Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Тараз 2014 9 страница

Республикадеп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік, парламенттік жыне аралас (немесе жартылай президенттік) болып екіге бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлау мүмкін. Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді.

2. сұрақ.Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: 1)қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, 2)оның саяси өмірін ұйымдастыру, 3)әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару, 4) үкімет органдары, саяси емес процесстерге басшылық жасау, 5) саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, 6) белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық не жабық қоғамды құру, 7) қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау, 8) дау - дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу, 9) қоғамдық келісімге, мәлімге келу және т.б.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы Ағылшын ойшылы Джон Локк /1632-1704/ пен Француз ғалымы Ш.Л.Монтескье /1689-1753/ болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Соттық билік адамдардың қүқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылық-тан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конститудиялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірудің тәсіл демелік негізі болды. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке - дара қүқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгендей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады.

3 сұрақ. Легитимділік(латын тілінде зандылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимділікті үш үлгісін көрсетті:

1) Әдет-ғұрыптық легитимділік халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, хан, патша т.с.с.

2)Харизматикалық легитимділік-ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі, қабілет-қасиеттермен көзге түчкен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы Мұхаммед пайғамбар.

3)Ақыл-парасаттың, құқықтың заңдылығы қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

Мемлекеттік құқықтық тәртіптің заңдылығының ең биік дәрежесіне Конституция жатады.

6. Қоғамнын саяси жүйесі

1. Саяси жүйе туралы ұғым.

2. Саяси жүйенің қызметтері.

3. Саяси жүйенің жіктелуі.

1. «Саяси жүйе» ұғымы XX ғасырдың ортасында ғана терең негізделіп, кең тарала бастады. Қазіргі кезде саяси жүйе қағидаларының негізінде Аристотель заманынан бастау алған саясат жөніндегі түсінік жатыр. Ол: саясатты бейне бір дербес тұтас нәрсе деп қарау.

Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылықпен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара арақатынастарды реттейтін үйымдар мен мекемелердің жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар т.б. жатады.

Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдары Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Сонда, кешегі кеңестік Қазақстанның саяси жүйесінен 17 жыл бойы тәуелсіз, дербес дамыған бүгінгі Қазақстанның саяси жүйесінің басты айырмашылығы неде?

1) Ең алдымен еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған президенттік институт қалыптасты. 2) Қазақстанның конституциясы және заңнамасы мен мемлекеттік билік тармақтары қалыптасуы. 3) Саяси жүйенің барлық ресми институттары қызметінің негізінен бір ортақ мақсатқа демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құруга бағытталуы. 4) Бұхаралық ақпарат құралдарының дербес жүйесінің пайда болуы. 5) Жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы. 6) Елімізде халықтың саяси және қүқықтық мәдениеттің өсуі. 7) Көп партиялық жүйенің пайда болып қалыптасуы. Басқа мемлекеттердің саяси жүйелері шиелініскен қоғамдық жан - жақты терең сілкіністер, қақтырыстар арқылы өтетін жолды, Қазақстан 17 жылда саяси эволюция, демократиялық даму жолымен бір шама сәтті өтті.

2 сұрақ. Саяси жүйе төменгідей қызметтерді атқарады: 1)белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету; 2) саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат - мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады; 3) саяси жүйе қоғамда - жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады; 4) экономиканың қалыпты жүмыс істеуіне қажетті саяси жағдай жасау; 5) қоғамды, оның мүшелері ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттен қорғайды.

Саяси жүйе қоғамда тәртіпті, бірлікті қамтамасыз етеді, әртүрлі қоғамдық топтар, ұйымдар мен қозғалыстардың қызметтерін реттейді, қоғамдық қатынастарды үйлестіреді, қазына байлықты, қаржыны бөледі.

3 сұрақ. Зерттеушілер саяси жүйенің мынандай негізі төрт бөлігін атайды: саяси институттар; саяси қатынастар; саяси ережелер; саяси мәдениет.

Саяси жұйенеің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Сонда да мынандай жіктелулерді қарастырып көрейік: 1)формация мен әлеуметтік - экономикалық құрылымы жағынан қарау (Маркстік тәсіл: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп біледі); 2)Саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан «батыс» және «шығыс» мәдениеті деп жүйеленеді; 3)саяси жүйелер сонымен қатар ашық және жабық, аяқталған және аяқталмаған, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған т.б. болып жіктеледі. 4) қазіргі қоғамда кең таралған жіктеу мемлекеттегі орныққан саяси тәртіп (режим) тұрғысынан жіктеу.

Қорыта келгенде саяси жүйе қоғамның күрделі құрылымы болып табылады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдарының өміршең тұрақты дамуы саяси жүйенің жақсы жүмыс істеуіне байланысты.

7. Әлеуметтік – этникалық қауымдастықтар және ұлт саясатты

1) Этнос және ұлт. Ұлт мәселесі және оның құрылымы, формалары.

2) Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері.

ХХ ғасыр әдеттен тыс ғажайып жағдайларға толы. Соның бірі – этникалық жаңару, қайта өркендеу мәселесі (этнос деген грек сөзі, тайпа, халық деген мағынаны білдіреді).

Этнос – көне термин. Ол белгілі бір дәрежеде ұлттық деген сөзге сәйкес келеді, яғни ұлт қай аумақта тұратындығына қарамастан бір ұлтқа жататын адамдардын жиынтығы болып табылады..

Ұлт деп жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері мен психологиялық құрылымының ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік этникалық бірлестігін айтады.

Белгілі бір жуйенің ұлттарында қандай ортақтық бар, оларды өзара, шын мәнінде, не жақындастырып, туыстастыратындығын білдіреді. Ұлттың құрамында тіл, жер, ұлттық сана-сезім, мәдениет этникалық аспектіні көрсетеді. Ол арқылы біз ұлттардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екендігін, қалайша ажыратылатындығын білеміз. Соңғы онжылдықтарда Батыс саясаттануында этникалық саясат деген жаңа бағыт пайда болды. Ол-дүние жүзіндегі болып жатқан этникалық дау-жанжалдарды, ұлттық шиеленістерді түсіндірүге, оларды шешу жолдарын анықтап, сондай-ақ белгілі бір аймақтарда мұндай дау-дамайлардың болуын алдын ала болжай білүге арналған жалпы теория. Бұл теория этникалық дау-жанжалдарға плюралистік қоғамда әрдайым кездесіп тұратын әдеттегі жағдай сияқты қарайды. Ұлттық саясат әр кезенде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі танда бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты саясаттар белгілі.Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін, мәдениеттән, ұлттық сана сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуін айтады. Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілікті айтады. Бұл адамдар арасындағы айырмашылықтыбекітіп, «екінші» халықты тендік жөнінде қандай болмасын мәселе көтерүге мүмкіншілік бермейді. Соңғы кезде сегрегация Оңтүстік Африка Республикасында бой көрсетті. Геноциддеп адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыруды немесе қудалауды айтады.

2сұрақ. Бұрыңғы Кеңес Одағы кезінде Қазақстан Ресей империясына тәелді басқа елдер сияқты езгінің астында болды. Ол патша өкіметінің отаршылдық саясатын одан әрмен жүргізді. Адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы – Кеңес халқын құрамыз деген желеумен орыстандыру саясатын жүзеге асырмақ болды. Тарихымыз аяусыз бұрмаланды. Тілімізден, діңімізден айырылып қала жаздап, рухани мәдениетіміз небір зобаланды басынан кешірді.

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін жағдай өзгере бастады. Аяулы ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тұған жерімізде бірталай өзгерістер болып жатыр. Солардың ішінде ең бастыларының бірі тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Республика халқының жартысына жақыны орыс тілділер болғандықтан болар, Қазақ Республикасының жаңа Конституциясының 7-бабында «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» делінген. (Қ.Р. Конституциясы, Алматы, 1999, 8-бет ). Ата-Заңның 14-бабында: «1Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлттына, тіліне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітүге болмайды » деп атап көрсетілген. Қазақстанда қазір 130-ға жұық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ұлтының көркеюін қалайды, өз ана тілінде сөйлегілері келеді, өздерінің балалрын, немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі – табиғи, заңды нәрсе. Соңдықтан біз өзге ұлт өкілдерін кемсітпеуіміз, шеттетпеуіміз керек. Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақстандық ұлтжандылық», «жалпықазақстандық мақтаныш» рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн.

Қосымша тапсырма

1Ұлттық саясат деп нені айтамыз.

2. Қоғамның әлеметтік құрылымы қалай жіктеледі.

3. Республикамыздағы әлеуметтік құрылымның даму үрдісін қалай түсінеміз.

8 . Мемлекет және азаматтық қоғам

1) Мемлекеттің пайда болуы мен мәні

2) Мемлекеттің белгілері мен қызметтері

3) Азаматтық қоғам және және құқықтық мемлекет

3. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет.

1.Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1)кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік ақпараттың жиынтығын білдіріп, «үкімет», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерлерде біз сол мағынасын ұсынамыз.

Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ, ол құл иеленуішлік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы мен мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:

- теологиялық теория. Оның негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттщ пайда болуые құдайдың қүдыретімен түсіндіреді;

- патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.

- қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді;

- «зорлық жасау» теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды;

- географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді;

- психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

- марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.

Сонымен мемлекет дөп белгілі аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бағалайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз. Мемлекеттің бірнеше белгілері бар: аумақтық (территориялық) бөліну; ерекше өкімет аппараты;

мемлекеттің егемендігі; ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру; салық салу; мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері болады. Мемлекеттің ең басты міндеті - қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктеуге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

2. Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның үш жағы бар: 1) басқару турі, 2) саяси тәртібі (режим), 3) мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жогарғы үкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соган байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия деп - мемлекеттің жоғарғы үкімет билігі жеке - дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мүра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог, сияқты құрметті атағы бірге беріледі). Монархия өз кезегінде абсалюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір ауқытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктін міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.

3. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік – экономикалық және мәдени – рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін – еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саясижәне рухани өмірінің түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық аазаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерде қатыса алады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан – жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.

Қосымша тапсырма:

1. Сайлау жүйесі деп нені айтады.

2. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде.

9. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

1) Саяси партиялардың пайда болуы мәні және қызметтері

2) Саяси партиялардың жіктелуі

3) Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы, қоғамдық саяси ұйымдар мен қозгалыстар.

1. Саяси жуйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген магынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді үйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, қүл иеленушілердің әр түрлі адамдарының мүдделерін қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Жалпыға бірдей сайлау құқығының өнгізілуі бүқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы; немістің кәрнөкті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: аристократиялық үйірімдер; саяси клубтар; көпшілік партиялар.

Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одагын айтады.

2. сұрақ. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей уйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады: авангардтық партиялар; сайлаушылар партиясы; парламенттік партия; қауымдастық партиясы.

Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі.

Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге бөлінеді: коммунистік партиялар;

социал – демократиялық партиялар; буржуазиялық – демократиялық партиялар; консервативтік партиялар; фашистік партиялар. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкүндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көп партиялық, екі партиялық және бір партиялық болып топтастырылады. Көппартиялық деп мемлөкеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялык, партиялардық болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол авторитарлық және тоталитардық қоғамдарға тән.

3 сұрақ. Републиканың саяси өмірінде "Қазақ ССР-індегі қогамдық бірлестіктер туралы" заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық үйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді үсынуға қүқылы. Республикадағы алғашқы қогамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, төуелсіздікті алып жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси курестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы жәнө т.б. қойылды. Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол - көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық үйымдар да адамдардың мүдделірін іске асырудың құрылы рөлінде пайда болады. Белгілі жастар қозғалысында «металистер», «фанаттар», «панкілер», «хиппилер», «рокерлер», «брейкелер», «пацифистер», және т.с.с, жатады.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар басшылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруга болады:

- экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: «Невада-Семей қозғалысы», «Арал -Азия-Қазақстан», «Табиғат» комитеті жөне т.б.;

- ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: «Азат» азаматтық қозғалысы, «Лад», «Русская Община», республикадағы қазақтар қозғалысы, «неміс», «ұйгыр», «грек» кәріс жөне т,б. мәдениеттік орталықтар;

- тарихи ағартушылық қоғамдар. Оған: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат», жөне т.с.с. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтынбесік», «Жерүйық», «Шаңырақ» жөне т.б.

Сонымен қатар, республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одағы және т.б, көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана максаттарына жетпек.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 1316

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Тараз 2014 8 страница | Тараз 2014 10 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.013 сек.