Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Тараз 2014 3 страница

Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б.д.д. Ы ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, незгіде болған Палестинада пайда болды. Мұнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық құдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді. Бүл үрдістің дамуына орай рим билеушілері христиандарды қуғын-сүргінге үшыратудан енді бүл дінге қолдау көрсетуге көшті, тіпті ЫВ ғ. христиандықты Рим империясының мемлекеттік дініне айналдыруға дейін барды. Идеялық, ғибадат, институңионалды түрғьща христиандық жоқ жерден пайда болған жоқ. Рим политеизмі, египеттік Осирис және Исида ғибадаты, иран митраизмі, грекгік Кибена және Аттис ғибадаты және т.б., христиандар ой елегінен өткізбеуі мүмкін емес діни-мәдени орта қалыптастырды. Алайда, христиаңдықгың қалыптасуында иудаизм, өзінің монотеизм, мессиандық, әсхатология және т.б. идеяларымен ерекше рөл атқарды. Ол иудеохристиандық секта ретінде пайда болды. Мүның бәрі христиандық осыған дейін бар діни-мәдени мәліметгерді тек пайдаланып қойды деген сөз емес, ол керісінше, жаңа діни кешен қалыптастырды

 

№ 9 тақырыбы: Христиан дінінің негізгі бағыттары. Православие діні.

1. Православие дінінің ерекшелігі және ондағы басты шіркеулер.

2. Православие дініндегі ғибадат ету ерекшеліктері.

3. Орыс православие шіркеуі және оның тарихы.

 

Қазіргі уақытта православиелік шіркеу бірқатар автокефальды (тәуелсіз) шіркеулерден түрады. Олардың қатарына Константино­поль, Александрия, Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Польша, Чехославак, Американдық және т.б. кіреді. Авгономды православие шіркеулері де кездеседі.

Автономиялық шіркеулердің тәуелсіздік шеңбері оларға автономия берген актокефальды шіркеумен келісіледі. Автономды шіркеулердің басшылары жергілікті соборларда сайланады және автокефальды шіркеу патриархымен бекітіледі.

Әкімшілік тұрғыда автокефальды шіркеулер әкзархаттарга, епархияларға, викариаттықтарға, благочиния мен приходтарға болінеді. Сонымен қатар бірнеше автокефальды шіркеулердің баска православиелік шіркеулерде миссиялары, благочиниялары мен подворьялары бар.

Барлық православиелік шіркеулер үшін діни ілім, культ, канондық іс-әрекет ортақ болып табылады.

Жана қоғамдық-тарихи жағдайлардағы православиелік шіркеу. Самодержавие қүлағаннан кейін шіркеу өзінің басқару жүйесін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды.

1917 жылы 15-тамызда жергілікті Собор жиналып, патриарх- шылдықты қалпына келтірді. 1917 жылы 18-қарашада Москеу митрополиті Тихон (Беллавин) (1865-1925) патриарх болып сай- ланды. Озінің дінбасылары мен діндарларына жолдауында Тихон сенімді күшейтуге, қоғамға адамгсршілік ықпалды артгыруға, саясатқа араласпауға шақырады. Бірақ Кеңес үкіметі Синодтык типографияны торкілеу, ажырасу, өсіресе, «шіркеуді мемлекет пен мектептен болу» туралы декреттер мен қаулыларды қабылдаған соң Тихон мемлекеттік актілерді айыптайтын қүжатгарды жария- лады. Тихон 1922 жылы 23 ақпанда жарық корген аштыкқа үшыра- ғандарға комек корсету мақсатында шіркеудің қүнды мүліктерін тәркілеу туралы ВЦИК-тің декретіне ашық қарсы шығып, 1922 жылдың 28 ақгіанындағы дінбасылары мен діндарларға үндеуінде декретке қарсылық корсетуге шақырды. 1922 жылдың мамырында патриарх кылмыстық жауапқа тартылды. Ол мемлекет пен шіркеу- дің тайталасының шіркеу үшін ауыр зардаптары болуы мүмкін екенін түсінді.

Православиелік сенім құдайылық аянның нотижелері болып табылатын озгермейтін ақиқагтар - догматтар жиынтығына негізделеді. Олардың ішіндегі негізгілері - Құдайдың үштік бірлігі догматы, Құдайға айналу мен күноны өтеу догматгары. Үштік догматтың мәні мынада. Құдай тек түлғалық емес, рухани мон. Ол үш бейнеде (ипостастарда) - Құдай-Әке, Құдай-Бала, Құдай- Қасиетті Рух болып көрінеді. Бүл үш бейне өз монінде ажырамай- тын, Құдайылық дорежесі тең біртүтас Қасиетті үштікті қүрайды.

Құдай-Әке тумайды және басқалардан бастау алмайды. Ол «Православиелік катехезистің» анықтамасына сай «Мәңгілік, Мейірімді, Борін білетін, Әділетті, Қүдіретті, Өзгермейтін, Рахымшыл, Бәрін көретін Рух» /4/ (Православный церковный календарь. 1991. 84 б.). Ол жер мен аспанды, козге корінетін жоне корінбейтін дүниені ештеңеден жаратты. Құдай топырақтан алғашқы пенде Адамды, ал оның қабырғасынан алғашқы әйел Еваны жаратты. Адамның жаратылыстағы мақсаты - Құдайды танып, Құдайды мадақтау, сол арқылы рахатқа белену. Адамды жаратқан Құдай оған ез әрекетін де таратты. Ол дегеніміз Жаратушы адамдарды қолдап, оларды жақсылық жолына салады, зұлымдықты тоқтагады, парызды бұзуға жол бермейді

 

№ 10 тақырып: Католик діні және оның ерекшеліктері.

1. Католик шіркеуі және оның дін ілімінің ерекшеліктері.

2. Католик шіркеуіндегі монах ордендері.

3. Католик шіркеуінің орта ғасырларда жүргізген саясаты. Инквизиция.

4. Қазіргі заманғы католик шіркеуі және оның құрылымы.

Католик діні уағыздарының ерешеліктері. Православие мен католиктердің алғашқы уағыздық айырмашылықтары филиокве мәселесінде. Католик шіркеуінің уағыздауынша «қасиетті рух» («святой дух») тек құдай әкеден ғана емес, сондай-ақ құдай баладан - Иисус Христостан да шығады (латынша tiliogue – баладан да) Бұл наным символына қосымша католик дін ілімінде Рим папасын Иисус Христостың жердегі басқарушысы ретінде беделін бекітуге бағытталған догмат та бар. Католик дін басылары Иисус Христостың, құдай анасының және әулиелердің ерекше еңбектерін көрсетіп «жоғары міндетті істер» (сверхдолжные дела»), әулиелер қазынасы (сокровище святых) деген ілімді дайындады. Папа Иисус Христостың жердегі басқарушысы ретінде, оның осынау еңбектеріне иелік етеді. Католицизмде «құдайды туған» Мария қыздың беделі ерекше. Папа Пий Х11 1950 жылы Мария қыздың көкке көтерілгені туралы қағиданы енгізді. 1954 жылы «Көк патшасы» Мария қызға арналған шіркеу мейрамы тағайындалды. Сонымен котолицизмде құдай-анаға табыну православиемен салыстырғанда күштірек. Котолицизм Папаны Иисус Христостың жердегі басқарушысы деп жариялайды. 1870 жылы 1 Ватикан соборында Папа ең басты, бірінші священник ретінде күнәсіз деп табылып, оның шешімі епископаттың мақылдауынсыз-ақ күнәсіз деп жарияланды. Папаның күнәсіздігі туралы қағида католицизмде авторитарлық принципті одан әрі нығайтты.

Рим - католик шіркеуінің ұйымдастырушысы.Католик діні христиандық бағыттардың ішіндегі ең көп таралғаны. Батыс баспасөздерінің мәліметтері бойынша (әдетте ұлғайтылған) 80-жылдардың ортасында католиктердің саны 800 млн. адам болған, ол шамамен планета халқының 18 % құрайды. Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим папасының резиденциясы Ватикан. Ол Рим қаласының ортасына орналасқан қала-мемлекет (ауданы – 44 гектар, шекарасының ұзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам ) , өз гербі, гимні, жалауы, почтасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ азғантай гвардиясы мен жандармериясы бар.

Католиктік ілім мен Католик шіркеуі ерте христиандық аясында біртіндеп қалыптасты. «Католикос» үғымы грек тілінен «әлемдік», «жалпы» деп аударылады. Алғаш рет ангиохиялық епископ Игнатий Богоносец II ғасырдың ортасында қолданған бүл үғым Батыс христиандығының атауы ретінде сақталып қалды.

Шіркеулердің батыстық және шығыстық (1054 ж.) болып бөлінгеніне дейін-ақ Католик шіркеуінің әрекеті ашық саяси сипат алды. Византия имиераторларына толық төуелді болған шығыс шіркеуінен айырмашылығы Католик шіркеуінің озі саяси биліктің қуатты субъектісіне айналды. IV-V ғасырларда Рим империясы варварлар соққысынан қүлағаннан кейін Католик шіркеуі тек діни- рухани ғана емес, феодалдық Батыс Еуропаныц барлық қоғамдык- саяси өмірін айкындап отырды. Қүрлықтың бүл болігінің окімшілік быгыраңқылығы, біртүтас мемлекетгік билікгің болмауы, бастыс шіркеудің нақты күш-қуаты — осының бәрі Рим епискогітарына ез саясатын жүргізіп, бір князь-феодалдарды тақтан алып, басқасын такқа отыргызуға мүмкіндік берді

 

№ 11 тақырып: Протестантизм діні және оның негізгі ағымдары.

1. Реформация қозғалысы және протестантизм дінінің пайда болуы.

2. Протестантизм дінінің негізгі шіркеулері.

3. Протестантизм дінінің екінші буын шіркеулері мен секталары.

4. Қазіргі заманғы христиан дінінің жағдайы.

Протестантизм реформация (лат. reformatio — қайта құру, түзегу) барысында пайда болды.

Реформация - бірқатар еуропа елдеріндегі шіркеуді евангелия мүраттары рухында қайта қүруға бағытталған жоне ортағасырлық католицизмдегі бүл мүраттарға сай келмейтіннің бәрін бүрмалау- шылық деп санаған қозғалыс.

Протестантизм ілімі, ұйымы мен культініц ерекшеліктері.

Реформаторлар адам мен Құдайдың тікелей сұхбаттасуын талап етеді. Олар орбір христианның Библияны еркін оқу қүқы үшін күресті. Протестантизмде Библия ілімінің бірден-бір қайнары деп жарияланады, ал аңыз теріске шығарылады немесе Жазуға сәйкес деп танылған аумақта ғана колданылады. Протестантизм негізін салушылар бастапқы күнә адам табиғатына зиян келтіріп қана қоймай (православие мен католицизм осылай дейді) оны түтастай бүзды деп санайды. Сойтіп күнәға батқан адам жақсылық жасау қабілетінен мүлдем айырылады. Сондықтан адам оздігінен аман қала алмайды. Аман қалу тек Құдайдың араласуымен ғана орын алуы мүмкін. Протестанттық конфессиялардың басым копшілігінің маңызды догматы - Христостың адамдар күносін өтеу күрбан- дығына сену арқылы ақталу ілімі. Ал аман қалудың басқа тәсілдері (рөсімдер, аскеза, Құдайға жағымды істер және т.б.) маңызды емес деп саналады. Игі істер Құдайға деген махаббаттан туындайды.

Протестанттық шіркеудің үйымдық құрылымына жаңа қоғамдық-мәдени ахуал ықпал етті, онда сословиелік-корпоративті қүрсаудан босанған түлғаның жаңа рухани талагітары көрініс тапты. Барлық протестантгарды Рим папасыныц билігін мойын- дамау біріктіреді.

Жалпы шарапаттылық принципі протестантизмде оте маңызды болып табылады. Кез келген христианға протестанттар козқара- сыпа сөйкес шоқыну қуаты арқылы Құдайылық қүдірет дариды, Құдай шарапаты сенім арқылы шоқынғандардыц боріне таралады. Шіркеудің барлық мүшелері қауымда белсенді рөл атқарып, сай- ланбалы жетекші органдарға қатыса алады. Қауымдар дьякондар мен пресвитерлерді, уағызшылдар мен игі хабар айтатындарды, пасторлар мен епископтарды сайлайды немесе шақырады.

Методизм

18-ғасырда англикандықтағы индифферентизмді езгіндеу талпынысы ретінде методистер қозғалысы пайда болды. Оның негізін қапағандар - ағайынды Джон (1703-1788) мен Чарльз (1707- 1788) Уәслилер. Бұл атау олардың студенттік жылдары Оксфордта өздері құрған «Қасиетті Клубта» христиан жарлықтарын орындауға және уағыздық әрекеттің жаңа тәсілдерін қолдануға байланысты пайда болды.

Меннониттер

Анабаптистерге тарихи жақын бұл конфессия 1544 голландық уағызшыл Менно Симсонстың (1492-1559) атымен аталады. Ол ересектерді сенім бойынша шоқындыру принципін қорғады. «Біздің христиандық ортақ сеніміміздің басты статьяларының декларациясында» баяндалған (1632) меннониттер ілімі қауым мүшелерінің теңдігін, зүлымдылыққа күш көрсетіп қарсы түрмауды (қолына қару үстап әскерде қызмет етуге дейін тыйым салады), қауымдардың автономдылығын жариялайды. Голландия мен Германиядан шыққан меннониттер көптеген елдерге (Ресейге де) таралды.

Баптистер

Баптистік қауымдар XVII ғ. басында пайда болды. Алғашқы ағылшын баптисі Джон Смит (1554-1612) болып саналады. Қауымдарда ересектерді суға батыру арқылы шоқындыру енгізілді. Конфессия атауы да осымен байланысты (грек. - baptize суға батыру, шоқындыру). Баптистер діни еркіндікті, төзімділікті, шіркеуді мемлекеттен бөлуді талап етті. Баптизм ілімінде жеке сенімге және дінді қабылдауға көп көңіл бөлінеді. «Жалпы бап­тистер» аман қалуға адам ырқының қатысуын мойындаған XVI ғ. голландық реформатор Яков Арминийдің ықпалында болды және Христосқа сенгендердің бәрі аман қалады деген доктринаны үстанды. «Жеке баптистер» кальвиндік жазмыш ілімін қатаң сақтайды.

Адвентистер

19 ғ. 30-жылдарының басында, АҚШ-та баптизмнен адвен­тистер (лат. adventus - келу) діни ағымы бөлініп шықты. Уағызшыл Уильям Миллер (1782-1849) 1831 жылдың жазында Христостың екінші рет келетін күнін - 1843 жылдың 21 наурызын есептеп шықтым деп жариялады.

Елуіншілер (пятидесятниктер)

Осы атауға ие болған протестанттық қозғалыс XIX ғ. соңында АҚШ-та пайда болып, кейін басқа елдерге тарады. Бүл конфессияның негізінде жаңа өсиеттік «Апостолдар істері» кітабында баяндалған, Пасхадан елу күн өткен соң Қасиетті Рухтың апостолдарға түсуі туралы аңыз жатыр.

Иегова куәгсрлері

1872 жылы АҚШ-та «Библияны зерттеушілердің халықаралық қоғамы» құрылды. Оның жетекшілері бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1914 ж. көзге көрінбейтін «Христостың екінші рет келуі» орын апды деп жариялады. 1931 жылы олар «Иегова куәгерлері қауымының» құрылғанын жариялады.

 

№ 12 тақырып: Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы.

1. Ислам діні пайда болуының тарихи алғы шарттары.

2. Мұхаммед пайғамбардың өмірі.

3. Алғашқы төрт халифа тұсындағы ислам дінінің таралуы.

4. Омейядтар және Аббасидтер халифаты тұсындағы ислам дінінің тарихы.

 

Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.

Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.

Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі қагатас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз.

Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналсуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп6 тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Ны қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-әкономикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бастандық о дүниеде ғана, бұл үниеде қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында тарай алмады.

Бірақ, Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасында жіберген өкілі (рассул алла) бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің ролін меккелік орта саудагер Мухаммед атқарды. Құдайдың пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан шыққан. Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз десек ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құғынына түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ярсиб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды.

Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай – алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен сбептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.

632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің, Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасырлар ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды.

Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.

Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.

Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алды.

 

Исламның негізін қалаған Мұхаммед 570 жылы, исламға дейінгі Арабияның ең ірі сауда және діни орталығы Мекке қаласында дүниеге келді. Ол күрейіш тайпасының кедейленген хашім руынан шықты. Әкесі Абдалла ұлы туылған соң қайтыс болды (кейбір деректерде ұлы дүниеге келгенге дейін). Шешесі Әмина меккелік дәстүр бойынша оны асыраушы-бәдәуи әйелге береді. Ол баланы 5 жасқа дейін бағады. Алтыға толмай анасынан айырылған жетім баланы алдымен атасы Абдалмүттәліб, ал ол қайтыс болған соң ағасы Әбу Тәліб асырайды. Әбу Тәліб саудамен айналысқанымен, қарапайым күн кешеді. Сондықтан үлкен отбасын асырау Әбу Тәлібке қиынға соқты. Оның төрт баласы болды. Кейін Әбу Тәліб жұтаған кезде оның кіші балаларын туыстары төрбиелейді, ал Мухаммед Әбу Тәлібтің кенжесі Әлиді өз қолына алады.

Мухаммед бала кезінен еңбекке ерте араласады, меккеліктердің қойын бағып, сауда керуендерін жабдықтауға қатысады. Шамамен 25 жасында күрейіштердің Әбд ол-Узза руынан шыққан бай жесір әйел Хадишаның Сирияға баратын сауда керуендерін ұйымдастырып, қосшы болуға жалданады. Кейін Мухаммед пен Хадиша бас қосады. Мұсылмандық тарихи дәстүрге сай Хадиша Мұхаммедтен 15 жас үлкен болған. Алайда Хадиша Мұхаммедпен некеге түрғанда 28 жаста болған деген деректер сақталған. Олардың екі ұл, төрт қызы болады. Мүхаммедтің өкінішіне қарай ұлдары ерте дүние салады. Хадиша Мұхаммедтің сүйікті әйелі ғана емес, нағыз досы, өмірдегі арқа сүйер тірегі де бола білді. Хадишаның көзі тірісінде Мұхаммед басқа әйел алған емес. Некеге тұрған соң Мұхаммед сауда жасайды, бірақ бұл салада айтарлықтай табысқа жете алмайды.

Мұхамедтің ашық уағыз айтуы 610 ж. басталды. Мұсылмандық тарихи дәстүрде бірнеше атақты күрейіштердің Мұхаммедті шақырып алып, егер оған билік қажет болса, барлық араб тайпаларына көсем болуды, егер байлық керек болса, оны да ал деген ұсыныс жасағандығы туралы айтылады. Мұхаммед одан бас тартқан соң, күрейіштер одан пайғамбарлығын дәлелдеуді талап етеді. Олар Арабияны құнарлы жайылымдарға толтырып, Сирия мен Ирактағы сияқты өзендер ағызуды тілейді. Бірақ Мұхаммед ғажайыптар тек Аллахтың қолында екенін, ал өзі соның елшісі ғана екенін айтады.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 2421

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Тараз 2014 2 страница | Тараз 2014 4 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.011 сек.