың кешенді жобасын келтірейік.

 

Мұнда қала аумағын тиімді басқаруға көшу бірнеше кезеңдерді қамтиды. Сонымен қатар, аумақтық басқаруға қатысты шешімдер қабылдау бірнеше блоктардан тұратын кешенді жоспар болып табылады.

Нормативтік-құқықтық блок аумақтың мемлекеттік және аймақтық даму саясатына сәйкес дамуын басқару қызметін нормативтік-құқықтық реттеуге бағытталған ұйымдастыру жұмыстары мен ұсыныстар кешенін қамтиды. Бұл шаралар шешімдердің заңнамалық негізін қамтамасыз етіп, оларды орындауға міндеттейді.

Ұйымдастыру блогы іскерлік жобалар мен электрондық әкімшілік регламенттерін, электрондық қызмет көрсетуді енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің тиімділігін арттыру, аумақтардағы мәселелерді шешудің озық үлгілерін пайдалануды қамтиды.

Ақпараттық блок – мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының аумақтарды басқару саласындағы қызметіне қажетті ақпараттық ресурстар мен деректерге бірыңғай деңгейде қол жеткізу. Мұндай ақпараттық ресурсты қалыптастыру мына бөліктерді қамтиды:

- аумақтың қазіргі жағдайы туралы деректердің жалпылама базасын жасау;

- қала құрылысына қатысты құжаттарда өзара байланысты шешімдердің жүйесін жасау;

- мекемеаралық байланыстар мен келісімдер арқылы ақпараттық жүйелердің деректерін алып отыру;

- әртүрлі салалардың тақырыптық деректерін жинақтау.

Қазіргі заманғы география ғылымының даму бағыттары Халықаралық география одағы (1922 жылы Брюссельде құрылған ұйым) конгрестерінде нақты көрініс табады. Мысалы, 2008 жылы Тунисте өткен 31 Конгреске 75 елден 1205 делегат қатысқан болатын. Конгрестің басты тақырыбы «Аумақтарымызды бірігіп жасайық» деп аталды. Мұнда ғылыми мәселелер 8 тақырыпша бойынша талданды:

- Аумақ географияның объектісі ретінде;

- Аумаққа стратегиялық көзқарастар;

- География қолданбалы ғылым ретінде;

- Жаһандану және аумақтар;

- Жаңа технологиялар және аумақтар;

- Аумақ және қоршаған орта, аумақтық жоспарлау және тұрақты даму;

- Аумақтар: жанасу және жіктелу зоналары;

- Географиядағы аумақтарды жаңғырту

Негізгі географиялық зерттеулер аймақтық даму, кеңістіктік жүйелердің динамикасы, экологиялық-экономикалық талдау, картаға түсіру, жерді пайдалану сияқты салаларды қамтиды.

Сыртқы экономикалық байланыстар мен әлем елдері экономикасының дамуының негізгі үлгілері.Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың даму сипаты мен тенденциялары ұлттық және аймақтық экономикалық құрылымдардың өзара тығыз байланыста болуына алып келеді. Қазіргі дүниеде кез келген елдің экономикалық дамуын оның сыртқы экономикалық байланыстарынан тыс алып қарау мүмкін емес. Сыртқы экономикалық байланыстар деп елдер мен аймақтардың өзара шаруашылық байланыстарының жүйесін атайды. Сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі түрлеріне халықаралық сауда, халықаралық қаржы-несие қатынастары, мемлекетаралық өндіріс кооперациясы, халықаралық қызмет көрсету, ғылыми-техникалық байланыстар және халықаралық туризм жатады.

Қазіргі дүниедегі геоэкономикалық кеңістікте ұлттық экономикалардың әрекет ету бағыттарын, олардың сыртқы факторлар ықпалымен өгерістерге түсуін ескере отырып, сыртқы экономикалық байланыстардың (СЭБ) үлгілерін анықтауға болады. Елдердің сыртқы экономикалық байланыстар кешендеріне жүйелік талдаулар жасау нәтижесінде СЭБ үлгілері 1) ұлттық экономиканың даму стратегиясында сыртқы экономикалық байланыстар кешеніне қандай орын берілетіндігіне қарай; 2) елдердің сыртқы байланыстарының өзіндік сипатын анықтайтын экономикалық жаратылысына қарай; 3) сыртқы экономикалық байланыстар кешенінің ұлттық экономика мен дүниежүзілік шаруашылыққа бейімделуі тұрғысында үш топқа жіктеліп, әрқайсысына сәйкес үлгілер тобы анықталды (сурет).

 

 

сурет.Сыртқы экономикалық байланыстар кешенінің үлгілері

Стратегиялық мақсат тұрғысында жіктелген үлгілер ұлттық экономиканың жалпы даму стратегиясында сыртқы экономикалық байланыстарға қандай орын берілетініне байланысты анықталады. Сыртқы экономикалық байланыстарды экономикалық бағдар алу мақсатында дамытатын елдер құрылымдық өзгерістерге ұшырап жатқан ұлттық экономиканы қай бағытта дамыту қажеттілігін анықтайды. Кейбір елдердің сыртқы экономикалық байланыстар кешені экономиканы тұрақтандырушы қызмет атқарады. Бұл жағдайда сыртқы байланыстар шаруашылық дамуды тұрақты деңгейде сақтау, экономикалық тепе-теңдіктерді ұстап қалу мақсатын көздейді. Ал автаркиялық үлгіні таңдаған ұлттық экономикалар жергілікті ресурстарға сүйену, оқшаулану, сыртқы байланыстарға шектеу қою бағытын ұстанады.

Экономикалық жаратылысы бойынша жіктелген үлгілер елдердің сыртқы экономикалық байланыстарының экономикалық типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Жабдықтаушы-жөнелтуші үлгідегі сыртқы экономикалық байланыстар алдын-ала келісілген шарттар негізінде белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімдерде, келісілген бағамен өнімдерді жөнелту арқылы жүзеге асырылады. Жөнелтулердің шартты түрде жоспарлы сипат алуы бұл байланыстардың әлемдік нарықтағы өзгерістерге, бәсекелестікке тәуелсіз болуына ықпал етеді. Сауда-делдалдық үлгі жағдайында ұлттық экономикаға әлемдік нарықтың барлық мүмкіншіліктері ашылады: ұдайы бәсекелестікке түсу арқылы ұлттық экономикалар құрылымдық өзгерістерге түседі, өнім сапасына қатаң талаптар қойылады, экономикалық әлеуетті жұмылдыру қажеттілігі туындайды, түрлі субъектілердің нарыққа шығу мүмкіндіктері пайда болады. Өндірістік-инвестициялық үлгіде ұлттық экономикалардың байланыстары біржақты сипатта емес, бүкіл өндірістік цикл ауқымында дамытылады. Бұл өз кезегінде байланыстардың күрделенуіне және сан-салалы (қаржы-инвестициялық, ғылыми-техникалық, несие, өндірісті басқару және т.б.) болуына алып келеді.

Бейімделу қабілетіелдің сыртқы экономикалық байланыстар кешенінің экономикалық ортамен байланысу деңгейін сипаттайтын тағы бір маңызды белгісі болып табылады. Ұлттық және әлемдік экономика аралығында өзіндік бір көпір қызметін атқаратын болғандықтан, бұл сектор ұлттық экономикамен де, дүниежүзілік шаруашылықпен де тығыз байланысқан болуы қажет. Дегенмен елдердің сыртқы экономикалық байланыстар кешендерінің экономикалық бейімделуі әртүрлі деңгейде болады. Осыған сәйкес, оның 3 негізгі үлгісі ажыратылады. Теңдестірілген үлгі ұлттық экономика үшін де, әлемдік нарық үшін де қолайлы болып табылады, өйткені ол ішкі және сыртқы экономикалық ортаға толығымен бейімделген, ұдайы дамып, жетілдірілетін кешен сипатында болады. Теңдестірілген үлгіге өндірістік-инвестициялық үлгідегі сыртқы экономикалық байланыстар кешені жақын болады.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 1476

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 4 страница | Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 6 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.006 сек.