Студопедия
Новини освіти і науки:
МАРК РЕГНЕРУС ДОСЛІДЖЕННЯ: Наскільки відрізняються діти, які виросли в одностатевих союзах


РЕЗОЛЮЦІЯ: Громадського обговорення навчальної програми статевого виховання


ЧОМУ ФОНД ОЛЕНИ ПІНЧУК І МОЗ УКРАЇНИ ПРОПАГУЮТЬ "СЕКСУАЛЬНІ УРОКИ"


ЕКЗИСТЕНЦІЙНО-ПСИХОЛОГІЧНІ ОСНОВИ ПОРУШЕННЯ СТАТЕВОЇ ІДЕНТИЧНОСТІ ПІДЛІТКІВ


Батьківський, громадянський рух в Україні закликає МОН зупинити тотальну сексуалізацію дітей і підлітків


Відкрите звернення Міністру освіти й науки України - Гриневич Лілії Михайлівні


Представництво українського жіноцтва в ООН: низький рівень культури спілкування в соціальних мережах


Гендерна антидискримінаційна експертиза може зробити нас моральними рабами


ЛІВИЙ МАРКСИЗМ У НОВИХ ПІДРУЧНИКАХ ДЛЯ ШКОЛЯРІВ


ВІДКРИТА ЗАЯВА на підтримку позиції Ганни Турчинової та права кожної людини на свободу думки, світогляду та вираження поглядів



Тараз 2014 4 страница

№ 13 тақырып: Ислам дін ілімінің негіздері.

1. Ислам дінінің бес парызы және олардың мәні.

2. Ислам дінінің негізгі қағидалары (догматтары).

3. Ислам дінінің қасиетті кітабы - Құран және хадистер жинағы – Сунна.

4. Шариғат және оның бастаулары.

1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» тәрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді.

2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған.

Бес парыз деген не?

1. Иман-нану, сену деген сөз, яғни «Бір алладан басқа құлдық ететін күш жоқ. Мұхаммед алланың бізге жіберген елшісі» - дегенге сену.

2. Намаз – таң, бесін, екенді ақшам және ясих намаздары болып бөлінеді. Оларды оқу ислам дініне вороастризмнен (ерте Иран діні) енген. Араб тілін білмейтін дінге сенушілер намаз сөздерін де құдай атынан айтылатын керемет күш бар деп ұғады.

3. Ораза (сауым) ұстау исламнан бұрынғы діндерде де болған. Олардың ораза ұстауы күнаға, үш күнде бір, үш айлық және т.б. әртүрлі болып келген. Рамазан июль айында отыз күн ораза ұстаудың түбі ертедегі арабтардың шаруашылық-тұрмыс жағдайының қиындығына байланысты туған. Ислам дінінен көп бұрын арапбар жанып тұрған шілдеде күн бұрын нәр тартпай көкке қарап, жаңбыр тілеумен болған. Тіршіліктің қамын кешке және түнде ғана ойлап, жетімсіз азық-түлікті тек түнде ғана ойлап, ішетін болған. «Рамазан» айының аты арабша «Рамад» - ыстық кез деген»мағына береді.

Ал ислам діні оразаға жаңаша мән беріп, оның кейбір шарттарын өзгертумен шектелді. Оразаның мәні адамдарды бір аллаға құлшылық етуге, тір өмірдегі жалған өмірге қызықпай, келешек мәңгілік «О дүниенің» қамын ойлауға баулиды.

Рамазан айында мұсылмандар дін басшыларына жыл сайын жан басына бес қадақтан ақ бидай, немесе оның ақшалай құнын беруі керек. Мұны пітір деп атайды. Айт намазын оқығанға дейінгі пітір төленбесе, адамның отыз күн ұстаған оразасы зая кетеді. Онымен бірге рамазан айында түнде ымырт жабылғаннан кейін ислам дінін дәріптейтін «тарауық» намазы оықлады.

Дін иелері ораза ұстайтын Рамазан айын Құран аяттарын алла тағаланың Мұхаммедлке жібере бастаған айы, сондықтан бұл айда барлық тілектер орындалады – мыс деп үйретеді.

4. Зекет – малға, ғұшыр астыққа салынатын діни салықтар. Кезінде бұлар Мұхаммедпен оның ізбасарларының әскерлерінің жабдықтау мақсатында жиналатын. Кейін дін иелерінің табыс көзіне айналды. Зекеттің мөлшері 40 қойдан 1 қой, 30 сиырдан 1 тайынша, 5 түйеден 1 қой, жылқы ақшаға шағылып, 40 сомнан 1 сом есебінде төленіп отыруы тиіс. Ғұшырдың мөлшері жиналған өнімнің табыстың 10 проценті болып белгіленеді. Дін иелері бұл салықтарды уақытылы төлемегендердің мал-мүліктері арам болады, өздері тозаққа барады деп қорқытады.

5. Қажы (поломничество) мұсылмандар үшін бірінші парыз. Әрбір мұсылман күші жетсе өмірінде бір рет Мекке мен Мединеге барып, Каабаны айналып, намаз оықп, Мұхамедтің бейітіне намаз оқып, құрбан шалып, қайтуы тиіс. Сонда ғана бұндай адамға қажы атағы беріледі.

 

Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қаиметті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар.

Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез-келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдадың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді.

Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.

Құранның 12 сүресінің 2 аятында құдай атынан: «мен оны (құранды) сендерге түсінікті болсын деп араб тілінде жібердім» делінген. Кейін ислам діні басқа елдерге тарай бастаған кезде мұсылман дін басшылары құранды бөтен тілге аударуға тыйым салады да, «құран оқу құдайға құлшылық ету араб тілінде болсын» деген тәртіб енгізеді. Мұның араб тілін білмейтін мұсылмандар арасында «құран қаисетті кітап» деген сеніп орнап, оған сиынып, жалбарынды.

Құран орта ғасырдың бас кезінде таяу шығыс елінде көптеген авторлардың көмегімен бірте-бірте жазылды. Оны жазуға, іріктеп өлшеуге, толықтырып-түсіндіруге ғасырлар бойы діншіл ұрпақтың бірнеше өкілі қатысты. Құранның соңғы түрі ислам діні шыққаннан кейін белгіленеді: Мұхамедтен кейін болған халифтер тұсында құран жинағы болмады. Құранның ұмыт болу қаупінен сезіктенген халиф Әбу-Бекір құран үзінділерін жинақтауды әмір етті. Халиф Омардың тұсында ғана Мұхаммедтің өсиеттерін Медина мұсылмандары жинай бастады. Олар Мұхаммедтің ел аузында жүрген аңыздарын қағазға, тастарға, сүйектерге азылып қалған үзінділерден, ауыз-екі айтылып жүрген әңгімелерден жинап құрастырды.

Бұрын Мұхаммедтің хатшысы болған Сәбит-ибн-сейт халиф Осман тұсында құранның төрт данасын құрастырып шығарды. Оның бір данасы Мединада қалдырылды да, қалғандары Куфаға, Басыраға және Дамаскіге жіберілді. Құранның басқа даналары алауыздық туғызбас үшін құртылды. Бізге жеткен сол Сәбит-ибн-сейт құрастырған жинақ, ол «Осман шығарған құран» деп те аталады.

Құран тіл байлығы өте кедей ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде, қара сөзбен жазылған. Бұл тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана үрей көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. әр сүредегі аят саны біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде не бары 3 аят бар. Осы кездегі құранның өзі де әртүрлі. «Медина құранында» аяттардың саны 6000. «Куфа құраны» мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят бар, шиитер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай орналысқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта ақырында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз жағдайларда сүренің аты өз мазмұнына сәйкес келмейтіні де бар. Кейде сүре тақырыбына осы тарауда кездесетін кейбір сөздер алына салынған.

Құран сүрелері мен аятары ешқандай тарихи тәртіптілік сақталған. Сонымен бірге, оларда бірімен-бірі қайшы келетін пікірлер де кездеседі. Құран аяттарынан араб жұртының бағзы бір замандарындағы тұрмыс ерекшеліктері, табиғат құбылыстарына бағынулары байқалды, құран ертегілерінің ішінде ежелгі арабтардың да, Януди дінінің де, христиан дінінің де, парсы жұртының өте көне дінінің бірі зороастризмнің де, қиял-ғажайып аңыздарының да үзінділері кездеседі. Құран мазмұнынынң төрттен біріне жуығы таурат пен інжілден алынған пайғамбарлар жайындағы аңыз – ертегілер. Бұлар – Мұса (Моисей), Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Иисус), Жеқып (Якуб) т.б. Жоғарыда атап өткен пайғамбарларды құран «алланың әділ сөзін» адамдарға жеткізу үшін, оларды «алла тағаланың ең қалаулы діні-ислам діні» жолына түсіру үшін келген көктегі құдайдың өкілдері деп жариялайды. Ислам діні көбінесе үгіттен гөрі соғыспенен таратылып, күшпен мойындатылады да, жаппай үрей тудырып, адамның ақыл-ойын шандып, матап тастайды.

Исламның діни ілімінің Құраннан кейінгі екінші орында тұрған маңызды дереккөзі - Сунна (ар. тілінен әдет-ғүрып, үлгі-өнеге) - Алланың елшісінің өмір жолының үлгісі. Ол - жалпы мұсылман қауымы болсын, жеке мұсылманның әрқайсысының өзінің болсын өмір жолының жетекшілікке алар әрі үлгі етіп ұстанар қағидасы. Мұхаммедтің жасаған іс-әрекеттерін, оның айтқандарының басын біріктіретін Сунна қоғам мен жеке адамның барлық мәселелерінің шешімін табуға көмектесетін материал болып табылады. Ислам пайғамбардың Алламен тікелей тілдескендігін кабыл алатын- дықтан, сенушілер Мұхаммедтің өзінің айтқандарын да тегін емес деп, оны да Құранмен қатар Құдай өзі жіберген исламның негізі деп қабылдайды. Суннаға мұсылмандар Құдайға ненің ұнайтындығын, қандай әрекетгер мен көзқарастар оған жағымды екендігін білдіретін нұсқау деп қарайды. Халифат құрылғаннан кейінгі және исламның табысты өткен әкспансияларынан кейінгі жаңа жағдайға, тез арада өзгеріп отырған тарихи шындықтарға исламның кондігуінің ең бір порменді құралы болған осы Сунна еді.

Шариға, Шариғат («тура, дұрыс жол»; беделді билік арқылы орындалуы міндеттелген заң, нұсқау) - шариғат, мұсылмандардың иманын айқындап, адамгершілік мұраттары мен діни ожданын қалыптастыратын, сондай-ақ олардың мінез-құлкын реттеуші нақтылы өлшемдер бастауы болып табылатын, бәрінен бұрын Құран мен сунналар арқылы пысықталған нұсқаулар жиынтығы.

Исламдық дәстүр шариғат ұғымын, ең алдымен, оның Құранда (негізінен, Меккеде түскен сүрелерде) дінге сенушілерді адамгершілік кемелдікке, пәнилік рахатқа жеткізіп, жұмаққа алып баратын, Аллаһ сызып берген төте жолды бейнелеу үшін қолданылуымен байланыстырады. Бұл ұғымның жалпылама мағынасы, сондай-ақ оның Шари'а түбірінен шығуына да байланысты, осы түбір Құранда бір нәрсені міндетті түрде орындауды заңдастыру, нұсқау мағынасында кездеседі. Ислам идеологиясында шариға термині мен оның синонимдері - аш-ширға және ат-ташриғ - Ислами немесе Исламдық (мұсылмандық, Исламдық) деген анықтауыштармен тіркесе отырып жалпы тілдік мағынада әрбір мұсылман басшылыққа алуға тиісті кұқықтарға, сондай-ақ оның мінез-кұлқы мен ниетінің тазалығын бағалау үшін Аллаһ белгілеген өлшемдерге қатысты қолданылады. Сондықтан шариға ұғымы, көбінесе, бұқаралық түсінікте тұтас алғандағы Исламдық өмір салты, құрамына әртүрлі - діни, адамгершілік, заңдылық, тұрмыстық өлшемдерді, сондай-ақ әдет-ғұрыптарды біріктіретін жалпыға ортақ Исламдық мінез-құлыктар ережелерінің жиынтығы түрінде қабылданады. Шариғаны мұндай кең мағынада «діни заң» деп те атайды, бұл жерде шариға термині заң тіліндегі мағынада емес, жалпы әлеуметтік мағынада қолданылып тұр. ТМД-дағы Ислам дінін ұстайтын аймақтарда «шариға заңдары» деген тіркестің де мағынасы дәл осындай.

№ 14 тақырып: Ислам дінінің рәсімдері мен салт-жоралары.

1. Ислам дінінің мейрамдары.

2. Ислам дініндегі неке салттары мен құрбандық шалу дәстүрі.

3. Ислам дініндегі жаназа рәсімдері мен басқа да салт-жоралар.

4. Ислам дініндегі джиһад ұғымы.

 

Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: “Дінде зорлық жоқ” – деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.

Діни мейрамдарға Әр мұсылман үшін жұма – қасиетті күн. Ол бүкіл араб елдерінде демалыс. Рамазан айының жиырма жетінші түні – “ләйлат әл-қадр” – қадір түні. Бұл түнді шырақты сөндірмей тілек үстінде өткергендерге Алланың рақметі жауады. Оның шығу тарихы – ҚұранКәрим Алладан Мұхаммед пайғамбарға аян етілген.

Ид-әлфитр-ораза мейрамы. Рамазан айындағы оразадан соң, шәууәл айының бірінші жұлдызында аталады. Міндетті түрде фитр садақасы үлестіріледі.

Ид-әл-адха – құрбан мейрамы. Зулхиджжа айының оныншы жұлдызында, рамазан мейрамынан жетпіс күннен соң аталады. Бұл мейрам Ибраһим пайғамбардың баласы Смағұлды Алла жолында құрбандыққа шалуға ниет қылып, Алланың мейірім шарапаты арқасында көк қошқардың келуіне байланысты аталады. Мейрам барысында дін ұстаушыларға хайр үлестірілмек керек.

Мәулет мейрамы – рабби әл-әууәл айының он екісі күні аталады. Мұхаммед Мұстафаның туған күні.

Миғраж – раджаб айының жиырма жетінші жұлдызына сәйкес. Мұхаммед пайғамбардың миғражға көтерілуі мейрамы.

Жиһад сөзі Құран Кәрімде 41 рет кездеседі.

Жиһад — мұсылман қауымының ең басты міндеттерінің бірі, исламның таралуы мен салтанат құруы жолында барлық күші мен мүмкіндігін сарқа жұмсау. Алғашқыда Жиһад сөзі мұсылман мемлекеттерінің әскери іс-қимылы деген ұғым берді. Ал бұл мұсылман еместер үшін негізгі мәнге айналып, “қасиетті соғыс” (бірсыпыра мұсылман халықтарында — ғазауат) атауын иеленді. 9 — 10 ғ-лардан бастап Жиһад атауы жаңа мазмұнмен толықтырылды: Жиһадтың жоғары формасы — Аллаға барар жолда өзіңді-өзің іштей жетілдіруді білдіретін діни Жиһад туралы, сондай-ақ, Жиһадтың төрт түрі — қылыш Жиһад, жүрек Жиһад, тіл Жиһад және қол Жиһад туралы түсінік пайда болды.

Ұлт-азаттық қозғалысы кең өріс алған кезеңде Жиһад идеялары отаршылдыққа қарсы күресті күшейте түсу үшін пайдаланылды. Қазіргі кезде ислам ғалымдары Жиһадтың қорғаныстық сипатын ерекше атап көрсетеді және исламды тарату мен орнықтыруды бейбіт жолмен жүргізуге болатындығын тұжырымдайды. Сондай-ақ, Жиһад ұғымы мұсылмандарды исламды қорғауға жұмылдыратын күш ретінде түсіндіріледі

 

№ 15 тақырып: Ислам дінінің негізгі бағыттары мен мазхабтары.

1.Ислам дініндегі жікке бөліну: суниттер, шииттер, хариджиттер.

2.Ислам дініндегі негізгі мазһабтар.

3.Ислам дініндегі сопылық ілімі және оның негізгі ұстанымдары.

4.Сопылық ілімнің қазақ жерінде таралуы.

 

Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы – оның айқын рәміздерінің болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі – Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші – Мұхамедтің (ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену. Сондықтан “Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның елшісі, араб тілінде “Ла илаһа иллалаһ мұхаммадүр – Расулүллаһ,” – деген мүбарак қағиданы тілмен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып саналады. Бұл сенімді (символды) Има, сенушіні Мүһмин деп атайды.

Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: “Дінде зорлық жоқ” – деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.

Діни мейрамдарға Әр мұсылман үшін жұма – қасиетті күн. Ол бүкіл араб елдерінде демалыс. Рамазан айының жиырма жетінші түні – “ләйлат әл-қадр” – қадір түні. Бұл түнді шырақты сөндірмей тілек үстінде өткергендерге Алланың рақметі жауады. Оның шығу тарихы – ҚұранКәрим Алладан Мұхаммед пайғамбарға аян етілген.

 

Исламдағы негізгі бағыттарды Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: ислам мен дүниеден өткен соң үмметім 73-ке бөлінеді, соның біреуі ғана жаннаттық, - деп. Пайғамбар Алланың рахымына бөленген соң исламда негізгі екі тарап айқындалды. Олар-суннилер және шииттер (шиа – қосылу, бірігу). Бұл бөліну негізгі дінді таратудан емес, тақ таласынан туды.

“Сунна” араб тілінде “жол” деген мағына береді. Cуннилер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін “аһли ас-сунна”, немесе “аһли әхли-сунна уа жамағат” - “сунна адамдары”, - деп атайды. Сонымен бірге олар Мұхаммед пайғамбардан соңғы төрт халиф құрметіне “аһли шариар” деп те аталады. Суннилер негізгі төрт мазхабқа бөлінеді. Олар – ханифийлер немесе имам Ағзам Абу Ханифи жолындағылар, шафиғилер, мәликилер, ханбалилер.

Сунниттер өзі өз ішінен асхабу рай, асхабу хадис болып екіге тармақталады.

Шийттердің төрт тармағы бар, Исмайлиттер (карматтар), “шеткілер” (гулаттар), Зайдиттер, Имамиттер.

Сунниттік бағыттың шийттік бағыттан басты айырмашылықтарының бірі, олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағалаарасында елшінің болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін мойындамайды. Шийттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Сондықтан да болар шийттік баспалардан шыққан Құран кәрімдерде Алиді ерекше марапаттаушы қосымша сүре жазылған. Шийттерде хадистер жинағы Ахбар (жаңалықтар)деп аталады.

Шийттіктің елеулі ағымдарының бірі – имамиттер. Олардың пайымдауларынша Али тұқымының он бірінші имамы әл-Хасан әл-Аскари (873 ө.ж) дүниеден өткен соң, он екінші имам болып таққа соңғы имамның жасөспірім баласы Мұхаммед отырады, өкінішке орай ол көп ұзамай жоғалып кетеді, кейбір риуайаттарда жасырынып қалады. Оны “жасырын” имам-махди деп атайды. Тарихта бұл жасырын имамға деген сенім талай секталардың дүниеге келуіне негіз болады.

Осымен қатар шийттіктер адам өміріне шын сенімі үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға, бүркемелеуге болады деп санайды. Оны олар “такийа” – деп атайды. Такийаның қаталырақ түрдегі нысаны сунниттіктерде де кеңінен қолданылады. Сунниттіктердің айтуларынша егер адамға діні үшін қауіп төнетін болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса, Құран ол адамға бөгде жерге қоныс аударуды бұйырады. Сонымен қатар сунниттіктер шийттіктерде қалыптасқан, өз заманында Омар тыйым салған, уақытша некені де мойындамайды. Бұдан басқа бұл екі бағыттағылардың ғұсыл алуда, дәрет алуда, намаз оқуда және бірқатар ғибадат түрлерін орындау тәртіптерінде өзіндік айырмашылықтары байқалады.

Мазһаб. Араб тілінде «баратын жол», «лайықты көзқарас» мағыналарын білдіреді. Ислам тарихында пайда болған барлық саяси, сенімдік (итикадтық) және фикһтық (шариғат ғылымы, тәсілдері мен үкімдері), сонымен қатар амалдық (іс әрекетке қатысты) пікір ағымдарын анықтайды. Терминологияда Мазһаб Ислам дінінің түрліше түсіндірілуі және іске асырылуынан пайда болған итикадтық және фикһтық қоғамдарды анықтайтын ұғым болып табылады. Негізінен, Ислам тарихындағы барлық мазһабтар саяси және итикадтық немесе фикһтық, фикһтық-амалдық мақсатта пайда болған. Белгілі бір тұлға немесе ғалымның тұжырымдары мен анықтамаларын қолдаған қоғамдар Құран аяттары мен хадистерді өз түсініктеріне арқау етіп алған. Саяси, діни және амалдық түсініктеріне Ислам дінінен дәлелдер іздестірген. Барлық мазһабтар, қай мақсатта және қай себеппен шықса да, Құран мен сүннет түсінігіне арқа сүйейді. Десек те, олар осы екі негізгі қайнар көзді түрліше түсініп, әрқалай жорамалдаған.

Ислам тарихындағы саяси және итикадтық себептермен шыққан мазһабтар бастапқыда «фырқа» (көпше түрде фырақ), «нихле» (көпше түрі нихал) және «мақала» (көпше түрі мақалат) деп аталған. Бұл ұғымдардың әрқайсысы басқа түсінік пен амалда болған топ немесе топтар деген ұғымды білдіреді. Яғни, белгілі бір себептермен мұсылман қоғамына сай келмейтін діни топтардың атауы болып табылады. Мұсылман қоғамдары арасында пайда болған бөгде діни түсінік пен жорамал алғашқыда «мақала» деп аталған. Мысалы, адамдар үлкен күнә істеген мұсылманның жағдайы туралы пікір таластырғанда осы тақырыпта бір ғалым басқа түсінік берсе, осы көзқарас немесе түсінікті «мақала», оны шығарған адамды «сахибу л мақала» деп атайтын еді. Имам Әл-Әшаридің «Китабу Мақалати л-муслимин уә хилафи л мусаллин», әл-Куммидің «Китаб л-мақалат» атты шығармалары осы салада жазылған алғашқы туындылар ретінде түрлі мақалалар туралы кең мәлімет береді. Сонымен қатар, «мақала» сол кезеңдегі адамдардың тұрақты (өзекті) мәселесі деген мағынаға және жүзеге асыруы үшін жіберілген.


Читайте також:

  1. I. ОБРАЗОВАНИЕ СОЕДИНЕННЫХ ШТАТОВ 14 страница
  2. А. В. Дудник 1 страница
  3. А. В. Дудник 10 страница
  4. А. В. Дудник 11 страница
  5. А. В. Дудник 12 страница
  6. А. В. Дудник 2 страница
  7. А. В. Дудник 3 страница
  8. А. В. Дудник 4 страница
  9. А. В. Дудник 5 страница
  10. А. В. Дудник 6 страница
  11. А. В. Дудник 7 страница
  12. А. В. Дудник 8 страница




Переглядів: 2271

<== попередня сторінка | наступна сторінка ==>
Тараз 2014 3 страница | Тараз 2014 5 страница

Не знайшли потрібну інформацію? Скористайтесь пошуком google:

  

© studopedia.com.ua При використанні або копіюванні матеріалів пряме посилання на сайт обов'язкове.


Генерація сторінки за: 0.035 сек.