Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 8 страница

4) Техника саласындағы жаһандану. Индустриялық даму кезеңінде қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған техникалық жүйелер мен технологиялық процесстер қарқынды өсіп, ғаламдық деңгейде тарала бастады. Дәл осы кезеңде дүниежүзілік технологиялық және ақпараттық кеңістік қалыптасты, ол көлік және телекоммуникациялық желілерді қамтыды. Дегенмен, даму деңгейі әртүрлі елдер арасындағы технологиялық алшақтық та неғұрлым үлкен бола бастады. Технологиялық жаңалықтарды өз қолдарына шоғырландырған жетекші елдер өздеріне қарағанда төмен дамыған елдерден миллиардтаған долларды «технологиялық өсім» түрінде жинап алатын болды.

Белгілі бір саладағы өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, кейбір жетекші елдер әлем бойынша тарап кеткен ҰАБ арқылы технологиялық және ақпараттық «отарлауды» жүзеге асыруда. Технологиялық, ақпараттық интеграция тетіктері ұлттық шекаралар шеңберінен шығып, жекелеген өрекениеттердің (солтүстікамерикалық, батысеуропалық, жапондық) мүдделерін қорғайтын ұлтаралық бірлестіктердің қолында жұмылдырылды. Ақпараттық жаһандану геоэкономикалық кеңістікті түбегейлі қайта құру арқылы география ғылымдарының алдында кеңістікті бейнелеудің жаңа үлгілерін жасау; торлы құрылымдарды, геоэкономикалық ұдайы өндіріс тізбектерін зерттеу тәрізді жаңа міндеттер қоюда.

5. Әлеуметтік-мәдени жаһандану. Жаһанданудың айрықша көрінісінің бірі ғылым, білім беру, мәдениет, идеология және т.б. әлеуметтік саладағы ынтымақтасу процестері болып табылады. Ғылымның қарыштап дамуы, ақпараттану заманында ғылыми идеялар мен ғылыми нәтижелердің дүние жүзі бойынша жылдам таралып, алмауы, ғалымдардың бірнеше елде зерттеу жұмыстарын жүргізуі, әртүрлі елдердегі білім беру үлгілерінің өзара сәйкестендіру бағытында бірегейленуі (мысалы, Болон процесі), тиімділігі өте жоғары ақпараттық білім беру технологияларына көшу, білім алушылармен алмасу, халықаралық деңгейде мәдени құндылықтардың пайда болуы осы әлеуметтік-мәдени жаһанданудың көріністері қатарына жатады.

Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар мен Интернеттің қоғам өміріне кеңінен енуі жаппай сипат алған ғаламдық антимәдениеттің де орын алуына себепші болуда. Қазіргі дүниеде ағылшын тілінің басымдылығы, батыс елдерінің мәдениет, кино өнері туындыларының жаппай таралуы көптеген елдерге батыстық өмір салтының кеңінен енуіне алып келді.

Ғаламдық интеграцияға алып келетін жаһандану процесі постиндустриялық қоғамның қалыптасу факторларының бірі болып табылады. Жаһандануды дүниежүзілік шаруашылықтың сапалық тұрғыдан жаңа жай-күйі ретінде бағалауға болады. Қазіргі заманғы әлемдік экономиканың мынадай ерекшеліктеріжаһандануды дәлелдейді.

Біріншіден, жаһандану әлемдік нарық заңдарының үстемдік етуіне алып келді. Баға қалыптастырушы ретіндегі әлемдік нарық елдің бәсекеге қабілеттілігіне, оның фирмалары мен тауарларының әлемдік экономикалық жүйедегі орнына баға береді. Бәсекеге қабілеттілік ұлттық экономикалардың дамуын анықтайтын басты көрсеткішке айналды.

Екіншіден, дамудың үшінші кезеңіне (сауда-қаржылық және индустриялық) өткен халықаралық географиялық еңбек бөлінісі мемлекеттердің шекараларының экономикалық транспаренттігіне алып келеді. Бұл ұлттық шаруашылықтардың ұлтаралық бірлестіктерді реттеу мүмкіндіктерін азайтады.

Үшіншіден, жаһандану жағдайында халықаралық ұдайы өндіріс циклдары мен тізбектері жылдам қарқынмен дамиды. Мұнда ең бастысы біртұтас ұдайы өндіріс процесін біріктіру болып табылады.

Төртіншіден, дүниежүзілік шаруашылықтың кеңістіктік құрылымы ғаламдық өзгерістерге ұшырайды. Жаһандану жағдайында экономикалық үстемдік үлгісінің өзі өзгеріске түсті. Бейнелі түрде айтсақ, күшті орталықтар өзіне аумағы кең-байтақ шеткі аудандарды тартуда. Бұл беталыс тек жекелеген аймақтарда ғана емес, ғаламдық деңгейде жүріп жатыр.

Жалпы алғанда, әлемдік экономикаға әкелетін оң өзгерістерімен қатар, жаһанданудың кері салдарлары да бар:

- жаһандану ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың әркелкілігі мен тұрақсыздығын одан әрі күшейте түседі;

- жаһандану мемлекеттің макроэкономикалық реттеуші ролін шектейді және мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарға ықпал ету құралдарын өзгертеді;

- жаһандану өндіріс пен тұтыну салаларында кері сыртқы әсерлердің жаппай таралуына жағдай жасайды.

Ұлтаралық бірлестіктер және олардың жаһанданудағы рөлі.Ұлтаралық бірлестіктер дүниежүзілік шаруашылықта айрықша орын алады. Ірі ұлтаралық бірлестіктер айналымдағы қаржы көлемі жөнінен кейбір дамушы елдердің ЖІӨ көлемінен асып түседі. Ұлтаралық бірлестіктер көптеген елдерде бөлімшелерін ашу арқылы сол елдердің ұлттық шаруашылықтарына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Халықаралық экономикалық интеграцияның алғашқы үлгісі ретінде ХХ ғ басында пайда болған халықаралық кәсіпорындарды атауға болады. ХХ ғ екінші жартысында ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы, байланыс құралдарының озық үлгілерінің пайда болуы нәтижесінде бұл кәсіпорындар көп салалы кешендерге айналды. Олар ұлтаралық бірлестіктер (ҰАБ) деп аталатын болды.

Гарвард университетінің арнайы зерттеу бағдарламасының анықтауы бойынша, ұлтаралық бірлестіктер қатарына шетелдерде бөлімшелері бар, бірнеше ұлттық экономикаға кіріккен кез келген компания емес, тек мынадай белгілерге ие компаниялар жатады:

- шетелдерде алтыдан астам бөлімшелік компаниясы бар;

- акциялары көптеген елдерде айналымға түсіп, оларды кез келген елде сатып алуға болатын;

- басқарушы менеджерлері әртүрлі елдердің азаматтарынан тұратын және осының арқасында компания қызметінің белгілі бір елдің мүдделеріне сай біржақты жұмыс істеуі мүмкін емес;

- менеджерлері геоцентрлік ұстанымға сай жұмыс істейтін, интернационалдық сипаттағы менталитетке ие;

- ұйымдасу құрылымы кең ауқымды экономикалық әрекетке және компания стратегиясын тиімді жүзеге асыруға бағдарланған.

Сонымен, ХХ ғ соңына қарай ұлтаралық бірлестіктер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарында жетекші қозғаушы күшке айналды. Шетелдерде көптеген бөлімшелерін ашып, мол қаржы салу арқылы бұл бірлестіктер дүниежүзілік өндірістің тарамдалған жүйесін қалыптастырады. Олардың қызметіне ұлттық шекаралар бөгет бола алмайды, бұл корпорациялар әртүрлі елдерде жергілікті тиімді жағдайларды (шикізат көзінің, кәсіби жұмыс күшінің болуы, өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылығы және т.б.) ескере отырып, өндірісті қолайлы орналастыру арқасында өте жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қазіргі заманғы ҰАБ жүйесі 60 мыңнан астам негізгі (аналық) компания және олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен 500 мыңнан астам шетелдік бөлімшелері мен тәуелді компаниялары бар құрылым болып табылады.

Қазіргі дүниедегі ҰАБ маңызы ең алдымен әлемдік экономиканың даму тенденцияларын анықтаумен түсіндіріледі. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтін бұл алып бірлестіктер әлемдік деңгейде ауқымды шешімдер қабылдап, әрекеттер жасайды. Сыртқа шығарылатын қаржының 90%-на жуығына ҰАБ бақылау жасайды. Кейбір деректер бойынша, ҰАБ үлесіне халықаралық сауданың жартысынан астамы тиесілі болады. Сонымен қатар, жоғары технологиялар нарығындағы бірлестіктер үлесі 80%-дан асып түседі. Осылардың арқасында ұлтаралық бірлестіктердің жиынтық валюта қорлары дүние жүзінің барлық елдерінің ұлттық банктері қорынан 5-6 есе көп болады.

Ұлтаралық бірлестіктер халықаралық деңгейде ортақ нарық, жұмыс күші, ақпараттық кеңістік жағдайында жұмыс істейтіндіктен, бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттырып отыруға мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде олардың инновацияларды енгізіп, технологияларды жиі ауыстырып отыруға, осы арқылы дүние жүзі бойынша ғылыми-техникалық ілгерілеуді жүзеге асыруына жағдай жасайды. Бірлестіктер өздері жұмыс істейтін елдерге кері әсерін де атап өту қажет ( кесте).

- кесте. Ұлтаралық бірлестіктер қызметі

ҰАБ қызметінің басымдылықтары ҰАБ қызметінің кері ықпалы
1. Дүние жүзі бойынша табиғат ресурстарына, қаржыға және ғылыми-техникалық жетістіктерге қол жеткізуі; 2. Түрлі салаларға мамандану (көлденең жіктелу) және бір салада терең мамандану (вертикалды технология) арқылы бірлестіктің экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуі; 3. Ұлттық нарықтардың ауқымын, экономикалық өсу қарқынын, бағаларды, ресурстар мен саяси жағдайды ескере отырып, қай елдерде бөлімшелер ашуды таңдай алатындығы; 4. Қаржы ресурстарын тартуда үлкен мүмкіндіктерінің болуы; 5. Жоғары деңгейде маманданған кәсіби қызметкерлерді таңдап алудың мол мүмкіндіктерінің болуы. 1. Жергілікті нарықтарды басым түрде монополизациялау мүмкіндігінің болуы; 2. Өз шарттарын тек бәсекелестеріне ғана емес, тұтас ұлттық экономикаларға қою мүмкіндіктеріның болуы, мұның өзі елдердің ұлттық қауіпсіздіктеріне нұқсан келтіруі мүмкін; 3. Адам өміріне қауіпті, лас өндірістерді неғұрлым нашар дамыған елдерге көшіре алу мүмкіндігінің болуы; 4. Дағдарыс кезінде ҰАБ кәсіпорын-дарында жаппай жұмыстан қысқарту шараларының жүргізілуі, бұл еңбек ресурстары нарығының ғаламдық сипат алуына байланысты әсіресе дамыған елдерде орналасқан компанияларда жиі болады.

 

ҰАБ арасында аса ірі, ірі, орташа және шағын компаниялар жіктеледі. Ірі ҰАБ қатарына қаржы қоры 10 млрд доллардан асатын компаниялар жатады. 2010 жылы америкалық Форбс журналы жариялаған әлемнің ең ірі 2000 компаниясы тізімінде олардың сатылымы, табысы, активтері және нарықтық құны көрсетілген. Олардың жиынтық табысы жылына 1,4 трлн доллар болса, қарамағындағы активтері 124 трлн долларды құраған. Бұл ең ірі 2000 компания 62 елдің өкілі болып табылады. Олардың арасында АҚШ (осы тізімде 515 компаниясы бар) пен Жапония (210 компания) үлесі жоғары. Сонымен қатар, бұл тізімде Азия алыптары болып саналатын Қытай (113 компания) мен Үндістанның (56 компания), Канаданың (62 компания) компанияларының саны артқан. Осы тізімге енген әлемдегі ең ірі 20 компанияның деректері кестеде келтірілді.

 

кесте. Әлемдегі ең ірі компаниялар, 2010 жыл

 

Ранг Компания ел қызмет саласы сатылым ($млрд) табысы ($млрд) aктивтері ($млрд) нарықтық құны($млрд)
JP Morgan Chase АҚШ Банк 115,63 11,65 2031,99 166,19
General Electric АҚШ Конгло-мерат 156,78 11,03 781,82 169,65
Bank of America АҚШ Банк 150,45 6,28 2223,30 167,63
ExxonMobil АҚШ Мұнай мен газ 275,56 19,28 233,32 308,77
ICBC Қытай Банк 71,86 16,27 1428,46 242,23
Banco Santander Испания Банк 109,57 12,34 1438,68 107,12
Wells Fargo АҚШ Банк 98,64 12,28 1243,65 141,69
HSBC Holdings Ұлыбри тания Банк 103,74 5,83 2355,83 178,27
Royal Dutch Shell Нидер ланд Мұнай мен газ 278,19 12,52 287,64 168,63
BP Ұлыбри тания Мұнай мен газ 239,27 16,58 235,45 167,13
BNP Paribas Франция Банк 101,06 8,37 2952,22 86,67
PetroChina Қытай Мұнай,газ 157,22 16,80 174,95 333,84
AT&T АҚШ Телеком-муникация 123,02 12,54 268,75 147,55
Wal-Mart Stores АҚШ Бөлшек сауда 408,21 14,34 170,71 205,37
Berkshire Hathaway АҚШ Инвести ция 112,49 8,06 297,12 190,86
Gazprom Ресей Мұнай, газ 115,25 24,33 234,77 132,58
China Construction Bank Қытай Банк 59,16 13,59 1106,20 184,32
Petrobras-Petrоleo Brasil Бразилия Мұнай,газ 104,81 16,63 198,26 190,34
Total Франция Мұнай,газ 160,68 12,10 183,29 131,80
Chevron АҚШ Мұнай газ 159,29 10,48 164,62 146,23

1 http://www.forbes.com/lists/2010/18/global-2000-10_The-Global-2000_Rank.html

 

БҰҰ деректері бойынша, ұлтаралық бірлестіктердің 90%-дан астамы орташа және шағын компаниялар болып табылады. Бұлардың әрқайсысының бір елдегі қызметкерлерінің саны 500-ден аспайды.

Қазіргі әлемнің тұрақты даму тұжырымы мен басқарудың географиялық негіздері.Рим клубының тапсырысы бойынша дүние жүзіндегі ең беделді ғалымдар ғаламдық проблемаларды шешудің жолдары мен стратегиясына қатысты баяндамалар сериясын ұсынды. Ғалымдар ғаламдық проблемаларды шешу үшін ең алдымен адами қасиеттерді (қабілеттерді) дамыту қажет деп есептейді. Рим клубын құрған италиялық менеджер Аурелио Печчеи адамзат қоғамының тұрақты дамуының негізгі 6 мақсатын анықтап берді:

1) адам әрекетін қарқындатудың ғана емес, ғаламшарда адамның болуының өзінің сыртқы шектері бар екендігін түйсіну (кеңістік экспансияның шектері);

2) адам дамуының ішкі шектерінің бар екендігін түйсіну (күрделену шектері);

3) халықтар мен ұлттардың мәдени ерекшеліктерін (мәдени әртүрлілік), соның ішінде жойылып бара жатқан тілдерді, минимәдениеттерді, ескерткіштер мен дәстүрлерді қорғау мен сақтау қажеттілігі;

4) өз білгенін істейтін үкіметтер басқарып отырған эгоцентрлік мемлекеттерді біртіндеп әлемдік қауымдастықпен алмастыру; мұндай қауымдастық негізінде адамзат ұйымдасуының барлық деңгейлерін қамтитын, шешімдерді қабылдаудың географиялық және қызметтік орталықтарының өзара үйлестірілген жүйесі болуы тиіс;

5) адамзат қоныстарын орналастыру мақсатында Жер шары аумағын ғаламдық ұйымдастырудың бірыңғай жоспары жасалуы қажет; ол ғаламшардың жаңа тұрғындарын қабылдауға және сонымен қатар табиғатты сақтауға мүмкіндік беруі тиіс;

6) өндірістік-экономикалық жүйені дамытудың мақсаттары мен тәсілдері жөнінде мүлде жаңа ұғымдарды қалыптастыру.

Печчеи ұсынған ең басты идея адамның өзіне қатысты: «Ең бастысы – адам, ол әрқашанда кез келген істен, кез келген идеядан гөрі маңыздырақ, өйткені олардың барлығы адамдарсыз ешқандай мәнге ие болмайды». Осы аталған мәселерді түйсіну негізінде тұрақты даму концепциясы негізделді, ол өндірістің өсу қарқынының халық саны өсуінің қарқынынан тұрақты артуын экономикалық өсу деп ұғынатын ұлттық деңгейдегі экономикалық дамудың концепцияларына балама ретінде жаңа замандағы адамзат мінез-құлқының ғаламдық стратегиясы болып табылады. Тұрақты дамудың концепциясының негізгі мәселелері БҰҰ-ның «Біздің ортақ болашағымыз» баяндамасында ашылды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, қазіргі кезеңде адамзат қол жетімді табиғат ресурстарының барлығын бірдей емес, олардың тек әлем қауымдастығының тұрақты тіршілігі мен сапалық жақсаруын қамтамасыз ететін мөлшердегі бөлігін ғана пайдалануы тиіс, осы арқылы болашақ ұрпақтардың Жер шарының табиғат ресурстарына құқығы танылады.

Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 772

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Лекция: Понятие о гемотрансфузии. СистемаАВ0.Понятие о группе крови.Rh-фактор. Определение группы крови и Rh-фактора. 7 страница | Завдання на самостійну роботу

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.01 сек.