Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 7 страница

1. Географиялық орнының қолайлылығы. ЕЭА орналасатын аудан мемлекеттік шекараларға, негізгі халықаралық көлік жолдарына жақын болуы тиіс.

2. Жетілген инфрақұрылымның болуы. ЕЭА орналасатын ауданда қазіргі заманғы электрмен, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің болуы, сенімді телекоммуникация мен ақпараттық желілердің болуы шарт.

3. Әлеуметтік инфрақұрылымның болуы. ЕЭА орналасатын ауданда қолайлы әлеуметтік жағдайлардың соның ішінде қазіргі заманғы стандарттарға сай келетін жайлы тұрғын үйлер, бала бақшалары, мектептер мен ауруханалардың, мәдени-көпшілік, демалыс орындарының болуы.

4. Жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі. Жергілікті жерде арзан, біліктілігі жеткілікті жұмыс күшінің болуы да еркін экономикалық аймақтарды орналастырудың қажетті шарты болып табылады.

5. Қаржылық қызмет көрсету. Еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық әрекеттің даму қарқыны жоғары деңгейде қаржылық қызмет көрсете алатын қаржылық мекемелердің болуына, халықаралық, аймақтық қаржы нарықтарына қол жетімді болуына да байланысты болады.

6. Заңнамалық негіздің жасалуы. Еркін экономикалық аймақтағы қаржылық-экономикалық әрекетті реттейтін заңнамалық негіздің жасалуы және басқару саласында жергілікті биліктің құзырының кең ауқымды болуы инвестиция тартуға оң ықпал ететін фактордың бірі болып табылады.

Еркін экономикалық аймақтарды әрекет ету саласына қарай бірнеше түрге бөлуге болады (26-сурет).

 


сурет. Еркін экономикалық аймақтың түрлері

 

Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақтарды дамыту мақсатында 2011 жылдың 21 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа Заң қабылданған болатын. Қазіргі кезде Қазақстанда аталған заң шеңберінде қызметі реттелетін алты еркін экономикалық аймақтар құрылған.

Дәріс №10

Геоглобалистика және ғаламдық даму проблемалары (2 сағат)

 

Дүниежүзілік өркениеттердің қазіргі заманғы дамуының ғаламдық проблемалары.Халықаралық ұйымдар ғаламдық проблемаларды шығу тегіне, сипатына, шешу жолдарына қарай үш негізгі топқа жіктейді. Бірінші топтағы проблемалар қатарын адамзаттың негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелері құрайды. Олардың қатарына әлемде бейбітшілікті сақтау, жаппай қарулануды тоқтату мен қарусыздану, ғарышты бейбіт мақсатта игеру, әлеуметтік өрлеуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, жан басына шаққандағы табыс мөлшері өте төмен болатын мешеу елдердің артта қалушылығын жою тәрізді мәселелер жатады.

Екінші топты «адам – қоғам – техника» үштігі ауқымында шешілуі тиіс проблемалар құрайды. Бұл проблемалар ғылыми-техникалық ілгерілеудің жетістіктерін үйлесімді әлеуметтік дамуға және техниканың адам өміріне кері ықпалын жоюға, адамның жеке басының еркіндігіне алып келуі тиіс, бұл міндеттерді шешуде халық санының артуын, мемлекет және мемлекеттік мекемелер тарапынан бақылауды азайту, жеке тұлғаның құқығын қорғауды ескеру аса маңызды.

Үшінші топтағы проблемалар әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен қоршаған ортаның байланыстары шеңберінде туындайды. Сондықтан бұл топтағы проблемаларды «қоғам – қоршаған орта» қарым-қатынастары тұрғысында қарастырады. Олардың қатарына шикізат, энергетикалық, азық-түлік проблемаларын шешу, қоршаған ортаның дағдарысты сипатын реттеу жатады. Соңғы онжылдықтарда бұл топтағы проблемалардың ауқымына көптеген жаңа аудандар «тартылуда», сол себепті адамзаттың болашағы алаңдаушылық туғызады.

Ғаламдық проблемалардың ауқымы, орны және маңыздылығы уақыт өткен сайын өзгереді. Ғаламдық проблемалардың маңыздылары қатарында бейбітшілік пен қарусыздану проблемасын, экологиялық проблеманы, энергетика және шикізат проблемаларын, демографиялық проблемаларды және азық-түлік проблемасынатауға болады. Ғаламдық проблемалар бұл аталғандармен шектелмейді, іс жүзінде олардың саны әлдеқайда көп. Кейбір географиялық, экономикалық бағыттағы ғылыми зерттеулерде олардың саны жиырма шақты.

Адамзаттың ғаламдық проблемалары пәнаралық зерттеулердің маңызды объектісіне айналды. Ғаламдық проблемалардың кешенді сипатына байланысты оларды жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдарының жекелеген салалары зерттейді. ХХ ғасырдың екінші жартысында ғаламдық проблемаларды зерттеумен айналысатын ғылым саласын глобалистика деп атай бастады. Глобалистикалық зерттеулер «ғаламдық тұрғыда ойлау – жергілікті жерде әрекет ету» дегенді ұстанады. Оның құрамында ХХ ғасырдың 80 жылдарында ғаламдық география немесе геоглобалистика саласы қалыптасты.

Адамзат қоғамының қазіргі даму кезеңінде оның географиялық қабыққа ықпалы артып отыр. Географиялық қабықтың құрамбөліктерінің табиғи заңдылықтарын танып-білу, ондағы жүріп жатқан процестердің қазіргі тенденцияларын зерттеу, адамзаттың өмір сүру ортасының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бағыттарында география ғылымының жекелеген салалары өз үлесін қосуда. Адамзат ғарышты игерудің, географиялық қабықтың дамуын, Жер шарының құрылысын, Дүниежүзілік мұхитты зерттеудің жаңа әдістерін ойлап тауып, белсенді әрекеттерге көшті. Бұл мәселелерде де Жер туралы басқа ғылымдар қатарында географияның да өзіндік орны бар.

Экологиялық проблемаларды шешуде БҰҰ жанынан құрылған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) белсенді қызмет етеді. Халықаралық деңгейде үйлестіруші қызмет атқаратын бұл ұйымның негізгі міндеті тұрғын халықтың өмір сүру ортасы және Жер шарындағы табиғат ресурстарын сақтауға бағытталған шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылады.

Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуде табиғатты пайдаланудың салдарларын, топырақ, су және ауаның ластануын, адамдардың өмір сүретін ортасының нашарлауын ғаламшар деңгейінде зерттеумен айналысатын Рим клубы ғалымдарының қызметі аса маңызды болып табылады. 1968 жылдан бері адамзат болашағына қатысты проблемаларды зерттеумен айналысатын Рим клубының мамандары экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында халықтың, экономиканың, табиғатты пайдаланудың өсу шектерін анықтап берді. Ғалымдар адамзаттың шаруашылық әрекетін тұрақтандыру, халық санының шамадан тыс өсуіне жол бермеу, қалпына келмейтін ресурстарды пайдалану көлемін қысқарту, қоршаған ортаға техногендік жүктемені азайту, табиғат қорғау шараларын белсенді ету тәрізді ұсыныстар жасап, осы қадамдар арқылы ғаламдық деңгейде қоршаған ортаны сақтауға болатынын атап көрсетті. Қазақстан үшін басты экологиялық проблемалар ретінде радиоактивті ластану, атмосфера мен топырақтың ластануы, шөлейттенуді атауға болады.

География ғылымының зерттеу аясына табиғат заңдылықтарды ғана емес, қоғамдық құбылыстарды (әлеуметтік, саяси, экономикалық) да танып-білу енетіндіктен, геоглобалистиканың аса маңызды проблемаларды зерттеу және шешуге қатысу мүмкіндіктері бар. Адамзат үшін маңызды болып саналатын геодемографиялық проблемаларды зерттеу мен шешуге атсалысу география ғылымының бір зерттеу қыры болып табылады. Бұл проблемалар қатарына дамушы елдерде туу көрсеткіштерінің артуы, халық санының көбеюі, Ресей Федерациясындағы ұлттың азғындауы (депопуляция), урбандалудың бақылаусыз сипат алуы, халықтың ішкі және сыртқы көші-қонының мәселелері, өз еркінен тыс босқындарға айналған адамдар санының артуы және т.б. жатады.

Геосаясатқа қатысты проблемаларды зерттеу де географияның еншісіне тиген. Саяси география тұрғысында аймақтық жанжалдардың себептері мен салдарлары, дүние жүзінің саяси картасындағы субъектілердің мәртебесі, саяси күштердің арасалмағына қатысты геосаяси жағдайдың өзгерістері және т.б. зерттеледі. Геоглобалистика саяси және әскери интеграция мәселелерін де қарастырады.

ХХІ ғасырда экономика салаларындағы жаһандану қарқынды сипат алды. Әлемдік нарықтың қазіргі даму жағдайына географиялық факторлар да ықпал етеді. Әлемдік экономиканы қоғамдық география тұрғысында зерттеу ұлтаралық бірлестіктердің қалыптасу ерекшеліктерін, олардың кеңістік таралуының заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ҰАБ аса қуатты көпсалалы шаруашылық кешендеріне айналған. Олардың қалыптасуына байланысты тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі артып, күрделі қаржының мемлекетаралық айналымына неғұрлым көп аумақтар қамтылуда. Ұлтаралық бірлестіктердің қызмет етуі көптеген аймақтарда, әсіресе дамушы елдерде өндіргіш күштердің аумақтық ұйымдасуын оңтайлы етіп, жұмыссыздық мәселесіне оң ықпал етуде. Халықаралық (ғаламдық) сауда қатынастары үлкен өзгерістерге түсті: оның көлемі анағұрлым артып, валюталардың бағамы өсуде. Бұл саладағы соңғы зерттеулер жаңа қаржы-экономикалық орталықтардың қалыптасуында да ұлтаралық бірлестіктердің маңызы зор екендігін көрсетіп отыр.

Ғаламдық деңгейдегі проблемаларды шешуде халықаралық ұйымдардың (Әлемдік банк, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры және т.б.) ролін география ғылымдары тұрғысында түсіндіру аса маңызды. Өйткені дамуы артта қалған немесе дағдарыс әсерінен даму проблемалары туындаған мемлекеттердің экономикасына қаржы бөлу арқылы бұл ұйымдар мемлекеттердің ғана емес, тұтас аймақтардың да дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, экономикалық география халықаралық салалық және аймақтық құрылымдардың (Дүниежүзілік сауда ұйымы, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы, Азия-Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастық ұйымы және т.б.) қалыптасу факторларына, қызметіне қатысты зерттеулер жүргізеді.

Жалпы алғанда, қазіргі ғаламдық экономикалық проблемаларды география тұрғысынан зерттеу интеграцияның ең алдымен аумақтық көршілестікке негізделетінін, шекаралық факторлардың дамуға тікелей ықпал ететінін көрсетіп отыр. Сол себепті дамушы елдердің артта қалушылығымен күрес, елдердің экономикалық дамуын қамтамасыз ету және бүкіл әлемді жайлаған экономикалық дағдарыспен күрес проблемаларының шешуін география ғылымы аймақтық дамумен байланыстырады.

Геоглобалистика ғаламдық өзгерістер мен проблемаларды зерттеуге қатысы бар басқа ғылым салаларымен (қоғамдық, жаратылыстану бағытындағы ғылымдар) тығыз байланысты. Өз кезегінде бұл ғылым салаларымен қарқынды ақпарат алмасудың нәтижесінде геоглобалистика жаңа ұғымдармен, түсініктермен толығады. Геоглобалистика географиялық қабық пен адамзат болашағына қатысты ірі халықаралық ғылыми бағдарламалар аясында географиялық зерттеулер жүргізу барысында одан әрі дамыды

Ғаламдық орталықтар, жартылай шет және шет аймақтар. Қазіргі әлемнің экономикалық үлгісін әйгілі америкалық экономист және геосаясаткер Иммануил Валлерстайн өзінің әлемдік жүйе концепциясы арқылы түсіндірген. Оның «Современная мир-система» деп аталатын негізгі еңбегінде әлемдік экономикалық жүйелер геосаясат тұрғысында берілген.

Қазіргі дүниенің қарқынды өзгеруіне негізделе отырып, ғалым әлемдік экономикалық кеңістікті 3 бөлікке бөледі:

1. орталық (әлемдік ядролар);

2. периферия (шет аймақтар);

3. жартылай периферия (жапсарлас өтпелі аймақтар)

Қазіргі дүниенің ғаламдық орталықтары – АҚШ, ЕО және Жапония. Жартылай периферия немесе өтпелі аймақтарға ғалым Балкан түбегі елдерін, Португалия, Ирландия, Оңтүстік-Шығыс Азия, бұрынғы КСРО мемлекеттерін жатқызған. Жартылай периферия елдері орталықтармен салыстырғанда, технологиялық деңгейі төмен өнім өндіреді және орталықтардың жоғары технологияларын сатып алуға мәжбүр, бірақ периферия елдерімен саудада өздерінің басымдылықтарын көрсетеді. Ал периферияны әлемдік орталықтарға экономикалық, саяси тәуелділіктері басым болатын Азия, Латын Америкасы мен Африканың, Мұхит Аралдарының артта қалған елдері құрайды.

Сонымен, ғаламдық экономиканы біркелкі кеңістік ретінде қарауға болмайды, оның экономикалық дамудың қарқындылығын анықтайтын интеллектуалды және ғылыми-техникалық орталықтары болады. Дәл осы орталықтар әлемдік экономикаға жаңа технологиялар мен жаңа білім беріп, перифериямен (шет аймақтар) тең емес айырбас барысында ақыл-ой рентасын алуға мүмкіндік береді. Бұл орталықтарда әлемдік валюталармен эмиссия (французша émission – шығарылым деген сөз, айналымға жаңа ақшаларды шығару арқылы ақша массасын ұлғайту) жасайтын ақша монополиясы болады. Осы орталықтардың пайдасы үшін неғұрлым аз дамыған елдер синди раш (cindy rush) төлеуге мәжбүр болады, барлық эмиссиялық табыс әлемдік экономиканың орталықтарына құйылады және перифериялық елдердің валюталары «орталық валютаға» байластырылады. Осылайша, орталық өзінің экономикалық қана емес, мәдени-идеологиялық гегемониясын жүзеге асырады, яғни қалған дүниеге өзінің даму үлгісін, болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасын таңады. Осы арқылы орталық өзіне қажетті, өзіне қолайлы мәдени матрицаны бүкіл әлемге қалыптастыра бастайды.

Орталықтарда ғаламдық эмиссиялық негіз ретінде валюталық емес сызба жұмыс істейді АҚШ-тың федералдық қор жүйесі долларды америкалық қазына арқылы эмиссия жасайды, сонымен қатар доллармен сәйкестендірілген құнды қағаздарды шығарады. Ал Жапония иенасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін басты эмиссиялық валюта болып табылады. Еуро қазіргі кезде аймақтық валюта деңгейінен әлемдік валюта деңгейіне шығып, көптеген елдер үшін дәл осы рольді атқаруда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 57%-ын доллар, 23%ын еуро, қалған 20%ын басқа валюталар құрайды. Бұл эмиссиялық орталықтар әлемдік нарықтағы сұранысқа қарай валюта шығарып, ешқандай шектеусіз әрекет ете береді. Жалпы алғанда, америкалық доллардың 60%-ы шетелдер үшін басып шығарылады. Осының арқасында доллар әлемдік валюта мәртебесін сақтауда және бүкіл әлем АҚШ-тың федералдық қор жүйесіне эмиссиялық табысты төлеуге мәжбүр болып отыр. АҚШ қаржыны үстемемен қарызға береді. Америка валютасын пайдаланғаны үшін елдер жылына 4-5%, ал кейбір перифериялық аймақтар 15% үстеме төлейді. Периферия бұл үлкен үстемені төлеуге шамасы жетпейді (өсім оларда бар болғаны 3% ғана), сондықтан жаңа несие алуға мәжбүр, осылайша долларға сұраныс одан әрі өсе түседі. Бұл жаңа эмиссияға мүмкіндік береді.

Тұрақты дамудың үштағандық тұжырымы.1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта және даму жөніндегі дүниежүзілік конференциясында адамзат болашағы үшін аса маңызды болып отырған тұрақты даму мәселесі ғаламдық деңгейде қойылып, тұрақты даму концепциясы қабылданған болатын. Бұл тұжырымдама табиғат пен қоғамның өзара үйлесім негізінде дамуын көздейді, мұндай жағдайда адамзаттың қазіргі сұраныстарын өтеу болашақ ұрпақтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін шектемейтіндей болуы қажет.

Тұрақты даму концепциясы өзара тығыз байланысқан үш құрамдас бөліктің: экожүйелерді пайдалану, тиімді экономика, әділетті қоғамның басын біріктіреді. Мұны тұрақты дамудың үштағандық тұжырымы деп атайды. Ал тұрақтылық принциптері табиғат, экономика және әлеуметтік элементтерді біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Тұрақты даму концепциясының негізгі қағидалары мынадай:

· адамдар табиғатпен үйлесімді түрде, салауатты және жемісті өмір сүру құқығына ие болуы керек;

· қоршаған ортаны қорғау қоғамның даму процесінің ажырамас бөлігіне айналуы қажет, сондықтан оны жеке дара қарастыру мүмкін емес;

· қоршаған ортаны жақсарту мен сақтау қажеттілігін қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтар да қамтамасыз етуі керек;

· елдердің даму деңгейлері арасындағы алшақтықты азайту және кедейлік пен қайыршылықты жою;

· елдер тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өндіріс пен тұтынудың осы мақсатқа кедергі келтіретін үлгілерін мүлде пайдаланбауы немесе шектеуі қажет.

Бұл концепцияны қабылдау арқылы қазіргі өркениет өкілдері ұзақ жылдар бойы адамзат санасында қалыптасып қалған «табиғатпен күрес», «табиғатты бағындыру және адамға қажеттіні алу» ұғымынан «табиғатпен үйлесімді даму» жолына көшуді ұсынды.

Дәріс №11

Жаһандану жағдайындағы қазіргі дүние (4 сағат)

Жаһандану ұғымы, алғышарттары мен себеп-салдарлары.ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары жалпы адамзат тағдырын анықтайтын әлемдік экономика дамуындағы жаңа тұрпаттағы өзгерістерді алып келді, бұл өзгерістер қатарына ең алдымен жаһандану процесстерін жатқызуға болады. Олар әртүрлі салаларда, әртүрлі деңгейде және сан алуан түрде көрініс бере бастады. Жаһандану деп ақпараттық технологиялардың дамуына негізделіп дами бастаған, дүниежүзілік шаруашылықтың ынтымақтасуының сапалық тұрғыдан жаңа кезеңін атайды. Қазіргі дүниенің басым бөлігін қамтыған процесс ретінде жаһандануға баға беру үшін оның деңгейі мен кеңістік жіктелуін бейнелейтін сандық көрсеткіштер қажет болады.

Жаһандануды сапалық тұрғыдан сипаттайтынбелгілер ретінде төмендегілерді атауға болады.

- Дүние жүзінің барлық аймақтары арасында экономикалық қашықтықтар қысқарды, бұл оларды ортақ ғаламдық көлік, телекоммуникация, қаржы және өндіріс кеңістігіне біріктіруге мүмкіндік берді. Мұның бір көрінісі ретінде «электрондық ақшаның» қас-қағым сәтте дүниенің бір бұрышынан екіншісіне Интернет арқылы банк шоттарына түсуін атауға болады.

- Ұлтаралық бірлестіктер (ҰАБ) мен ұлтаралық банктер түріндегі ғаламдық компаниялардың әлемдік экономикадағы маңызының күшейіп, экономикалық процестерді басқаруға көшуі.

- Ақпараттық технологиялық негізге сүйенген дүниежүзілік шаруашылықтың ұйымдасуының жаңа үлгісінің қалыптасуы.

- Аймақтық интеграциялық бірлестіктердің дамуы және олардың ұлттық экономикаларды біріктіруі.

- Әлемдік нарықтың біртұтастығын қамтамасыз ететін либералды нарықтық экономика үлгісінің жаппай таралуы.

Ресейлік ғалымдар жаһандануға себепші болған факторларды топтастырып, жүйелеу негізінде бірқатар салалардағы жаһандану көріністерінсипаттап берді

1. Геосаяси жаһандану. Геосаяси құбылыстар мен процестердің дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысында өте қарқынды жүрді. 60-жылдарда отарлық жүйенің күйреуі, 90-жылдарда федерациялардың ыдырай бастауы саяси картаны үлкен өзгерістерге түсірді. Бір-біріне қарсы тұрған екі геосаяси блок басым болған екі полюсті әлемнің орнын жаңа геосаяси жағдай алмастырды: халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталған күресі арқылы әлемдік монополияға ұмтылған АҚШ-тың стратегиялық мүдделерінің шекаралары кеңи түсті. Бұл өз кезегінде мұсылман әлемінің қарсылығын тудырды. Сонымен, қазіргі дүниедегі геосаяси жағдайды көпполюсті күрделі әлемнің тұрақсыз арасалмағы ретінде түсіндіруге болады. Осы жағдайда дүние жүзіндегі кез келген күшті мемлекеттің немесе геосаяси орталықтың басқа саяси күштерді ескермей, өз бетінше стратегиялық мақсаттарын орындауына жол берілмейді. Мұның өзі геосаяси жаһандану туралы айтуымызға негіз болады.

2) Экономикалық жаһандану ұлттық экономикалардың өзара байланыстарының нығаюы негізінде дүниежүзілік экономиканың ғаламдық сипат алуымен байланысты болады. Ғаламдық экономика өзіндік заңдылықтарға сай қызмет ететін, даму бағыттары мен тетіктері бар күрделі құбылыс болып табылады. Қазіргі кезде ғаламдық экономиканың қалыптасуының бастапқы кезеңі жүріп жатыр. Бұл құбылыстың оң және теріс жақтары бар. Кері құбылыстар әсіресе 2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында айқын көріне бастады.

3) Демографиялық-экологиялық факторлар. Бұлар адамзат болашағына ықпал ететін басты және өзара байланысқан факторлар болып табылады. Жер шары халқының саны өте қарқынды өсіп келеді: егер ХІХ ғ әрбір 50 жыл сайын әлем халқы 1,3 есе артып отырса, ХХ ғ екінші жартысында бұл көрсеткіш 2,4 есе болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде өсу қарқыны баяулағанымен, ХХІ ғ бірінші жартысында халық саны 1,6 есе артады деп болжануда. Халық саны артқан сайын, тұтыну көлемі де өсе түседі, бұл әсіресе дамыған елдерге тән. Осындай жағдайда өңделетін жер көлемі, тұщы су мөлшері, минералдық және орман ресурстары жыл өткен сайын кеміп келеді. Халық санының өсуі қоршаған ортаға зиянды әсердің ауқымын да кеңейтеді. Жер шарының «өкпесі» қызметін атқаратын ормандарды кесу, шамадан тыс ластану әсерінен болатын «жылыжай эффектісі», озон қабатының жұқаруы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы, тұщы су көздерінің ластануы және т.б. проблемалар туындауда. Бұл өз кезегінде ғаламдық экологиялық проблемаларға алып келіп, адамзат болашағына қауіп төндіреді. Адамзат болашағына қатер төндіріп тұрған ғаламдық экологиялық апаттың алдын алу үшін табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қалдықсыз технологияларға көшу, Жер шары халқының шамадан тыс өсуіне шектеу қоюды қажет ететін экологиялық императив қажет.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 951

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 6 страница | Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 8 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.013 сек.